Диуани луғат ит-түрк
1)Тағығ1 оқруқын егмәс2
Теңізні қайғықын3 бөгмес
Тауды арқанмен имес
Теңізді қайықпен бөгемес.
2)Емгек4 екіндә5 қалмас
Еңбек егінде (ескерусіз) қалмас.
3)Күмүш6 күнгә7 урса,
Алтун азақын8 келур9 күміс күнге қонса,
Алтын (өз) аяғымен келер.
(Түбі бір түркі тілі. Алматы, 1993)
Кіші жүздің ханы Қаратайдың Орынбор шекара
комиссиясына жолдаған арызынан (1808 жылы)
Әмір фарманыңыз бойынча10 ат үстүне мінүб11 бір нече дағуа12 хүсүмәт13 ішлерүн бітірүб14 Әлімұғлы аға йұртымызның орта йерүнде болған ердүк15 сізлернің бәнд уә насихатұңыз бойынча өзүңізге мағлұмдар некім рәжаб16 айының айағында кәмиссиа17 мәхкамасындан китабәт йолұқтұрдұм.
(Б.Әбілқасымов. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. Алматы, 1988)
1885 жылы А.Құнанбаевтың қатысуымен
Қарамола съезінде жасалған Ереженің кейбір баптары
Акарда18 біреу әке чечесін19 хақарат етсе әке чечесінің ыхтиары20 бойынча қазақ ғұрфына21 қарай жаза салұнсұн мүбада молланы22 йаки хұрметлі23 кішілерні хақарат етсе ат чапаннан бір ат баштатқан тоғұзға чейін ғайыб24 береді дахы да біреу біреуні қол жұмсаб хақарат25 етсе бір тоғұздан үч тоғұзға26 чейін ғайыб береді акарда ғайыб алучы кесілміш ғайыбын алмаймын десе бір айға чақлы27 набақтыға отұрғызады (32-нчі).
Тапсырмалар
1. Көне түркілік тағ сөзінің қазіргі қазақ тілінде тау түрінде дыбысталуына әсер еткен фонетикалық заңдылықты анықтаңыз. “Адам тағы болып кетіпті” сөйлемі құрамындағы “тағы” сөзінің осы тағ (тау) сөзіне қатысы бар ма?
2, 3. Егмәс, қайғықын сөздерінің құрамынан қандай фонетикалық заңдылықтардың әсерін аңғаруға болады?
4, 5. Көне түркілік емгек, екіндә сөздерінің қазіргі тілде еңбек, егінде түрінде дыбысталуын қалай түсіндірер едіңіз?
6, 7, 9. Ежелгі түркілік күмүш, күнгә, келүр тұлғаларының қазіргі тілде күміс, күнге, келер түрінде әр түрлі дыбысталуының себебі неде?
Көне түркілік азақ сөзінің қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі дыбысталуын қандай фонетикалық заңдармен түсіндіресіз?
10, 11, 14. Бойынча, мінүб, бітірүб тұлғаларындағы ч, б дыбыстарының қазіргі қазақ тіліндегі өзгерісіне түсінік беріңіз.
12, 13, 16, 17. Өзге тілден енген кірме сөздер екендігін қандай тұлғалық ерекшеліктерінен анықтауға болады?
Ердүк етістік тұлғасын оның қазіргі тілдегі қолданылу сипатымен салыстырыңыз. Қандай фонетикалық өзгерістерді анықтауға болады?
Берілген акарда сөзінің қазіргі қазақ тілінде қандай өзгеріске түскенін және оның себебін түсіндіріңіз?
Түркі тілдеріндегі ч~ш ауысу құбылысы жайында не білесіз? Қазақ говорларында кездесе ме? Мысал келтіріңіз.
20,21, 22, 23, 24, 25. Кірме сөздердің сол кезеңдегі тұлғалық сипаты мен қазіргі қазақ тіліндегі тұлғалық сипатын салыстырып, олардың құрамында болған фонетикалық өзгерістердің себебін түсіндіріңіз.
26, 27. Берілген сөздер құрамынан буын, дыбыс үндестігіне қатысты қандай ерекшеліктерді анықтауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |