Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)


М.Қашқари. “Дивану луғат-ит түрк” (XI ғ.)



бет8/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ОСӨЖ.СӨЖ ҚТТГ

М.Қашқари. “Дивану луғат-ит түрк” (XI ғ.)

1.Құл тэрігэ тапды1 (табынды). Йічі2 (тігуші) йігнэ3 сабды4 (сабақтады). Күн туғды.5 2. Мен аңар6 аш татурдум7 (татқыздым). Мен аны8 тозурдум (тойдыр<-ғыз>-). Түн қарарды9. Тэңрі тағ бірлэ йеріг10 басурды (бастыр-). Ол унуғ11 қапқа сығурды12 (сый-). 3. Аның13 йүзі сурышты14 (сұрланды). Ол меңа15 йолда қарышты16 (қарсыласты). Ол менің17 бірлэ сувқа чомушды. Ер пусықты18 (жасырынды, “қашып-пысу”).4.Ет тоғралды.19Қой тағқа башланды. Ер сачланды.20 Йел тонуғ кебітті21. (кептірді). Ол меңа сув сачратты. Ол аның тевэсін чөкүрді.22 Ол мені23 сөз24 тыңлатты. Йағы отын өчүргэн5, ішлэр үзүб (қиын) кечүргэн, тойдын (қамал) аны25 көчүргэн, тегді26 ақы (оғы) өлдүрүр27.


(А.Әбілқаев, Қ.Өмірәлиев. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы. А., 1973, 39-43 бб.)


Тапсырмалар
1, 4, 5, 7, 9, 26. Берілген сөйлемдердің етістіктерін жақ-сан, шақ түрлеріне ажыратып, олардың қолданылуындағы тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін анықтаңыз.
2.Берілген туынды зат есімді түбір мен қосымшаға ажыратып, қазіргі қазақ тіліндегі қолданылуымен салыстырыңыз.Тұлғалық, мағыналық айырмашылықтарын анықтаңыз.
3, 25. Жалпы зат есімнің көне түркілік тұлғасын қазіргі тіл деректерімен салыстыра отырып, ондағы өзгерістерді фонетикалық тарихи заңдылықтар арқылы түсіндіріңіз.
6, 8, 13, 15. Есімдіктердің көне түркілік септелу жүйесі мен қазіргі тілдік септелу жүйесін салыстыра отырып, тарихи өзгерістерді анықтаңыз.
10, 11. Көне түркі тілдеріндегі зат есімдердің басқы дыбысының өзгеруін қандай фонетикалық заңдар арқылы дәлелдер едіңіз? Құрамындағы қандай септік жалғауы? Қазіргі түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде қолданыла ма?
12, 14, 16, 18, 19, 20, 21, 22. Берілген етістіктердің етіс категориясының қай түрлеріне (өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ) жататындығын дәлелдеңіз. Түбір тұлғалары мен қосымшалардың арасындағы тұлғалық, мағыналық байланыстарға ерекше назар аударып, қазіргі түркі тілдеріндегі (қазақ тіліндегі) осы тұлғалардың берілу тәсілдерімен салыстырыңыз.
17, 23, 24, 25. Ілік, табыс септіктері жалғауларының басыңқы сыңармен тіркеске түсу ерекшеліктеріне назар аударып, мұндай өзгеше қолданыстың себебін түсіндіріңіз. Қазіргі әдеби тіл мен диалектілерде кездесе ме, соны анықтаңыз.
26, 27. Етістіктің қандай жақ-сан, шақта тұрғандығын анықтап, көне түркілік түбір тұлғасының қазіргі тілімізде өзгеруінің себептеріне түсініктеме беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет