Тапсырмалар 1, 5, 11, 12, 17. Дыбыстардың түсіп қалу құбылыстарын түсіндіріңіз. Қазіргі әдеби тілде қолданылу сипатымен салыстырыңыз.
1, 6. Орта түркі дәуірінде сингармонизм заңдылығының қолданылу деңгейіне анықтама беріңіз. Көне түркі дәуірі ескерткіштері тілімен салыстырыңыз.
1, 9. Б, г дыбысының қолданылу себебін қандай фонетикалық заңдылықтармен түсіндірер едіңіз?
1, 7, 8. Ч дыбысының шығу төркінін анықтаңыз. Қазіргі тілден осы сөзбен түбірлес сөздерді табыңыз.
Берілген сөзді қазіргі қазақ тілінде жазып, қандай дыбыстық алмасуларға ұшырағанын анықтаңыз.
20, 22. Кірме сөздер екенін қандай фонетикалық ерекшеліктеріне қарай анықтауға болады?
Сөз құрамындағы ш дыбысының қолданылуына сипаттама беріп, қазіргі қазақ тілінде қандай дыбыстық алмасуға ұшырағанын, оның себебін түсіндіріңіз.
й дыбысының шығу төркініне тоқталып, оның қазіргі түркі тілдерінде қандай дыбыстық алмасуларға ұшырағанын анықтаңыз. Мысалдармен дәлелдеңіз.
Берілген сөзді қазіргі қазақ тіліне аударып, ондағы дыбыстық өзгерістердің себебін түсіндіріңіз.
Тen сөзінің ежелгі түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінде қолданылу сипатына, ондағы дыбыстық өзгерістерге анықтама беріңіз.
21, 23. Түбір мен қосымша арасындағы ассимиляция заңының қолданылуындағы айырмашылықтарға қазіргі қазақ әдеби тілі тұрғысынан сипаттама беріңіз.
Ежелгі “бирла” шылауының қазіргі қазақ тілінде тұлғалық өзгерісін қандай фонетикалық заңдар арқылы түсіндірер едіңіз.
Араб-парсы тілінен енген кірме сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі фонетикалық түрғыдан өзгеру жолдары мен дыбысталу сипатына тоқталыңыз.