Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)



бет12/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ОСӨЖ.СӨЖ ҚТТГ

Жарлығын сақламас ерді, қатағлағу бармас ерді (4) анға атланғу тіледі (5), черіг бірле атлаб (6) тіркестерін қазіргі қазақ тіліне аударып, баяндауыш қызметінде тұрған дара, күрделі сөз тұлғаларын сөз табына ажыратып, осы тұлғалардың қазіргі тілде берілу ерекшеліктерімен салыстырыңыз.




  1. Қисса Рабғузи (XIY ғ.)

Хикайат

1.Шайтан мал’ун йүзүмни уруғыны уғурлады. Һиш уча била таба алмадылар. 2. Һәмма хайуанатлардин сурдылар һишқайсысы билмади. 3.Ахир шайтанны туттылар. 4. Айды: Уруғынға үч мәрта су қуймақны меңа берсаңиз тапып берай деди. 5. Нух ‘алайһи с- салам қабул қылдылар. 6.Йүзүмни уруғыны тапып берди. 7. Уақыты ки кимәдин чықтылар. 8. Барча уруғны ектилар. 9. Йүзүмни үч суыны шайтан ла’ин суғарды. 10. Аууал тулки қаны бирла андин шерни қаны бирла андин тоңғузни қани бирла суғарды. 11. Аның берган суыдин чағыр болды. 12. Һәрким чағир ичса ол тулки болуп көрләгән киши бирла достлуқ ағаз қылур. 13. Андин маст болғанда йолбарыс дек болур. 14. Һәмматы дархош болуп һәркимге бир нимәрса берүр. 15. Андин мастрақ болса тоңғуз дек йүрәклик болуп һиш ишдин қорқмас.


(Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1991. 186-б. Аударған Н.Сағындықов).



  1. Шэджэрэ-и түркмэ (XYII ғ.)




    1. 16.Моғул уа татар өз сүңэкі ерді, анлар бірлэн йетміш екі йылғача урышды, йетміш үч йыл болғанда барчасыны өз ағызыға бақтуруп, мусулман қылды. 17. Андан соң йоруп хытайны алды, чүрчтні алды да тақы танқуты алды. 18. ...Ол оғланны хан өз қолунда сақлады, иігіт болғандын соң орус уа улақ, уа мажар, уа башқырд еллэрі йағы ерділэр. 19. Қыпчақға көп ел уа нөкэр беріп ол йаққа Тін уа Етіл суының йақасыға йібэрді, үч йүз йыл Қыпчақ ол йерлэрдэ падшаһлық қылып олтурды, барча қыпшақ елі аның насіліндік турурлар. 20. Оғуз ханның заманындын та Чыңыз хан заманығача Тін уа Етіл уа Йайқ-бу үч суның йақасында қыпчақдын өзгэ ел йоқ ерді. 21. Төрт мың йылғача ол йерлэрдэ олтурдылар, аның үчүн ол йэрлэрні Дашт қыпчақ дерлэр.

    2. (А.Әбілқаев, Қ.Өмірәлиев. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы. Алматы, 1973, 91-бет.)


Тапсырмалар
1.11-15 сөйлемдерді қазіргі қазақ тілінде жазыңыз. Әрбір жай сөйлемді құрамына қарай басыңқы және бағыныңқы сыңарларына қарай, әр сөйлемді мағыналарына және синтаксистік өзара байланысу амал-тәсілдеріне қарай талдаңыз.
2. Екі йылғача урышды (16) тіркесін қазіргі тілге аударып, йылғача сөзінің қандай сөз табы болып тұрғанын анықтаңыз.
3.Берілген (18) сөйлемді тұлғасына қарай құрмаластың қай түрі екенін анықтаңыз. Мағыналық түрлерін ажыратыңыз.
4.Сөйлемдерде (16-20) уа шылауы қандай байланыстырушылық қызмет атқарып тұр. Сөйлемдерді қазіргі қазақ тіліне аударғанда уа шылауының қолданылмау себебін түсіндіріңіз.
5.Төл сөзі бар сөйлемді (4) қазіргі тілге аударыңыз. Ежелгі түркілік нұсқасын аудармамен салыстырып, бастауыш пен баяндауыштың, тұрлаусыз мүшелердің байланысуындағы ерекшеліктерге түсінік беріңіз.
6.Мына сөйлемдерді (16-21) аударып, толық синтаксистік талдау жасаңыз. Әр сөйлемнің құрамына: толымды немесе толымсыз, басыңқы немесе бағыныңқы, басыңқы мен бағыныңқының синтаксистік байланысы т.б. анықтаңыз. Барлық жағдайда төл немесе кірме шылаулардің шығу төркініне сипаттама беріп отырыңыз.
7.Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, олардың қандай сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалып тұрғанын анықтаңыз.
8.Сөйлемдерде (1-20) һиш, һишқайсысы, меңа, барча, аның, һәркимге, бир, нимәрса, андин, андан, һиш, өз есімдіктерін мағыналық түрлеріне ажыратып, синтаксистік қызметтеріне талдау жасаңыздар. Тұлғасы жағынан дыбыстық өзгеріске үшыраған төл және кірме есімдіктерді қазіргі әдеби тілдегі қалпымен салыстырып, мысалдармен нақтылаңыз.
9.Мәтіннен бірыңғай мүшелі сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелердің қай сөз табынан жасалып, өзара қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіз. Қандай қызмет атқарып тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңыз.
10.Ахир (3), аууал (10) үстеулері қандай сөйлем мүшелері қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз. Қазіргі әдеби тілдегі тұлғаларымен салыстырып, ондағы өзгерістің себебін түсіндіріңіз.
11.Орта түркі дәуірі шығармаларында табыс септігінің қолданылуындағы (қазіргі тілмен салыстырғанда) тұлғалық ерекшеліктерге назар аударыңыз.
12.Қазіргі қазақ тіліне йузумні уруғыны (уғурлады) тіркесін аударыңыз. Матаса байланысқан сөз тіркесінен қандай ерекшелікті анықтадыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет