Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Раунақ Есенберлин. Мой главный человек. /Есенберлин И. Сокровен-
ное:  Мысли.  Изречения.  Воспоминания.  –  Составитель  Козыкорпеш
Есенберлин. Алматы. Фонд им. И. Есенберлина, - 2001 – 280 с.
2. Жезқазған қаласы Мемлекеттік мұрағаты (ЖҚММ). Ф. 4. т.1. і..890
3. Есенберлин Қозыкорпеш. Диалог о жизни. – Алматы. – 221 с.
4. Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. – Алматы. – 1988. Т.
2 – Алтын құс . Роман.
5. Асан Номад. По реке жизни. – Алматы. ИД «Кочевники». – 2004. –
208 с.
6. Есенберлин Раунақ. Ілияс Есенберлин // «Арқа ажары». 2001 , 17.19
сәуір
7. ЖҚММ. Ф. 143. і. 231. т. 1
8. Бұл да сонда. Ф. 143. і. 218. т. 1
9. Бұл да сонда. Ф. 143. і. 243. т. 1
10. Бұл да сонда. Ф. 143. і. 198. т. 1
11. Асан Номад. Көрсет. әд.
12. Раунақ Есенберлин. Мой главный человек. Көрсет. әд.
13. Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. – Алматы. – 1988. Т.
3 – Алтын аттар оянады. Роман.
14. Қараң.: Асан Номад. Көрсет. әд., З. Дүйсенбеков. Асыл аға /в кн.
Писатель. Личность. Человек. Алматы: Ата-мұра – Қазақстан. Фонд имени
И. Есенберлина, 1993
15. Есенберлин Р. Мен пір тұтқан адам. Көрсет. әд.
16.  Нуршайыков  А.  Трилогия  «Кочевники  –  достояние  нации»  /
Сокровенное. Указ. Лит.
17.  Жұмаділов  Қабдеш.  «Тарихи  зердені  жаңғыртқан»//  Сарыарқа.  –
1995.
1.3 Өмір емес мөлдіреп аққан бұлақ
Осылайша  жүріп  үлкен  өмірге  аяқ  басқан  Ілияс  Есенберлин  өмірде
адамның басына түсетін ауыртпалықтарын тек жетімдікпен байланыстыра
беру соншалықты дұрыс емес екендігін түсінген де секілді. Ілиястің бұлай
деп ойлануына себептер де жоқ емес. Қалай айтсақ та жазушы өзіне демеуші
болып отырған күнделікті шындықтан да асып кете алмай отыр, шындықты
жоққа шығара алмайды да:

60
Отаным елу жасқа толған күні,
Жайнады коммунизм жасыл гүлі.
Ел үшін, ұрпақ үшін ұмытылмас,
Халқымның, партияның салған үні ...
Осындай  мағынада  дүниеге  келген  жазушының  «Мереке»  атты  өлең
шумақтарында  азып-тозып  жүргенде  көшеден  тауып  алып,  мектепке
әкелінген баланың сол кездегі білім беру, оны әрі қарай жетілдіріп, жоғарғы
оқу  орнына  түсуіне  жол  ашылып,  бүгінгі  жоғарғы  білімді  инженер,  енді
келіп қаламы ұшталған болашақ жазушы болуында Кеңес үкіметіне деген
ризашылығы мол...
Бір уақыттары біз қазақтың ұлы тұлғалары Ә. Бөкейханов, Т.Рысқұлов,
Б.Қаратаев және басқалардың тағдыры неге олай болды екен деген сұраққа
байланысты  ойымызды  төмендегідей  білдірген  болатынбыз:  «Собранные
по  крупицам  страницы  ...заставляет  задуматься  над  тем,  как  странно
складываются судьбы личностей. Почему они не были поняты и защищены
теми,  за  счастье  которых  боролись?  Почему  предлагаемые  ими  пути
преобразования  степи  оказались  порой  иллюзорно-догматизированными?
Они, мечтающие личности, серьезно верили в свою мечту, знали жизнь, были
способны сравнивать свои наблюдения со своими «воздушными замками»,
самозабвенно  трудились  над  осуществлением  своей  идеи.  Пали  потому,
что разлад между мечтой (личностью) и действительностью (окружающей
средой) вечен и непреодолим?» [1].
Алайда, бұл уақыт өткеннен кейін, зерттеушілердің қолдары мұрағаттар
сөресінде жатып қалған жаңа деректерге қолдары енді ғана жетіп, оңымыз
бен  солымыз  неге  солай  болды  деген  сұрақтарға  жауап  бере  алатындай
кезде айтылған пікір.
Әке-шеше  тәрбиесінен  ерте  айрылып,  «жетімдер  жүйесі»  арқылы
кеңестік  идеологияға  беріліп  кеткендей  көрінетін  І.Есенберлинге  келетін
болсақ,  ол  қоғамға  адал  қызмет  етудің  негізгі  көріністерінің  бірін  -
төңірегінде байқалып жатқан әділетсіздікке ашықтан-ашық қарсы тұру деп
санап, сол қағидадан өмір бойы таймаған. Жазушы үшін өмірдегі ең қиын
мәселе де осында болған. Өйткені, кеше ғана кейде жеке адамдар арасында,
ал  кейде  әлеуметтік  тұрғыдан  байқалып,  мүмкін  бара-бара  оларға  қарсы
тұрудың  жолдары  табылып  та  қалар  деген  кемшіліктер,  керемет  деген
социалистік  қатынастарда  қоғамдық,  ұлттық,  мемлекеттік  саясат  арқылы
байқала бастағанда, Есенберлин атты жазушы қаламгер ретінде «уақытынан
озғандық» танытты.
Сәл алға кетіп, жазушының 1967 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан,

61
1969  жылы  «Дружба  народов»  журналында  жарияланып,  1970  жылы
Мәскеуде «Советский писатель» баспасынан жеке кітап болып шыққан, одан
әрі 1974 жылы эстон, 1975 – латыш, 1983 жылы белорус тілдеріне аударылуы
арқылы басқа да тілдегі оқырмандардың қолына жеткен Есенберлиннің –
«Қатерлі өткел» романындағы «...қазақ оқығандарының біразының басында
болған адасу, толқу, жол таба алмай» қиналып барып, «халық пен партия
берген  мүмкіншілікті  ақтап  шыққан»  жазушы  және  оның  қарсыласы  –
Әкбар. Осы екеуінің арасындағы ымыраға келместей қарама-қарсылықтың
шешу жолын табудағы жазушының ұстанымы керемет.
«Әңгіме үлкен жанжалға айналуға жақын. Әкбар жауар күндей қап-қара
болып  түтігіп  алды.  Ал  Хасен  әлгідей  емес,  сәл  жадырай  түскен  тәрізді.
Ашуын  басқанын  білдіргісі  келгендей,  анадай  жерде  тұрған  домбыраны
алып, қайтадан «Ақсақ құланды» шерте бастады. Үй іші тып-тыныш бола
қалды. Батып бара жатқан күннің қып-қызыл сәулесі қаланың күнбатыс жақ
үстін алабұрта қызартып, терезеден «Помпейдің күйреуі» суретінің үстіне
құйылып тұр. Дәл сол мезетте бұл сурет көгілдір бояумен сырланған қара
көлеңке қабырғада нағыз бір жазықсыз төгілген қан секілді» [2. 33 Б.].
Кімнің қаны төгілмек, қашан?! Және де ең әділетті деген қоғамда неге
қан төгілмек? Социалистік бағытта дамуды бетке алған қоғамның бүгініне
зер  салып  бақылап,  оның  ертеңгісі  қалай  болады  екен  деп  көп  ойланып
жүргендер, жоғарыда айтқандай кеңестік дәуірдің өзінде-ақ байқала бастаса,
олардың  қарама-қарсылық  ойларының  нәтижесін  осы  бір  кішкене  сюжет
арқылы беріп отыру Ілияс Есенберлиннің кереметтігі емей – не екен?!
Әрине,  бұлайша  терең  ойға  жазушы  бірден  де  келген  жоқ.  Бірақ,
жоғарыда  айтылғандай,  жастайынан  естіген-көргендері  арқылы  ой
шырмауында жүретін баланың, кейіннен келіп қалам ұстап, ендіге жерде өз
ойларының  төңірегінде  ойлануға  миллиондаған  оқырмандарды  шақыруы
сонау балалық кездегі көріністерден бастама ала бастағандай.
Атбасарда  жүрген  кездерінде-ақ  оған  әділеттілік  жырын  жырлаған
партияның  сеніміне  кіріп  алып,  қылмағанды  қылдырып,  жасамағанды
жасап, болмағанды болдырып, қаптап жүрген «шолақ белсенділерге» «сен
тоқта»  деушілердің  болмауы,  қатты  әсер  еткен  болатын.  Солардың  бірі
атбасарлық  Микогоз  дегеннің  әрекеттері  Ілиястың  жүрегінде  орын  тебе
бастаған үлкен наразылықтың алғашқы бастамасы болса керек-ті. Және де
ол Микогоздың басқа ұлт өкілі болуы емес. Керек десеңіз оның не неміс,
не  грек  екенін  де  ешкім  анық  білмеген.  Сол  уақыттағы  адамдардың  бар
білетіні,  Атбасарда  бірінші  Дүниежүзілік  соғыстан  кейін  кенеттен  пайда
болып, Кеңес үкіметі кезінде аудандық соттың қойма меңгерушісі болып
шыға келген Микогоз ғана. Жоғарыда айтылғандай, оның ебін тауып билік

62
басындағылардың  қасынан  табылуы,  соларға  арқа  сүйеп,  адамдарға  күш
көрсетуі,  большевиктер  әкелген  теңдік  заманында  да  байқалуы  Ілиясқа
да ой тастамауы мүмкін емес. Алғаш рет барша атбасарлықтар алдында
ағайынды  Есенберлиндерді  жазықсыз  «кінәлі»  қылып,  ұрлықшы  балалар
атанғандарған  да  осы  Микогоз  еді.  Бірақ  бәрінен  өтіп  кеткені,  қарбыз
сұраймын деген сәбидің Микогоздың қамшысының астында қалып, басы
жарылғаны естерінен кетпеген.
Өзінен көп кіші, күштері де сәйкес келмейтін балаларға өте қатігездік
көрсетіп,  соларға  күш  көрсете  беретін  Микогоздан  қалай  да  өш  алуды
Ілияс жүрегіне қатты түйген. Осылайша жүріп Ілияс «сақалды орыстың»
(шындығында  Микогоздың  ұлты  орыс  емес  екені  жоғарыда  айтылды)
балаларға  қаншалықты  зорлық  көрсетсе,  оның  сол  әрекетіне  лайықты
жазаның да түрін ойлап тапқан. «Біздің өзіндік сотымыз өте қатал болды»,
- деп еске алады Раунақ, - біз Микогоздың жасаған қылмыстары үшін оны
сотқа тартуға болатынын білгеміз жоқ қой. Ол сотқа жақын қызметте деп
санап,  ол  үлкен  бастық,  ал  олай  болса  оны  сотқа  тарту  мүмкін  емес  деп
санайтынбыз».
Раунақтың  естеліктерінен:  «Бір  аптадай  уақыт  өтті  (оның  алдында
балалар  жиналып  Микогозға  тас  лақтырып,  ұрып  біршама  өштерін  алып
алғанға ұқсайды – Қ.А.). Ілияс екеуміз соттың алдынан өтіп бара жатып,
ағаш  орындықтың  үстінде  отырған  Микогозды  көрдік.  Жараланған  бет-
аузын дәкелеп тастапты. Қорқып тұрсақ та, қасына жақындадық.
Не, ауыра ма? – деп сұрады Ілияс.
-
Микогоз  оны  таныды.  Бірақ  еш  жауап  бермей,  теріс  қарады.  Соған
қарағанда бірдеңені түсінген болар.
Жеңілген  жау,  енді  жау  емес.  Енді  оған  мейірімді  болу  керек,  -
-
деді Ілияс маған» [3].
Өзіне  озбырлық  көрсеткен  жауынан  Есенберлиндер  осылайша  кегін
қайтара алды. Бұл жердегі оның ендігі шешімі де керемет: жеңілген жау,
енді жау бола алмайды. Оған кешірімді болу керек...
«Өмір мәнін, осылай ұққан кісіге:
Басқаға еткен жақсылықты ісінде!
Өз басынан аспаса адам бар қамы,
Ондай жанды бақытты деп түсінбе»
Микогоз жеңілді. Алайда жеңіске қуанып отырған Ілияс жоқ. Кеше ғана
мықты болып көрініп жүрген, енді міне қолынан түк келмей, жас балалардан
таяқ  жеп,  жүнжіп  отырған  Микогозды  көрген  Ілияс  мүлдем  басқа  ойға

63
қалған  сыңайда.  Басқалар  секілді,  Есенберлиндер  де    Микогоздан  қатты
қорқатын.  Өйткені,  ол  аудандық  прокуратураның  маңына  жақын  жүрген
адам. Ал ондай адамның, әрине, тірегі мықты. арқа сүйері зор болуы керек.
Сөйткен  Микогоздың  түрі  мынау.  Оны  билік  керек  қылып  отырған  жоқ.
Олай болса, жаңа қоғамда билікке арқа сүйеп жүрген атқамінерлер, шолақ
белсенділер қаптап жүрген «микогоздар» қайдан шығып жатыр?! Әзірше
Ілияс  үшін  оларды  «орнына  келтіру»  қиын  емес  сияқты:  таспен  атып,
жөндеріне келтіргендей. Бірақ мәселенің түп-тамыры тым тереңде жатқанын
жас Ілияс болсын, оны қоршаған басқа да балалар болсын әлі түсіне алмай,
өздерінің бойында Кеңес үкіметінің теріс іс-әрекеттеріне байланысты үлкен
наразылық үдерісінің қалыптаса бастағанын сезе де қоймаған секілді...
Ал  Ілияс  Есенберлинді  осындай  батылдыққа  итермелеген  «өмірлік
факторлар»  алда  молынан  тосып  тұрғанын,  оларға  қарсы  тұру  үшін
«жанының шүберекке талай түйілетініне» ол сенген жоқ.
Бірақ мен де
Қарсы саған тұра алдым,
Өйткені сен
Маған қатты ұнадың.
Ыстығыңа –
Майдай балқып ерісем,
Суығыңа –
Мұздай қатты шыдадым
(«Адам – мәңгілік» поэмасынан)
Ілияс  Есенберлин  қазақ  елінің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан  алып  қарағандағы  келбетіне  Кеңес  үкіметі  тұсында  елеулі
өзгерістер енгендігін мойындаған жазушы. Соның ішінде, әсіресе Қазақстан
ауыр өнеркәсібінің жаңа бағытта қалыптасып, дами бастауы, 1950-60-шы
жылдардағы агроөнеркәсіптік бағыттағы жасалған шараларға ол үлкен мән
берді.  Солай  бола  тұра,  орталық  биліктің  халық  шаруашылығына  деген
ерекше  ықыласының  бара-бара  үлкен  сәтсіздіктерге  бой  беріп,  біршама
жағдайларда олардың нәтижелерінің тиімдіктен гөрі, зиянды жақтарының
басымдылық  ала  бастауын  байқап,  неге  олай  болды  деген  сұрақтың
төңірегінде көп ойланғандардың, соның ішінде Кеңес үкіметінің халықтың
мүддесін барынша жақсартуға бағыттаған іс-әрекеттерінің 20-25 жылдарға
жетер-жетпес уақыт аралығында үлкен әлеуметтік проблемаларға соқтырып
жатқаны төңірегінде көп толғанғандардың бірі.

64
Кім  біледі,  егер  Ілияс  Есенберлин  биліктің  айтқанын  бұлжытпай
орындап, «тұр десе тұратын, отыр десе отыратын» шенеунік болса партия,
не кеңес аппаратының саясатына лайықты керемет бір жоғарғы дәрежедегі
«шабарманы» болар ма еді?!
Олай болмады. Және басқаша болады деп, мүмкін, Есенберлиннің өзі
де ойламаған болар. Есейе келе Есенберлин бір кездегі өзімен бақас болған
Микогоз секілділердің үкімет басына кенеттен келе қалған большевиктер
партиясының қауқары жоқ, бірақ күш иесіне әбден арқа сүйеген әлеумет-
тік топ екенін, бір кездері өзін қаңғыбастар тобынан жұлып алып, баспана
тауып  берген,  оқу  оқып,  білімді  азамат  болуына  көмектескен,  кеңестік
жүйенің ағынан гөрі, қарасының басым екендігін аңғара бастаған...
Бірде  «Ақтар  қозғалысының  жеңіске  жетуі  мүмкін  бе  еді?  –  деген
сұраққа    қазіргі  заман  жазушыларының  бірі  М.И.  Веллер  былай  жауап
берген: «Соғыстарда жеңіске жететіндер әскери адамдар емес - саясатшылар.
Ақтардың ұрандары: әділеттілік, заң, гуманизм. Бірақ олар осылай дей отыра,
не  айтқылары  келгендерін  нақты  түсіндіре  алмады...  Ал  большевиктер
болса, Ұлы идеямен қаруланған болатын. Әрине, оны жоққа шығаруға да,
одан  күмәндануға  да  болады,  одан  төніп  тұрған  қанды  утопияны  байқау
қиын емес. Солай бола тұрса да қансорғыш қанаушылардың мойынға ілген
қарғыбауын лақтырып тастап, билікті нақты еңбек еткендердің қолына беру
идеясының ұлылығымен келіспеуге болмайды» - деген [4].
1927 жылға дейін большевиктердің өздері «қазан төңкерісі» деп атап
келген  оқиғаның  негізгі  мақсаты  –  «билікті  еңбекші  бұқараның  қолына
беру»  болғанымен,  іс  жүзінде  ол  билік  кеңестік-большевиктік  жүйенің
арқасында дүниеге келген, соның жырын жырлаған «микогоздардың» билігі
болып  шықты.  Ал  І.Есенберлин  болса,  бара-бара  күш  алып  келе  жатқан
«төмендегілердің  билігі»  заманында  өзінің  алдынан  талай  «микогоздар»
шығатынын  әлі  білмеді.  Сөйтіп  жүргенде,  жоғарыдан  келіп  жатқан
қандай да болмасын бұйрықты бұлжытпай орындауға даяр тұрған бұл топ
Қарсақпайда алдынан қаптап шыға келді...
«Балалық  шағымыз  аяқталып,  одан  қиындығы  аз  болмаған,
мазасыздыққа  толы  жастығымыз  басталған  Қарсақпай  ...Ол  бір  қасіретті
оқиғаларға толы жыл болды. «Кіші Қазан төңкерісі» ұранымен жүргізілген
ұжымдастыру  мал  шаруашылығын  қатты  күйзелтті,  әлеуметтік  және
экономикалық орынсыз өзгерістер жасалып, ашаршылық басталды. Халқы
сырттан  әкелінетін  астықпен  күнелтіп  отырған  Қарсақпайға  маңайдағы
даладан  аш  адамдар  ағылып  келе  бастады.  Аудандық  атқару  комитетінің
тапсырмасымен Ілияс күндіз-түні аштарды Жосалы темір жол станциясына
апаруды  ұйымдастырып  жүрді...  Бір  апта  ішінде  ол  жүк  автомобилінің

65
қорабына  отырғызып,  бес-алты  жүз  адамды  жөнелтті»  -  деп  еске  алады
Раунақ Есенберлин [5].
Ілияс  Есенберлин  алғаш  рет  кеңестік  жүйенің  қатал  саясатының
зардаптарымен  бетпе-бет  жолыққан  шағы  да  осы  болар.  Жоқшылықтың
азабынан туындаған ашаршылықтан қырылып жатқан отандастарына оның
бар жасай алған көмегі – көшеде кездескен бір қазақтың баласын онсыз да
күндерін әзер көріп отырған апасының үйіне ертіп келуі. Алайда, төңірегінде
болып  жатқан  осындай  бір  сорақылық  көрініске  байланысты  «үндемей
қалуды»  «микогоздарды  жеңудің»  әдісін  таба  білген  Ілияс  әрекетсіз  қала
алмаған.  Раунақ  жазғандай:  «Қазақстанда  отызыншы  жылдары  болған
ашаршылықтың  қайғылы  сырлары  әлі  де  ақырына  дейін  ашылған  жоқ...
Мүмкін Ілиястың аудандық партия комитетінің хатшысы Телеляевтің атына
жазып,  адамдарды  құтқарып  қалудың  ықтимал  жолдарын  ұсынған  және
жан-жүрегі жараланған адамның жан дауысы болып табылатын баяндама
хаты сақталып қалған шығар» [6].
Туыстарының  естеліктеріне  қарағанда  қазақ  ұлтының  басына  түскен
қайғылы қасірет Ілиясты қатты есеңгіретіп жіберген. Өйткені, өзгелердің
қайғысына  ортақтасу  болашақ  жазушының  мінезіндегі  үнемі  байқалып
тұратын ерекшелік болғанға ұқсайды.
Ілияс Есенберлин туралы білетін адамдармен көп тілдескен жанның бірі
белгілі журналист, жазушы Сүлеймен Мәмет. Соның бірі көрнекті сатирик-
жазушы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай
Рәш. Кездесу барысында журналистің: «Сіз жазған фельетондардың ұшына
іліккен  қызметкерлердің  жағдайы  қалай  болатын  еді?»  деген  сұрағына
берген жауабы төмендегідей болған: «...Бір жолы Ғабең (Ғабит Мүсірепов –
Қ.А.) Қаз КСР-ның жоспарлау комитетінің төрағасы Браченконың өрескел
қылықтарын  жазуды  тапсырды.  Ол  Ленинградтан  келген  адам  болатын.
Өзімен  бірге  оншақты  қызметкерді  сүйретіп  жүріпті.  Олар  мемлекеттің
жұмысын  былай  қойып,  өздері  Мәскеумен  Ленинградтағы  үйлеріне  бару
үшін сылтауратып іссапарға шыға беретін көрінеді... олардың Мәскеудегі
отбасыларына  мемлекет  ақшасын  шығындап  барғаны  жайлы  «1002  түн»
деген  фельетон  жаздым.  Не  керек,  соңында  төраға  келген  ізімен  кетті.
Орнына қазақтың ардақты ұлдарының бірі Ілияс Омаров отырды.
Тағы  бір  мысал  айтайын.    «Қазақфильмге»  бастық  болып  Пястолов
деген келеді де, онда істеп жүрген көнекөздерді қырғи тигендей жұмыстан
шығара бастайды. Олардың қатарында айтулы жазушы Ілияс Есенберлин
де бар екен. Ол кісі Ғабеңе келіп, «Мынаның қуғыны қазақты есеңгіретіп
барады. Не істеуге болады?» - дейді.
Ғабең ол (Пястолов – Қ.А.) туралы фельетон жазуды маған тапсырды...

66
материалдарды  толық  жинастырып  «Қараңғыда  қыз  ойнақ,  күндіз  емес,
түнгі ойнақ» деген фельетонды жаздым... Пястолов көп кешікпей қызметтен
кетті...[7,  190-191ББ.].  «Мұхиттан  өткен  қайық»  романындағы  жазушы
Айбол  жұмыстан  заңсыз  кетірудің  амалын  «штатты  қысқарту»  әдісі
арқылы тапқан «мінезді, тегеурінді, бірақ тым қу адам» [8, 141Б.], қазақ
киностудиясының директоры Лястуновтың образында берілген кейіпкер,
бұрынғы  Свердловскі  киностудиясының  басшысы,  енді  келіп  қазақ  кино
өнерін «дамытуға» жіберілген В.А. Пястолов болып шықты.
Жазушы  Айболдың  басынан  өткен  оқиға  тура  Есенберлиннің
«Қазақфильм  эпопеясына»  өте  ұқсайды.  Жұмыстан  заңсыз  босатылған,
қайтадан  орнына  қабылдансын  деген  Орталық  Комитеттің  шешімімен
Айбол Лятуновтың алдына келіп отыр. «Ол мені қабылдамады. Екінші рет
тағы  бардым.  Ол  тағы  қабылдамады.  Тек,  үшінші  рет  тағы  барғанымда,
онымен кездестім. Мен кірген кезде, самаурындай басын төмен салбыратып
жіберіп, бірдемені оқып отыр екен. Жай тақыр емес, «піскен бас» десе піскен
бастай... Мен амандасып, сәлем бергенімде, сол отырған қалпында «күңк»
етіп жауап қайырды да, қағазын оқи берді. Амал жоқ, күтуіме тура келді...
Әйтеуір бір кезде қағазын оқып бітірді-ау. Енді мен оның сүзектен тұрғандай
беті мен өзіме тесіле қараған ашулы көздерін көрдім. Дәл қазір сарт етіп
атылып, оғы кеудемді тесіп жіберетін қатар кезенген екі тапаншаның суық
аузындай... Бір жақсысы көзін тез аударып әкетті де, бұқаның желкесіндей
күдірейген  мойнын  төмен  түсіріп  жіберіп,  тағы  да  алдында  жатқан  әлгі
қағаз бен түк-түк жүн басып кеткен жуан қолдарын қарай бастады».
Бастықтың  алдына  келіп  отырған  жай  адам  да  емес.  Ол  осының
алдында ғана «Құрмет тақтасынан» түспей жүрген, енді, міне, қарапайым
қызметкерлердің  арасында  өзін  соншалықты  «жоғары,  тәкаппар  ұстап,
Үлкен үйге барғанда құрдай жорғалап жүрген» директорынан «нон грата»
атағына ие болып, бастықтың кабинетінен «біреу екі тізесінен бірдей ұрып
жібергендей, тәлтіректеп әзер шығып отырған» жазушының өзі сияқты [9.
155 Б.]
Жаңа  директор  мен  жазушының  арасындағы  бірін-бірі  түсінбеушілік
неден басталды? Оның себептерін түсіну үшін Есенберлиннің бас кейіпкері
Айболдың  күнделігіне  көз  салсақ.  «Көп  жылдан  бері  бір  оңды  арманым
бар  еді.  Ол  –  алмастан  да  асыл  металл  табатын  оқымыстылар  жайында
сценарий  жазу  болды.  Жоқ,  жалпы  металл  қайнатушылар  туралы  емес,
өзім  жақсы  көрген  осы  мамандықты  мықты  игерген  ғалымдар  еді  менің
дәріптегім. Осындай ойдан туған «Болаттан да берік» атты көркемсуретті
шығарма  бірінші  фильмім  еді.  Қазір  осы  фильм  есіме  түсіп  кетсе,  өне
бойым, құрысқақ ұстағандай бір діріл пайда болады. Қырсық шу дегеннен,

67
көп жыл зерттеп жазған сценарийімді бөтен адамның жөндеуінен басталды.
Бұл жергілікті авторларға Лястуновтың «көмегі» еді. Ол бізге сырттай адам
қосуды  заңға  айналдырған,  соның  салдарынан  сценарийыма  қосымша
автор табылды (жалпы алғанда, маған қосылған автор өткір тілді, әжептәуір
дарынды, мінез-құлқы да дұрыс кісі болып шықты). Бірақ, ол кісі мені ғафу
етер, дәл осы сценарийге маған көмекшінің де, жетекшінің де керегі жоқ
еді.  Шу  дегеннен-ақ  екеуміз  бірімізді  біріміз  түсінбедік.  Сол  қайшылық
сценарийдің да өзіне тән құнын жоғалтты. Сосын бұл туындыға режиссер
өзіне  ұнаған  артистерін  жинай  бастады.  Менің  ойлаған  ойымнан  енді
дым да қалмауға айналды. Көп кешікпей солай болып шықты. Экран жас
ғалым сұлу қазақ қызы мен оны жақсы көріп қалған орыс оқымыстысының
махаббат хикаясына айналды... Мен ойлаған оқымыстылардың бейнелері,
олардың ізденуі, ерліктері, творчестволық проблемалары, қиын кезеңдері,
бәрі жайына қалды» [10. 154-159 ББ.].
Бұған  дейін  біз  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қорында
жинақталған  «Есенберлин  қорынан»  1940  жылдан  КОКП  мүшесі,
«Қазақфильм»  студиясының  бұрынғы  бас  редакторы  Есенберлиннің
Қазақстан Орталық комитетінің хатшысы И.Ю. Юсуповтың, Қазақстан КП
ОК Бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың, ОК 2-ші хатшысы Н.Н. Родионовтың,
хатшы  Н.Д.  Жандильдиннің  аттарына  жазған  хаттарын  кездестірген
болатынбыз.
Қызығы сол, кәсіпорын басшысы мен оның қарамағындағы адамдардың
арасындағы өндіріс мәселесіне байланысты туындаған кикілжіңнің соңында
үлкен әңгіменің тұрғанын сол кезде ешкім байқамаған. Есенберлин мүмкін
бұл мәселеге соншалықты саналы түрде араласпаған да шығар. Бұл мәселе
–  Қазақстанның  басшы  қызметкерлеріне  кадрларды  басқа  жақтан  әкеліп
қою. Ол нақ сол уақытта үлкен басшылар мен қатардағы, творчестволық
жолға енді ғана түсе бастаған жас жазушының арасындағы қатынастарды
түсінгендер де, оны сан-саққа жүгірткендер де болған. Таластың түп-тамыры
тым тереңде жатқанын түсіндіруге жанталасып Есенберлин жүрген.
И.Ю. Юсуповтың атына жазған арызында жазушы «Казақфильм» студия-
сына  Свердловск  киностудиясының  бұрынғы  директоры  В.А.  Пястолов
(ол  жақтағы  қызметінен  партиялық  қатаң  ескерту  алуына  байланысты
босатылған)  басшы  болып  келгенінен  бастап  студия  өзінің  жұмысын
төмендетіп  алғанын,  осыған  орай  өзі,  басқа  бірнеше  қызметкерлердің
бастауыш  партия  ұйымының  жиналыстарында  сөз  қозғағандарын,  жиын
барысында Қазақ КСР Мәдениет министрі Л.Г. Ғалымжанова, киностудия
директоры В.А. Пястолов, режиссер Ш.К. Айманов туралы сын-пікірлердің
айтылуы, «...послужило началом неприязненных отношений этих товарищей

68
ко мне...и я вынужден 2 октября 1962 года с группой товарищей написать
письмо в ЦК КП Казахстана, а 19 октября появилась в газете «Казахстанская
правда» статья под заголовком «Казахфильм» в цейтноте» - делінген [11. 6
п.].
Өкінішке  орай,  І.Есенберлин  сол  кездегі  Қазақстан  Коммунистік
партиясы  жоғарғы  басшыларынан  қолдау  таба  алмады.  Өйткені,  Исмаил
Юсупов,  Нұрымбек  Жандилдін  секілді  басшылар  сол  кездері  жоғарыдан
қазақтың  ұлттық  дәстүрлерін,  өнерін  еуропалық  мәдениетпен  ауыстыру
керек деген ұранды мүлтіксіз орындауға білек сыбана кірісіп жатқан еді.
Нәтижесінде, Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Жүсіп Қыдыров секілді
талантты шығармашыл жастар қатты сынға түсіп, одан қалды Ә. Кекілбаев,
О.Сәрсенбаев тіпті ақындықтан бас тартқан. Қазақтың ұлттық музыкасын
дамытуға елеулі үлес қосқандары үшін Юсупов пен Жандилдіндерден қатты
зардап шеккендердің қатарында Ахмет Жұбанов та болған [12].
І.Есенберлин  өзінің  арызында  осыдан  кейін  студияның  жұмысын
тексеріп, комиссия келгенін, комиссия мүшелерінің 40-қа жуық адамдармен
кездескенін,  кейіннен  бұл  сұрақтың  Орталық  Комитеттің  Ғылым  мен
мәдениет  бөлімінде  қаралғандығы  туралы  сөз  қозғайды.  Бірақ  Қазақстан
Компартиясы  Орталық  Комитетінің  хатшысы  қала  активі  жиналысында
(1971  жыл,  1  қаңтар)  сөйлеген  сөзінде  киностудияның  жұмысы  туралы
айтқанның  орнына,  хат  иелерінің  атына  моральдік  те,  заңдылық  та
тұрғысынан негізсіз ұлтшылдық тұрғыда күнә тағылғандығы туралы өкініш
білдірген.  Осыдан  кейін  директордың  бұйрығымен  (кадрлар  қысқартуын
сылтау етіп) жұмыстан босатылғанын айтады [13. 39 п.].
Соңғы  бес  жылдың  ішінде  не  партиялық  тұрғысынан,  не  әкімшілік
тұрғысынан  бір  де  бір  рет  ескерту  алмағандығын,  одан  әрі  осы  жылдар
ішінде 4 көркемсуретті фильмдерді өндіріске енгізіп, бірнеше сценарийлер
дайындағанын мысалға ала отыра, І. Есенберлин былай деп жазады: «Я, как
писатель, владеющий как казахским, так и русским языками, имел больше
морального права работать на студии, чем дочь заместителя председателя
Совмина КазССР Т. Симакова, по опыту работы или по образованию далекая
от кино...» [14, 39 п.].
Д.А. Қонаевтың атына оператор И. Тынышпаев, редактор І. Есенберлин,
суретші Қ. Ходжиев, режиссер К. Әбусейітовтер атынан келіп түскен хат та
осы қордан табылып отыр.
«В  настоящее  время  киностудия  «Казахфильм»  переживает
исключительно  трудный  период.  Производство  художественных  фильмов
сократилось.  В  результате  огромное  достижение  Казахстана  за  годы
Советской  власти  не  получили  еще  должного  отображения...  Жизнь

69
республики многие наши фильмы показывают как «в кривом зеркале»...
...Это  является  результатом  порочного  стиля  руководителя  студией
со стороны Пястолова, который вместе с поддерживающими некоторыми
работниками  студии  (т.т.  Бегалин  М.С.,  Айманов  Ш.К.),  многое  сделали
для  того,  чтобы  отбить  у  ведущих  казахских  писателей  всякого  желания
работать в области кинодраматургии.
...Все  это  происходит  при  явном  попустительстве  и  поддержке  со
стороны Министра культуры КазССР т. Галимжановой Л.Г.» ...» [15, 15 п.]
Хатпен  қоса  15  беттен  тұратын  қосымша  берілген.  Проблемалар
жіктеліп, бірнеше бөлімдер арқылы берілген бұл құжаттың да ойландырар
жерлері аз емес.
1. О стиле руководства
1.1.Характеризуя  стиль  руководства  т.  Пястоловым  Свердловской
киностудией, газета «Советская культура» от 14 января 1961 года писала:
«...в  коллективе  нет  опытных,  зрелых  мастеров,  больших  художников,
умеющих  повести  за  собой  начинающую  молодежь...  Именно  поэтому
особо значимой должна была стать роль... художественного совета студии.
Но, к сожалению этого не случилось»
Этого не случилось и на студии «Казахфильм». [15, 16 п.]
1.2. Тяжелое положение с качеством продукции студии, с ее перспекти-
вами на будущее, усложнилось и тем, что т. Пястолов начал выступать в
роли  теоретика  в  национальном  вопросе.  Выступления  т.  Пястолова  по
национальному  вопросу  вызваны  его  стремленим  поддержать  отдельные
сценарии,  представляющиеся  коллективу  студии  идейно  прочными.  В
первую очередь речь идет о сценарии т. Симашко «Новая земля», где дана
противоречащая фактам картина жизни целины [17, 20 п.].
Другой  пример.  Вместо  того,  чтобы  готовить  фильмы  о  подвиге  28-
ми  гвардейцев-панфиловцев,  о  прославленных  Героях  Советского  Союза
Маншук  Маметовой  или  Алии  Молдагуловой,  т.  Пястолов  дает  указание
на  заключение  договора  на  сценарий  «Муравей»,  действия  которого
происходит в дни Великой Отечественой войны, но никакого отношения к
вопросу участия Казахстана в войне не имеет [18, 120-21п.п.]
2. О работе с авторами, в частности с писателями Казахстана
Дирекция  студии  не  создала  и  не  создает  условия  для  нормальной
работы с писателями, в частности с казахскими, есть тенденция не работать
с ними.
...Так  например,  из  списанных  15  произведений  –  10  произведения

70
казахских авторов (Мусрепова, Ахтанова, Шашкина, Абишева, Бекхожина,
Аманшина,  Хасенова,  Жумажанова,  Сатаева,  Сарсембаева)  и  заключены
вновь договора на 9 произведений, из них казахов только 2 человека; один
из  соавторов  т.  Сокпакбаев  и  один  автор  –  Ашимов,  при  том  с  автором
Сокпакбаевым договор был заключен после того, как случайно приехал в
Алма-Аты т. Зелеранский и заявил желание быть соавтором его повести [19,
23 п.].
Одан  әрі  С.Мұқанов,  Ә.Сарсенбаев  секілді  ірі  жазушылармен  қатар,
Қазақстанда болашағынан  үміт  күткізер жаңа  буынның  қалыптасып  келе
жатқан  жас  шығармашылардың  бар  екендігі,  өкінішке  қарай  олардың
ішіндегі М.Хасенов т.б. студияның «темір қақпасын» бұза алмай жүргенде-
рін сөзге тірек еткен.
Иә, уақыт өткеннен кейін қолымызға түскен құжаттардың негізінде Ілияс
Есенберлин (бүгінгі күннің талабына сәйкес) орынды мәселелер туралы сөз
қозғағаны даусыз. Бірақ тарих шындығына келетін болсақ, Есенберлиннің
қарсыластарының ішінде сырттан келген бір адам бар (ондайларды орыс
тарихнамасында  «варягтар»  деп  атаған).  Ол  «Казахфильм»  студиясына
директорлық қызметке сонау Свердловскіден шақыртып алып тағайындал-
ған В.А. Пястолов деген адам. Бір қызығы, Орал аймағында тура осындай
қызметте жүріп, оның ол жақтағы қызметтегі жасаған «кереметтері» жоғар-
ғы басшыларға белгілі де болған. Бірақ соған қарамастан ол Қазақстанға,
тағы  да  жауапты  қызметке  жіберіліп  отыр.  Міне,  бұл  жердегі  Ілияс
Есенберлиннің  «көрегендігі»  соншалықты,  әлі  толығымен  сезіп  білмесе
де,  партия  мен  үкімет  басшылығында  кадрлар  мәселесіне  байланысты
жүйеге  айналып  келе  жатқан  өте  бір  кесірлі  де,  әдепсіз  қылықтың  шет
жағасын  көтеріп  отыр.  Ол  –  КСРО  Конституциясына  сәйкес  Кеңестер
Одағының  құрамындағы  егеменді,  тәуелсіз  болып  саналатын  ҰЛТТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІҢ  өз  басшыларын  өздері  тағайындай  алмайтын  дәрежеге
жетіп отырғанын көрсету.
Кеңестер  Одағындағы  жетекші  партия  –  Коммунистер  партиясының
Ғ. Мүсірепов
Т. Ахтанов
Қ. Бекхожин
Ә. Нұрпейісов

71
атынан  КСРО  басшылары  теория  жүзінде  ұлттық  мемлекеттердің
құқықтарын  толық  мойындағандай  болғанымен,  іс  жүзіне  келгенде  олай
болмай  шықты.  Ілияс  Есенберлин  Пястолов  секілділердің  Қазақстанға
келгеніне  наразылықтарын  білдіріп,  олармен  «таза  партиялық  жолмен»
күрес жолына түсіп жатқанда, ол өзінің соңынан талай өзі секілді «уақыттан
озғандардың» еретінін әлі білмеді.
Және  де  осы  бассыздыққа  қарсы  әлсін-әлсін  байқала  бастаған
әрекеттердің  1986  жылы  әбден  кемеліне  жетіп,  Уралдан  шыққан  Колбин
сияқты тағы да бір жетесіз басшыны, республиканың келісімінсіз, жоғарғы
басшылыққа  Кремльдің  тікелей  шешімімен  Қазақстанға  әкелгенде
мыңдаған  жастардың  көшеге  шығып,  саяси  ұрандар  көтеруінің  арғы
жағында көзге көрінбеген Ілиястың әрекеттері тұрғанын әлі сезбеген. Ілияс
Есенберлин 1986 жылғы жастар қозғалысын көрмей кетті. 50-ші жылдары
Ілияс Есенберлин қаймықпай қарсы шыққан варягтардың соңында, 1986-
шы жылғы желтоқсан қозғалысынан кейін бірнеше қазақ жастарын «өлім
эшафотына» аттандырған тағы да сол Свердловскіден келетін В. Колбин
болып  шығатынын  басшылар  сезбеді,  сезсе  де  «түйеқұстық  әрекеттен»
аса алмады. Өкінішті – ақ. Егер кезінде Есенберлин, сол сияқты жекелеген
қазақ  зиялы  қауым  өкілдері  Коммунистер  партиясының  20-шы  жылдары
бас алып, ұлттық мемлекетті Орталықтанған билікке байлап-матап қоюдың
жолдарын «варягтар» арқылы шешу тәсілдеріне қарсылығы жаппай қолдау
тапқанда, мүмкін біздер кешегі «желтоқсан зарына» жетпес пе де едік?!
Астаналық  жазушы  Амантай  Кәкен  өзінің  бір  мақаласында  былай
жазады: «Елді дүр сілкіндірген үлкен оқиғаның жаңғырығы кейде одан әрі
жалғасып,  ертегі  сияқты  шартарапқа  жайылып  жатады.    Бірақ  бұл  аңыз-
әңгіме емес еді. Біраз адамдар тамсанып, ауыздарының суы құрып айтты. Біз
де оны естідік... Оқиға 1979 жылғы маусым айында қазіргі Астана қаласында,
ал сол кезде Целиноград деп аталатын шаһарда неміс автономиясының қазақ
жерінде ұйымдастырылуына қарсы болған демонстрацияға байланысты еді.
Ол туралы баспасөз бетінде мынадай дерек келтіріледі:
«...Обкомның бірінші хатшысы Н.Морозовтың алдына бір қыз барып:
«Автономия  туралы  указ  шыққан  күні  осы  алаңға  келіп  мен  өзімді  өзім
керосин  құйып  өртеймін!  Жерімнен  жан  садаға!  –  дегенде  көзіне  жас
үйірілмеген, жаны толқымаған бірде-бір адам қалмаған...
Кейіннен Алматыға, Жазушылар одағының пленумына барғанымызда
туған  жеріндегі  жанкешті  оқиғаны  куәгерден  естігісі  келген  Ілияс
Есенберлин  әңгіменің  осы  тұсына  келгенде  қалтасынан  қол  орамалын
қармана берді. Кейіннен тағы бір кездескенімізде қайран Ілекең:
-  Сол  қыздың  аты-жөнін  білдің  бе?  –  деп  қиылды.  Әрине,  ол  кезде

72
мұндай ұшқары сөздің авторларын сұрап білуге болмайтын. Суреттеп айту
да қиянат. Қаншама жастар оқу орнынан, жұмыстан қудаланып жатты.
- Апырмай, сол қызды бір көрсем, шіркін! Тым болмаса атын аташы.
Бір романның штрихы дайын тұр. Тек соның кілті – қыздың атын білсем,
мүмкіндік болса – көрсем! - деп армандады Ілекең [20. 160-161 ББ.].
1979  жылғы  Целиноград  қаласындағы  оқиғаға  қатынасқаны  үшін
қудаланған  қазақ  жастарының  бірінің  тағдыры  туралы  естігенде  жазушы
Ілияс  Есенберлиннің  ешкімге  айтпаса  да,  іштей  бір  үлкен  тебіреністе
болуының  орны  бар.  Ал  Амантай  Кәкен  кейін  аты-жөнін  анықтап,  ол
азаматшаның  аты-жөні  Алтыншаш  Бейсембаева  екенін,  Ақмола  облысы
Ерейментау елді-мекенінде тұрып жатқандығы туралы жазушы Есенберлин
білмей кеткен.
Сол  сияқты  жазушы  жаңа  заманда  қазақ  жерін  бөліп  әкетуді
ұйғарып, ұйып отырған ұлттың берекесін бұзған партия басшыларының
шешіміне нақты қарсы болғандардың бас шебінде өзінің жерлестерінің –
атбасарлықтардың жүргенін, оларды ұйымдастырушылардың ішінде соғыс
және еңбек ардагерлерімен қатар мектеп мұғалімдері Тайық Абылғазина,
Мыңжан  Сүтбаев,  сатушы  Майдаш  Опабекова,  Сабыр  Кенжебаев
болғанынан да хабарсыз болған еді.
2013  жылдың  шілде  айында  Атбасар  қаласындағы  Ілияс  Есенберлин
атындағы Әдеби музейінде ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында біз, осы
адамдарды  іздеп  барып,  жолықтық.  Батыр  да,  батыл  жазушы  ағамыздың
жерлесі Сабыр Кенжебаевтың айтуынша неміс автономиясы туралы әңгі-
мені бірнеше күн бұрын естіген көрінеді.
Атбасар  қаласына  Целиноград  ауылшаруашылық  институтының
бірнеше студенттері келген. Олар көптеген үгіт қағаздарын (листовкалар)
ала келіп, соларды көпшілікке таратуды сұрады. Біз отыз шақты жастарды
жинадық.  Солардың  көмегімен  үгіт  қағаздарын  көше-көшеге  тараттық.
Түнделетіп жүріп үйлердің қабырғаларына, бағаналарға жапсырдық. Бірақ
ол жігіттер митингіге қатынасқан жоқ. Оларды бөлек ұстап отырдық – деп
еске алған болатын С. Кенжебаев бізбен кездесу барысында.
«Біз,  жеңгем  Тайық  Абылғазина  екеуміз  неміс  автономиясы  туралы
жоғарыдан  шешім  қабылданғанын  бірнеше  күн  бұрын  білдік.  Митингі
болады деген күннің қарсаңындағы түнде жақын маңда тұратын қазақтардың
үйлеріне барып, оларды жиналысқа қатысуға шақырмақ болдық.
Алдында маған жеңгем сен жүрсең ағаң ренжитін болар деген соң, сол
кездері ет комбинатының директоры болып қызмет істейтін ағама жолыққан
едім. Білмеймін неге екенін, ағам соның алдында ғана партиялық билетін
өткізген болатын. Алайда, ағам мені тоқтатқан жоқ.

73
Көшеге шықтық. Бір қызығы барлық қазақтардың терезелерінде жарық
жоқ. Тек немістер тұратын үйлерде ғана жарық жанып тұрды...
Ертеңіне митингіге қатынастық. Адам көп болды. Бәрінің айтатындары:
«Жерімізді  бермейміз!  Автономияға  қарсымыз!».    Араларында  мен  де
жүрмін. Сондағы айтқаным: «Менің әкем жерімізді қорғаймын деп жүріп,
Ұлы Отан соғысынан қайтпады. Қайда жерленгенін де білмейміз. Біз болсақ
жетім өстік. Енді сол жерді бізден бейбіт күндері тартып алмақ...».
Далада көп тұрдық. Ішке кіруден бас тарттық. Кейін үйімізге тарадық.
Кейін жұмыста басшылар, одан қалды аудандық қауіпсіздік комитетінің
адамдары  біраз  әуреледі.  Сұрайтындары:  «неге  бардың,  кім  үгіттеді?».
Ақыры  тынышталды  ғой.  Кейін  естідім.  Д.А.Қонаев  ешкімге  тиіспеңдер
деген екен деп».
Бұл 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы үш күніне қарай аяқ басқан,
ел үшін, жер үшін жандарын беруге дайын тұрған қазақ жастарының ХХ
ғасырдың соңына қарай жоғарыдағы басшылардың ұлттық саясатына деген
нарызылығын білдірудің алғашқы қадамдары болатын.
Ал  кеңестік  ұлттық  саясаттың  неге  әкеліп  соқтыратынын  алдын  ала
болжаған жазушы Есенберлин партияның жергілікті кадрлармен санаспай,
оларды  елдің  қыр-сырын  білмесе  де,  айтқанды  мүлтіксіз  орындаушы
«варягтармен»  алмастыра  бастауынан  көріп:  «ұлтқа  көрінбей  келіп,
оның  жанын  үндемей  алатын»  деген  сөздерімен  өзінің  осыған  дейінгі
наразылығын  тар  кеңселерден  шығарып,  көркем  шығармалары  арқылы
көпшілікке жеткізуді мақсат тұтқан.
Партияның  «ұрдажықтарымен»  жеке  жүріп  күресудің  қиын  екенін
Есенберлин  білмеді  емес.  Өйткені,  киностудияда  қалыптаса  бастаған
жағдайды  өзіндік  демократиялық  жолмен  (бастауыш  партия  ұйымының
жиналысы арқылы) шешуді қалағанымен, олай болмай шықты. Ол өзінің
И. Юсуповтың атына жазған арызында тіпті былай деп те жазады: «Егер
де біз өзіміз қателескен болсақ, онда оны көрсету, түсіндіру керек емес пе?
Жөнді жауап бергеннің орнына, ұлтшылсың деген секілді таңба тағу дұрыс
емес  қой»  [21,  40  п.].  Себебі,  «Казахфильм»  киностудиясының  басшысы
Пястоловты  сынағаннан  басталған  қудалаудың  соңы,  1963  жылдың  8
қаңтарында  киностудия  директорының  орынбасары  Х.Абылғазин  қол
қойған №5 бұйрыққа сәйкес жұмыс көлемінің қысқаруына орай студиядағы
қызметкерлердің  санын  қысқарту  керек  деген  қолдан  жасалған  комитет
басшыларының  хаттамасы  мен  №24  бөлім  цехтары  бастықтарының
түсініктемелерін негізге ала отырып, 17 адам жұмыстан босатылса, оның
ішінде Ілияс Есенберлин де болған.
Жазушы  болса,  студияда  жұмыс  істеп  келген  бес  жылдың  ішінде  4

74
көркемфильм  дайындап,  бірнеше  сценарийлер  жазғанын,  осы  уақыттың
бір де бір рет ескертулер алмағанын айтып, бұл бұйрықтың негізсіз екенін
айтып дәлелдеуге тырысқан.
Есенберлин қорындағы сақталған кейбір құжаттардан:
1958 жылғы 12 желтоқсандағы № 303/к
бұйрықтан көшірме
Жолдас  К.Сатыбалдиннің  демалыста  жүрген  кезінде,  сценарийлер
бойынша директордың міндетін атқару, сценарийлік бөлімнің аға редакторы
жолдас І. Есенберлинге жүктеледі.
* * *
Бекітемін
Киностудия директорының орынбасары
Қ. Сатыбалдин
Келісім шарт
Алматы көркемсурет киностудиясы мен хроникалды фильмдер атынан
«Толқындар үстіндегі шағалалар» атты фильмінің директоры П.А. Юманков
бір  жағынан,  екінші  жақтан  жазушы  І.  Есенберлин  төмендегі  бойынша
келісім шарт жасады:
«Киностудияның тапсырмасы бойынша жазушы Есенберлин бір өлең-
нің - Нұрғалидің әні текстін жазуды өз міндетіне алады».
* * *
1960 жылғы 2 сәуірдегі № 91/к
Бұйрықтан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет