Ылым министрлігі


Дәріс 30. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы



бет80/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Дәріс 30. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

  1. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері.

  2. Үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары.

  3. Күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегі.

  4. Адам дамуы индексі.

Дәрістің мақсаты: халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесін, үй шаруашылығы табысының көрсеткіштерін, үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары, күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегін қарастыру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тұрғындардың кірісі, тұрғындардың ақша салымы, қоғамдық тұтыну қоры, еңбекақы төлемі, халықтың материалдық игілікті және қызметті тұтынуы, халықтың мүлкі, жанұяның мүлкі, халықтың бюджет уақтысы, моральдық статистика
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Халықтың қайыршылық индексін есептеу әдісі қандай?
1. Индустриасы дамыған елдер үшін =



Мұндағы:
Р1 — 60 жасқа дейін жетпей өлген халықтың үлесі, (%);


Р2- сауатсыз ересек халықтың үлесі, (%);
Р3— елдегі медиандық табыстан 50% деңгейінде табысы бар халықтың үлесі, (%);
Р4— 1 жыл және одан да көп уақыт бойы жұмысы жоқ, экономикалық белсенді халықтың үлесі, (%).
2. Дамушы елдер үшін — адам дамуының негізгі салаларындағы халықтың айрылу көрсеткіштерінің үшінші реттегі орташа шамасы ретінде:
а) Ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіңдігі бойыпша 40 жасқа дейінгі өлгендердің үлесі;
ә) білім алу мүмкіндігі бойынша ересек халықтардың сауатсыздық үлесі;
б) лайықгы өмір сүру үшін ресурстарға қажеттілік бойынша халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне, қауіпсіз ауыз суға қатысу мүмкіндігі жоқ және 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың орташа арифметикалық үлесі.
Халықтың кедейлік көрсеткішін есептеу әдісі қандай? Мүмкіндіктер бойынша халықтың кедейлік коэффициенттері орташа арифметикалық 3 көрсеткіштен тұрады:
а) білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз туылған балалардың үлесі;
ә) 15 және одан жоғары жастағы сауатсыз әйелдердің үлесі;
б) 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың үлесі.
Кедейлік деңгейі — жалпы халық санының өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесі.
Адам дамуының индексін және халықтың қайыршылық, кедейлік индекстерін есептеу әдістемелерінің айырмасы неде?
Халықтың кедейлік және қайыршылық көрсеткіштерінде, адамның даму индекстеріне қарағанда, елдегі орташа көрсеткішке емес, негізгі компоненттері бойынша адам дамуының мүмкіндігінен айрылған халықтың үлесіне акцент қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет