Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Материалы по истории Казахского ханств ХV-ХІІІ веков (извлечения из
персидских и тюркских сочинений). Сост. С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов,
К.А. Пищулина, В.П. Юдин – Алма-Ата, 1969
2.  Қараңыз:  Б.Аяған,  А.  Кашкимбаев.  Россия-Казахстан:  история
взаимоотношений  и  современность.  Историко-хрестоматийный  очерк.  –
Алматы: Раритет, 2011. – 240 с.
3. Байбосын С. Арқаның төрі болған Атбасар еді... //Жас Алаш. №59. 30
шілде 2013
4. Сарсекеев М. «Сатпаев», серия «Жизнь Замечательных Людей», М.
Молодая гвардия, 1980 г.
5.  Жалмағанбетов  Е.,  Қазақстан  астанасын  Қызылордаға  көшіру  //
Қазақстан тарихы. №1 (118), қаңтар-ақпан, 2013 Б.
6. Клара Әмірқызы. Ауылым-атамекенім. - Ақмола. 1993. – 305 бет.
7.  Рябинина  Н..  Детский  дом  –  учреждение  будущего?  //Родина.
Российский исторический журнал. 06. 2013. – 101 Б.
8. Асан Номад. По реке жизни – Алматы. ИД «Кочевники» - 2004 г.
9. Рябинина Н. Детский дом ... Көрсет. әд.
10. Аупбаев Жанболат. Есенберлиннің інісі «Егемен Қазақстан», 1999
жыл, 12 қараша
11.  Есенберлин  Р.  «Мен  пір  тұтқан  адам»,  «Егемен  Қазақстан».  29
қыркүйек. 1993 ж.
12. Асан Номад. По реке жизни. Көрсет. әд.
13. Тынышпаев М. История казахского народа. - Алма-Ата 1993 ж.
14.  Жыраулар  поэзиясындағы  тәуелсіздік  сарындары.    Жауапты
шығарушысы:  Б.С.  Тоекина.  –  Алматы:,  «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығы
баспасы, 2012 ж.
15.  Есенберлин  Равнак.    Мой  главный  человек  /Есенберлин  И.
Сокровенное. Алматы, 2001 г.
16. Есенберлин И. Сокровенное: Мысли. Изречения. Воспоминания. –
Сост. Козыкорпеш Есенберлин. – Алматы. – 2001.
17. Асан Номад. По реке жизни. Көрсет. әд.
18. ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы. КП 19095/1
19. Алпысбаев Қ.Қ. Түркі мұрасы және қазіргі қазақ әдебиеті. – Астана:
«Сарыарқа» баспасы, 2011. – 238 б. (23 Б)

43
1.2 Өмір мектебі. Қарсақбай
Есенберлиндердің  жиі  еске  алатын  кезеңдердің  бірі  Қарсақбаймен
байланысты. «Менің өмірімде ауыр кезеңдер басталды. Ілияс апайыммен
бірге Қарсақбайға кетіп бара жатты. Мен үшін ол кезде жер шексіз болып
көрінетін, ал Атбасардан 500 шақырымдай жерде жатқан Қарсақбай болса,
жеткізбейтіндей болып көрінетін. Қарсақбайға баратын жол Сары Арқаның
шеті-қиыры жоқ дала арқылы жатқан. Азық-түлік жеткізіп тұратын түйелі
керуендер тек бір жағына жету үшін 15-20 күндей жоғалтатын. Мен апа-
ағаммен  мәңгілікке  қоштасқандай  сезімде  болдым.  Сол  кезде  мен  үлкен
апамның қаншалықты бақытсыз екенін әлі түсінбеген едім. Ол өте нашар
тұрғандықтан,  өзімен  бірге  үшеумізді  бірдей  ертіп  кете  алмаған.  Мен
болсам, өкініштен далаға кетіп қалып, бір мұңлы өлеңдерді бар даусыммен
айта  беретінмін.  Біршама  уақыттан  кейін  мені  ағайым  Балуанкөлге  алып
кетті» - деп еске алады Раунақ Есенберлин [1. 171 Б.].
Ал балалық шақта есіңізде ерекше сақталып қалған жәйт болды ма? -
деген сұраққа Раунақ Есенберлин: «Болды. Ол – аштық, ашаршылық. 1930
жылы Арқаны жұт жайлады. Ақсүйек болып қырылған адамдарда есеп жоқ.
Он  екі-он  үш  жастағы  кезім.  Бір  күні  жұмыс,  тамақ  іздеген  жерлестерім
Атбасардан Жезқазғанға қарай шұбырды. Соларды қара тұтқан Ілияс екеуміз
де Қарсақбайды бетке алдық. Өйткені, онда тұрмысқа шыққан Назым апам
бар еді. Жүре-жүре сол кісінің үйін тауып, аштықтан аман қалғанымыз бар»
- деп жауап берген.
Қарсақбайда  заводқа  металл  пісіруші  (сварщик)  болып  орналасқан
Сейітқалидің  жанұясы  ағаштан  салынған  барактағы  кішкентай  ғана  екі
бөлмеде тұрып жатты.
Қарсақпай туралы біз жоғарыда ауызға алғанбыз. Оған тағы қосарымыз:
2013 жылдың жазында Есенберлин Ілияс туралы деректер табылып қалар
деген  оймен  Жезқазған  облыстық  мұрағатында  жұмыс  істедік.  Сондағы
анықтағанымыз:  Есенберлиннің  жездесі  Сейітқали  Райымбаев,    22
жастағы әйелі Назым, 5 жасар ұлы Молдағали мен 2 жастағы Жазкен атты
балаларымен бірге №154 үйде тұрғаны болды [2.8 Б.].
Ілияс  болса  Қарсақбайда  жұмысшы  балаларына  арнайы  ашылған
мектепте оқуын жалғастырады. Бірнеше айдан соң үкіметтің қаулысымен
Қызылордада  ашылған  тәжірибелі-көрсеткішті  тоғыз  жылдық  мектеп-
интернатта оқығысы келген балаларға шақыру келіп, сонда аттанады.
Қызылордада өткен үш жыл Ілияс үшін жай өтпеді. Есейіп, ер жеткен
Ілияс үшін бұл уақыт оның коммунистік идеяның үстемдігіне әбден көзі
жетіп, Маркстің, Энгельстің, Лениннің еңбектерін шамасы келгенше игеріп,

44
елдің болашағына сенген жас азамат ретінде қабылдаған шағы еді.
Жазушының  ұлы  Қозыкөрпеш  әкесі  туралы  былай  деп  еске  алады:
«Әкем  партиялық  моральді  қаншалықты  ғибадат  еткенімен,  оның
адамгершілік  көзқарастары  түп-тамыры  ғасырлар  бойы  қалыптасқан
көшпенді-қазақтың  адамгершілік  қасиеттерінен  сусындалған.  Мен
әрқашанда  оның  терең  тәрбиелілігін,  адалдығы  мен  тек  қазаққа  ғана  тән
жұмсақ  мінезділігін,  үлкендерге  деген  құрмет-ілтипатын,  момындылығы
мен қарапайымдылығын сезініп жүретінмін. Осылай бола тұрса да ол өте
батыл әрі табанды, мінезді кісі болатын» [3. 69 Б]
Өзі  туралы  көп  айта  бермеген  жазушының  аяққа  тұру  шағы  туралы
айтқанын  мұқият  оқыған  адам  төмендегі  өлең  жолдарынан  ғана
аңғарғандай:
Бұл жалғаннан
Басқаным кейде шоқ болды.
Бұл жалғаннан
Құшқаным кейде от болды.
Қуанышым сөйтсе де
Қасіретімнен көп болды.
Өз өмірінің елеусіз қалған кезеңдерін ол оқырманға өзінің шығармалары
арқылы  жеткізгенді  жөн  көрген  сияқты.  «Алтын  құс»  романында  оны
мына мысалдан байқауға болады. «...Ауруханада жатқанда көптеген ойым
болатын, - деп сыр шертеді ондағы бас кейіпкер, - Соның бірі бала жастан
көрмей  кеткен  сонау  туған  жерім  –  көгілдір  толқыны  көбік  атқан  көк
Есілдің жағасына бір барып қайту болатын. Бұрын туған жер, ағайын-туыс
дегендердің бірі де есіме келмейтін... Маған бір аңшының «аққу қай жерден
ұясынан қанат қағып шықса, өлерде басын сол жаққа салып жан береді»
дегені бар... Ескі кезде қазақтың кейбір атақты, не дәулетті адамдарының
өлгенінде  пәленше  жерден,  не  ата-бабалары  жатқан  зираттарға  апарып
көміңдер деулері де осыдан шыққан болар» [4, 432 Б.].
1933  жылдың  төңірегінде  Ілияс  Қызылордадан  Қарсақбайға  қайта
оралған. Негізгі ойы апасы Назымға көмектесу болатын. Мектепте жеті жыл
оқып, білім алып келген жас жігітке Қарсақбайдан жұмыс табу соншалықты
қиын болмаған сияқты.
Апасы мен жездесінің үйін жөндеуге көмектескен Ілияс, бірнеше күннен
кейін-ақ аудандық атқару комитетіне жұмысқа орналасады. Бұл бір орында
тыныш  отырып  істейтін  жұмыс  емес  еді.  Аудандық  атқару  комитетінің
тағы  да  бір  қызметкері  мен  Ілияс  үшін  құрылып  жатқан  заводты  аралау,

45
аяқталмай қалған жұмыстардың себептерін анықтау, кемшіліктерді тауып,
оларды қалай шешуге болатындықтары туралы шешімдер қабылдау т.с.с.
міндеттер бастан асып жатты.
Ілиястың  аса  керемет  жаны  ашып  жүрген  адамдарының  бірі  –  апасы
Назым  болған.  Карсақбайда  қалған  апасы  Назымның  ауыр  жағдайы
Ілиястың үнемі жанын жеп жүретін болған. Ол күйеуі Сейітқалимен бірде
дұрыс, тұрады, бірде ажырасып жүреді. Айта кетейік, кейін Ілияс апасын
Алматығы  көшіріп  алады.  Соңынан  еріп  келген  жездесі  Сейітқалиды,
жоғарыда айтқанымыздай, амалын тауып Алматыға таяу орналасқан Түрген
кентінің маңындағы бір шаруашылықтың директоры болып тағайындалуы-
на  көмектескен.  Асан  Номад  жазғандай:  «Приехав  в  Тургень,  Назым  и
Сейткали  прямиком  направились  в  райсполком,  председатель  радушно
их  встретил.  Поговорив  о  новой  работе  и  дав  наставления,  он  подписал
распоряжение о назначении Сейткали директором совхоза, расположенного
в десяти километрах от районного центра. Приехав на место, Сейткали с
Назым  стали  устраиваться,  им  выделили  небольшой  отдельный  домик  с
приусадебным  участком,  жизнь  протекала  своим  чередом  ...»  [5.  С.1-34
ББ. ]. Бұл 1947 жылдың төңірегі болса керек. Жоғарыда айтылған Шәкіш
апаның келіп жүргені де осы кезге сәйкес келіп отыр.
Қарсақпайға маман жұмысшылар, құрал-жабдықтар және құрылыс материалдары 
Жосалыдан жеткізілетін. 

46
Қарсақбайдың Ілияс Есенберлин өмірінде есте қаларлықтай болуының
себептері де жоқ емес. Жазушы Жезқазған өңірінде жүргенде коммунистік
партияның  «Кіші  Қазан  төңкерісі»  ұранымен  басталған  осы  бір  аумалы-
төкпелі  кезеңнің  жақсылығымен  қатар,  жамандықтарын  да  өз  көзімен
көрген.  Қазақ  даласына  күштеп  енгізілген  экономикалық  өзгерістердің
орынсыздығы  нәтижесінде  басталған  аштық,  одан  аш-жалаңаш
адамдардың Қарсақбайға қаптап келе бастауы, аудандық атқару комитетінің
тапсырмасымен аш адамдарды күндіз-түні Жосалы темір жол стациясына
жөнелтуді ұйымдастыру – осылардың бәрін жас Ілияс көзімен көріп, басынан
кешірген. Раунақ Есенберлиннің айтуынша, аудандық партия комитетінің
хатшысы  Телеляев  дегеннің  атына  «адамдарды  құтқарып  қалудың
ықтимал жолдарын» ұсынған және жан-жүрегі жараланған адамның (Ілияс
Есенберлинді айтып отыр – А.Қ.) жан дауысы болып табылатын баяндама
хаттың жазылуы да осы уақыт. Раунақтың еске алуына қарағанда бір күні
Ілияс  үйге  бес-алты  жасар  баласы  бар  бір  адамды  ертіп  келген  көрінеді.
Бейтаныс адам өзінің туған-туыстарының аштан қырылып қалғанын, енді
жалғыз  қалған  баласы  өліп  кетсе,  ұрпақ  қалмайтынын  айтып  жалынған.
Өздері  күндерін  әзер  көріп  отырса  да,  Есенберлиндер  ол  баланы  үйде
қалдырған...
«Халық қасіреті Ілиясты есеңгіретіп тастады», - деп еске түсіреді інісі
Раунақ,  -    «Өзгелердің  қайғысына  ортақтасу  Ілияс  мінезінің  ерекшелігі
еді».
Өзінің ізгілік туралы көзқарасын Ілияс мына бір жазбасында білдірген:
«Мен  адамның  даналығына,  Американы  ашқандығына,  тіпті  бүкіл
дүниежүзілік тартылыс заңын ашқанына емес... қайта оның қайырымдылық
жасай  білетініне,  оның  өзгелердің  қайғы-қасіретіне  ортақтаса  білетініне
таң қаламын. Адамды адам қылатын, оның үстіне мәңгілік ететін біріншісі
емес, екіншісі. Әйтпесе адам біткен қырылып бітер еді».
Өкінішке  орай,  30-шы  жылдары  көптеген  басшылардың  бойынан
адамгершілікке тән осы бір қасиет табылмай жатты. Ал аудандық атқару
комитетінің  тапсырмасымен  Қарсақбайға  шоғырланған  аш  қазақтарды
Жосалыға жөнелту ісімен айналысқан Ілияс, аштыққа ұшыраған жерлестерін
аман  алып  қалудың  барлық  тиімді  жолын  да  ұсынған.  Қарсақбайдың  өз
жұмысшылары осы қаралы күндері тамақ жағынан соншалықты қиыншы-
лық көрмеген. Жұмысшылар күн сайын 800-1000 грамм нандарын үздіксіз
алып тұрған. Қызметкерлер 600-800 грамм, олардың басқа жанұя мүшелері-
не 400 грамм нан тиісті болған.«Соныменен қатар басқа да тамақ беріле-
тін»,  -  деп  жазады  өзінің  естеліктерінде  Раунақ  Есенберлин.    «Инженер-
техникалық  қызметкерлер  ерекше  жағдайда  болғандықтан,  олардың  күні

47
басқалардан да жақсы еді. Егер жұмысшылар мен қызметкерлерге туындап
отырған  қатерлі  жағдайды  түсіндіріп,  бір  аптаға  олардың  нормаларын
100  грамнан  қысқартқанда,  бірде-бір  бейбақ  аштан  өлмес  еді...  Менің  өз
көзіммен  көрген  аштан  өлу  –  бұл  жергілікті  басшылардың  немкеттілігі.
Тіпті тасбауырлығы деп те айтуға саяды.
Жанайқайға  басып,  шырылдап,  табалдырық  тоздырып  жүгірген  16
жастағы  Ілиясқа  түсінікті  істің  оң  шешімін  үлкен  қызметтегі  аудандық
атқару комитеті мен поселкелік кеңестің төрағалары көрмегенсіген болды.
Қарсақбайдың  кейбір  тәкаппар  тұрғындары  аш-жалаңаш  босқындардың
жағдайларын түсініп, оларға аяныш сезіммен қараудың орнына, керісінше
оларға «зорман» деген айдар тағып үлгереді. Себебі аштан өлмеу үшін олар
зорман мен басқа да дала хайуанаттарын ұстап жеген екен. Солармен қатар
бүкіл иттерді де жеп тауысыпты» [6].
Ілияс Есенберлиннің аудандық партия комитетінің Хатшысы Телеляевтің
атына жазылған хаттың жолдануы да осы кез сияқты.
Хат  табылып  қалмас  па  екен  деген  оймен  біз  Жезқазған  облыстық
мұрағатынан  Қарсақбайға  байланысты  деректер  іздеген  едік.  Қарсақбай
ауданының 30-шы жылдары Қызылорда облысына да қарағанын ескеріп, ол
жақтан да мәліметтер қарастырған болатынбыз.
Жезқазған облыстық мұрағатынан біз Телеляевтің (Қарсақбай аудандық
партия  комитетінің  хатшысы)  атына  келген  екі  хатты  кездестірдік.  Бірі  –
Қарсақбай мыс қорыту комбинатының жұмысшыларын көкөніс өнімдерімен
қамтамасыз  ету  туралы  арнаулы  хабарлама  [7.  2,3  пп.],  екіншісі  обком
хатшысы Исмаилов дегеннің «Өте құпия» грифімен жолдаған хаты [8. 1-3
пп].
Бұл құжаттар бір жағынан Телеляев деген адамның (өкінішке орай аты
–  жөндері  көрсетілмеген)  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы  болып
қызмет атқарғанын көрсеткенімен, өкінішке орай Раунақ Есенберлин меңзеп
отырған Ілияс Есенберлиннің хатының ізіне әзірше түсе алмадық.
Десек те сол кездері Қарсақбай ауданында байқалған кейбір қолайсыз
жағдайлардың І.Есенберлиннің назарына міндетті түрде ілігуі тиіс еді ғой
деген ой. Олар төмендегідей:
1.  Ауданда  ашаршылық  белгісінің,  нәтижесінде  адамдар  өлімінің
байқалғаны.  Исмаиловтың  құпия  хатынан:  «Наличие  имеюшихся  у  нас
материалов  свидетельствуют  о  наличии  фактов  самоснабжения  ряда
работников  Карсакпая  (фамилиялар  көрсетілген:  Шақалақов,  Кожыков.
Сарсенбаев  т.б.  –  А.Қ.)  несмотря  на  то,  что  большинство  колхозников 
данного  аула  переживают  острые  продовольственные  затруднения  со 
смертными исходами (сызған біз – А.Қ.).

48
2. Қарапайым халыққа деген (әсіресе, ауыл тұрғындары – қазақтарға)
немқұрайлылық: Хатта көрсетілгендей: «Все выезды вышеуказанных лиц
сопровождались  пьянством,  кроме  того  аульные  работники  сами  хищни-
чески уничтожали скот, а на рядовых колхозников внимания не обращалось
и мер к изжитию продзатруднений никак не принималось, в результате чего
по колхозу умерло от голода до 30 чел. (сызған Біз – А.Қ.)
3. Арақ ішкендерге қарсы күресті күшейтудің орнына, керісінше тіпті,
ауданға  ішімдік  әкелуге  тиым  салынбағаны  (мысалы,  жергілікті  колхоз
басшыларының  бірі  жоғарыға  жазған  хатында  ел  ішінде  араққа  берілген
адамдардың  арасында  бұзақылықтың  көбеюі,  ал  Атбасар  жақтан  келе
жатқан  130  пар  шананың  жартысынан  көбіне  арақ  тиелгенін  хабарлайды
[9].
Сол сияқты жергілікті тұрғындарға деген теріс көзқарастың қалыптасу-
ын  төмендегі  құжаттардан  да  байқауға  болады.  Соның  ішінде  Қарсақбай
комбинатына  қарасты  Жосалы  Көлік  конторасы  партия  ұйымындағы
болған төтенше жиналыстың 1928 жылғы № 8 Хаттамасы. Онда партия
қатарындағы кейбір жұмысшылардың іс-әрекеттері туралы айтылған
1. Калашников Сергей Антонович, ВКП (б) мүшесі: арақ ішеді, жұмысқа
шықпайды. Қазақтармен үзілді – кесілді жұмыс істегісі келмейді (сызған
біз – А.Қ.).
2.  Царьков  Павел  Семенович,  1929  ж.  партия  мүшесі.  Арақ  ішеді.
Жұмысқа  шықпайды  («...в  присутствии  беспартийных  заявил  что  он
больше в Джусалах работать не будет, если его не отпустять то он будет
пьянствовать» [10]. Раунақ Есенберлиннің «Новый Мир» журналының Бас
редакторы С.П. Залыгинге ашына хат жазуының негізгі себебі осында деп
те қабылдап отырмыз. Раунақ жазғандай: «В юношеские годы мне не раз
приходилось  слышать  в  Карсакпае,  Джезказгане  и  настоящем  Байконуре
(а  не  Космодроме)  крикливых  людей,  которые  заявляли,  что  2-3  русских
заменят десяток «сусликов». Мұндай өздерін зор санайтын кеппекеуделік
жоғарыдағы құжаттардан да көрініп тұр
Ілияс  Қарсақбайда  жүріп  аштықпен,  оның  зардабынан  әбден
қиналғандарды  да,  осыған  шыдамай  өліп  жатқан  қазақтарды  көрді.  Ол
осыдан  ұлт  қасіретін  ұғып,  терең  ой  түйген  сипатты.  Сөйтіп  жүргенде
Қарсақбай аудандық партия комитетінің хатшысы Теляевтің атына ашына
хат  жолдады  деген  мәлімет  орынды  да  болуы  мүмкін.  Біздің  қолымызда
болған №1, 143 қорларда ашаршылыққа байланысты, соның нәтижесінде
болған адам шығындары туралы мәліметтер жоқ. Тек, Қарсақбай аудандық
атқару комитетінің Қазақ АКСР-і Халық комиссарлары Кеңесіне жолдаған
есепті баяндамасында (1933-1934 жж.) былай деп көрсетілген: «...имевшие

49
место  перегибы,  извращение  политики  партии  в  деле  коллективизации
и  культурного  строительства  и  нацвопросе  (сызған    біз  –  А.Қ.)  привели
хозяйственно-экономическое  и  социально-культурное  состояние  аула  к
огромному урону и застою».
Бәлки, аштан қырылып жатқан, тірілері Қарсақбайға жан сақтау үшін
тығылған  қаптаған  қандастарын  көрген  Ілияс  сол  жылдары  мүмкін  осы
көріністерді айтудың жолы ретінде моральдік жағынан ең жауапты кәсіп –
шығармашылық жолды таңдай бастады ма екен?!
Қарсақбайда жұмыс істеп жүрген Ілиясқа аяқталмай қалған орта мектеп-
ті  толық  бітіріп,  білімін  одан  әрі  жоғарылатудың  сәті  түседі.  Аудандық
атқару  комитеті  оны  Алматыға  оқуға  жіберу  туралы  шешім  қабылдаған
болатын.
Әрине,  бұл  ұсынысты  бірден  қабылдау  Ілияс  үшін  оңай  болмаған
сияқты. Үйде кішкентай балаларымен Назым апасы бар. Бұл кезде кішкене
інісі Раунақ та апасының үйінде тұрып жатқан. Жездесінің де бұл кездері от-
басына өзек-бауырының соншалықты езіліп тұрмаған кезі сияқты... Олар-
дың бәрін кімге сеніп тастау керек. Алайда, бәрін әбден салмақтап, өзінің
шешімін болашақпен келістіріп қабылдауға дағдыланған Ілияс осы жолы да
біріншілікті оқу жолына берген. Алматыға келіп, әуелі дайындық бөліміне
(«рабфак» - «жұмысшы факультеті» - А.Қ.) құжаттарын тапсырған ол екі
жылдан соң Қазақ тау-кен институтына студент болып қабылданады.
Сол  кездергі  жастарға  ұқсас  Есенберлин  Ілиястың  жастық  шағы  да
Сталин бастаған коммунистердің Кеңестер Одағын қайтсек те социалистік
жолға  түсіреміз,  ал  осы  жолда  тұрған  нақты  міндеттердің  бірі  –  ауыр
өнеркәсіпті дамыту қажеттілігі деген кезеңге тұспа-тұс келген. Жас жігіттің
тау-кен инженері мамандығын таңдауы да осы тұрғыдағы қағидадан келіп
шығатын секілді. Ілиястың бұл мамандықты таңдауы, болашағын ойлаған
азаматтың  бойына  туа  біткен  дарындылыққа  негізделгенінен  гөрі,  «Отан
ауыр  өнеркәсіптің  дамуы  өте  қажетті,  осыған  сай  мамандықты  таңдауға
міндеттімін»  дегеннен  туындаған  аса  үлкен  жауапкершіліктің  нәтижесі
болуы әбден орынды.
Жұмысшы факультетін жақсы аяқтаған І.Есенберлинге сенім артылып,
жас  болса  да  Қарсақпайға  аудандық  атқару  комитетінің  орынбасары
қызметіне жолдама берілген болатын. Бірақ бұл арада тиімді болып көрінген
әкімшілік  жұмыстың  орнына,  Ілияс  Есенберлин  жоғары  оқу  орнының
студенті болуды жөн деп тапқан.
Мамандықты  осылайша  таңдаған  Ілияс  сабақты  жақсы  оқып,  қоғам
жұмысына  құлшына  араласқан,  жолдастарының  арасында  спортқа  деген
икемділігімен де жиі көзге түсіп жүрген студент болған. Ол кездері Мәскеуде

50
жыл  сайын  Бүкілодақтық  физкультурашыларының  жазғы  спартакиадасы
болып тұратын, Ілияс сол студенттер жарысына жылда қатынасушылардың
бірі болады. Талабының арқасында институттың көпке белгілі студентіне
айналған ол 1937 жылы Қазақстан компартиясының Х съезіне студенттер
атынан  делегат  болып  сайланып,  Қазақ  КСР  Конституциясының
қабылданғанына  куәгер  болған.  І.Есенберлин  1939  жылы  институтты
ойдағыдай  аяқтаған  мамандық  иесі  ретінде  Жезқазған  комбинатында
инженер-металлург қызметіне жолдама алады.
Білімге  деген  құштарлығы  зор  Ілияс  студенттік  жылдары  өзінен  бір
курс  жоғары  оқыған  Ақжан  деген  жігітпен  жақсы  араласқан.  Ауылдан
келген  жігітпен  тарих  пен  поэзия  туралы  пікір  алмасу  Ілиясқа  қатты
ұнайтын. Болашақ жазушының қолына алғашқы рет Мағжан Жұмабаевтың
суреті мен кітапханаларда кездесе бермейтін өлеңдерін ұстатқан да Ақжан
еді. Олар Мағжанның өлеңдерін көбінесе біреу-міреу көріп қоймасын деп
көпшілік  көздерінен  алшақтау  жерлерде  оқитын.  Мағжанның  лирикалық
өлеңдері болашақ жазушының көңіл көкжиегін байытып, ендігі жерде одан
да күрделі – кеңес үкіметі тиым салған «алашордалықтардың негізгі идеясы
– қазақ ұлтының тәуелсіз мемлекетін құруы – неліктен қолдау таппай отыр»
деген жауабы жоқ сұраққа әкеліп тіреп жатқан кез де осы болар.
Бірде ол інісі Раунақтан хат алып, оның Түркістанға таяу орналасқан
Ащысай  руднигіне  жұмысқа  жолдама  алғанын,  бірақ  соныменен  бірге
негізгі  жұмысымен  қатар  «Оңтүстік  Қазақстан»  облыстық  газетіне
уақытша редактор болып қызмет етуді ұсынғаны туралы хабар алған. Ілияс
болса бұған үзілді-кесілді қарсы болады. Сондағы келтірген дәлелі: газет
қызметкері  болып  Раунақ  санамен  емес,  тек  жаман  емес  секілді  болып
көрінген ұсынысты қабылдаушы болып отыр. Оның ойынша инженер болу
– бұл іс, әрі кетсе кәсіп, ал жазушы – бұл өнер, қабілеттілік. Орташа инженер
болу әбден мүмкін, қуанатын бұл жерде, әрине, ештеңесі жоқ, дегенмен бұл
әлі толық трагедия да емес, ал бірақ нашар жазушы, не болмаса редактор
болу – ол нағыз апаттың апаты... деп ойлана жауап беруі де жоғарыдағы
көріністің жалғасы болар...
Ілияс Есенберлиннің сол кездегі көңіл күйін Асан Номад жазған төмен-
дегі ойға әбден лайық болуы ғажап емес: «Всю ночь и весь следующий день
он думал о брате, и его откровения о том, «что открыл в себе новое призвание,
не давали покоя Ильясу... Он вдруг вспомнил, как недавно разговаривал с
одним пожилым человеком.. на сложную тему, о смысле жизни. Пожилой
человек не мог взять в толк его соображения о высокой морали... Хотя он был
образован, но мыслил только как физический человек... А иное, невидимое,
духовное, движущие силы и смысл жизни, предназначение всего сущего

51
во вселенной, было абсолютно недоступно и чуждо его мышлению. А для
писателя надо быть именно духовным человеком, видеть то, что не видимо
для большинства... »,[ 11] деп жазады Асан Номад.
Студенттік кезде Ілияс жеке ортада бір, ал көптің көзінше мүлдем басқа
мағынада  сөйлейтін  Ағжанды  да  басқа  жағынан  таныған.  Нәтижесінде,
Қазақ  тау-кен  металлургиясы  институтының  соңғы  курсында  негізгі
емтихандардың  бірін  түбегейлі  білімі  емес,  табандылығының  арқасында
орташа тапсырған Ілияс, жүрек сүйген мамандығы инженер емес екендігін
түсінгендей  болса  да,  «Пайдалы  қазбалар  жатқан  жерлерді  анықтаудың
әдістері»  атты  диплом  жұмысын  жоғары  бағамен  қорғап,  оның  ғылыми
жұмысы  ерекше  ізденістік  тұрғыдан  жазылған  студенттік  еңбек  болып
бағаланған.
Қарсақпайға жолдама алған Ілияс Атбасарға тағы да бір соғып, әкесі
Бітеубай баласы Есенберлі жерленген зираттың басына барып, оның арғы
аталары  Жекебатыр,  Аймолда,  Манырбай,  Сенгірбай,  Есімбек,  Алтай,
Арғынға құран оқуды жөн көрген... – дегенді айтады Асан Номад.
Тау  кен  инженері  мамандығының  иесі  І.Есенберлин  комбинатта
көп  жұмыс  істеген  жоқ.  1940  жылы  Ілияс  Есенберлин  жұмысшы  және
шаруалар армиясының қатарына шақырылады. Барысымен Рига қаласында
орналасқан  270-ші  әскери  корпустың  артиллерия  полкі  курсанты,  одан
әскери дайындықтан өткен осы бөлімнің кіші саяси басқарушысы болып
тағайындалады.
1941  жылы  Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда  Ілияс  Есенберлин  46-шы
танктер полкіне қарасты 84-ші мотоатқыштар дивизиясының батареясында
саяси  жетекшілік  қызметінде  әскери  міндетін  атқарып  жүрген.  Соғыс
басталған  мезетте  батыстан  келген  жаудың  жойқын  соққысына  қарсы
тосқауыл болған да осы әскери топ болатын. Інісі Раунаққа жазған хатында
ол соғыстың ең ауыр кезеңдерін басынан кешіп жүргені туралы жазғаны да
осы кездер болса керек [ 12. 190 Б.].
Майданға  алғашқылардың  бірі  болып  аттанған  І.Есенберлин  әскерде
жүріп партия қатарына өтеді. Деректерге қарағанда ол Ленинград қаласын
қорғауға да қатысқан.
1942 жылдың қаңтар айында Ілияс пен Раунақ кездескен. Бұл уақытта
Старая  Русса  түбіндегі  шайқаста  оң  аяғынан  қатты  жарақат  алған  Ілияс
Есенберлин  әскери  госпитальда  жатқан  болатын.  Жағдайы  өте  ауыр.
Тіпті дәрігерлер аяғын кесіп тастаймыз деген. Алайда І. Есенберлин оған
көнбеген.

52
Түтіні өркештеніп будақ-будақ,
Келеді оқтай ағып поезд зулап;
Майданнан жараланып елге қайттым,
Жүрегім дүрсілдейді аттай тулап...
Саяси  жетекшісімен  бірге  госпитальге  түскен  жаралы  қызыләскерші-
нің  айтуынша  жоғарыдағы  шайқастардағы  көрсеткен  ерліктері  үшін
І.Есенберлин  «Қызыл  ту»,  ал  өзі  –  «Қызыл  жұлдыз»  ордендерімен
марапатталуға  ұсынылған  екен.  Бірақ  әскери  награда  І.  Есенберлинді
таба  алмайды.    Кейін,  Жеңістің  25  жылдығын  тойлаған  уақытта  да  таба
алмады...
Соғыста көрген азаптары туралы жазушы үндей алмайды. Сондықтан
«Мұхиттан жүзіп өткен қайық» романын мемуарлық тұрғыдан да жазылған
шығарма деп қарайтын болсақ, онда Айбол атты кейіпкердің басынан өткен
оқиғалары  Есенберлинге  өте  ұқсас:  шайқас  барысында  неміс  мергенінің
оғына ұшырап, қатты жарақат алған жас жігіт елге оралып, еңбек майданын-
да жүр.
Соғыс! Соғыс!
Бар қайғының сен басы.
Бар зорлықтың
Сенсің жауыз жолдасы.
Сені жеңер,
Жеңер сені сонда да
Қарғысы ана,
Сәбилердің көз жасы.
Кешегі  аяқталған  соғыстың  зардаптары  бейбіт  күндері  де  оны
тыныштықта қалдырмады. Майданға аттанған үш ағайынды – Ілияс, Раунақ
және Ахметқали – үшеуі де аман-есен елге оралды. Өкінішке орай майданда
қатты жараланып, көруден қалған Ахметқали бір жылдан соң қайтыс болған.
Бұл Ілиясқа ауыр тиді. Туысын ұмыта алмаған ол «Алтын аттар оянады»
романының  негізгі  кейіпкері  арқылы  Ахметжанның  образын  жасаған
деген ойды айтады зерттеушілер: «Дүние деген, міне, осындай! Адам өмір
бойы оның қызығына қол созумен болады. Мұратына біреу жетеді, біреу
жетпейді. Тек сол қызыққа ісімен ерінбей еңбектенген адамның жете алмай
өткені өкінішті-ақ!...
Күнтуар ондай өкінішке ұрынбаған, өмірден алғаны да, бергені де көп
аяулы адам еді, жарықтық қара жердің құшағында тыныш ұйықтасыншы...»

53
[13].
Соғыстың  соңына  қарай  Ілияс  Есенберлин  өлең  жазумен  әуестене
бастаған. Оның қолынан шыққан алғашқы туындылар «Елге қайтқанда»,
«Жарға»  (әйелі  Диляраға  арналған)  өлеңдері,  «Айша»,  «Төлеген»  атты
поэмалары. Жарақатына байланысты жарты жыл бойы госпитальда емдеу-
ден өткен ол бұл кезде Қазақстан Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі
болып  жұмысқа  қабылданған.  Одан  кейінгі  жылдары  Жамбыл  атындағы
Мемлекеттік филармонияның директоры болып қызмет атқарған.
Міне,  осы  кезден  бастап  І.Есенберлиннің  ұлт  тарихына  деген
көзқарасында өз ұлтының белсенді тұлғаларының тағдырына байланысты
пайымдаулар, кеңестік иделогиялық тұрғыдағы тұжырымдарды біржақты
қабылдаудан  гөрі    «НЕГЕ?»  деген  сұрақтар  басымдылық  ала  бастаған
сияқты.
Әйтсе де осы
Дүние атты бұлақтың
Шөлі қанбас
Ғашығымын тұрақты.
Сондықтан ба,
Бердім талай өзіме
«Немен қымбат
Өмір?» - деген сұрақты
1944  жылы  І.  Есенберлин  20-30  жылдардағы  белгілі  совет-партия
қайраткері, жазушы, Сәкен Сейфуллиннің қызметтесі, Қазақстандағы бірін-
ші  Әділет    халық  комиссары,  ең  бірінші  болып  Николай  Островскийдің
«Құрыш  қалай  шынықты»  романын  қазақ  тіліне  аударған  Хамза
Жүсіпбековтың қызы - Диляра Жүсіпбековамен танысады.
1920-30 жылдардағы қоғам қайраткері, Қазақ өлкелік партия комитетінің
хатшысы, бюро мүшесі, Қазақ кеңестік кәсіподақтар комитетінің төрағасы,
Әділет комиссариаты, Көркем әдебиет баспасының төрағасы болып жүріп
большевиктер үкіметінің қанды шеңгеліне іліккен Жүсіпбеков Хамза туралы
ол кезде Ілияс Есенберлин, мүмкін, білмеген де болар. Атасының 1938 жылы
26 ақпанда Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлинмен бірге атылғаны, ал енді
бір деректерде қызыл қанаушылардың қолынан емес, Сәкен Сейфуллинмен
бірге  күзетші  иттерге  талаттырып  өлтірілген  деген  мәлімет  Ілияс  пен
Диляраның қолына тек 1950-60 жылдары ғана тиген. Ал 40-шы жылдары
Х. Жүсіпбеков - нағыз «халық жауы». Және де бұл ел аузындағы сөз емес,
ресми мәлімет [14].
«Халық  жауы»  деген  жаламен  тұтқындалып,  1937  жылы  атылып

54

55
кеткен адамның туған-туыстарына да осы бір ауыр күнә арылмастай болып
жабысқан.  Диляра  болса  солардың  бірі.  Әкесінен  14  жасында  айрылған
«халық жауының қызы» деген Диляра Ілияспен танысқан уақытта өмірдің
ащы дәмін татып та үлгерген.
Оның шешесі Рабиға болса талай тергеудің азабын көріп, тұтқындала
жаздаған жерінен Алматыда тұру құқынан айрылып, Ақмола қаласына жер
аударылған. Қолында Диляра, 12 жастағы Дәнекер, 10 жастағы Болат бар.
Ал үш жастағы Роллан деген баласын шешесі мен бауырларынан айырған
үкімет,  оны  Ресейдегі  жетімдер  үйлерінің  біріне  зорлықпен  аттандырып
жіберген...
Ақмолада  екі  жылдай  қорлық  пен  зорлықты  әбден  көрген  Диляра
Ілияспен  танысардан  сәл  бұрын,  жасырын  түрде  Алматыға  келіп,  оқуға
түсудің жолын енді ғана тапқан болатын.
Міне, осындай жас қызбен танысып, онымен өмір бойы бірге болу тура-
лы ұсыныс жасау түгіл, мұндай жас бойжеткеннің жанына тақауға талай адам
қорқатын уақыт еді ол кез. Сонда ештеңеден тайсалмай Диляраға үйлену
туралы ұсыныс жасау, тек Ілиястың қолынан келген. Жазушының баласы
Қозыкөрпештің  естеліктеріне  қарағанда  анасы  Диляра  баласына  әкесінің
осы  әрекетін  керемет  бір  үлгі  ретінде  айтып  отырады  екен.  Анасының
айтуынша мұндай әрекетке Ілияс Есенберлиннен басқа бір адамның баруы
–мүмкін емес сияқты.
«1943 жылы Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясындағы маған
Ілиястан  қалыңдығының  суретін  салған  қуанышты  хат  келді,  -  деп  еске
алады Раунақ. - Онда бетінен ізгіліктің нұры тамған әдемі қыз бейнеленген
екен.  Ілияс  өзінің  Дилярасын  қатты  сүйетін,  әрі  құрметтейтін.  Оның  өзі
осындай  көзқарасқа  лайықты  адам  болып  шықты  және  Ілияспен  оның
тағдыр соққысына да, самғауларға толы өмірін қоса көтерісті; ол Ілиясты
шығармашылық  ізденістерге  жігерлендіріп,  ауыр  сырқаттардан  арашалап
алып жүрді. Маған Ілиястың өз өміріне серік етіп жай ғана әдемі қызды
емес, жас кезінен бастап осыншалықты қасіретті де тартысқа толы оқиғалар
еншісіне тиген адамды таңдап алғаны өте бейнелі болып көрінеді, солардың
бәріне төзіп, мойымағаны және жанының тазалығын сақтап қалғаны қайран
қалдырады. Осы мағынасында алғанда, ұлттық зиялылардың көрнекті өкілі,
отызыншы жылдардағы қуғын-сүргінде опат болған Хамза Жүсіпбековтың
қызы Диляра Ілиястың өзіне жаны жақын жан болатын» [15].
Диляраны ұнатып, оған өмір жолын бірге кешу туралы ұсыныс жасаған
Ілиястың ойында тек болашақ жарына деген сүйіспеншілік сезіммен қатар,
өмір  қасіретін  әбден  шеккен  оның  туыстарына  деген  аяушылық  сезім  де
болды.

56
Жазушы  Әзілхан  Нұршайықов  ағамыз  І.Есенберлиннің  үйінде  1970-
ші  жылдардың  соңында  бір  рет  болған  екен.  Сол  кездесудің  әсер  еткені
соншалықты,  жазушы  сол  жолы  кездестірген  Диляра  апайын  «Сикстина
мадоннасымен» теңестірген. «Қолына немересін көтеріп, алдымнан шыға
келген  біраз  жасқа  келген  жазушының  әйелін  көргенде  мен  оның  Ілияс
Есенберлинді творчестволық ізденіске демеу болып жүрген жан ғана емес,
соныменен  қатар  осы  бір  ауыр  жұмыспен  айналысып  жүрген  творчество
адамына керемет бір жайлы жағдайлар жасап жүрген от басы иесін көрдім»
- деп еске алады Ә. Нұршайықов [16. 134 Б.].
Әрине, өмірлік жар таңдау – әрбір жастың өз ісі. Керек десеңіз, әрбір
жас адамның моральдік құқы. Ілияс сол құқын пайдаланды да. Алғашқы
уақытта бәрі тіпті қиялдағыдай болып жатты. Екі ай уақыт ішінде оларға
Ілияс  жұмыс  істеп  жүрген  Орталық  Комитет  екі  бөлмелі  пәтердің  кілтін
қолдарына  ұстатты.  Осыдан  екі  ай  өтпей  ол  үйге  Ілияс  Ақмолада  тұрып
жатқан енесі - Жүсіпбекова Рабиғаны әкеліп орналастырды.
Осыған  дейін  тағдырдың  тәлкегіне  ұшырап,  қиналып  жүрген  екі
адамға деген Ілиястың жанашырлық сезімін көре алмағандар да көп екен.
Көп  уақыт  өтпей  жатып  олардың  атынан  «Есенберлин  халық  жауларын
есіркеуде. Ол үйіне халық жауының әйелін әкеліп кіргізді. Мұндай адамға
Орталық Комитетте жұмыс істемек түгіл, большевиктер партиясында орын
жоқ» - деген мазмұндағы хат та келіп жетті.
Қабдеш Жұмаділов жазғандай: «Әрине, бұл мәселе де Ілекеңнің алдынан
шықпай  қойған  жоқ.  Соғыстан  соң  Орталық  Комитетте  істеп  жүргенде
«халық жауының» қызына үйленгені білініп қалып, жұмыстан қуылған...»
[17. 8-10 ББ.].
Оқиға былай болған секілді. Ақмола қаласының маңында Диляраның
атасы Жүсіпбек ақсақалдың тұратынын Ілияс білетін. Оның тағы бір білгені
– қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес күйеу жігіт қалыңдығын таңдауы
туралы үлкендерге білдіріп, олардың батасын алуы қажет. Бұл көшпенділер
үшін  ең  ардақтайтын  жазылмаған  заңдарының  бірі  болып  саналатынын
Ілияс жақсы түсінген.
Жоғарғы  партия  қызметінде  жүрген  Ілияс  іс-сапарларының  бірінде
Жүсіпбек ақсақалға жолығып, сәлем беру туралы шешімге келеді.
Ақмолаға  баруға  ыңғайлы  жолды  таптым  деп  санаған  Ілияс  өзімен
бірге еріп келген Алдияр Манапов деген серігінен жасырып, Жүсіпбектің
ауылына  барған.  Осыған  дейін  бір  кабинетте  бес  жылдай  жұмыс  істеп
келген әріптесі Ілиястың бір жаққа барып келгенін біліп, Ілиястың қайда
барғанын анықтап, ол туралы Орталық Комитеттің ұйымдастыру бөлімінің
басшысына баяндама хат жазған көрінеді (кейбір деректерге қарағанда, біз

57
жоғарыда айтқан домалақ арыздардың авторларының бірі осы А. Манапов
деген болса керек)
Партияның  жоғарғы  органы  жас  жігіттің  адамгершілік  қадамдарын
дұрыс  қабылдамай,  керісінше  оларды  партиялық  тәртіпті  мойындамай,
партиялық  тәртіпке  бағынбау,  сол  кездегі  кеңес  үкіметінің  саясатына
наразылық білдірудің бір түрі деп қабылдаған сияқты. Ол үшін қатардағы
партия  қызметкерін  жазалауды  да  ұмытпаған.  Алдыменен  І.  Есенберлин
Орталық  Комитетіндегі  қызметінен  босатылып,  Мемлекеттік  радио
хабарларын  тарату    комитетіне  ауыстырылған,  тек  біршама  уақыттан
соң  ғана  оны  Қазақ  мемлекеттік  филармониясына  директор  қызметіне
тағайындайды.
Есенберлиннің «ісі» мұнымен де аяқталмаған. «Жетім балалар жүйесі»
арқылы тәрбиеге дағдыланған, партия мен үкімет органдары көсемдерінің
аузынан  шыққан  әрбір  сөзде  шындық  бар  екен  деп  қабылдауға,  оларды
бұлжытпай  орындауға  мүлтіксіз  дайын  дегендердің  тізімінде  жүрген
«мемлекет  адамының»    (әрине,  соның  бірі  –  Есенберлин)  бұл  әрекеті
кейбіреулер  үшін  «шыдамдылықтың  соңы»  болса,  оны  қалай  мұқатып,
тоқтатсақ екен деп жүргендер үшін жас жігіттің келесі бір қадамы «оңынан»
болды.
Нәтижесінде  1951  жылы  бөлінген  қаржыны  дұрыс  пайдаланбаған
деген  айыппен  оның  үстінен  қылмыстық  іс  қозғалып,  бірнеше    жылға
сотталғаны туралы біз жоғарыда айтып кеттік. Оны өтеу үшін сол кездегі
ең ауыр құрылыстардың бірі – Қарақұм каналы құрылысына хат жазысып
тұру мүмкіндігіне ғана ие болып аттандырылып та жіберілді. Ауыр жұмыс,
тұрмыс жағдайының ауырлығына байланысты бұл жерде адам шығыны өте
көп байқалған. Ілияс Есенберлинді ажалдан аман сақтап қалған – оның тау-
кен инженерлігі, оның ең жауапты учаскіде жүруі болған сияқты.
Дүние, сені
Неге сонша сүйдім мен?
Сонша неге
Қызығыңа күйдім мен?
Өйткені сен
Мөлдір күміс бұлақсың
Әттең...әттең...
Мен бейбақты аямай,
Биігіңнен
Сан мәртебе құлаттың!

58
1954  жылы  И.  Сталин  өлгеннен  соң  барып,  Есенберлин  жазадан
босатылады.  Ақталады.  Ендігі  жерде  ол  әйелі  Дилярамен  бірге  Семей
облысындағы  рудниктердің  біріне  жұмысқа  ауысады.  Осы  уақытта  ғана
барып, өзінің пешенесіне әдебиеттік творчествоның жазылғанын түсінген
ол, жазу мен шығармашылық жолына бет бұрған.
Осы уақыттан бастап Есенберлинді бір ой қатты мазалаған секілді. Ол
сыртынан қарағанда әп-әдемі, бақытты адамдар қатынасынан тұратын осы
бір социалистік қоғамның ішінде адам түсіне бермейтін қатал да, сорақы
бейнелерге жол берілуі...
Қазіргі  кезеңнің  зерттеушілерінің  пікіріне  сүйенетін  болсақ,    әлемде
жаңа идеялар орын алғаннан бастап олар өркениеттің қандай да болмасын
элементтерінде  өздерінің  іздерін  қалдыра  бастаған.  Алайда,  ол  идеялар
белгілі бір нәтижелі көрініс табуы үшін, міндетті түрде адамдардың көкейіне
сіңіп, тұрақты орын алуы керек.
Идеялардың туындауы биік интеллектуалдарға байланысты. Ол дәреже-
ге  қоғамның  кез  келген  мүшесінің  қолдары  жете  бермейді.  Осылайша
дүниеге  келген  идея,  біртіндеп-біртіндеп  төмендей  келе,  адамдардың
бәріне түсінікті болатындай түрге жетіп, содан барып қана салтанат құра
бастауы  мүмкін.  Идеяның  негізгі  мәні  кейде  тіпті  бірнеше  сөздермен,
одан қалды кейде бір сөзбен де ашылуы мүмкін. Мысалы, жұмақ не тозақ
дейтін сөздердің соңында үлкен мән жатқанында дау жоқ. Енді социализм
дегенді алып қаралық. Біреулер үшін ол жұмаққа сай қоғамның орнатылуы:
адамдардың  бәрі  бақытты,  тең  де  мейірімді,  бәрі  бірдей  еңбекке  қол
жеткізген, ең негізгісі мемлекеттің жанашырлығы арқасында кемелденген
заманға жеткен уақыт. Екінші біреулер үшін ол «жаппай тегін тамаққа қол
жеткізумен» («общепит») парапар: келдің, жедің, кеттің. Тек екі жақтың да
ойластырмаған жерлері: тегін келіп жатататын заттардың құны (эквиваленті)
мен оларды бөлісуге араласатын адамдардың саны тым көп болып кетуінің
тасада қалып қоюы.
Ілияс  Есенберлинді  бір  қарағанда  қоғам  дамуының  ресейлік
большевиктер партиясы ұсынған социалистік бағыттарын шын-жүрегімен
қабылдағынымен,  жаңа  талаптарға  тарихи  тұрғыдан  қалыптасқан  салт-
дәстүрлері бар қазақ елін бейімдеуге келгенде бала кезінен бастап өзіндік бір
ойда болған. Жазушының творчестволық, өмірлік жолдарының қалыптасып,
даму жолына байланысты осындай қорытындыға келуге болады.
Ең  бастысы  Ілияс  Есенберлин  секілді  қазақ  азаматтарының  өмірлік
жолы Сталиннің жеке басына табыну, кеңестік әкімшілік басқару жүйесінің
қалыптасуына,  Хрущевтік  волюнтаризмінің  қоғамда  орын  алуына  сол
кездегі  адамдардың  үнсіздігі,  жаппай  бағынышта  болған  деген  аңыздың

59
терістігін ашуға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет