Ылым министрлігі


Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері



бет83/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

1.1.Білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың балдық-рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша анықталады.


1.2.Пайыздық мөлшері 95-100% және 4,0 сандық баламасы бар «Өте жақсы» деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді.
Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында ездігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
1.3. Пайыздық мөлшері 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В,пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В— ға сәйкес келеді.
Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
1.4.Пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауы С-% пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сәйкес келеді.
Бұл баға студентке егер ол оқу бағдарламасы материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
1.5.Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға Ғ бағалауы сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет