2 сұрақ. Халықтың тұрмысын қандай жеке көрсеткіштер сипаттайды?
1. Жалақы - келісім-шартқа отырған жалдамалы жұмыскерлер табысы.
2. Тұрғындардың табысына (жалақыдан басқа) барлық көзден алынған ақшалай және натуралды табыстардың барлық қалған түрлері жатады: жеке қосалқы шаруашылықтың пайдасы, жеке еңбек қызметінен түскен шайлық ақылар, материалдық көмек, зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар, компенсациялар, ұтыстар, мұра, сыйлықтар, сақтандыру төлемдері, қайырымдылық, гранттар және т.б.
3. Номиналдық жалақы мен номиналдық табыс ағымдағы бағадағы бұл көрсеткіштердің ақшалай көрінісі болып табылады.
4. Нақты жалақы мен нақты табыс әрбір азамат өз жалақысы мен пайдасына ала алатын материалдық игіліктер мен қызметтердің сомасын сипаттайды.
Нақты және номиналдық табыс (жалақы) арасында байланыс бар:
І нақты жалақы = Iноминалдық жалақы : Iтұтыну бағасы
Мұндағы: I — индекс.
5. Қолда бар табыс - бұл міндетті төлемдер мен төлемақыларды санамағанда, номиналдық ақшалай табыс.
6. Тұрғындардың табыстары ағымдағы шығындардың орнын толтыруға немесе жинақтар үшін қолданылады. Тұрғындардың ағымдағы шығындарының құрамына тағамдарды, сусындарды, темекіні, киімді, аяқ-киімді, жиһазды сатып алуға кеткен шығын, коммуналдық және басқа да қызмет төлемақылары кіреді. Әлемдік статистикада жалпы тамаққа 50 %-дан көп жұмсаса, ол кедей болып табылады.
7. Тұрғындардың жинақтары — бүл табыстар мен ағымдағы шығындар арасындағы айырма. Жинақтардың ақшалай және натуралдық формасы бар. Ақшалай жинақтар тұрғындардың қолындағы ақшалай өсімді, бағалы қағаздарға, қаржылық мекемелерге салынған салымдардың өсімін білдіреді. Натуралдық формадағы жинақтар - жер құнының, көліктің және басқа материалдың өсімі.
8. Тұрғындардың, орташа есеппен, жан басына шаққанда, азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың ең маңызды түрлерін тұтынуы.
9. 100 отбасы немесе 1000 тұрғынға шаққанда ұзақ мерзімді қолданылатын заттармен қамтамасыз етілуі. Мысалы, автомобильдермен, теледидарлармен, телефондармен және т.б.
10. Төменгі және жоғарғы децильдерді бөлу қатарының әр түрлі шеттеріндегі жиіліктерді 10%-дан бөлетін табыстар орналасқан интервалдар.
Бірінші төменгі децильді анықтау үшін 1/10 көлемдегі ∑f/10 жиілікті анықтаймыз. Төменгі дециль (ең төменгі табыстар):
Мүндағы: d1— төменгі дециль;
X1— бірінші децильдік интервалдың төменгі шегі;
і1— бірінші (төменгі) децильдік интервалдың серпілісі (размах);
∑f - жиіліктердің жалпы саны;
S f1 — бірінші децильдік интервал алдында жинақталған жиіліктердің сомасы (қосындысы);
fd — бірінші децильдік интервалдың жиілігі.
Тоғызыншы (жоғарғы) децильді анықтау үшін 9/10 көлемдегі жиілікті табамыз.
Жоғарғы дециль (жоғарғы табыстар) d9:
Мұндағы: d9 — тоғызыншы (жоғарғы) дециль;
Х9 — тоғызыншы децильдік интервалдың төменгі шегі;
і9 — тоғызыншы децильдік интервалдың серпілісі (размах);
S f9 - тоғызыншы децильдік иитервал алдында жинакталғаны;
fd - тоғызыншы децильдік интервалдың жиілігі.
11. Тұрғындар табыстарының дифференциациясының децильдік коэффициенті Кd:
d9
Кd = ____________
d1
11. Тұрғындар табыстарының дифференциациясының децильдік коэффициенті тұрғындардың ең жоғарғы табысты топтарының 10% минималды табыстарының ең аз табысты топтарының 10% максималды табыстарынан қаншаға артық екенін көрсетеді.
12. Халықтың жан басына шаққандағы орташа жылдық табысынан азық-түлікті тұтыну икемділігінің динамикалы коэффициенттері.
13. Халық табыстарының концентрациялық көрсеткіштері: Лоренц және Джини коэффициенттері, табыстың бөліну теңсіздігіне қатысты сипаттамасын береді:
а) Лоренц коэффициенті - квадрат диагоналының біркелкі бөлінуінің осы квадраттың жарты ауданынан ауытқу үлесіне тең:
Мұндағы, У1 — жалпы табыс сомасынан і - халық тобының табыс үлесі;
Х1 — жалпы халық санынан і — халық тобының үлесі.
Лоренц қисығы тік бұрышты координаттың жүйесінде графикпен көрсетіледі: абцисса өсі бойынша - халық санының (х) (жинақталған) жиіліктері; ал ордината өсі бойынша — халық табыстарының (жинақталған) жиіліктері;
ә) Халық табыстарының барлық сомасы мен халықтың квантильдік топтарының арасындағы бөлінуді Джини коэффициенті сипаттайды:
Мұндағы: Xі—жалпы халықтың санынан і —халықтың әлеуметтік тобының үлесі;
yі— жалпы халықтың і- әлеуметтік тобының шығын үлесі;
n — әлеуметгік топтардың саны;
сиmyі – табыстың кумулятивтік үлесі.
Егер Джини, Лоренц- коэффициенттерінің мәндері 0-ге жақыңдаса, онда табыстардың бөлінуі бір қалыпты болады және керісінше. Егер коэффициенттердің мәндері 1-ге жақындаса, онда қоғамда дифференциация көбірек болады.
14. Егер сапалы, альтернативті белгілер берілсе, ассоциация және контингенция коэффициенттері қолданылады:
аd-bс
а) Кассоциация =_____________________,
аd+bс
Мұндағы: а,d,с,b - сапалы альтернативті белгілер, соның ішінде:
а,с — белгілері бар бірліктер саны, үлесі;
b -d— белгілері жоқ бірліктер саны, үлесі.
аd-bс
Кконтингенция= _________________________________________
Ассоциация және контингенция коэффициенттерін есептеу кестесі:
А
|
b
|
с+b
|
С
|
d
|
с+d
|
а+с
|
b+d
|
а+b+с+d
|
Контингенция коэффициентінің мөлшері әр уақытта ассоциация коэффициенті мөлшерінен кіші болады.
Егер Кассоцшция>0,5, Кконтигенция >0,З болса, байланыс бекітілген деп есептеледі.
Халықтың жеке аралық топтарының әлеуметгік-экономикалық айырмашылықтары мынадай көрсеткіштерде: орташа шамалар, әсіресе мода мен медиана, дифференциациялық, концентрациялық, құрылымдық айырмашылықтары, ассоциация және контингенция коэффициенттері, сатып алу қабілеттілігі.
15. Құрылымдық айырмашылықтардың сызықтық коэффициенті:
Мұндағы: d1 d0 -зерттелген жиынтық құрылымының есептегі және базистік жылға қатысты көрсеткіштері;
n - құрылымдық құрамның саны.
16. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті:
17, М.К. Гатевтің интегралдық коэффщиенті:
18. Салайдың индексі:
19. Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну динамикасы физикалық көлемнің орташа гармониялық индексінің көмегімен зерттеледі:
Мұндағы: ∑p1q1,∑ p0q0, есептегі, базистік жылдағы халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуы;
ip - тауардың, қызметтің жеке индексі.
Достарыңызбен бөлісу: |