Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)


ЛЕКСИКА Диуани луғат ит-түрк



бет5/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ОСӨЖ.СӨЖ ҚТТГ

ЛЕКСИКА

  1. Диуани луғат ит-түрк




  1. Өд1 кечәр кіші тоймас

Йалыңуқ2 оғлы3 мәңгү қалмас.
Заман өтер, кісі тоймас,
Адам баласы мәңгі қалмас

  1. Тіріг4 эсән болса, таң өкүш5 көрүр

Есен болса жаның, көрерің көп.

  1. Аучы6 нечә7 ал8 білсә,

Азығ9 анча10 йол білір.
Аңшы қанша айла білсе,
Аю сонша жол білер

  1. Ағылда11 оғлақ12 туғса13,

Арықда14 оты15 өнәр
Ауылда лақ туса,
Арықта оты өнер.

  1. Улуқ16 йағыры17 уғулқа18 қалыр

Үлкеннің ауырлығы кішіге қалар.

  1. Ерік19 еріні йалығ20

Әрмәгү21 башы22 қанлығ23
Еңбекқордың еріні майлы,
Жалқаудың басы қанды.

  1. Ай толун24 болса елкін25 імләмәс26

Толған айды қолмен ымдамас

  1. Қаз қобса27, өрдәк28 көліг егәнур29

Қаз ұшса (кетсе), көлді үйрек иемденер.

  1. Көздән йыраса30, көңулдән йәмә31 йырар.

Көзден кетсе, көңілден және кетер.

  1. Қары32 өкүз балдуқа33 қорқмас.

Кәрі өгіз балтадан қорықпас

  1. Йазыда34 бөрі улыса,

Евдә35 ит бағры36 тартышур.
Далада бөрі ұлыса,
Үйдегі иттің бауыры солқылдар.

  1. Теуә37 бәдук38 ерсә, майақы бәдук ермәс.

Түйе үлкен болғанымен, құмалағы кішкентай.

  1. Ачығлығ39 ер шабук қарымас.

Тұрмысты адам тез қартаймас.
(Түбі бір түркі тілі. Алматы, 1993 ж.)

Тапсырмалар


1.Өд сөзінің ежелгі түркі тіліндегі қолданылу семантикасын анықтап, қазіргі қазақ тілінде қандай сөздер құрамында сақталып қалғанына мысалдар келтіріңіз.
2.Қазіргі қазақ тілінде йалыңуқ сөзіне синонимдес тұлғаларды анықтаңыз.
3, 12, 18. Оғлы, оғлақ, уғулқа сөздерін түбір мен қосымшаға ажырата отырып, олардың өзара түбірлестігін дәлелдеңіз. Қазіргі қазақ және өзге де түркі тілдерінде қалай дыбысталатынын анықтаңыз.
2, 16. Тіріг, улуқ сөздері берілген мақалда қандай сөз табының орнына жұмсалып тұр? Қазіргі қазақ тілінде аталған сөздер қай сөз табы құрамында, қандай тұлғада жұмсалады?
5, 11, 21, 25, 27. Өкүш, ағыл, әрмәгү, елкін есімдерінің орнына қазіргі қазақ және өзге де түркі тілдерінде қандай сөздер жұмсалады?
6.Қазіргі қазақ тіліндегі “аңшы” сөзі мен оның орнына жұмсалған көне түркілік “аучы” сөздерінің арасындағы мағыналық, тұлғалық айырмашылық неде?
7, 10. Нечә, анча есімдіктерін қазіргі қазақ тіліндегі осы тектес тұлғалармен салыстырып, дыбыстық өзгерістерге түсінік беріңіз.
8, 9, 17, 20, 28, 33, 35, 36. Ежелгі түркі тілінде ал (айла), азығ (аю), йағыры (ауырлығы), йалығ (майлы), өрдәк (үйрек), балдуқа (балтадан), евдә (үйде), бағры (бауыры) тұлғасында қолданылған сөздердің қазіргі қазақ тілінде дыбыстық, тұлғалық өзгеріске түсу себебін түсіндіріңіз.
14, 15, 27, 38, 39. Ежелгі түркі тілінде ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған арық, от, қобса, бәдук, ачығлығ сөздерінің қазіргі қазақ тілінде де осы мағыналарында жұмсалуы кездесе ме? Қазіргі қазақ тілінен қобса етістігіне түбірлес сөзді табыңыз.
24, 26, 29, 30. Ежелгі түркі тіліндегі толун (толған), імләмәс (ымдамас), егәнур (иемденер), йыраса (жырақтаса, алыстаса) етістіктерінің қазіргі қазақ тіліндегі тұлғалық, мағыналық өзгерісіне түсініктеме беріңіз.
22, 23, 32, 34, 37. Қазіргі қазақ тілінде башы, қанлығ, қары, йазы, теуә сөздерінің тұлғалық, мағыналық өрісін анықтаңыз. Құрамындағы фонетикалық өзгерістерге анықтама беріңіз.



  1. Хұсрау-Шырын




  1. Ніча1 кім йүгрүк ерса2 ол кадліклар3,

Менім һам авчы4 йүгрук5 ітларім бар.
Қанша жүйрік болса да ол киіктер,
Менің де аңшы жүйрік иттерім бар.

  1. Ічар6 сув7 һам чақынча8 болса едгү9,

Талім10 ічсаң зійан11 тегрур12 ахыр сув.
Ішер су да шағын(ша) болса жақсы (игі),
Көп ішсең, зиян тиер ақыр (одан).

  1. Сабыр бірла тілакка тегса болар,

Темүрні ақрун-ақрун ігси13 болур.
Сабырменен тілекке жетсе болар,
Темірді ақырындап исе болар.

  1. Ніча бу дүниа қадғусын14 йерүрсан15,

Ата өлтүргүчіні16 дост17 тейүрсан.
Бұл дүние қайғысын көп-ақ жерсің,
Әкеңді өлтірушіні досым дерсің.

  1. Қатығлан18 тілкүтег19 ағқа20 йағума21

Қойантег22 тілкү алынға23 уйума24 .
Қатулан, түлкідей ауға жуыма,
Қояндай түлкі айласына ұйыма.

  1. Сүчіч25 сөз ічра26 ағу27 кізламак.

Тәтті сөз ішіне у жасырмақ. (Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1991)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет