3 сұрақ. Табыс деңгейі әр түрлі отбасы топтары бойынша тұтыну бағасының индекстік өкілі тауарлар жиынтығы бойынша көтерме сауда бағасының индексі және базистік кезеңдегі сатып алу құрылымының негізінде анықталады.
Жан басына шаққандағы жиынтық табыстың белгілі мөлшері мен халықтың әр тобы бойынша жоғарыдағы формула арқылы азық-түлік корзинасы, азық-түліктік емес корзина және ақылы қызметтің жиынтығы бойынша тұтыну бағасының субиндексі анықталады. Жүргізілген есептеулерге алкогольді ішімдіктерді сатып алуға кеткен шығындар қосылады. Орташа отбасылардың тұтыну шығындарындағы алкогольді ішімдіктер үлесі шартты түрде көтерме саудадағы тауар айналымындағы үлес салмағына тең деп алынады. Азық-түліктік, азық-түліктік емес корзина алкогольді ішімдіктерге деген шығындарды ескергендегі қызметтердің тұтыну бағасының есептелген субиндекстері негізінде табыс деңгейлері әр түрлі халық тобының тұтыну бағасының жалпы индексі минималды болып келетін тұтыну корзинасының құнының өзгерісін көрсетеді;
Ең төменгі табысты халықтың тұтыну құны бірдей азық-түлік өнімінің өзгермейтін жинағының қаншаға қымбат болғанын көрсетеді. Күнкөріс құнының минималды индексін есептеу үшін тұтыну корзинасын қалыптастыруға нормативті тәсіл қолданылады.
Қорытынды: Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, тұрғындардың тұрмыс деңгейі бұл адамдарды материалдық игілікпен, тұрмыстық және мәдениет қызметпен канағаттанадыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық категориясы.
Дәріске әдістемелік нұсқау: Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесін, үй шаруашылығы табысының көрсеткіштерін, үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары, күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегін тереңдетіп ашу қажет. Олардың көрсеткіштерінің, есептеу тәсілдерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Халықтың тұрмыс деңгейі ұғымы және статистикалық зерттеудің міндеттері.