Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Оразов Н. Ел ардағы – ер тұлға // Сарыарқа. – 1995. №3. – 11 б.
2. Есенберлин Ілияс. Он томдық шығармалар жинағы. –– Оныншы том.
Дастандар, - Алматы, «Жазушы». 1988
3. Нұрғалиев Рымғали. Соңғы сөз /Қараң.: Ілияс Есенберлин. Он томдық
шығармалар жинағы.  ––  Оныншы  том. Дастандар, -  Алматы,  «Жазушы».
1988
4. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты Правда о голоде 1932-
1933  годов  /АяғанБ.Ғ.,  Қыдыралина  Ж.Ү.,  Ауанасов  А.М.,  Қашқымбаев
А.Н.,  Анафинова  М.Л.,  Ілиясова  К.М.  /  Б.Ғ.  Аяғанның  редакциясымен. –
Алматы, ТОО «Литер-М», 2012. – 336 б.
5. Нұрғалиев Рымғали. Көрсет. әд.
6.  Тұрысбек  Р.  Ілияс  Есенберлиннің  ақындық  мұрасы.  Мақала.
Қолжазба.
7.  Дінмұхамед  Қонаев.  Бір  жасы  мың  болған  /Писатель.  Личность.
Человек.  Алматы:  «Ата-мұра»,  –  Қазақстан.  Фонд  имени  Ильяса
Есенберлина, 1993, 88.
8. Жұмаділов Қ. «Тарихи зердені жаңғыртқан» //Сарыарқа. – 1996. - №
3
9. Әзілхан Нұршайықов. Есенберлин //Егемен Қазақстан. 2002 жыл. 30
қаңтар
10.  Рымғали  Нұрғали.  Жанкешті  //  Егемен  Қазақстан.  2005  жыл.  14
қыркүйек
11. Әзілхан Нұршайықов. Есенберлин //Егемен Қазақстан. 2002 жыл. 30
қаңтар.
12.  Нұрғалиев  Рымғали.  Жанкешті  //Егемен  Қазақстан  –  2005.  14
қыркүйек
13. Оразалы Сұлтан. Толагай //Казахстанская правда – 2006. 28 апреля
14. Есенберлин. Мұхиттан өткен қайық. Көрсет. әд.
15. Душенко К.В. Мастера афоризма. –Изд. 3-е испр. – М.: Эксмо, 2011.
– 896 с. (341 б.).
16. Қараңыз: С. Куттыкадамов. Лодка, так и не переплывшая океан. //
Арай. 19 9/2 № 10-12
17. Шепель В. «»Строго конфедициально», или о чем переписывались
руководители  СССР  и  Казахстана  в  20-х  годах  прошлого  века»  //
«Комсомольская правда. Казахстан. 2013 год. 14-21 марта

99
2.2 Социалистік реализм» немесе «революциялық
шындыққа үйлесімділік»
Кеңестік  әдебиеттану  анықтамасына  сәйкес  1950-ші  жылдардың
ортасынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа бағыт байқала бастаған.
Ол  –  социалистік  реализмнің  негізгі  принциптеріне  негізделген  жаңа
шығармалар.  Яғни,  «Қазақ  Кеңестік  энциклопедиясында»  көрсетілгендей
(Алматы,  1981)  XX  ғ.  30  –  шы  жылдары  С.Сейфулиннің,  Б.Майлиннің,
І.Жансүгіровтың,  М.Әуезовтың  және  т.б.  беделді  қазақ  жазушыларының
романдары мен повестерінің арқасында кеңестік әдеби процестің алдыңғы
қатарында жүрген қазақ прозасы, ендігі жерде М. Әуезовтың «Жас өркені»,
З.  Шашкиннің  «Темір  тауы»...  І.  Есенберлиннің  «Айқас»  романдары
арқылы қоғам мүшелерін өздерінің азаматтық позицияларын танып-білуге
шақыратын негізгі идеологиялық құралға айналып, әдебиеттің алдындағы
жаңа міндеттерді анықтап жатты.
Сараптамашылар  болса  терең  де,  кеңінен  дамып  келе  жатқан  қазақ
әдебиетінің  идеялық-эстетикалық  жағынан  ғана  емес,  оның  жанрлық
жағындағы елеулі өзгерістерді прозадағы тарихи романдардан көріп жатты.
Олай  болатын  себебі,  социализмнің  дамыған  кезеңі  атауымен  тарихи
сахнаға  шығып  отырған  қоғамға  дейін  тарихи  тақырыптардың  шекарасы
негізінен XIX ғ. екінші жартысындағы тарихи тұлғалармен кейбір тарихи
оқиғаларды сипаттаудан асып жатпаса, оның себептері де жоқ емес болатын.
Соның ішінде ұлттың өткен тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеудің әлсіздігі,
тарихи  білімнің  кедейшілігі,  деректердің  тапшылығы  бара  келе  болған
оқиғалардың  басым  көпшілігін  міндетті  түрде  евроцентристтік  бағыттан
түсіндіруге міндеттеп жатса, қазақ зерттеушілері үшін осы ойдан ауытқу
Қазақ  мемлекетінің  Ресей  империясының  құрамына  өз  еркімен  енген
деген концепциядан ауытқу болып саналатын. Міне, осы уақытта тарихи
шығармалардың  арасында  әсіресе  ерекше  көрінгені  Ілияс  Есенберлиннің
«Айқас»  романы  екенін  ресми  түрде  мойындалғанын  жоғарыдағы
«Энциклопедиядан» байқау қиын емес. Десе де, жазушының өзі бір кездері
түсіндіріп кеткендей тарихи романдар оған оңайға соқпағанын айта келе,
оның  себептерін  де  түсіндіреді:  алдыменен  қандай  да  жазушыға  өнеге
болатындай  тарихи  тақырыптағы  шығармалардың  жоқтығы,  ел  таңдаған
сара жол нақ осы деп көрсететін ғылыми зерттеулердің де аздығы.
Оның қаламынан туған тұңғыш роман «Айқаста» кен өндірушілердің
өмірі  сүреттеледі.  І.Есенберлин  басқалар  бара  қоймаған  тың  тақырыпты
жан-жақты  ашып  көрсетуге  кіріскенімен  қатар,  ұлттың  алдынан  шыққан
жаңа  кәсіп,  жаңа  образ  иелерін  көрсете  отыра,  негізінен  ғасырлар

100
қойнауынан  жерасты  байлығын  өндіріп,  оны  пайдаланудың  түрлі  әдіс-
тәсілдерін  біле-білген  көне  қазақ  жерінің  тұрғындары  туралы  кеңестік-
батыстық  тарихнамада  қазақтарға  тағылған    «табиғатынан  түйе  айдауға
ғана жаратылған» теріс концепцияны жоққа шығаруды өз алдына мақсат
тұтқан.
Соның  бір  дәлелін  Қаз  КСР  Ғылым  Академиясының  корреспондент
мүшесі  А.Машановтың  1967  жылы  5  наурызда  осы  романға  байланысты
«Социалистік  Қазақстан»  газетінде  жарияланған  «Кітап  оқушысына
ой  салса»  деген  мақаласынан  байқауға  болады.  Мақалада  үлкен  ғалым
ойын былай түйіндейді: «қысқасын айтқанда І. Есенберлиннің бұл еңбегі
ғылым дүниесіндегі тартыстың негізін аңғартарлықтай көркем туындының
алдыңғы қатарынан орын алатын нәрсе...».
Бұл дегеніміз сол кездері қазақ әдебиетінде болсын, ғылымның басқа
да саласында болсын, социалистік қоғамға терең бет бұра отырып, елінің
қамын ойлаған қазақ зиялы қауым өкілдерінің еңбегіне жоғары тұрғыдан
баға  беру  болатын.  Соған  қарамастан,  қандай  да  болмасын  бір  ілімнің
негізін байыптаудың катехизистік формасын (дайын сұраққа дайын жауап)
таңдап алған Кеңестік идеология тарихи оқиғаларды талдауда да одан бас
тарта қоймады. Қоғам алға дамып, сол қоғамға лайықты көріністерді жаңа
тұрғыдан зерделеудің қажеттілігін мойындап отырған кеңестік жүйе үшін
тарих қойнауына тереңінен үңіліп, өткен оқиғалар мен тарихи көріністерге
объективті  тұрғыдан  сипаттама  беруге  әрекет  етуші  тарихшы-ғалымдар
керек емес еді. Соның бір көрінісін ел ішінде әлі де болса зардабы суымаған,
қаһарынан  елді  жан  түршіктірген  «Бекмаханов  ісінен»  де  байқауға
болатын.
Ал  социалистік  реализмді  әдебиеттегі  творчестволық  тәсіл  ретінде
түсіне  білген  Ілияс  Есенберлин  болса,  осы  тәсілдің  негізгі  қағидасын  –
адамгершілік принципіне арқа сүйей отырып, «нағыз шындық қандай болу
керек» деген сұрақты ту ретінде көтере отыра, оның жауапсыз қалмауын
қалаған.
Өзінің бір сөзінде Ілияс Есенберлин: «Толығынан алып қарағанда менде
ойдан шығарылған кейіпкерлер аз. Мысалы, «Хан Кенеде» ең көп аталған
есімдердің бірі Есіркеген. Ол екі халықтардың: қазақтар мен орыстардың
мәдениетін жақындастыру үшін көп істерге барған. Ал, тарих болса ондай
қоғамдық қайраткерді білген емес. Бірақ, сол кездері Омбыда, Орынборда
білім алған қазақ жастары көп еді. Есіркеген – жинақтаушы есім. Мен болсам,
ондай азаматтардың оннан астамын білгем. Олардың әрқайсысының мінезі
Есіркегенде бар [1] - деген екен.
Мұны  тіпті  Есенберлинге  қарсы  әрекеттерге  де  барды  деп  санап

101
жүрген замандастары да байқап отырған. Мемлекет және қоғам қайраткері
М.И.  Есенәлиев  өмірінде  қоғамға  танымал  жазушылар,  ғалымдар,  өнер
адамдарымен  көп  кездескендердің  бірі.  Оның  еңбегінен  оқырман  М.
Әуезовқа, С. Мұқановқа, Д. Қонаевқа, Б. Момышұлына арналған беттерді
қарай  отырып,  І.  Есенберлин  туралы  мына  жолдарды  таба  алады:  «Ілияс
Есенберлиннің дарындылығын танығандар қатарларының кешегі танымай
жүргендердің есебінен көбейіп отырғаны бұл енді, бүгін ғана. Ал кезінде
олардың  көбі  Есенберлиннің  жыл  сайын  роман  не  повесть  жазғанымен
еш келісе алмай жүрсе, енді біреулерін оның жазушылық стилі, тілі қатты
«мазаландырып  жүрген».  Әрине,  бұл  жағдайлар  жазушының  өзін  де
ойландырмай қойған жоқ десек те, оны қатты толғандырған мүлде басқа
жай, яғни жаратқанның берген уақытын халқы туралы, оның кешегі өткен
тарихы  мен  тарихтағы  рөлі  туралы  толағай  бір  сөз  айтып  кетуге  жетер
ме  екен  –  міне,  Есенберлинді  бәрінен  бұрын  қатты  толғандыратын  осы
сұрақ көрінеді. Өмірден ерте кеткен дарынды ғалым, тарихшылар Санжар
Асфендияров, Ермұхан Бекмахановтар да ұлтының көне замандардан бастап
күні бүгінге дейінгі тарихын толығынан зерттеуге олардың бойындағы күш-
қуаттары  жетпеді.  ХV-ХVIII  ғасырлардағы  Қазақ  хандықтары  тарихына
байланысты шыққан материалдар мен Ғылым Академиясы басып шығарған
бес томдық «Қазақ КСР тарихы» көпшіліктің қолына жете бермейтін, оның
үстіне жалпы танымға жеткізуге тілдік стилінің тым құрғақтығы кесірінен
сұраныс таба алмай жатты. Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Абай жолы» қазақ
даласының ХІХ ғ. тарихы болып, басқа авторлардың еңбектері ХVIII-ХІХ
ғасырлардың екінші жартысынан аспай, тек ХІХ ғ. ғана қамтып жатқан. Ал,
білімді, мектеп бағдарламасы арқылы ғана алғандар алыс жатқан Европаның,
Ресейдің тарихын біліп, Шығыс тарихы туралы мәлімет алып, өз тарихы
туралы өте аз мәлімет алып жүрген жас ұрпақ, өз ұлтының тарихы мен оның
мемлекеттілігі туралы қалай білгісі келіп жүрді! Тек біліп қана қоймай, өз
ұлтын  тарихтағы  орнына  лайықты  етіп  көрсетуді  аңсады.  Есенберлиннің
көкейтесті ойларының бірі де, міне, осы. Ендеше, халыққа өте керек осы
бір қажеттілікті қанағат ете алатын бойы еріксіз қиялға толы, тек қана нағыз
зерттеуші еді. Ол Ілияс Есенберлин болып шықты» [2. 44 Б.].
«Мұхиттан  өткен  қайықта»  көп  адам  назар  аудара  бермейтін,  тек
шығарманың мазмұнын ұға білген адам ғана байқайтын алатын сюжеттер
көп. Жезқазғанға сонау Керекуден (қазіргі Павлодар – Қ.А.) 1932 жылдары
осы  жаққа  кетіп  қалған  інісін  іздеп  келген  ақсақалға  орысша  сөйлеген
адамдар соншалықты білімпаз көрініп, өзінің баласы Болат туралы қам жеп,
ауылдан келген балам енді қалада тіл игере алар ма екен деп уайымдап жүрген
күндер артта қалып, енді бір уақытта орыс тілі түгіл, француз, ағылшын,

102
испан тілдерін шебер меңгеріп, үлкен конференцияларда аудармашы болып
жүрген  кешегі  «көрінгенге  аузын  ашып,  таң  қалған»  түйеші  қазақтың
баласын Ілияс Есенберлиннің: «Өзіңе белгілі мен жер шарының біраз жерін
аралағаным. Индияда да, Қытайда да, Иранда да, Араб елінде де, Испанияда
да, тіпті Латын Америкасында да болдым. Аргентинада жүргенімде міне,
мынадай  бір  оқиғаға  кездестім.  Аудармашы  екеуміз  ресторанда  тамақ
ішіп  отырғанымызда,  қасымдағы  столда  шетелдік  біреу  ауқаттанып
жатқан.  Байқаймын,  аргентиндік  емес,  бірақ  орысша  түсінеді.  Өйткені
аудармашымыз  екеуміз  орысша  сөйлессек  болғаны,  құлағын  тіге  қалады.
Мен телефонға шығып кеткенімде осы жат ел адамы аудармашыдан «Әлгі
кісі орыс па?» - деп сұрайды. Аудармашым «жоқ, қазақ» дейді». «Қазақ?
Қай  жердікі?  Дондікі  ме?  Кубандікі  ме?»  «Жоқ,  казак  емес,  қазақ...  «к»
емес, «қ»-мен айтылады. Бұл белгілі халық, Кеңес жерінде көне заманнан
келе жатқан ел». «Ғажап! Естімегенің елде көп деген! Мұндай халық бар
екен-ау!»... Түсінесің бе? Батыста бізге қалай қарайтынын? Олар бізді жаңа
ғана тани бастады» [3, 328 б.] – деп сөйлетуінде, сөзсіз, үлкен мән бар.
Ілияс  Есенберлиннің  шығармашылық  жолға  түсуінің  біртіндеп
күрделене беруінің себептері де осында болуы мүмкін. Әзілхан Нұршайықов
айтқандай: «...оның ақындық аты дүркіреп шыққан жоқ. Есенберлин деген
ақын барын біреу біліп, біреу білмеді. Ондай ақынның атын естімегендер де
көп. Солардың бірі менмін...
Елуінші жылдардың аяғына қарай Ілекең прозаға көшті. Арасына бес
жыл салып шыққан екі повесі («Өзен жағасында», «Толқиды Есіл») атағы
жер  жарып  кетпегенімен,  ел  құлағын  елең  еткізді...  Соныменен  бірге  ол
жазушының  әдеби  ортадағы  дұшпандарын  көбейтті»,  -  деп  жазады  Ә.
Нұршайықов, - «Олар Есенберлинге тамаша таланты мен ерен еңбеккерлігі
үшін жауықты. Жауыққандардың бірі: «Кешегі аяғымыздың астында жүрген
Есенберлин  аспанға  қалай  көтеріліп  кетті?»  деп  байбалам  салды.  Ішін
қызғаныш кернеген енді біреулер бұқпантайлап жүріп, әркімнің құлағына
бір  сыбырлап,  жаңа  трилогияны  жамандады.  «Сен  жалындап  тұрған  жас
сыншысың  ғой,  бұл  туындының  тас-талқанын  шығар»,  -  деп  жастарды
азғырды...  Әрине,  олардың  ішінде  артынан  іштей  өкінгендері  де  болды»
[4].
«...Исторические  романы  Есенберлина  и  впрямь  вызывали
настороженность. Несвоевременно, не туда, не о том. На носу 250-летие то
ли присоединения Казахстана к России, то ли добровольного вхождения в
нее, то ли породнения. По такому бы знаменательному поводу восславить
дружбу  народов,  светлое  будущее,  индустриальное  преорбражение
края, целину, воспетую лично Л.И. Брежневым, а тут что? Султаны, баи,

103
кровавые  междоусобицы,  сомнительные  национальные  вожди  вроде
ханов  Кенесары  и  Аблая,  сечи  с  джунгарами,  китайцами,  русскими,
узбеками,  лихой  захват  мятежниками  российской  крепости  Акмолинск  -
будущей  Астаны,  столицы  сегодняшнего  Казахстана.  Надо  ли  ворошить
забытое, чреватое воскрешением обид ... Но не Есенберлин. С ним все-
таки  считались.  Его  репутация  была  безупречной.  Фронтовик,  директор
крупнейшего в республике издательства, автор романов о рабочем классе,
о молодежи, об освоении целины, о крахе феодально-байской морали. Хотя
уже «Опасная переправа», переведенная Юрием Домбровским, подступно
свидетельствовала  о  накоплении  нового  качества:  отсылки  к  минувшим
векам, упоминания о злокозненной, зачисленной по ведомству буржуазного
национализма «Алаш-орде», о просветительских иллюзиях ее деятелей» [5.
111-112 ББ.] – деп жазған болатын белгілі сыншы Леонид Терокопян.
«Бір  ғана  Кенесарыға  байланысты  деректерді  қолданғаны  үшін
Коммунистер партиясы басшыларының қанды шеңгеліне іліккен Ермұхан
Бекмахановтан  кейін  Қазақстанда  ұлт  тарихына  байланысты  деректерді
ғылыми айналымға енгізіп, жариялауға кіріскен зерттеушілер саны құмға
тамған тамшыдай сирек болып тұрған кезде, енді айтылып жүргендей, тарихи
романдар тәжірибесіндегі құжаттарды пайдаланудың екі тәсілін (құжаттық
фактілердің композиция элементіне айналуы, немесе құжаттың сәл көркем
қортылып, шығармаға енгізілуі) өте шебер пайдаланып, сол арқылы «қазақ
әдебиетінің  тарихында  тарихи  романның  жаңа  үрдіс,  өнегесін  әкелген  І.
Есенберлиннің «Алтын Орда» мен «Көшпенділер» трилогиялары» – дегенді
айтады ғалым Қ.Алпысбаев [6. 22-23 ББ.].
Ілияс Есенберлиннің өз заманына сәйкес «ауырдың үстімен, жеңілдің
астымен» жүріп, тыныш өмір сүре алатындай мүмкіншіліктері болғаны да
рас болар. Соған қарамастан жазушының әсіресе, билік қалай бермейтін,
кімге  де  болмасын  ең  ауыр  болып  келетін  жүкті  арқалауды  міндетті
түрде «менің міндетім» деп жол таңдауының себептеріне тағы бір назар
аударсақ.
Ресейлік  ғалым,  тарих  ғылымдарының  докторы  Борис  Мироновтың
«Уроки революции 1917 года или кому на Руси жить плохо» атты мақаласы
негізінен алып қарағанда біз көтеріп отырған сұраққа қатысы жоқ сияқты.
Аталмыш  автор  Ресей  империясындағы  әлеуметтік  проблемалардан
туындаған халық наразылығының бірте-бірте саяси билікке қарама-қарсы
қозғалысқа айналу себептерін қарастырады. Мысал ретінде Ресейді алған
автор  осы  мемлекетте  көрініс  алған  әсіресе  әлеуметтік  проблемалар
шешімдерінің дер кезінде табылмауы адамдар арасында ұзақ уақыт бойы
іштей  наразылық  тудыра  келе,  соңына  қарай  үлкен  қарама-  қарсылыққа

104
әкеліп соқтыратынын айтады. Бірақ, соған қарамастан наразы топтардың
материалдық жағдайлары ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың
басында жақсарған себепті бір кездері іште байқалған наразылық формасы
бара-бара революциялық сипатқа жол берген дей келіп осы мәселе неден
туындайды – деген сұрақты қоя отыра, оған берген автордың жауабы: «Рост
протеста при улучшении жизни, на мой взгляд, хорошо объясняют теории
девиации, потому что все протестные движения можно отнести к девиантному
поведению:  протестующие  не  согласны  с  официально  утвержденными
целями жизни, со средствами их достижения или в целом с существующими
порядками» [7]. Осылай деп санап отырған автор, 1861 жылғы Ресейдегі
аграрлық реформаның себеп-салдарларын талқылай келе, әрі қарай былай
дейді: «Великие реформы 1860-х, коренным образом изменившие условия
существования и правила поведения, во-первых, породили дезориентацию,
т.к. прежние социальные нормы стали противоречивыми, утратили прежнюю
ясность  (теория  аномии)...  В  третьих,  возникло  невиданное  прежде  по
масштабам  противоречие,  или  напряжение,  между  потребностями  людей
и реальными возможностями их удовлетворения (теория напряжения). Это
напряжение  со  временем  увеличивалось  по  мере  роста  индивидуализма,
личной свободы, гражданских прав, уровня культуры, кругозора».
Біздің  ойымызша,  бүгінгі  заманның  авторы  келіп  отырған  осы  бір
қорытындыға қазақ жазушысы Ілияс Есенберлин бұдан талай уақыт бұрын,
яғни өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары, тіпті одан да бұрын келген деген
секілді.  Ұлттық  мұрағаттағы  «Есенберлин  қорымен»  танысу  барысында
жазушының  қолмен  жазып  қойған  Расул  Гамзатовтың  мынадай  сөздерін
кездестірдік:  «Кавказды  қорқытып  бағындырған  Ермоловтың  оғы  емес,
бізді  таңдандырып,  бас  игізген  Пушкиннің  жыры»...  Бірақ,  жазушы  неге
осы бір сөздерге ерекше назар аударған? Өзінің негізгі кейіпкерлерінің бірі
Кенесары үшін бар болашағын таразы басына салып, екінші бір кейіпкері –
Ахметжанов үшін жүйеге қарсы келген Есенберлин үшін БЕЙБІТШІЛІК, 
БОСТАНДЫҚ, ТЕҢДІК қағидаларын нақты іске асырғаннан гөрі, жалаң
ұрандарымен  көрінген  Ленин  мен  Сталин  есімдерін  бүркеніп  сахнаға
шыққан партия әрекеттерінің тереңде жатқандығында ма?
«Алаш айнасы» газетіне берген сұхбатында әлихантанушы Сұлтанхан
Аққұлұлы  кезінде  Сталин  өзіне  қарсы  келген  үзеңгілестерін  атқызып
тастады дей келе, Алаш қозғалысы өкілдерінің бірі Әлихан Бөкейхановқа
байланысты  былай  деген:  «Кеңес  үкіметі  көзі  тірісінде  ол  кісіден  (Ә.
Бөкейхановтан  –  Авт.  Қ.А.)  қаншалықты  қорықса,  оның  аруағынан
соншалықты  қорықты»  [8].  Алаш  қозғалысының  стратегиясы  мен
тактикасын айқындап берген тұлға, нағыз ғалым, 1908 жылдан 1917 жылға

105
дейін 80 томнан асатын атақты Брокгауз бен Ефрон құрастырған сөздігінің
8-ші томынан 22 томға дейін шығуына атсалысқан, тек «Голос степи» атты
газетке  37  мақала  жазған  Ә.  Бөкейхановтың,  не  болмаса  одан  да  басқа
ондаған,  жүздеген  қазақ  зиялыларының  өміріне  қиянат  жасаған  жалаң
ұранды үкіметтің олардан қорқуы тегін емес.
Академик  М.Қ.  Қозыбаев  кезінде:  «Ұлы  Мұхтардың  «Абайынан»
кейін  Ілекеңнің  эпикалық  шығармаларын  оқыған  әлемдік  барша  қауым
қазақ әдебиетінің көшпенділер сырын ашудағы айрықша рөлін біржолата
мойындады, мойындап қана қоймады, барша дүниежүзілік адам баласының
дамуында  отырықшылар  мен  көшпенділер  өркениетін  бір  жүйемен
біріктіріп  қарау  керектігін  түсінді,  көшпенділер  өркениетінің  тарихтағы
ғажайып маңызын зерттеп, болашаққа батыс пен шығыстың қол ұстасып
баруы керектігіне көзі ашылды», - деп жазды. [9. 221 Б.]
«Мұхиттан  өткен  қайық»  романында  Ілияс  Есенберлин  өзінің
кейіпкерлерінің бірін орыс жазушысы И.А.Гончаровтың мынадай сөздері-
мен сөйлетеді: «Пусть космополиты мечтают о будущем отдельном слиянии
всех племен и национальностей в одну человеческую семью, пусть этому
суждено когда-либо исполнится, но даже для этой самой цели – если бы
такая была в самом деле конечная цель человеческого бытия, - необходимо
каждому народу перерабатывать все соки своей жизни, извлечь из нее все
силы, весь смысл, все качества и дары, какими он наделен, и принести эти
национальные дары в общечеловеческий капитал. Чем сильнее народ, тем
богаче будет этот вклад и тем глубже и заметнее будет та черта, которую он
прибавит к всемирному образу человеческого бытия» [10. 168 С.].
Бұл  сөздер  ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  неміс  ақыны  Генрих  Гейненің:
«русские уже благодаря размерам своей страны свободны от узкосердечия
языческого национализма, они космополиты или, по крайней мере, на одну
шестую  космополиты,  поскольку  Россия  занимает  почти  шестую  часть
всего населенного мира» [11. 268 Б.] - деп жазғанымен ұштасып жатыр екен
дейтін болсақ, онда «сенің Кенесарың елді қанға бөктіріп, темірдің күшімен
біріктірудің соңында жүруі оның жеке басының қамы» деген мағынадағы
ауыр күнә иесі атанған Есенберлиннің хан Кене ғана емес, барлық Алаш
зиялыларының мүддесін МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ түп-тамыр болар идеяларды
тарихтан қарастырып, болашаққа нәр болар қуатты ХАЛЫҚТА деуінде.
Патшалық самодержавияның кезінде, қазақ даласында наразылықтан
туындаған қозғалысқа тек ұлттық сипаттамасына назар аударған билеуші
топ  оның  арғы  жағында  тарихи  жағдайларға  байланысты  жақындаса
бастаған  екі  мемлекеттің  ара  қатынастары  тұрғанын,  ұлттық  мүдденің
соңында тағдыр тәлкегіне түскен мемлекеттің, оның дүниеге келуіне негіз

106
болып  отырған  «алмас  қылыштың»  құрамындағы  ғасырлар  бойы  өзінің
өміршеңдігін дәлелдеп келе жатқан ерекше бір әлеуметтік-саяси жүйенің
(хандар билігі, билер басқару жүйесі, батырлар институты, т.т.) жасанды
түрде  құрып  бара  жатқандығы  ескерілмей  жатты.    Нәтижесінде,  Сырым
Датов,  Кенесары  Қасымов,  Исатай  Тайманов,  Есет  Көтібаров,  Амангелді
Иманов  және  басқалар  бастаған  көтерілістердің  арасындағы  негізгі
заңдылық  –  имманенттік  байланыс  үзіліп,  ғасырларға  созылған  азаттық
қозғалыстары кеңестік тарихнамада бір-бірімен байланысы жоқ көріністер
ретінде сипат алды. Деректердің терең құпияда болуы осы бір үлкен орын
алған оқиғаларға тарихшылардың терең талдау жасауына мүмкіндік берме-
ді. Осылайша, тарих сахнасында байқалған панорамалық көрініс шындық-
тан  гөрі,  құпиялылыққа  орын  (конспиралогия)  бергені  Есенберлинді
алаңдатпай қоймаған.
«Мұхиттан  өткен  қайық  романы»  -  өзінің  көптеген  ерекшеліктерімен
қатар (өмірбаяндық, нақты болып жатқан оқиғаларға сол күннің есебінен
сипаттама беру, кейіпкерлердің тасаланбақ түгіл, басым көпшілігінің нақты
қызметте, шен-шекпеннің төңірегінде жүруі т.т.), жазушының алдына қойған
мақсаттарының қаншалық ауыр екендігі, міндет-мақсаттарды анықтаудың
өте-мөте жауапкершілігі. Мүмкін, жазушы туындысының дүниеге келуіне
үзілді-кесілді қарсы болғандар – Есенберлин шығармаларынан өз образда-
рын көргеннен болар. Жазушының бір кейіпкері: «Дүниедегі ең қиын өнердің
бірі – ол жазушы болу», – деп ойлайтын өзінің кәсібі жайында. Бұл өнерде
сен тығылып қалар, өз жазғаныңнан жасырынар таса болмайды. Бәрі ашық.
Әскери қолбасшының – әскері, ғалымның – лабораториясы, қарамағындағы
ғылыми қызметкерлері, артистің режиссері мен көрермендері бар. Ал сенде
ешкім  де  жоқ,  бар  болғаны  алдыңдағы  ақ  қағазың  мен  қолыңдағы  кейде
құны бес-ақ тиын тұратын қаламың» - деп толғануы да тап осында [12, 74
Б.].
Өзіне  дейін  бұлжымас  қағида  болып  қалыптасқан  «социалистік
реализмнің» сеңін сөгіп, жол салуы І.Еcенберлинге оңай соқпаған. Ендігі
жерде  жазушы  бұл  тақырыпқа  төрт  құбыласын  түгендеп  алып  ат  басын
бұрған, енді оны тоқтату, биліктің қолынан келмейтін шара болды.
Есенберлиннің  ойының  басым  көпшілігі  оқырманға  жазушының  бас
кейіпкерлері  арқылы  жетіп  отырады.  «Мен  қайтадан  көзімді  жұмдым.
Ондағым  –  тағы  да  ой  теңізіне  шому.  Егер  қайғылы  жаныма  ойым  серік
болмаса не істер едім? Жападан жалғыз отырып, жанымды қоярға жер таппас
едім. Ойшыл етіп жаратқанына құдайға шүкір. Ой – менің өткен өмірімнің
айнасы,  болашақ  өмірімнің  қанаты»,  –  дейді  «Алтын  құс»  романында
өмірдің бар ащы мен тұщысын әбден тартқан Қайсар атты азамат. «Оған

107
қанша берілсем де, жалықпаймын. Тіпті берілген сайын шабыттана түсем.
Өткен-кеткенді  таразыға  салып,  өз  қылығыма,  өз  істеріме  үкім  айтамын.
Болашақта ондай қателер істемеуге ант етемін».
Бір қарағанда – бас кейіпкер өзінің жіберген қателіктері үшін қиналып
отырған адам. Оның басынан не өтпеген: ауыр өнеркәсіпті өркендетудегі
жоқшылық,  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастырудағы  қиындықтар  мен
түсінбеушілік, 30-жылдардағы аш-жалаңаш шұбырған ел, сол қиындықтан
аман-есен өткен халықтың күші арқылы адамзаттың тарихында болған ең бір
сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтау. Бәрінің соңы – жеңіс. Барлығы партияның
«түпкі саясатының дұрыс» екендігі. «Парасатты саясаттың» жемісі. Осылай
деп отырған кейіпкер, сол кезде қандай да бір адамның аузынан шыққан
осы  бір  сөздері  үшін  қатты  жазалауға  ұшырап  кетуі  әбден  мүмкін,  яғни
сталиндік  тоталитарлық  жүйенің  кезінде  әбден  шошып,  қорқып  қалған,
айтайын десе де «үй сыртында кісі бар» қағидасымен жүрген адамның ойын
айтып отыр. Оның ойынша бәрі дұрыс істелген, тек Ленин тірі жүрсе сәл
басқашалау болар ма еді (ашаршылық, репрессия, тоталитарлық жүйенің
социалистік қоғамда әбден күш алуы?!). Осылай дей отыра, Есенберлиннің
кейіпкері  тағы  да  бір  тосын  ой  айтады.  Ол  –социализмнің  жетістіктерін
қамтамасыз  еткен  адамдардың  үлкен  бір  буынына  байланысты.  Оның
ойынша «Лениннің буыны Ұлы Октябрь революциясын орнатса, Ұлы Отан
соғысының  ауырпалығын  негізінде  арқалап  шыққан  біздің  буын  –  Ұлы
Октябрь шұғыласында туған жастар буыны. Ленин әке болса, біз баласымыз.
Бірақ біздің арамызда, әке мен бала арасындағыдай еш қайшылық болған
емес...» [13. 424 Б.].
Осы жерде Еснберлинді қатты ойландырып отырған ойдың беті ашылып
келеді. Ол ой – Кеңес Одағында соншалықты ауыртпалықпен орнатылып,
барша  әлемге  «үлгі  бола  бастаған»  СОЦИАЛИЗМНІҢ,  Социалистік
Кеңестік  Одақтың  болашағы  туралы  ой.  Бұл  жерде  Есенберлиннің
қаншалықты көрегендігі туралы пікір таластырудың орны да, еш қисыны
да  жоқ.  Егер  де  біз  жазушыны  кезінде  қатты  сынға  алғандар  туралы  сөз
қозғасақ,  олардың  ең  бір  осалдығы,  ұсталатын  жері  де  осында.  Олар
Есенберлиннің шығармаларына кешегі көзқараспен қараған. Нәтижесінде,
жасаған қорытындылары да ескі тұрғыдан болып шыққандығында.
Қоғамның біркелкі және тұрақты түрде дамуына қажетті құрамдастар-
дың бірі – оның негізгі субъектісі, адамдарды дер кезінде керекті мәліметтер-
мен  қамтамасыз  етіп  отыру  екені  сөзсіз.  Олай  болса,  ХІХ  ғасырдың
басында басталған саяси, әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістерді
қажетті  деп  санаған  ондаған  ұлттар,  олардың  ішінде  қазақ  ұлты  да  бар,
дамудың жаңа жолдары нақ осы (тап күресі, ұлттардың бір одаққа бірігуі,

108
ауыр  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығын  социалистік  тәсілмен  өзгерту,
не  социализм,  не  капитализм  деген  ұранмен  өткен  Екінші  дүниежүзілік
соғыс  барысындағы  КСРО  мен  фашистік  Германия  арасындағы  қырғын
соғыс) екен деп қабылдағандарымен, уақыт өткен сайын осы жолда көрген
халықтың ерен ерлігі мен қасіреті неге жақсы нәтиже бермей келеді деген
сұрақтың  төңірегінде  ойлана  бастағаны  шындық.  Бұған  қоса  кеше  ғана
ұлттардың  теңдігін  ұрандатып  отырған  жетекші  партияның  басшылары
ұлттық мүдделерді аяққа басып, оларды кемсіте бастауы, әсіресе жергілікті
тұрғындардың мұқтаждығына мүлдем қарама-қарсы келетін іс-әрекеттерге
итермелеуі – тыныш жатқан көл бетінің толқындай бастауындай еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет