Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Надежда  Чернова.  ETCETERA  (Дневниковые  этюды)  //  Простор.  –
Литературно – художественный журнал. – Сентябрь. 2013
2.  Новиков  В.И.  Боги,  цари  и  герои.  Мифы  о  правителях  народа  //
Вопросы истории – 2007. № 5
3. ҚР ОММ. Ф.2144. оп.1.д.9. л.7-9.
4. Атбасар. І. Есенберлин ат. әдеби мұражайы, 540 п.
5. Жұртбай Т. Қажырлы қалам. / Қазақ Әдебиеті, 14 қаңтар, 1985 ж.

218
6. Жұмаділов Қ. «Тарихи зердені жаңғыртқан. // Сарыарқа. – 1996. №
3.9
7. Қатерлі өткел. Қатерлі өткел. Көрсет. әд.
8. Бұл да сонда.
9.  Сманов  Бахтияр  Правда,  как  солнце:  ее  ладонью  не  прикроешь  //
Мысль.//Республиканский общественно-политический журнал. № 2. 2013.
Февраль.
10. Жумадилов К. Властитель исторической памяти. Көрсет. әд.
11. Теракопян С. Көрсет. әд.
12. А. Сорокин. СССР – неудавшаяся империя или государство наций?//
Родина. Российский исторический журнал. 2013 г. № 02.
13.  Рымғали  Нұрғали.  Жанкешті  //  Егемен  Қазақстан.  2005  жыл.  14
қыркүйек.
14.  Тұрсын  Жұртбаев.  Тар  жолды  таңдаған  тарлан.  Жазушы  Ілияс
Есенберлиннің туғанына 75 жыл //Қазақ әдебиеті. 1990 жыл. 12 қаңтар.
15. Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. - 2014. Мамыр. № 10 (94)
5.2 «Керегі елге – артыңда не қалғаны...»
«Жазушының  тағдыры  –  шығармасына,  ал  шығармасы  қаламгерге
тартып  тұрады»  деген  қағиданың  шындығы  қаншалықты  рас  екенін  кім
білсін, бірақ рухани туыстықтың, бауырмалдықтың барын ешкім де жоққа
шығара алмайтыны анық. Бұл тұрғыдан алғанда Ілияс Есенберлиннің төл
туындылары  жазушының  өмірбаянына  емес,  оның  өмірлік  көзқарасына,
азаматтық мақсат-мүддесіне өзектесіп жататын сияқты. Себебі – оның әр
шығармасының  көркемдік  деңгейі  автордың  өнерден  түйген  белгілі  бір
көзқарасымен астасып, соны дәлелдеп беретін. Іле – ағаңның екінші өмірін
жалғастыратын он сегіз романды тағы да шолып шығып, ой қорытқанымда,
осы  пікірдің  дұрыстығына  көзім  жетті»  –  деп  жазады  Тұрсын  Жұртбай.
Олай болатын болса – жазушының бірінші өміріне қандай (әлде қалай?!)
сипаттама беруге болады екен?
Өзінің  және  інісі  Раунақтың  естеліктеріне  қарағанда  жазушы  жастай
жетім қалып, туыстарынан да мардымды көмек көрмей, тұрмыстың ауыр
дәмін  белшеден  тартқан.  Соған  орай  «алдына  келгенді  тістеп,  артына
келгенді тебетін» дейтін қатігез жан болуы да керек еді. Бұлардың жақын
туыс дегеннен қалғандары әкелерінің егізден қалған інісі – Жұпбай, өкіл
апалары  Базарайым,  өмірден  ерте  кеткен  немере  ағалары  –  Ахметқали
екенін жоғарыда айттық. Осы Ахметқалидың үлкен баласы Әбдірахманның

219
қымбат  тонын  (бұл  кісі  біз  Державинск  қаласында    кездестірген  Шәкіш
апайдың әкесі) бір суықта тоңып қалмасын деп жеңгесі Мариям Раунақтың
үстіне жапқан екен. Соны Раунақ ұмытпай, өмір-бойы ризашылықпен еске
алып, естеліктерінде: «Вспоминая шубу, подаренную мне Мариям, теперь я
думаю, что она могла бы быть гордостью многих современных модниц...»
деп жазады.
Солай болса да Есенберлиннің өмірлік жолы біршама сәтті болған. Оның
Кеңес  үкіметінің  арқасында  жоғарғы  білімге  қол  жеткізгенін,  соғыстан
аман-есен оралып, бара – бара үлкен қызметтерде де жүргенін, тіпті жақын
туыстарына қол – ұшын беруге де жарағанын да жаздық.
Осының бәрін Есенберлиннің екінші өміріне жатқыздық десек – жазушы
қандай  адам  болған?!  Осы  еңбекті  жазуға  қатысты  деректер  іздестіру
барысында  қолымызға  түскені  ақын  Қадыр  Мырза  Әлидің  1995  жылы
баспадан шыққан екі томдық шығармалар жинағы болды [1. 432Б].
Есенберлин Ілияс қызық еді,
Ерейменнің сілемі,
Үзігі еді.
Арктика мұзындай тақырыпты
Алғашқы рет ол өзі бұзып еді...
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда, әйтеуір, жарып шықты.
Тірескеннің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың...
Саялайтын кісісін саялайтын.
Аялайтын адамын аялайтын.
Ағайын деп жатпайтын,
Ағайынды
Аямайтын жерінде аямайтын.
Бұл мінез ғой...
Негізгі қоғам қамы –
Шежіреге шежіре жамалғаны
Кім болғаның емес-ау керегі елге,
Керегі елге – артыңда не қалғаны! ... ( сызған -  А.Қ.)
деген жолдарды аталған жинақтан кездестіріп, ақын ағамыздың Ілияс
Есенберлинге  арнаған  осы  жолдарды  оған  берілген  әділетті  мінездеме

220
екен  деп  қабылдап  жүргенде,  2004  жылы  баспадан  шыққан  Мырза  Әли
ағамыздың «Иірім» - естелік кітабы оқырмандар қолына жеткен еді.
Автордың өзі айтып отырғандай бұл «...эссе жанрына қойылатын күрделі
талаптарға жауап бере алатын шымыр шығарма. Жиырмасыншы ғасырда
өмір сүрген қазақ ақын – жазушыларының бәрі болмағанмен, біразы осы
кітапта қамтылған... автор өзі көріп, дәріс алған Мұхтар Әуезовтен бастап
әдебиетке қатарлас келген біраз дарынды әріптестерінің іс – әрекеттерін,
мінез – құлқын, ішкі дүниесін шебер бейнелеген» [2. 3Б].
Кітап  оқырмандарға  қатты  әсер  еткен  сияқты.  Олар  ақын  ағамыздың
«ағынан  жарылған»  бұл  шығармасын  әртүрлі  тұрғыда  қабылдап  жатқан
болса, солардың бірі – жазушы Мұхтар Мағауин.
«Иірім» жарық көргеннен кейін, оның ішіндегі менің Ілияс Есенберлин
туралы берер пікірім саған ұнамады» – деп жазған жоғарыдағы мақаласында
Қадыр М.Ә. – «Ілияс Есенберлин туралы менің пікірлерімнің қалыптасуына
ақиқат қана себепкер».
Бұл  шығарма  тек  Есенберлинге  ғана  байланысты  көпшілік  арасында
талас тудырып қойған жоқ. Алайда бізді аздап ойландырғаны ағамыздың
біршама  талантты  жазушылар  мен  ақындар  туралы  бірі  ішкіш,  енді
біреулері туралы «сұлулардың соңына шам алып түсетін дала Дон-Жуаны»
[3, 39Б.] дей келе, Қадыр Мырза Әли ағамыздың жоғарыда ғана «Бұл мінез
ғой...Негізгі қоғам қамы» деген Есенберлинге берілген мінездемесі мүлдем
басқаша: «Қазақ әдебиеті» болса, Әнуар (Әнуар Әлімжанов – Қ.А.) үшін
көтерілу  жолындағы  бірінші  баспалдақ...  Кезекті  бір  пленумда  бірінші
хатшы болып шыға келді. Ілияс Есенберлин де үміттенген екен, бірақ ол
екінші хатшы болып сайланды» [4, 70 Б.]; «Әнуар Әлімжанов, ниет қылса,
кез  келген  адаммен  тіл  табысатын  тәп-тәуір  жігіт  еді.  Бірақ  оның  түбіне
жеткен Ілияс Есенберлин болды. Көпті көрген кәрі түлкі аңғалдау Әнуарды
қалаған жауына айдап салып отырды. Мен оның қарауында екі жыл жұмыс
істедім. Сол аз ғана жылдар аралығында Ілекеңнің талай-талай абыройсыз
әрекеттеріне куә болдым. Рас, ол маған жамандық жасаған жоқ. Бірақ басқаға
жасаған  қиянаттарын  өз  көзіммен  көрдім»  [5.  70-71  ББ.];  «Комиссияның
(Жазушылар Одағына қабылдау комиссиясы – Қ.А.) кезекті бір мәжілісінде
көп  арыздың  бірі  ретінде  Әбулахап  Райымбековтың  өтінішін  қарадық.
Жалғыз мен ғана қарсы болдым. Бірақ қолымнан ештеңе келмеді. Әбулахап
қабылданды. Жібі түзу бір тармағы жоқ біреу қасиетті одаққа мүше болып
шыға келді. Бір аптадан кейін Ілияс Есенберлин мені жауапты хатшылықтан
босатып, менің орныма Ахат Жақсыбаевты отырғызды..» [ 6, 91 Б.]; «Ілекең
бір адамды ғана ұнатпай, бір адамды ғана жек көріп қойса, ештеңе емес,
топ-тобымен де жоққа шығара беретін. Мысалы, Ғафу Қайырбековті адам

221
ретінде де, ақын ретінде де қабылдамайтын. Себебін кейін анықтадым. Бір
кездері  өзі  де  баспада  істеген.  Сол  кезде  ешқашан  орнында  отырмайтын
ағасы туралы Ғафекең:
Кеше келсең – жүз қырық үш,
Бүгін келсең – жүз қырық үш,
Осылайша жұмыс істейді
Есенберлин деген бір ішкіш! –
деп жазып кетіпті» [7, 93 Б.].
«Мен «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарып жүрген кез-
де Шәміл Мұхамеджановтың шағын бір томдығын шығардық... Бала шағасы
көп. Тұрмысы жұпыны. Сол шыққалы жатқан кітабының әр тармағына сол
кездегі бір сом қырық тиыннан қаламақы қойғанмын. Оны (І. Есенберлин -
А.Қ.) бір сом жиырма тиынға түсірді. Директордың сөзі – соңғы сөз. Менің
қолымнан ештеңе келмеді. Менің қолымнан келмеген нәрсе Шәмілдің де
қолынан келмейді. Бірақ, «алашағым кетсе де, айташағым кетпесін» деген
мәтел бар емес пе? Бірер күннен кейін баспаның ұзын дәлізінде жігіттер
шылым шегіп тұрғанды. Қасымыздан Ілекең өтті. Сол сәтте Ілекеңе қолын
беріп амандасқан Шәміл:
-  Ілеке-ау,  менен  үнемдеген  жиырма  тиынмен  қай  жыртығыңызды
жамайсыз? - деп қалды
-    Сен  де  жамамайсың.  Бәрібір  ішіп  қоясың!  –  деді  Ілекең  қабағын
түйіп.
-Ілеке,  Сіз  мені  білмейді  екенсіз  ғой!  Мен  ешқашан  өз  ақшамды
ішпеймін! – деді.
Директор оны естісе де естімеген болды».
Қадыр Мырза Әли ағамыздың келтірген тағы бір мысалы:
«Бірде,  бұл  енді  Ілияс  Есенберлиннің  Жазушылар  Одағында  екінші
хатшы болып істеп жүрген кезі, кабинетіне келіп, сөйлесіп отырған едім,
асығып-үсігіп шофері кірді.
- Ілеке, менің анам мына Талдықорған қаласында тұратын. Түн ішінде
дүние салыпты. Соған барып, өз қолымнан жерлеп қайтуға рұқсат етіңіз!
Бір-екі күнге машинаңызды бере тұрсаңыз!
- Әрине! Әрине! Адамның анасы күн сайын өлмейді. Бара ғой! Бар! –
деді. Ілекеңнің мынадай елгезектігіне, жанашырлығына ішім жылып кетті.
Бірақ, анасы өлген қаралы азамат рахметін айтып, кабинеттен шыға бере
көмекшісіне телефон соғып:
- Ана Тайыр кетіп қалмасын. Ұста! Талдықорғанға барып қайтуға рұқсат

222
сұраған. Барсын. Бірақ машина берме! Шешесі өлгендердің бәріне бірдей
көлігімді бере берсем, өзім не мінем?! Бар! Тез!» - деді. Осы сөзді естігенде
жаңа ғана жылып сала берген ішім қайта суып қоя берді» [9].
«Жалпы  Ілияс  Есенберлин  шындық,  әділдік,  логика  деген  ұғымдарға
мән беріп жатпайтын. Не істеймін десе соны істейтін» [10, 93 Б.]; «Үйді
бөлгенде  Ілияс  Есенберлиннің  ақылымен  өңшең  ішкіштерді  бір  подъезге
жіберіпті. Сол бірінші подъездегілердің арқасында бұлар ақ үйдегі алқаштар
деп аталды. Біздің үйдегілерге сары үйдегі сараңдар деген атақ берілді» [11.
257 б.].
Әдебиеттегі екі тарланның, талантты да, дарынды қазақ алыптарының
арасына түсіп, Есенберлинге байланысты болған әңгімеге ара болып түсіп,
третейлік сот болып шығу, әрине, біздің қолдан келетін іс емес. Десек те,
осы арада көп жылдар бойы өзіміз байқап, қорытындыға келген бір ойға
тоқталсақ. Ол қандай да болмасын бір адамды дәріптеу, шексіз мадақтау, одан
әрі кетті Қадыр Мырза Әли ағамыз айтып отырғандай – әулие атандыру, не
болмаса соған теңеу артық іс. Әрине, Ілияс Есенберлин «әулиеге» айналды
ма, жоқ па – ол бір бөлек әңгіме. Бұл жерде Қадір ағамыздың да пендешілік
қыжылдары қыр көрсетіп қалғаны менмұндалап көрініп тұр.
Біздің жазушы Ілияс Есенберлинге байланысты әңгіме қозғауымыздың
негізгі себебі, оның кешегі күндері жазылған көптеген шығармаларының
құндылығы,  олардың  бүгінгі  күнге  байланысты  өзектілігі.  Осы  тұрғыдан
алып  қарағанда  айтылатын,  әрине,  айтуға  тұрарлық  мәселе  көп  екендігі
сөзсіз.    Соның  бірі  –  Есенберлиннің  өзін  қоршаған  ортада  ұстай  білген
азаматтық позициясы. Сөйтсек, басқа да жақтары бар екен. Соның бірі –
оның пендешілігі. Қадыр Мырза Әли ағамыздың пендешілікке бой ұрып,
айтып отырғаны жазушының да осы жағы.
Пендешілік! Шіркін, адамның бойына ес білгеннен-ақ сіңе бастайтын
осы  бір  «керемет»  қасиеттен  құтыла  алған  адам  болды  ма  екен  бұл
дүниеде?! Студент болып жүрген кездері Жазушылар одағының қорасында
орналасқан «Қаламгер» кафесінен шығып, «Киров» көшесінің бойындағы
«Пельменнаяда»  стипендия  алған  күндері  келетін  студенттерді  «аңдып»
жүрген  ақын-жазушы  ағаларымыз  бар  екендігі  туралы  естіп  те,  көріп  те
жүрдік. Намыстанып, оған ренжігеніміз де бар.
Қалай десек те Ілияс Есенберлиннің биографиясында пендешілікке сай
қылықтардың болғандығын да мойындау керек болар. Сондайлардың бірі -
арақпен «достасып», көңілге тірек іздегені шындық.
Ілияс Есенберлин қашан араққа салына бастаған еді?! «Халық жауының
қызына үйлендің» деген айып тағылып, Орталық Комитеттегі жұмысынан
босатылғанда ма? Әлде филармонияда директор болып жүргендегі «заңсыз

223
жұмсалған»,  бірақ  кейін  үкіметке  қайтарып  берген  үш  мың  рублі  есепке
алынбай,  партбилетінен  ғана  емес,  барлық  жинап-терген  дүние  мүлкінен
айрылып, он жылға сотталған кезде ме? Әлде сот жазасын өтеу барысында
Қарақұм каналы құрылысында азып-тозып жүргенде тау-кен инженері деген
мамандығы барының арқасында аман қалып, Семей облысының адам тұрмас
рудниктерінің бірінде учаскі басқармасы болып жүргенде ме? Әлде «Адам
туралы  дастан»  поэмасы  дүниеге  келіп,  оны  баспаға  апарғанда:  «Жақсы
жазылған  шығарма,  бірақ  сізді  партия  қатарына  қайтадан  қабылдағанша,
біз оны басылымға жібере алмаймыз» деп редактордың «ағынан жарылған»
кезінде  ме  екен?..  Әлде,  мұндайда  күйініш,  реніш  дегенді  уақытша
ұмыттыратын арақ деген әзәзілге құрық беретін орыс зиялыларының әсері
болды ма екен?
Қазақ елі Ресей империясының құрамына ене бастаған кезден бастап
үлкен  мемлекеттің  мақсаты  қазақтарды  өзіне  тәуелді  ету  болатын.  Осы
бағытта  жасалған  көптеген  шаралардың  бірі  «Сібір  қазақтары  туралы
жарғы» (1824 ж.). Алайда орыс мемлекеті жаңа басқару жүйесін жергілікті
халықтың  наразылығының  туындауына  байланысты  бірден  іске  асыра
алмады. Тарихшы Е. Бекмаханов былай деп жазады: бұл тұрғыдан Найман
болысындағы бес қазақ руларының 1827 ж. қыркүйекте үзілді-кесілді талап
қойғанын айту – керек. Осы маңызды құжаттың ішінде қазақтардың қойған
көп талаптарының бірі:
Төбелес пен кісі өлімдерінен аулақ болу үшін ішімдік үйлерін жабу керек  
деген (12. 130Б.). (сызған Біз - Қ.А.).
Біз  осы  кітапқа  деректер  іздеу  барысында  Жезқазған  облыстық
мұрағатынан табылған бір «қызық» құжатты кездестіргенімізді жоғарыда
айтқанбыз.  1933  жылы  қыркүйекте,  ел  аумағында  аштықтың  зардабы  әлі
тарқамай тұрған уақытта Қарсақпай аудандық басшыларының бірі Дәукен
Мырзахметұлы есімді азамат (ауыл басшысы болуы керек – А.Қ.) екі хат
жолдаған. Соның бірінде ол: «...совхоздан 130 пар көлік Атбасарға ағашқа
кеткен екен. Солар келе жатыр дейді, 22/IX келіп түспекші. Олардың алып
келе жатқан жүгінің көбі арақ. Әрине, арақ болған соң, ол мұнда келген соң
шатақтың үлкен болары сөзсіз». [13]. Бұл мысалды айтып отырған себебіміз,
қазақ ежелден, тіпті арақ-шарап енді ғана ішіліп жатқан кезден оны әзәәзіл
көріп, үнемі жамандыққа бастайтын жалғаншы екенін білген.
Адам өмірде пендешіліктен асып кете алмайды. Алайда, оның пендеші-
лігі  көбінесе  жақындарының  арасында  көп  байқалғанымен,  неғұрлым
бейтаныс ортада көп байқала бермей, жасырын түрде жүреді.
Біздің  байқауымызша  бүгінгі  күннің  кейбір  зертеушілері    адамның
пендешілігін «көрсетумен» тым әуестеніп кеткен секілді. Пендешіліктің де

224
пендешілігі бар болар. Бір мезетте «саялайтын кісісін саялайтын, аялайтын
адамын  аялайтын»  деп  өлеңге  қосып  отырған  Есенберлинді,  енді  келіп
«бірде  біреуді  жағасынан  алғаны»  туралы  майын  тамызып»,  «үкіметтің
машинасын бермей қойды» деп кезінде ренжіген біреулердің өкпесін уақыт
өткеннен кейін қайтадан қоздыру (әдейі жасалмаған, болса да) – пендешілікті
ашудың  қай  түріне  жатар  екен?!  Әрине,  жауапты  хатшылықтан  түсіріп,
орнына  басқа  адамды  қойғанына  деген  реніш  те  ештеңені  ұмытпайтын
кекшіл адамның ішінде шер болып қатқан секілді.
Адамның  пендешілікке  берілуі  (соның  ішінде  тұлғаның,  талантты,
дарынды    адамдардың  да)  қиын  нәрсе  емес.  Оған  талай  мысалдар  да
келтіруге  болады.  Жазушы  Дүкенбай  Досжанның  «Абай  айнасын»  оқып
отырып  та,  тіпті  Ұлы  данышпан  бабамыздың  баласы  Тұрағұлдың  «Әкем
туралы» кітапшасына да назар аудара отырып Абай Құнанбаев та бір емес,
талай рет «пендешілікке» барған екен деп таңданған жеріміз жоқ емес. Әй,
осы  бір  керемет  екен  ғой  деген  оймен  жүріп,  бір  уақыттары  студенттер
арасында оқыған лекцияларда Абайдың дарынды, талантты адам екенін сәл
естен шығарып алып, оның «пендешілік» жағына көбірек тоқталып кеткен
жерлеріміз де болған. Талантты адамдар пендешілікке барған дегенді жалау
етіп, олардың бойында байқалған «тұрмыстық жағдайлардағы» пендешілікті
тізбектей келе, ең негізгі қағида – ҰЛЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУДІ естен шығып
бара жатқан жоқ па екенбіз. Бәріміз де пендеміз ғой ...
«Естелік кітабы – қызық кітап..., - деп жазады Қадыр Мырза Әли, - Оған
жалынып-жалпайтып біреулерді кіргізбек болсаң да кіргізе алмайсың. Ал
біреулерді кіргізгің келмесе де, кіріп тынады. Соның бірі – Тоқаш Бердияров.
Жолдағылардың бірін олай итеріп, бірін былай итеріп жоғары шығып бара-
ды. Міне, міне... «Жұлдыз» редакциясының бес-алты қызметкері отыратын
кең бөлмесі. Соның қақ ортасына келіп тоқтады. Әбден ішіп алған. Қып-
қызыл.  Күп-күрең.  Неге  екені  белгісіз,  бес-алты  сөзді  немісше  айтты...
Содан кейін не істесем екен деп, біраз аңырап тұрды. Тұрды да былш еткізіп
еденге түкірді. Тәлтіректемей тұп-тура басып шығып кетті.
Біреу ойбайлайды, айқайлайды... Айнала қараймын – ешкім көрінбейді.
Екінші қабатқа жүгіріп шықсам... Өз көзіме өзім сенбедім. Сол Тоқаш Ілияс
Есенберлиннің оң қолын артына қайырып, Жазушылар Одағының екінші
хатшысын қинаудайын қинап жатыр. Жетіп барып, жабыса кеттім. Хатшыны
аяған ештеңем жоқ. Қаусаған кәрі адамды аяп кеттім...» [14, 196-197 ББ].
Еш  қарсылығымыз  жоқ.  Әркім  өз  дегенін  жаза  алады.  Дегенін  айта
алады. Әсіресе, уақыт өткеннен кейін, «ей» дейтін адамдардың саны көбейе
беретіні де белгілі. Жоғарыда айтқандай, Қадыр Мырза Әли ағамыздың өз
естеліктерінде қайта-қайта пендешілікке негізделсек, тірі адамның қайсы

225
болса одан құтыла алмайды, құтыла да алмаған. Оны Қадыр ағамыздың өзі
де мойындап отырған түрі бар.
«Тез-тез  өсіп,  алға  ілгерлеген  сайын,  атың  шыққан  сайын  қиын  бола
береді екен. Бәріне кінәлі – пендешілік, іштарлық, ішмерездік» - дей отыра,
ағамыз ағынан жарылады: «Менің білетінім – Орталық партия Комитеті.
Үйреткен өздері, басыма күн туса, алам да телефон соғам». [15, 248Б]. Бұл
жай  сөздер  емес.  Бірде  ағамыз  мәселені  Орталық  Комитеттің  сол  кездегі
бөлім басшысы Шайжүнісов арқылы шешіп жатса, оның күші жетпейтінін
сезіп  Камалиденовке  төте  телефон  арқылы  шығып  жатыр.  Есенберлин
партия хатшыларына хат жазып, жағдайды түсіндіріп жатса, Қадыр мырза
олармен тіптен де басқаша сөйлей алатын болған.
«Шайжүнісовты мен де түсіндім. Түсініп қана қойғам жоқ, аяп кеттім.
Оның жұмысын жеңілдетіп көрейін деп ойладым да Камалиденовтың төте
телефонына шықтым. Ол мен сияқты біреу телефон соғады деп ойламаған
болуы керек өзі алды.
- Немене, маған да жеттіңдер ме?! – деді ол. Төбемнен бір қойғандай,
қаным шапшып басыма шықты! Өзімді өзім тежей алмай қалдым.
- Жетпейтіндей кім едіңдер сонша! – дедім. – Егер біздің шаруамызды
инструкторларыңыз шеше салатын болса, мен сіздерді іздер ме едім? Барлық
билікті қолдарыңа жинап алыпсыздар да, біз сияқтыларды кіріптар қылып
қоясыздар...» [16, 251Б].
Есенберлиннің «пендешілігіне» назар аударғандар қатарында жазушы
Дүкенбай  Досжан  ағамыз  да  табылып  қалуда.  «Ел  басшысы  Дінмұхамед
Ахметұлы  Қонаев  алпысыншы  жылдардың  басында  Абылай  хан  мен
Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы үш қабатты шағын үйде тұратын.
Таяқ тастам Үкімет үйіне жаяу жүріп баратын. – деп жазады жазушы мен
Д.А.Қонаевтың «Кездесуі» туралы Дүкенбай Досжан.
- Ал, жазушым, халің қалай? Тау - кен маманы болғаныңда ғой әлдеқа-
шан алтын кен көзін ашып атағың дүниеге жайылар ма еді, ондай атақ іздеп
қалам мен қағазды жағалап кетіп едің, отың булығып шықпай қойды ғой,
қаламгерім.
- Қайтіп шықсын Димеке. Жазған кітабым жарық көрмейді...
- Неге олай?
-  Оған  таңданатын  дәнеңесі  жоқ,  Димеке.  Бір  жерде  бастық  болып
отырмасаң,  басың  алтын  болса  да  бұл  қазақ  айналып  сәлем  бермейді,
елеусіз,  ескерусіз  етіп  өлтіреді.  Бір  жерге  бастық  етіп  қойыңызшы,  атым
қалай шықпас екен». [17. 6Б].
Осылайша Есенберлиннің басына бақ қонды дегенді айтады Д.Досжан.
«Сол  кездегі  көркем  әдебиет  кітаптарын  шығаратын  «Жазушы»  баспасы

226
директорының орны босап... Ілияс бір күнде білдей баспаның директоры
болып шыға келді».
Осы  жерде  Қадыр  Мырза  Әли  ағамыздың  сөздеріне  қайта  оралсақ
«Кеңес  өкіметі,  обалы  не  керек,  әдебиет  пен  өнерге  оң  көзімен  қарады.
Басқаны былай қойғанда «Жазушы» баспасының өзі орта есеппен күніне бір
кітаптан шығарып тұрды. Қазақ кітаптарының таралымы да жақсы болып
тұрды.  Таралымы  көбейген  сайын  авторлардың  алатын  қаламақылары  да
қомақылана  түсті.  ...Бұл  тұрғыдан  келгенде  ешқандай  кемшілік  жоқ-ты.
Барлық пәле идеологияда еді. Марксизм-ленинизм – ғылым емес догмаға
айналды. Сол ресми идеологияға қарсы келмек түгіл, қайшы пікір айтудың
өзінен қалдық. Цензура өрісімізді шектеп, өзіңше ойлауға, әсіресе өзіңше
жазуға мүмкіндік бермеді» [18, 272 Б.].
Пролетариат  жазушысы  атанған  орыс  жазушысы  Максим  Горький
адамдар  қатынастары  арасындағы  жалғандық  пен    арсыздық,  опасыздық
туралы  бірде  былай  жазған  екен:  «эта  живучая,  подлая  правда,  она  не
издохла и по сей день. Эта та правда, которую необходимо знать до корня,
чтобы с корнем же выдрать ее из памяти, из души человека, из всей жизни
нашей, тяжкой и позорной... Не только тем изумительна наша жизнь, что в
ней так плодовит и жирен пласт всякой скотской дряни, но тем, что сквозь
этот пласт все-таки победно прорастает яркое, здоровое и творческое, растет
доброе  –  человечье,  возбуждая  несокрушимую  надежду  на  возрождение
нами к жизни светлой, человеческой» [19. 59Б].
Осы  бір  айтылған  сөздер  қазақ  жазушысы  Ілияс  Есенберлиннің  бар
өміріне де қатысты деп ойлаймыз. Біздің білгеніміз, ұлтқа, оның қалыптасуы
мен өркениетті түрде дамуына байланысты екі мәселе бізде артта қалды.
Біріншісі. Көп жылдар бойы орыс мемлекетінің құрамында болып келген
қазақтарға  империя  ұлттық  ұнасты  қалыптастыруға  ешқандай  мүмкіндік
бермеді. Керек десеңіз ондай міндетті Ресей империясы болуы мүмкін деп
те ойламаған. Ал, өздерінше ойлап тапқан діни, мемлекеттік ұнастар бәрібір
өмірде қолдауын таппай, империяның күйреуіне әкеліп соқтырды.
Екіншіден.  ХХ  ғасырдың  соңында,  Кеңес  Одағының  басшыларының
орталықтандырылған ұлттық саясатының нәтижесінде байқалды. Алайда,
«кеңестік  халық»  деген  атаумен  берілген  жаңа  идеологиялық    құрылым
ешқандай нәтиже бере алмады. Керісінше, ұлтшылдық көзқарасты ашуға
бейімделген шығармалар пайда бола бастады, солардың ішінде алдыңғы
қатарда тұрған шығармалардың иесі – Ілияс Есенберлин деп тану қажет.
Ең  өкініштісі,  Есенберлиннің  «шындығын»  ашу  барысында  жазушы
ағаларымыз тым қатты кетіп жатқандай. Қатты айтсақ – оқырман төрелігін
айтар – бүгінгі қалам иелері ҰЛЫЛЫҚ пен ПЕНДЕШІЛІКТІ ажыратамыз

227
деп, жүріп, алғашқысын тым төмендетіп алып жатқан жоқ па екен?!
Бірнеше жылдар бұрын біз, мысалы, жазушы Дүкенбай Досжановтың
«Абай  айнасы»  атты  шығармасымен  танысқанымызда  ПЕНДЕШІЛІК 
деген  ұғым  туралы  алғашқы  рет  ойлана  бастаған  едік.  Шығарманың
қызығымен  ҰЛЫ  АБАЙДЫҢ  жазушы  көрсеткен  пендешілік  тұстарына
көбірек  (оқытушы  ретінде)  назар  аудардық.  Жоғарыда  айтқандай,
«даланы аспандатамыз деп алақайлап жүргенімізде, тауды кішірейтіп» ала
жаздаппыз.
Сондай-ақ осы жазушының кеше ғана құрметпен қарап отырған Ілияс
ағамызды  «беймәлім  келіншектің  келідей  санын  сипалап  отырғанын»,
тағы  бірде  «бүлдіршіндей  жас  құшағында  басы  бұлғаңдап  қалды»  деп
суреттегенінен,  қала  берді  «мас  болып  үйіне  жеткенде  шала  мас  болып
жатқан  мұның  үстіне  төрт  кішкентайды  үйіп  тастап,  ізін  суытып,  кетіп
жоғалған қатыны құрғырдың шатағын айтсайшы» деген жолдарынан тарихи
кейіпкерін барынша жағымсыз етіп көрсетуге тырысқаны көзге ұрып, оған
деген салқын көзқарас тудырып тұр... [20].
Одан да зоры: «кірбіңі көп ит тіршілікпен жүріп, Ілиястың «Алтын Орда»
романын  бастағандай  болған  сияқты  ...  Зайыбы  Диляра  сақинасы  ұстап,
күнұзаққа жатып қалған бөлмеден шықпайды. Қозыкөрпеші ерте кетіп, кеш
келеді, неғып жүрсің деген тіке сауалына жарытып ештеңе айтпайды. Бірде
кешкі шай үстінде тосын мінез танытады... «Әке кітап жазып бізді байыта
алмадыңыз,  енді  басқа  кәсіп  иесі  болып  байып  шыға  келсем  қайтесіз»,  -
дейді-ай. Бұл әке болып сыр ашпады, ақыл қоспады» (бұл да, өкінішке орай,
Д. Досжан ашқан Есенберлин шындығы).
Осы жерде таразы басын тең қылып, әділетті бағалауы үшін оқырманға
Ілияс Есенберлин туралы Д.А.Қонаевтың сөздерін келтіре кеткенді дұрыс
деп  таптық:  «...  Әлбетте  Ілекең  жайлы  айтылар  сыр  аз  емес.  Соның  ең
бастысы ол кісі пендешіліктен биік тұрған ірі тұлға. Сыртынан кім келіп,
не айтпайды. Ал Ілекең маған қанша келіп жүріп бір адам туралы ғайбат
айтпай кетті.
Мен  Ілекеңнің  ішкі  мәдениетіне,  жан-дүниесінің  тазалығына  тәнті
болушы едім. Ұлы суреткерлік те сол кәусар бұлақтай мөлдірліктен бастау
алса керек. Ілекең Қазақ әдебиетіндегі халқы сусындар қайнар бұлақ. Бір
жасы мың болатын, артында өлмес сөз, өшпес із қалдырған қаламгер...».
Жазушы  Тұрсын  Жұртбай  өзінің  жазушы  ағасы  туралы  естелік
әңгімелерінде «1965 әлде 1966 ж. Ілияс Есенберлин Диляра апайға «Ал,
бәйбіше, мен тағы да қатерге барғалы отырмын. Бүгін мен Кенесары туралы
романды  бастаймын»  -  дегенде  апай  шыныменен  қатты  налыған  сияқты.
Осы сөзді естіген апай жылап жіберген екен...

228
Шындығында да солай болды ма, әлде жоқ па? Осы сұрақтың жауабын
алу үшін мен (Т. Жұртбай – Қ.А.) таяуда Диляра апайдың өзінен сұраған
едім:
«Иә, ол шындық, солай болды. Біз үйленген кезде оны Орталық Комитет
хатшыларының бірі шақырып алып «Сен халық жауының қызына үйлендің.
Енді  бұл  жерде  саған  орын  жоқ.  Басқа  жұмыс  ізде»  -  деген.  Әкем  менің
Хамза Жүсіпов, Әділет халық комисары болған. Баспа директоры да болып
жұмыс істеген. 37-жылы оның тұтқынға алған, осы есіме түсіп жыладым.
Ал  Кенесары  және  оның  тарихтағы  таласы  біздің  күндерге  дейін
жалғасып келеді, - дегені бар еді. Олай болатын болса, өз өмірін қатерге
тігуді - Есенберлин көп жылдар бұрын бастаған» - деп еске түсіреді [21].
Жазушының бір кезде ішімдікке беріліп кете жаздағаны туралы Асан
Номад былай жазыпты: «Прошло почти два года, Ильяс пытался бороться
с пьянством, но водка неумолима тащило его к краю пропасти. Сумеет ли
он удержаться на краю пропасти. Сумеет ли он удержаться на краю этой
чудовищной бездны? Как часто люди бессильны, столкнувщись в плотную
в жизни с наслаждениями плоти...
...Эту роковую черту падения Ильяса ощущала и Диляра...
...На краю пропасти стояли два любящих человека, тоненькая, слабая
женщина пыталась спасти сильного мужчину» [22. 278-279ББ].
Осылайша,  білетін  адамдардың  айтуына  қарағанда,  бір  кездері
соншалықты  әлсіз,  нәзік  болған  Диляра  апай  Ілияс  Есенберлиндей  алып
дарын иесінің жаман әдеттен арылуына тікелей ықпал еткен. Ал бір кезде
«халық жауының»  қызы болғандығы үшін  апайымыз да өмірдің  ащысын
белшеден тартқан. Ол туралы жоғарыдағы автор былай деп жазады: « ...она
прекрасно понимала, что никому ничего плохого не сделала в своей жизни и
не перед кем ни виновата, но подозрение в измене к Родине ее отца невольно
отразилось на ней. Это в первую очередь в ее неуверенности в общении с
людьми, ей все время мерещилось, что собеседники насмехаются над ней,
подозревают ее во всех тяжких грехах, она чувствовала себя порой какой-то
ущербной. Это чувство непонятной вины перед всеми будет преследовать
Диляру всю жизнь, ей постоянно придеться бороться с ним, мужественно
преодолевать страх... Так поступали большинство детей «врагов народа» в
годы сталинских репрессий... постоянно пропуская через свой сердца эту
невероятную боль – быть безвинно осужденным... [23, 83ББ].
Жазықсыз  кінәланғандар.  Осындай,  жүрегі  барынша  таза  адамдарды
«сақинасы  ұстаған  қатын»  деп  суреттеу  жазушының  ішкі  мәдениетінен
де  сыр  береді.  Қалай  болса  да  шындықты  іздестірудің,  ақиқатқа  жетудің
жолдары пендешіліктен тым биікте жатқаны сөзсіз ...

229
Осы  еңбекті  жазу  барысында  қолымызға  түскен  cоңғы  мақалардың
бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаел Ниязбектің «Айқын»
газетінің  тілшісіне  2014  жылдың  қазан  айының  25  күні  берген  сұхбаты.
Бүгінгі  қазақ  қоғамының  әрлі-берлі  көріністеріне  байланысты  ащы  да
болса, шындықты айта келе ақын ағамыз тілшінің «Өркениет өркендеген
сайын құндылықтардан құт қашатын секілді көрінбейді ме Сізге?» - деген
сұрағына  берген  жауабының  бірі:  «Еврейлердің  пайғамбары  Мұсаның
заманында  Египеттен  алып  шыққан  қауымы  40  жыл  бойы  шөлді  дала,
құмды  кезіп  жүріп  тазаланды    емес  пе.  Өмір  сүруге  бейімді  мықтылары
қалды. Жаңа жерге сол таза ұлтты алып келді.
Сол  секілді  біздің  ұлтқа  да  тазару  қажет  секілді  ...»  -  дегенді  айта
келе,    бүгінгі  заманның  қаламгер  иесі  ұлттың  рухани  тұрғыдан  тазалану
жолдарының бір бағытын былай деп түсіндіреді: «Біз ұлыларды ұлықтай 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет