Ылым министрлігі


Дәріс 19. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу



бет59/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Дәріс 19. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу

  1. Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттеудің мәні.

  2. Функционалдық және корреляциялық байланыстар.



Дәрістің мақсаты: Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттеудің мәнісін, функционалдық және корреляциялық байланыстар, байланыс тығыздылығының көрсеткіштерін, бір факторлы және көп факторлы корреляция-регрессиялық талдауды үйрету.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: функционалдық және корреляциялық байланыс, рангілі корреляция коэфициенті, Спирмэннің коэфициенті, тура байланыс, кері байланыс, түзу және қисық сызықты байланыс, Фехнер коэфициенті, корреляциялық қатынас әдісі.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестердің арасындағы өзара байланысты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелері белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляциялық байланыс болып екі түрге бөлінеді.
2 сұрақ. Функционалдық байланыс деп бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің мәнінің өзгеруін айтады.Мысалы шеңбердің көлемі оның радиусының шамасына тура пропорциональді. Оны мына формула бойынша көрсетеміз S=πR2. Мұнда нәтижелі белгіге – шеңбердің көлемі, факторлы белгіге – шеңбердің радиусы алынады.
Функционалдық байланысты келесі түрде аламыз:
У=ƒ(хi)
У - нәтижелі белгі;
хi - факторлық белгі
ƒ(хi) - осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс.
Қоғамдық құбылыстың өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуін корреляциялық байланыс деп аталады. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері белгісіз, яғни нәтижелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік дәлме-дәл көрсетілмесе де және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады.
Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйке келеді. Корреляциялық байлансты мына теңдеу арқылы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет