Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Абсеметов  М.  О  неизвестном  романе  Жюль  Верна  /Жюль  Верн.
Курьер царя. Роман. Алматы, «Шабыт», РГЖИ «дәуір», 16-993. – 192 с.
2. Середа Н. Бунт киргизского султана Кенесары Касымова. «Вестник
Европы». Кн. 8, 1870
3. ҚР ОММ. Ф. 2144. Оп. 1. Д. 74. Л.11.
4. В. Осипов. Александр Пушкин. – россияном о казахах // Нива. – 1991,
- №1.
5. Айқын. №23 (719). – 2007. – 20 августа / Қараңыз. Шымшықов Ж.
Тәуелсіздіктің рухы тарихи әділеттілік арқылы ғана көтеріледі / Азаттық
үшін алысқандар. - Астана. - 2001.
6. Косвинов М.К. Двадцать три ступени вниз. 3-е изд., исл.док. – М.:
1990. 436 б.
7.  Мартин  Т.  Империя  «положительной  деятельности».  Нации  и
национализм в ССР, 1923 – 1939. М. 2011
8. Андрей Сорокин. ССР – неудавшаяся империя или государств наций.
// Родина. Российский исторический журнал. – 2013. № 2.
9.  Ілияс  Есенберлин.  Он  томдық  шығармалар  жинағы.  Үшінші  том.
Маңғыстау майданы Алматы. «Жазушы»- 1985
10. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХҮШ веках (сборник документов
и материалов). Алма-Ата, - 1961.
11.  Есенберлин  І.  Көшпенділер:  Тарихи  трилогия.  –  Алмалы:

129
«Көшпенділер» баспасы, 2008
12. Бұл да сонда
13. Есенберлин. Қатерлі өткел. Көрс. әд..
14. Бұл да сонда
15. Бұл да сонда
16. Бұл да сонда
17. І. Есенберлин. Қатерлі өткел.
18. С. Куттыкадамов. Лодка, так и не переплывшая океан // Арай. №
10-12.
3.2 Абыройға лайықты «импрам»
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңа тұрғыдағы мемлекет ретінде
қарышты  қадамдарымен  көзге  түсе  бастағаннан-ақ,  осының  алдында
ғана  әлемдік  қауымға  мүлдем  белгісіз  болып  келген  қазақ  мемлекетінің
феноменальды  жетістіктеріне  таң  қалушылардың  саны  артты.  Солардың
бірі  –  Ұлыбритания  елінің  белгілі  жазушысы,  әрі  қоғам  қайраткері
Джонатан  Айткен.  Қазақтың  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың
елге тұтқа боларлық әрекеттеріне назар аударған ол, нағыз қиын уақытта
көшбасшылыққа лайық бола алған жетекшінің соңында сенімге лайықты
алып күштің тұрғанына да назар аударады. «Қазақстан тәуелсіздігі апаттан
басталды», – деп жазады ағылшын жазушысы, «оның көпұлтты халқының
үлкен бір бөлігі шаттана масайраудың орнына, мәңгіріп қалды. Жаңа, 1992
жыл басында тұңғыш Н.Назарбаевтың алдындағы тұрған проблемалардың
ауыр болғандығы соншалықты, елдің өмір сүруге деген мүмкіндігі, ең жақсы
айтқанда – әлсіз, ал жаман айтқанда болар-болмас қана еді» [1. 173].
Осыған  қарамастан  қазақ  ұлты  қанына  біткен  төзімділік  пен
шыдамдылық,  болашаққа  деген  сенімділігінің  арқасында  жеңістің  тәтті
дәмін  тата  алды.  Ағылшын  саясаттанушысы  Қазақстан  Президентінің  ең
қиын жағдайларда елге тұтқа боларлық үш факторға арқа сүйегенін алға
тартса, соның ішіндегі ең негізгісі – халықтың бойындағы өзін-өзі сақтап
қалу инстинкті екені дау тудырмайтын аксиома.
Әрине,  бұл  жерде  ұлы  адамдардың  өркениетке,  тарихтың  дамуына
қосқан  үлестерін  ешқашан  да  естен  шығаруға  болмайды.  Қай  қоғамдағы
болмасын  олар  халық  ойларынан  шыққан  бастамалардың  іске  асуына
күш  салысуларының  жиынтығы  болып  саналатыны  да  даусыз.  Француз
психологы  Гюстав  Лебонның  [2]  пікіріне  сүйенер  болсақ,  тарихшылар
қандай да болмасын керемет ойдың басына жеке тұлғаның аты-жөнін жазып
қойғылары келгенімен, тамаша идеяның бір ғана адамға байланысты болуы

130
мүмкін емес. Көптеген адамдардың ойында жүрген идеяны жеке адамның
ерекше тұрғыда көрсете алуы. Осы айтылған пікір, әсіресе, кезіндегі Кеңес
Одағына да байланысты ма деп қаласың. Үстеріне киетін киімі, тойып жейтін
тамақтарының  жоқтығына  қарамастан,  Одаққа  бірікккен  миллиондаған
адамдар, ағылшын мемлекетінің Премьер-министрі У.Черчиль бір кездері
айтқандай «соқамен жер жыртып жүріп, атом қаруына ие болды» емес пе?!
Осыны қалай түсіндіруге болады?!
1945 жылы Мәскеу қаласында Қызыл алаңда Кеңес Одағы халықтарының
Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңісіне  орай  үлкен  әскери  шеру  болғандығы
белгілі. Кешінде Кремльде осыған орай болған қабылдауда И. Сталин мына
сөздерді де айтқан екен: «Не думайте, что я скажу что-нибудь необычайное.
У меня самый простой, обыкновенный тост. Я бы хотел выпить за здоровье
людей,  у  которых  чинов  мало  и  звание  незавидное.  За  людей,  которых
считают «винтиками» великого государственного механизма, но без которых
все мы — маршалы и командующие фронтами и армиями, говоря грубо, ни
черта не стоим. Какой-либо «винтик» разладился - и кончено. Я подымаю
тост за людей простых, обычных, скромных, за «винтики», которые держат
в состоянии активности наш великий государственный механизм во всех
отраслях науки, хозяйства и военного дела. Их очень много, имя им легион,
потому что это десятки миллионов людей. Это - скромные люди. Никто о
них не пишет, звания у них нет, чинов мало, но это - люди, которые держат
нас, как основание держит вершину. Я пью за здоровье этих людей, наших
уважаемых товарищей» [3].
Өкінішке орай, іс жүзінде олай болмай шықты. Коммунистік идеология
келе-келе  халықтың  алпауытты  күшін  социалистік  қоғамның  салтанатты
шеруіне  мүлдем  басқа  бағытта  пайдалануды  жөн  көрді.  Кеше  ғана  алып
құрылыстың басында болып, қырғын соғыста ұлы жеңіске қол жеткізген
халық  бара-бара  титімдей  бұрамаға  айналып  бара  жатқаны  байқалмай
қалды. Кеңес үкіметі халықпен санасу дегеннің не екенін білмеді емес, білсе
де мойындағысы келмеді. Халық ғұмыры – тарихи дамудың диалектикалық
заңдылығын құрайтын жалғыз нысана. Дәуірлер сипатынан табиғи дамудың
бел-белестерін, алған асу, шыққан биігін пайымдап, кешегі мен бүгінгінің
ара-қатынасын  ажыратуға,  өзгенің  өресі  жетпес  жорамал  деректердің
жанды-жансыз жобасын жасауға болады – деген пікірден мүлдем алшақ.
Қоғам  болса  өзіне  деген  немқұрайлықты  байқап  жатқанымен,  репрессия
мен күш-көрсету тәсіліне негізделген саясаттан әбден үркіп қалған уақытта,
наразылығын  ашық  тұрған  есіктің  табалдырығынан  асыра  алмай  жатты.
Осындай  уақытта  әңгіменің  төркініне  өз  шығармалары  арқылы  жетуді
мақсат еткен аздардың бірі Ілияс Есенберлин. Ол қазақ тілінде кездеспейтін,

131
мағынасын бірден түсіндіруге қиын болып келетін «импрам» деген терминді
жиі қолданған: қызығы сол, бұл анықтаманы «Көшпенділер» ғана емес, Ілияс
Есенберлиннің басқа да шығармаларында кездестіруге болатындығында.
«Халық оның ең жоғарғы төрешісі, ең үлкен сыншысы және ең жақын
қорғаны.  Сондықтан  да  өзінің  кейбір  жолдастары,  тіпті  өзінен  қызмет
сатысында биік тұрған белгілі адамдардың халық ұнатпаған, қабыл алмаған
істеріне қарсы тұрамын деп соңынан таяқ та жеген, басына сан қатер төнген»
[4, 165 б.] – деп өзінің бас кейіпкерін бір шығармасында осылайша сөйлетіп
отырған жазушы Ілияс Есенберлин үшін бұл қағида дами келе оның барлық
шығармаларындағы негізгі ойға айналған деуге болады.
Ілияс Есенберлин кеңестік тарихнамада ерекше қалыптасқан, қандай да
болмасын мәселені түсіндірудің кеңестік жолынан бас тартуды ұсынбаса да,
оның нәтижелері мен зардаптары төңірегінде көп ойланған шығармашыл
тұлға. Оның шығармаларында дайын сұрақтарға дайын тұрған жауап жоқ.
Міне, сондықтан да болар оқырман қауым бұған дейінгі тарихи тақырыптағы
шығармалардың  маңыздылығын  жоққа  шығармаса  да,  Есенберлиннің
туындыларына ерекше назар аударған. Керек десеңіз, бұл көрініс кеңестік
оқырмандардан да асып кетіп, басқа тілдегі оқырмандарға әсер етіп жатты.
«Рас, шығарманың кей тұстары әдеби – көркем шығармадан гөрі тарих
оқулығына  көбірек  ұқсап  кетеді.  Біле-білсек,  жазушы  бұл  әрекеттерге
саналы  түрде  барған.  Мұны  біз  Қадыр  ақын  айтпақшы,  «тарихы  қалың,
оқулығы  жұп-жұқа  елдің»  өткенінен  бүгінгі  ұрпаққа  толыққанды  хабар
беру  ниетінен  туындаған  өзіндік  тәсіл  деп  түсінуіміз  керек.  Өйткені  бұл
шығарма  сол  кезең  туралы  алғашқы  барлау  ғой.  Осы  ретте  қандай  іске
құлаш  ұрғанын  бір  кісідей  санаулы  санаткерлердің  қатарында  тұрған
қаламгердің кезінде «Қаһар» романы туралы айтқан мына пікірі еске түседі:
«Тарихи эпопеяны жазуды соңғы кітаптан бастауымның себебі – жиналған
архив  деректерінің  молдығы,  қамтылатын  дәуірлер  ауқымының  кеңдігі,
ойлаған, жоспарлаған кітаптарды түгел жазуға ғұмырым жете ме, жетпей
ме  деген  күдік»  дей  келіп,  ол  көңіліне  ұялаған  күдігі  туралы  «Жұлдыз»
журналының тілшісіне берген сұхбатында былай деді: «Мұның мәнісі бар.
О баста, тарихи деректерді жинау кезінде, романға кіріспес бұрын, іштей
жоспар  жасаған  едім.  Яғни,  көңілімде,  іс  жоспарымда  халқымыздың  500
жылдық тарихын қамтитын трилогия болып қалыптасты. Бірақ трилогияны
ең  соңынан  бастауыма  себеп  көп  болды.  Ең  алдымен  тіршіліктің  кейбір
тауқыметін тартқандықтан ба, үшеуін бірден қамтып жазуға өмірім жете ме,
жетпей ме деп те қауіптендім. Содан болар халыққа, болашақ үрім бұтаққа
айтпақ болған ойымның тарихи оқиғаларға деген жазушылық тенденциям
мен  позициямның  айқын  көрінісі  болған  басты  Темірқазығым  –  «Қаһар»

132
еді. Егер алдыңғыларын айтып келіп, көксеген негізгі ойыма қол жетпей
қалса,  өмірбақи  арманда,  орны  толмас  өкініште  өтуім  мүмкін  ғой.  Ойға
алған, көңілге түйген трилогияның ең әуелі соңынан бастап жазылу сыры
осы еді» - деп жазады есенберлинтанушы Қ. Алпысбаев [5].
Бұлай болатын себебі, І. Есенберлин көне замандардан бастап белгілі
бір  жерде  тұрақтана  бастаған  адамдар  қауымдастығы  –    тайпалардың
орталықтана  бастап,  бірлесіп  өмір  сүрудің  жоғарғы  сатысы,  мемлекет
дәрежесіне  жетуінің  жаңа  заманда  тіптен  де  күрделеніп,  осы  мәселенің
жаңа тұрғыдан шешілуі ХV ғасырдан бастап жаңа атауға ие болған қазақ
этносының үлесіне тигендігін, осы процестің барысындағы байқалған түрлі
көріністерді көркем шығарма арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізуді көздеген.
Бірақ бұл жол біреу дайындап қойған соқпақ жол емес. Бар процестің
жол көрсетуші бар, соныменен қатар нақ сол жолмен жүре алатын халық
бар.  Ал,  оның  соңында  өздерінің  іс-әрекеттеріне  орай  белгілі  орынға  ие
бола  алатын  түрлі-түрлі  субъектілер:  хандар,  билер,  батырлар  т.т.  бар.
Олардың бірі адамдар қатынасы аренасына кезінде «қазақ» деп шығатын
ұлттың тұрақты жерін анықтап берсе, енді бірі - елді біріктіріп, бабалардан
ұрпаққа үлес болып қалған жерді сақтап қалуға жан беруге дайын тұрса,
үшіншілері ол жерді аман-есен ұрпақтан-ұрпаққа өткізудің басқа жолдарын
тауып жатты. Даналы сөздерімен ұлтын ұйытқан билердің заманы келмеске
кетіп  жатқанда,  білектің  күші,  найзаның  ұшы  арқылы  сырттан  келген
жауларға қарсы сөзбен жеткізе алмайтындай ерлік көрсетіп, төңірегіне елді
біріктірген де сол Ұлы Дала тұлғалары.
Есенберлин ұлттың қалыптасу, дамуы процесінде халықтан өзін алшақ
ұстап,  ақырында  мемлекеттің  тұғырын  әлсіретіп  алған  билеушілердің
болғанын да жасырып отырған жоқ.
«Импрам»  түркі  сөзі  болғанымен,  қазақша  «қара  халық»  ұғымынан
бөтен теңеуі жоқ сөз. Бұл көне Рим ақсүйектері – патрициалары халықты
қорлап  айтқан  «плебс»  деген  ұғымға  пара-пар  болса  керек-ті.  «Плебс»
деген  сөз  римдіктердің  «Плео»,  бірдемені  толтыру  деген  түсініктен
шыққан. Осыдан «Плебс» - бос жатқан жерді толтыратын, басқа құны жоқ
адамдар деген ұғым береді. «Импрам» да заты сондай халықты қолданудан
алынған  тәрізді.  Бірақ  осы  «бос  жатқан  жерді  толтыратын,  басқа  құны
жоқ адамдарсыз» ештеңе істей алмайсың, мал бағып, ет жеп, қымыз іше
алмайсың. Амал жоқ, осы «импраммен» санасу керек». Есенберлин ойының
квинтэссенциясы да осында жатыр. Тарихтың қойнауында өзінің керемет
бір дарындылығымен көзге түскен ҰЛЫ АДАМДАР халықтың рөлін есепке
алмайынша жақсылыққа да, жамандыққа да бара алмаған.
«Жеті  жүз  жылдан  аса  уақытқа  созылған  басқыншыларға  қарсы

133
тынымсыз соғыстар,    ұлттың  ең  асыл  азаматтары  осы  жолда қаза  тапты,
жоғалып  кетті,  көбінің  есімдері  тарих  қойнауында  қалып  қойды,  ал
біздер қалдық. Алайда, ХІХ ғасырдың соңғы он жылдарында біз тағы да
шырғалаңға келіп тірелдік. Міне, осы уақытта шыныменен де ұлт құрып
кететіндей болып көрінді, халық теңселіп кетті, ұлттың ең таңдаулы өкілдері
қатты толқыныста еді» [6, 167 Б.].
Бір  кездері  өздерінің  тамаша  ерліктерімен,  Отанына,  жеріне,  бабалар
өсиетіне деген ерекшеліктерімен көне грек тарихшысы Геродоттың еңбегіне
енген  сақтардың  ұрпақтары,  заман  өзгере  келе  шаруашылық  тәсілдерін
жетілдіріп,  мәдениетін  көркейте  түсті.  Әсіресе,  түркілер  заманында  олар
Батыс пен Шығысқа өте қажетті қарым-қатынастардың жаңа үлгісін ұсынып,
негізгі  бағыттары  Ұлы  қазақ  даласы  арқылы  өтіп  жатқан  «Жібек  жолы»,
мемлекет арақатынастарындағы өмір қажеттілігінен туындаған жақындасу
формасын ұсынды. Орта ғасырларда пайда болған Отырар, Сайрам, Тараз,
Сауран тек қана гүлденген қалалар емес, әлемдік деңгейдегі экономикалық,
мәдени, сауда орталықтарына айналды.
ХІІ ғасырдың басында басталған моңғол шапқыншылығы, әрине, көне
қазақ  жеріне  көп  залалдарын  тигізгені  сөзсіз.  Кеше  ғана  гүлденіп  тұрған
қалалар жермен жексен болды. Ең өкініштісі, шығыс өркениетіне өздерінің
тамаша  ғылыми  жетістіктерімен  үлес  қосқан,  оннан  аса  ортағасырлық
ғалымдарды сахнаға шығарған, оның ішінде әлемге әйгілі әл Фараби бар,
Отырар-Фараб күлге айналды.
Алайда,  осы  бір  аласапыран  кезінде  де  көшпенділер  қарап  қалмады.
Шыңғыс пен оның ұрпақтары кезінде негізгі саяси күшке ие бола алған дала
тұлғалары, кейде тіпті елден алыс жүрсе де, мемлекетті қайта жаңғыртудың
жолдарын қарастыруда болды деуге болады. Мысырдағы Бейбарыс, Еуропа
мен  Алтын  Ордадағы  қыпшақтар,  Шағатай  ұрпақтарының  «көшпелі
өзбектеріне»  көнбей,  Керей  мен  Жәнібек  сұлтандардың  соңынан  еріп,
мемлекетті  жаңғырту  жолындағы  даланың  алмас  қылыштары  –  ондаған,
жүздеген  көшпелі  тайпалар  болды...  «Өркениеттен  кеш  қалған»  деп
саналып келген олар, Шығыс пен Батысқа ортақ тілдесу формасын «Кодекс
куманикус» арқылы дәлелдеп берсе, ендігі жерде орталықтанған мемлекеттің
негізгі өмір сүру құралы АТА ЗАҢ екенін дәлелдеп, «Қасым ханның қасқа
жолын», «Есім ханның ескі жолын», «Жеті Жарғыны» дүниеге әкелді.
1972 ж. қазан айында Қазақстан жазушылар Одағының І–ші хатшысы
Әнуар  Әлімжанов  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  академигі,  ғылым
мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы
Әлкей  Марғұланға  ресми  хат  жолдап,  үлкен  ғалымға  жазушы  Ілияс
Есенберлиннің «Алмас қылыш» романын талқылауға белсене ат салысқаны

134
үшін  үлкен  ризашылық  білдірген.  Ол  хатты  біз  мемлекеттік  мұрағаттар
қорынан кездестірдік.
«Уважаемый Алькей Каханович!» – деп жазады Жазушылар Одағының
хатшысы, - «В Москве издательством «Молодая гвардия» готовится издание
его («Алмас қылыш» - Қ.А.) русского перевода. Поскольку роман затрагивает
узловые  моменты  исторического  прошлого  казахского  народа,  давая
широкую панораму жизни казахской степи XV века, Секретариат Правления
СП  Казахстана  совместно  с  издательством  «Молодая  гвардия»  нашли
возможным  дать  предисловие  к  этому  изданию  одного  из  компетентных
историков Казахстана.
Учитывая,  Ваши  глубокие  и  общирные  знания  в  этой  области,  зная
Вас  как  эрудированного  историка,  этнографа  и  археолога  ...Прошу  Вас
написать предисловие в объективном литературно-историческом аспекте к
московскому изданию «Заговоренный меч» [7].
Мұрағат  қорында  Әлкей  Марғұланның  орыс  тіліндегі  осы  романға
жазылған кіріспе сөзінің бір нұсқасы да сақталған:
«Степь  жаждала  мира.  Она  медленно  оправлялась  от  феодальных
междуусобиц.  Это  был  долгий  и  мучительный  процесс.  И  создавшаяся
социально  –  политическая  ситуация  как  нельзя  кстати  соответствовала
ведению мирной жизни. Появление на политической карте центрального 
пояса  Азии  Казахского  ханства,  возникшего  теперь  не  в  результате 
завоевательных походов (сызған Біз – А.Қ.), подобных феодальных империи
чингизидов, а на местных экономических и социально-этнических основах
предполагало  кардинально  экономические,  социальные  и  хозяйственные
преобразования  (рузбехан),  направленные  на  закрепление  первых
достижений и завоеваний новой формируюшейся социальной общности –
будущего казахского народа», - деп ойын білдірген академик Ә. Марғұлан
[8].
І.Есенберлин  «Көшпенділерінде»  көрсетіп  отырғандай  бұл  мезгіл
«...  Соғды  жері  мен  Еділ  өзенінің  жағасына  дейін  Ұлы  Дешті  Қыпшақ
даласын жайлаған түркі тұқымдас елдердің екіге бөліне бастаған шағы еді.
Шаруашылығына қарай, Мауреннахр деп аталатын Жейхун (Амудария) мен
Сейхұн  (Сырдария)  дарияларының  ортасында  тұратын  түркі  руларының
көбі  Күншығыс  Оңтүстігіндегі,  түбі  көшпелі  ирандықтар,  өзі  тәрізді
егіншілікпен  шұғылданған,  отырықшы  Соғды  елімен  қауымдасып,  өзбек
халқының  іргесін  қалай  бастаған.  Ал,  Сейхұн  дарияның  орта  шенінен
төмен қарай, сонау Еділ, Жайықтың арғы шетіне дейін көшіп жүрген түркі
тұқымдас рулар, өзі тәріздес мал бағатын, Жетісу бойындағы көне заманнан
келе жатқан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тәрізді, көптен салты мен дәстүрі

135
бір рулармен бірігіп, қазақ деген ел болсақ, деп талпынған-ды» [9].
Жазушының  негізгі  бір  ойын  осыдан  байқаған  Ә.Марғұлан  кітапқа
жазған  кіріспесінде  төмендегідей  қорытынды  жасаған:  «Особо  следует
сказать о той роли, которую играет народ в романе. Чтобы ни происходило,
народ  зримо  или  незримо  присутствует  на  всех  его  страницах.  Будь  это
кровавый  Абулхаир  или  мятежный  султан  Джанибек  –  все  они  невольно
должны  считаться  с  настроением  кочевой  массы,  «черной  кости»,
составляющей основу ополчения или армии.
Ее  можно  обмануть  на  какой-то  срок,  эту  массу,  но  когда  обман
затягивается, это оборачивается плохо для властителей [10, л.3].
Ал,  жазушы  болса  «Мұхиттан  өткен  қайық»  романында  оны
мынадай  контексте  қолданған.  «Тарихты  жеңілдетпеу  керек.  Және  оны
жөндеудің,  әдемілеудің  қажеті  жоқ.  Ондай  әрекеттер  істелсе,  тарихты
адам түсінбейтіндей етіп шатастырып аламыз. Әркім өз үлесін, өз бағасын
алуға  тиісті».  Осылай  деп  санаған  жазушының  қаламы  арқылы  берілген,
мысалы Әбілқайыр, өте қатыгез, аяуды білмейтін, нағыз Шыңғыс ұрпағы
ретінде мінездемеге ие болған. «Әбілқайыр ешкімді аямайды, қан тамған ақ
беренін, сұр алдаспанын оңды-солды сермейді, біреулерді алдап, біреулерді
қорқытып,  ордасына  біраз  жерлерді  бағындырады...  Бірақ  тек  халықты
қорқытып  бағындырумен  күшейген  ордасы,  ақыры  күйрейді,  бұрынғы
күшінен айрылады».
Осы  жерде  орыс  тілінде  жарық  көрген  деректерге  жол  берсек.  Орыс
зерттеушісі  А.П.Чулошников  «Очерки  по  истории  Казак-Киргизского
народа» атты еңбегінің «Сложение казахской народности и общая история
киргизов и казак-киргизов до половины ХVІ в.» деп аталған 4-ші тарауында
былай деп жазады: «Но прежде чем перейти к последней яркой странице
в  истории  Средней  Азии,  посмотрим,  что  же  произошло  со  всеми  теми,
тюркскими и нетюркскими народами, которые кочуя в наших киргизских
и туркестанских степях, вошло в состав Джагатайского (Шағатай – А.Қ.) и
Джучидского (Жошы – А.Қ.) владений...
Из всех этих тюркских народностей наибольшим распространением на
севере пользовались кипчаки, от имени которых получило свое название и
само Золотоординское государство с ХVІ в. Иначе и неназывавшееся как
Дештыкипчакским» [11, 71-72 бб.].
«Уже давно расселявшиеся на большом пространстве от Дона, Волги
и  Яика  до  самых  низов  Сыр-Дарьи,  и  известные  своим  соседям  то  под
названием  кипчаков,  то  куманов,  то  половцев,  они  теперь  не  избегнули,
конечно,  общей  участи  всех  степных  народов,  но  только  вышли  из  этой
переделки более счастливо и удачно... не исчезнули совершенно в местах

136
прежних  коренных  своих  кочевок  и  уже скоро  обнаружили  свое  влияние
в  отношении  окружающих  их  тюркских  народов,  так  и  самих  чуждых
пришельцев. По крайней мере имя «кыпчак» еще очень долго переносилось
на другие, нередко даже на все племена, обитавшие в теперешних киргизских
степях, правда, не уничтожая при этом отдельных их родовых и племенных
имен.
Побежденные  монголами,  но  не  слившиеся  с  ними,  повлиявшие  на
пришельцев  и  ассимилировавшие  их  с  собою,  кипчаки  образовали  тогда
свое  особое  племя,  жившее  наряду  с  другими  тюркскими  племенами
пока,  наконец,  с  начала  ХV  в.  место  их  не  занимает  другая  народность,
оставившаяся  из  часто  сменившихся  отдельно  от  турецко-монгольских
орд... Это были узбеки (от турецкого «сам себе господин»)» [12, 102 Б.].
«Алтын Ордадан» қайтадан бөлініп шығып, өз дербестігін қалаған Дешті
–  Қыпшақтың  «көшпелі  өзбектері»  шейбандар  династиясының  өкілі
Әбілхайырдың теріс пиғылын тез түсініп, Чулошников жазғандай: «...под
объединяющим и замиряюшим влиянием степи начала слогаться с середины
XV в. казахская народность, как смещение и слияние самых разнородных
племен и народов, правда, довольно еще не устойчивых в своем соединении,
но уже по праву получивших общее национальное наименование.
Одним словом, вполне справедливо сказано, что степь была истинной
колыбелью казак -киргизского народа» [13, 112 Б.].
Тарих  көрсетіп  отырғандай,  осы  уақытта  Дешті  Қыпшақтың  көнеден
бергі  иелері  –  көшпелі  тайпалар  -  жергілікті  халықтың  қамынан  гөрі  өз
билігін сақтап қалуда арқа сүйеген Әбілқайырдан алшақ болуды жөн көрген.
«Осы тілектің туын көтерген басты адам – Жәнібек сұлтан» дейді, - жазушы
І. Есенберлин. – «Әрине, Жәнібектің бұл қылығы Әбілқайырға ұнамайтын.
Орыс  ханның  ұрпақтарының  ел  арасын  бұлай  қобалжыта  бастауы  тек
өздері хан болғылары келуден, деп қана түсінетін Дешті Қыпшақ әміршісі,
алдыменен Жәнібекті құртуды көксеген. Ал, бұл көкейтесті арманның түбі
халықта  жатқанын  ол  аңғармаған.  Халыққа  тек  импрам  (көне  түркі  тілі,
тобыр. Анықтама беруші – І.Е.) деп қарайтын Әбілқайыр, сонау апай төс,
жүнді балақ батырлардың артында рулары барын, ал ел деген мағына осы
руларда екенін есепке алмайтын. Ханның ұғымы бойынша бұл импрамдарды
сұлтандар басқарады. Тек сол сұлтандармен тіл тапса болғаны. Сондықтан
Әбілқайыр  Орда  маңына  қазақтың  Қаптағай,  Бөрібай,  Қарақожа  секілді
ерлігі үшін әр ру аттарын ұран ғып көтерген аңғал батырларынан гөрі, өзі
тәрізді, дәулеті шалқыған сұлтан, әмір, хакімдерді жинайтын» [14, 11 б.].
«Қазақтар  шын  мәнісінде  даңқты  халық.  Шығыс  пен  батыстың
қиылысқан жерінде орналасқан осы бір дала елінің тағдыры ауыр да, өте

137
аянышты да болып келген. Оның басына түскен қатерлер де өте көп. Бірақ,
өзінің  басына  түскен  осы  бір  ауыр  сынақтардан  ол  аман-есен  шықты,
бабалардан мирас болып қалған жердің бір тұтамын да ешкімге берген жоқ»
- деп көрсетеді «Мұхиттан өткен қайық» романында Есенберлин.
Ілияс Есенберлин құжаттарының ішінде сақталып қалғандардың бірі –
оның шығармаларына жазылған пікірлер. Солардың бірін біз «Есенберлин
қорынан»  алдық.  Ол  –  В.Д.  Оскоцкийдің  «Роман  и  история  (традиции
новаторство советского исторического романа)» атты еңбегі. Жазушының
жеке  қорында  сақталуына  қарағанда  бұл  шығарма  Есенберлин  үшін
құнды  болған  секілді.  Өзінің  қомақты  еңбегінің  толық  бір  –  VІ  тарауын
Есенберлиннің  тарихи  романдарына  арнаған  Оскоцкий  былай  деген:
«І.  Есенберлиннің  негізін  «Алмас  қылыш»,  «Жанталас»,  «Хан  Кене»
атты  романдар  құрайтын  «Көшпенділер»  трилогиясының  алатын  орны
«адамтану»  маңыздылығымен  өлшенеді...  Суретші  ретінде  халықтың
өмірбаянындағы  бос  қалған  жерлерді  толықтыру  барысында,  ол,  әрине,
көптеген  фактологиялық  материалдардың  қысымына  қатты  ұшырады.
Соның нәтижесінде баяндаудың стилдік кемшіліктеріне бой алдырғанымен,
жазушы  өзінің  алдына  қойған  творчестволық  ізденісіне  байланысты
әрқашанда біркелкі тұрақтылықты сақтағандығын мойындамау, оны естен
шығару,  әділеттілікке  жатпас...  Шығарманың  бастамасында  ақырындап
қана сезіле бастаған, бара-бара негізгі тақырыпқа айнала бастаған қанаушы
билік пен халық туралы ой романда кең құлаш алған. Халық импрам емес –
міне, хандардың түсінігі жетпеген негізгі сабақ осында» [15].
Ілияс Есенберлиннің ойында, әрине бұл жерде, ханды халықтан асырып,
не  кемсіту  жоқ.  Себебі  жазушы  бір  нәрсенің  заңдылығын  жақсы  түсініп
отыр. Ол дегеніміз - ел басына қатерлі күндер туған уақытта хандар оларды
біріктіре білді, топтастыра алды, әр қилы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
түрлі топтардың арасындағы қарама-қайшылықтарды уақытша ұмыттыру
нәтижесінде халықтың сана-сезіміндегі Отанға деген, елге деген сезімдерді
сырт жауларға қарсы жойқын күш ретінде пайдалана алды.
Өйткені оларға, жөн айтып, халықтың атынан сөйлеуші күш бар. Бұны
хандар  да  сезбеді  емес.  «Хандардың  да,  батырлардың  қателерін  айтып,
міндеттерін айтып, өз табының санасымен құрылған жолдан тайқығанын
түзетіп,  тура  жолға  салушы  билер  болған.  Мықты  билер  тілін  алмаған
хандарды  бір  кездері  тақтарынан  қуыршақтай  алып  тастап  та  отырған.
Тоқтамыс ханды ордадан қудалаған Едіге би, Шағатай ұлысындағы хандарды
қуыршақша үйірген Ақсақ Темір бұған мысал бола алады» - деп бірде Сакен
Сейфуллин жазса, [16. 206 Б], енді бірде «Әділ билердің қолындағы билік
қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді» - деп жазады Алаш

138
жетекшісі, көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлы. [17. 106 Б].
Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің «мадақтауға лайықты импрам»
тақырыбын осылайша шектеумен де болар еді, егер де, жоғарыда біз айтып
кеткендей, осы бір үлкен проблеманың оның басқа да шығармаларында да
үндестігін байқап отырмасақ.
«...Жігіттің ең ұлы мақсаты елі болуы керек. Елі жоқ адам, тамырынан
айрылған өсімдік тәрізді» [14, 100 Б.] – деп жазған болатын бір уақыттары
қазақ  ағартушыларының  бірі  Ахмет  Байтұрсынов.  Осыған  қарағанда
елінен  айрылып,  тамырынан  солып  қалудан  қатты  қауіптенген  зиялы
қауым өкілдері болатын болса, солардың алдыңғы қатарында жүрген Ілияс
Есенберлин еді.
Бір  жағынан  алып  қарағанда  Есенберлин  өмір  сүрген  бергі  заман
–  ел  басына,  ұлт  басына  қатер  төнген  заман  емес  еді.  Керісінше,  50-ші
жылдардан  бері  қазақ  жерінде  ашылған  түрлі  сатыдағы  оқу  орындары,
мәдениет  ошақтары  ұлттық  мамандарды  дайындаған  болса,  солардың
арасында  жоғарғы  білімді  инженерлік  мамандыққа  ие  болған  Ілияс  пен
Раунақ Есенберлиндер де бар.
Осы  жерде  Ілияс  Есенберлиннің  інісі  Раунақтың  «Халық  кеңесі»
газетінің сол кездегі арнаулы тілшісі Әділғазы Қайырбековпен сұхбатына
назар аударып көрелік. Онда І.Есенберлинді болсын, кейіннен оның інісі
Раунақты болсын рухани тазарушылыққа деген ұмтылыстар («катарсис»)
барысында,  социализмнің  жеңісін  бір  мемлекеттің  ішінде  міндетті  түрде
қамтамасыз  етудің  Ленин-Сталин  ұсынған  жолдарының  қаншалықты
дұрыстығына  күмәнмен  қарай  бастауларына  әкеліп  тірегені  айтылады.
Соның  ішінде  қан  майданда  жан  аямай,  қан  төккен  қазақтардың  ішінен
бір-де  бір  генералдың  шықпауы,  оның  Академияда  оқып  жүрген  кезінде
аэродинамикалық  мамандықтарға  орыстардан  басқа  өзге  ұлт  өкілдерінің
аяқ баса алмауы, өзінің бұл салаға мыңдардың ішінен біреу болып кездейсоқ
келуі,  ғылыми  диссертациясына  қажетті  кейбір  деректерді  ала  алмай,
ақырында  тақырыпты  өзгертуге  мәжбүр  болғандығы  қатты  қынжылтқан.
Біртіндеп  жинақтала  берген  осындай  көріністер,  ақырында  Раунақты
«Кейбір  баспасөзден  ұлттық  намысқа  тиетін  пікірсымақтарды  оқысам,
жанымды қоярға жер таппай қаламын... Биыл қаңтарда (1992 жыл – Авт.
А.Қ)  )  «Советская  Россия»  газеті  С.  Любкин  деген  біреудің  «Проведем
зеленую линию» деген мақаласын басты. Оған 20 ақпандағы нөмірлерінде
тағы айналып соқты. Шыдай алмай «Білместік пе, әлде арандату ма?» деп
газетке  мақала  жолдадым»,  -  дейді  Раунақ  Есенберлин  Ә.Қайырбековпен
сұхбатында,  «онда  120  миллион  гектар  жерді  алып  жатқан  Қазақ
хандығының  тарихын,  1810-шы  жылы  бір  ғана  Орал-Жайық  бойында  29

139
казак бекіністері қалай пайда болғандарын, Абылай ханның қол астындағы
жерде Петропавл бекінісі қалай салынғанын, 1822 жылы патшаның қырғыз-
қайсақтарды бағындыру туралы жарлығы шығып, аға сұлтандық басқару
жүйесінің қалай өмірге келгендігін, Кенесары қозғалысының мәнін, оның
Омбы губернаторы Талызинге жолдаған хатындағы талаптар, қазақтардың
келісімінсіз  салына  бастаған  қалалардың  бой  көтеруіне  наразылығын,
соның салдарынан Ақтау, Ақмола, Ор бекіністеріне шабуыл жасағандығын
нақты  деректермен  тілге  тиек  ете  отырып,  тарихи  бұрмалаушылыққа
тойтарыс  бермек  болдым.  А.Фролов  бұл  мақаланы  баспаймын  деген  соң
РКФСР-дің  Ұлттар  кеңесіне  жібердім.  Любкиннің  «орыс  жері»  деп  бал
ашуы, Солженицын сандырағының жалғасы екені түсінікті. Ал соған көз
жұмып, қол қойған шовинистерге қайтіп зығырданың қайнамайды» [18].
Ағасының еңбектерінен біршама уақыт өткеннен соң бұл сөздерді айтып
отырған азамат - жетімшіліктің де, қырғын соғыстың да ауыр кезеңдерін
басынан кешірген. Көп уақытын орыс халқының ішінде өткізген профессор,
бірі ашық, екіншісі жабық ғылыми екі кеңестердің мүшесі, өзінің ғылыми
жетекшілігінің арқасында алты ғылым кандидаттарын, бір ғылым докторын
қорғатқан,  Жуковский  академиясының  шәкірті,  интернационалдық
тәрбиеден әбден өткен Раунақ Есенберлин секілді ойлағандар қоғамда аз
болмаған.  Бұл  туралы  осы  жолдардың  авторы  да  пікірін  өз  еңбектерінде
білдірген болатын.
«Өз басым Ілекеңнің «Қатерлі өткел» романына аса беріле, әсерлене,
қызыға  қарадым.  Мұндағы  астарлы  ойлар  ғажап,  өмірдің  қат-қабат
қыртыстарын шебер ақтара отырып, оны қазақ халқының ой-арманымен,
жүрегін  өртеген  өкініш  уымен  астастыра  беру  үшін  құрылған  ғажайып
штрихтар  коммунистердің  қырағы  көзі  –  цензураға  да,  халықты  қыбыр
еткізбейтін  саяси-идеологтарға  да  ұстатпай  өтіп  кетті»,  -  деп  жазады
жазушы Нұрғожа Ораз. – «Ілекең өзінің сүйікті кейіпкері – жас ақын Бүркітті
«қате  жолға»  түсіріп,  алаштар  тобына  қосып,  НЭП  (жаңа  экономикалық
саясат  –  Қ.А.)  дәуіріндегі  қазақ  ауылдарына  апарады.  Ауылда  ол  жерді
серіктестіктерге бөліп беріп, ғасырлар тамырындай шымыр жердің қырты-
сын қақырата айырып, талқандап жатқанын, шаңы аспанға шыққан туған
жердің  әлдекімдердің  иелігіне  кетіп  жатқанын  көріп,  күйзеледі...  Ілекең
өз  ішіндегі  тұншыққан  лаваларды  атылған  жанартаудай  Бүркіт  аузымен
айтқызып-айтқызып  алады  да,  романның  соңғы  жағында  жас  кейіпкерін
«түзелтіп»  социализмді  «мойындатып»,  Отанын  қорғауға,  соғысқа
аттандырады. Романның бұл жағы сәл бәсең тартады. Өйткені, Ілекеңнің
көрсетпекші болған көкейтесті арманы, соны көрсету үшін жасалған шебер
штрихтары романның алғашқы бөлігі. Соңғысы – сыншылардың көзін бояу

140
үшін жасалған айла ғана...» [19].
Ілияс Есенберлин аттап кете алмай отырған бір шындық, адамзаттың
есінде  мәңгіліктен  бері  жүрген  «қой  үстінде  бозторғай  жұмыртқалаған
заманды»  орнатуды  өзінше  түсініп,  қоғамдық  дамудың  заңдылықтарына
қарсы келіп жатқан большевиктер партиясы өз идеяларын міндетті түрде іске
асыруға асқан құлшыныспен кіріскен кезде, оған есі кете сеніп қалғандар
қазақ халқының ішінде де аз болмағандығы. Және де оларға сен неге бас-
көзсіз  ерлікке,  адам  түсінбейтін  төзімділікке  қалай  бардың  деп  кінә  тағу
да қиын. Есенберлин айтқандай «Бұл - көне картоз, жаман тымақты қалың
топтың еңбек ерлігі. Бұларды билеген еңбек романтикасы. Осы романтика
сол бір қаһарлы күндерде қалың бұқараны жеңіске шақырған. Кейде аш,
кейде жалаңаш жүрсе де сол бұқара халық Магнитогорскіні, Днепрогэсті,
Челябі  трактор  заводын,  Қарағанды,  Донбастарды  тұрғызған!».  Осының
бәріне қол жеткізгені – халықтың еңбегі.
Осы  бір  сезімге  толы  жоғарыда  айтылып  кеткен  «социалистік
реализммен»  Есенберлиннің    есептеспеуі  дұрыс  па  еді?!  «Бүркіт  пен
Ханшайым  қатар  келе  жатыр.  Жұмысшылар  жататын  ағаш  барактар  мен
брезент шатырлардан өтіп барады. Бұлардың ішінде қыбырлаған бірде бір
жан көзге түспеді. Бәрі де жұмыс басында тәрізді. Бұған таң қалған Бүркіт:
- Жұмысты түнде де істейсіздер ме? – деп сұрады.
Ханшайым байсалды жауап қайырды:
- Қар түспей жоспарды орындауымыз керек. Халық жұмысты күндіз-
түні істейді. Тамақты да сол арада ішеді, шаршағаны сол жерде ұйықтайды.
Баракка келмейді...
- Бұндай қиындыққа жұрт шыдай ала ма? Астың түрі болса белгілі...
Ханшайымның дауысы кенет жігерлі шықты.
- Шыдамасқа амал жоқ, шыдауға тиістіміз. Қарын тоймаса, белді бекем
буынуымыз керек»[20, 185-186 ББ.].
Есенберлин  романдарының  бірінен  алынған  осы  бір  сюжет  арқылы,
біріншіден,  әрине,  кеңестік  тұрғыдан,  социализмнің  жетістіктерін
жинақтаушы  жазушы  деген  ой  келеді.  Онымен  келіспеуге  де  болмайды.
Есенберлин – өз заманының жазушысы. Сондықтан да ол болашағына әбден
сенген қалың жұрттың ерен еңбегін бағалаудың бір жолын, кеңестік идеяға
әбден берілген, соған иланған халықтың «тер түгіл, жан беруге» лайықты
«қылықтарын» осылайша беріп отыр.
Есенберлин «уақытынан озған» жазушы дегенді айтудан жалықпаймыз.
Өйткені, ол осы бір көзсіз ерлікке толы қаһарлы заманның аяғы көрінбей,
ұзаққа кетіп, тым созылып бара жатқанынан сезіктене бастаған қаламгер.
Сөйтіп  барып,  қоғамды  алға  жылжытудың  социалистік  алғышарттарын

141
қарастырғаннан  гөрі,  кеңес  үкіметінің  басшыларының  іс-әрекеттерінде
қоғам мүшелерін уақытша ғана жігерлендіре алатын, алдамшы ұрандардың
тым басым болып бара жатқанынан қауіптене бастаған.
Қазақ  интеллигенциясының  Кеңес  үкіметін  толығымен  неге
қабылдамады  деген  сұраққа  жауапты  осыдан  іздестіру  керек.  Қазан
төңкерісінің  қарсаңында  арнаулы  білім  алып  үлгерген  қазақ  зиялыларын
большевиктер де өз ісіне тартуға асыққан жоқ.
Социалистік  идеяны  іске  асырамыз  деп  бар  күшін  салғандардың
алдыңғы сапында тұрған да қазақ халқы. Өкінішке орай, сан жағынан аз
ұлттың бұл топқа жататын өкілдері, қазақтың оқыған, білімді азаматтары
осы  бір      білімсіз,  бірақ  қолдарында  билігі  бар  топқа  қарсы  тұра  алмай
жатты. Белгілі тарихшы, ғалым, профессор Бүркітбай Аяған өзінің «Егемен
Қазақстан»  газетіндегі  мақаласында  мынадай  ойды  айтады:  «Кеңестік
тарихнамада  «орталықтың»  өкілдері  туралы,  олардың  адамгершілік,
кәсіби қасиеттері туралы сыңаржақты жазбалар сақталған. Алайда, кейінгі
зерттеулер көрсеткендей, «революционерлердің» шынайы келбеті мүлдем
басқаша  болып  шықты.  Билік  өкілдері  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
партия  қызметкерлерін  «шынайы  марксист»,  «нағыз  лениншіл»,
«интернационалист»  ретінде  дәріптеді.  Ал,  шындығында,  олардың
көбінің білімі таяз, ой-өрісінің төмендігі байқалды. Оған ұстазым, белгілі
академик  Кеңес  Нүрпейісовтің  «...В.И.  Ленин  құрған  партияның  басқару
аппаратындағы  жетекшілерінің  кейбіреулерінде  тіпті  орта  білім  де  жоқ
екені,  мысалы,  С.  Орджоникидзе  бар  болғаны  бір  жылдық  ветеринар
курсын бітірген. Ал, Алашорда үкіметінің басқару аппаратындағы он бес
адамның сегізінде жоғары білімі бар және білім болғанда қандай!» деген
сөздері дәлел» [21].
«Қатерлі  өткел»  романында  1-ші  майдың  «...нұрға  бөленген  жарқын
күнінде»  үш  адам  кездесіп  отыр.  Араларындағы  ең  белсендісі  қазақтың
белгілі  ақыны,  алғашқы  зиялы  адамдардың  бірі  –  атақты  Ақан,  екіншісі
–  жас  ақын  Бүркіт,  үшіншісі  –  Арқаның  атақты  шонжарларының  бірінің
ұрпағы – Әкпар.
Бүркіт  пен  Әкпардың  бір  жағынан  рухани  ұстазы,  екінші  жағынан,
әдеби жетекшісі ретінде көрсетілген Ақан «жүрген жүрісі құтылу жолын
таба алмай, темір тордың ішінде ызаланған арыстан секілді».
«Келді деп көктем гүл шашып,
Қуанба халқым, құр тасып,
Көрмейсің бе шаттықтың
Көктемі сенен тым қашық!..

142
Төксе де сәуле күн көзі,
Жайнамас өмір күндізі», дейді.
Бар  қазақ  үміт-қуанышқа  бөленіп,  мереке  тойлап  жатқанда,  сол
қуанышқа ортақтаспай, қайта қатты мұңға оранып тұрған ақын бұлай деп
«күбірлеуінің» себебін де түсіндіріп, бір жерде табиғатынан жуас қазақтың
бойына жаратқан берген қасиетін большевиктер оны молынан пайдалана
білген  [22,  9  Б.]  деп  отырған  жазушы  Есенберлин,  екінші  бір  жерде  бұл
ойын басқа контексте одан сайын тереңдете түседі: «...үлкен халықтың кіші
халықты  өзіне  бағындырғысы  келетіні  ежелден  белгілі.  Бұл  –  тарихтың
ақиқат  жолы.  Бағындыру  дегенің  өзгенің  жігерін  құм  етіп,  жүректегі
арманын сөндіруден басталады. Ол үшін ең алдымен халқы үшін тізгінге
оралғы болатын ұлдарының үнін өшіру керек...» [23, 18 Б.].
Әрине, оның ойлары кеңестік жүйенің жеке адамның басына табынуды
жаппай  табалау  кезеңіне  және  де  коммунистік  жүйе  кезеңінде  Сталинге
байланысты  болды  деген  даурықпа  кезеңге  сәйкес  келгені  де  даусыз.
Бірақ  қоғам  жаппай  Сталинді  кінәлап,  Ленинді  жаңа  тұрғыдан  дәріптеп
жатқан  уақытта,  билік  басына  Никита  Хрущевтің  келуі,  Сталиндік  кезең
зардаптарының түп-тамырына балта шаба алмады. Кеше ғана Сталинмен
бірге билік басында болып, қызыл террорға әйтеуір бір қатысы бар «жаңа
басшылар» қайта құрудың тым терең кетуін қаламады да. Осыны байқап
қалған жазушы Ілияс Есенберлин қаламының өткір ұшын ҚОҒАМНЫҢ 
ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ НЕ деген сұраққа жауап іздеуші, өз заманының озық
адамы деп тануға әбден лайық.
Жазушының  қай  шығармасын  алып  қарасаңыз  да  тарихта  халықтың
алатын орны туралы ой алдыңыздан шыға келеді.
«Қатерлі  өткел»  романында  басты  кейіпкерлердің  бірі  тіпті  заман
тыныш  болып  көрінген  уақыттың  өзінде  былай  деп  сөйлеп  отыр:  «Жоқ,
Бүркіт, жігіттің ең ұлы мақсаты елі болуы керек. Елі жоқ адам, тамырынан
айрылған  өсімдік  тәрізді.  Мен  сенен  ондай  құрбандық  тілемеймін.  Тек
жалғыз өтінішім, жаңа өзіңе айттым ғой, елің расымен қайғылы ма, әлде
саған  солай  көрінген  жоқ  па,  соны  аңғаршы.  Қайғылы  десең,  одан  бөлін
демеймін.  Қуанышымыз  аз  бола  ма,  көп  бола  ма  –  бәрін  соның  жолына
қисаң да ренжімеймін. Ал егер де жаңа заман халқыңның көкейіне қонып
тұрса, сен бөлініп қайда бармақсың?» [24, 100 Б.].
Халыққа  байланысты  бұл  жерде  айтылып  отырған  сөздердің  «Алмас
қылыштағы» ойлардан бір ерекшелігі бар. Жазушының тарихи тақырыпта
жазылған шығармаларында әңгіменің өрісі негізінен Қазақ хандығы, оған
байланысты  көріністерге  толы  болғанымен,  біздің  ойымызша,  солардың
дүниеге  келуіне,  Есенберлин  ішкі  дүниесінің  «ұлт  тағдыры»  төңірегінде

143
өрби  түсуіне  кеңестік  заман  қатты  әсер  еткен.  Мысалы,  оның  «Қатерлі
өткелдегі»  кейіпкері  (Бүркіт)  қос  жолдың  қайсы  бірін  таңдауда  қатты
толғаныс үстінде жүрген адам. Өйткені бұл кезде «қазақ аулында да «бай»,
«кедей»  деген  ұғым  мықты  орын  алып,  ел-жұрттың  арасына  алауыздық
кіре  бастаған.  Ақсақалдық  дәстүр  мазақ  болып,  көп  қатыны  бар  байды
тәлкек ету салтқа айналған. Ұлан-асыр бәйге, қатар отырған елдің басын
қосқан  үлкен  той,  шешендік  салыстырған  сүбе  билердің  айтыстарының
да  келмеске  кетіп  бара  жатқан  кезі.  Яғни,  социалистік  өзгерістер  мен
кешегі ауылдың жағымды да жағымсыз көріністері жазушының шеберлігі
арқасынада  қатар  беріліп  отыр.  Негізгі  кейіпкер  (Бүркіт),  математиктер
айтпақшы, буфиркациялық жағдайда: не социалистік өзгерістерді міндеттеп
отырған  Кеңес  үкіметі  жағына  шығу  керек,  олай  болмаса,  ол  ескіліктің
шырмауына оралған ұлтшыл, артта қалған зиялы қауым өкілі. Ал халық қай
жолды таңдауда? Шығарма авторының бұл жерде айта алмай отырған ойы
да  осында.  Бір  қарағанда  «Байлардың  жерлерін  тартып  алып,  кедейлерге
береміз», «бес ешкіңді айдап, ауқаттылардың соңына ере беруді» тоқтату
туралы заң қабылдаймыз деген Кеңес үкіметінің ұрандары дұрыс та сияқты.
Екінші жағынан, нақ осы тұрғыдан баланың әкеге қарсы келуі, кеше ғана
біртұтас болып отырған елдің бір-біріне қару жұмсауы – бұлар да ауылға
келіп  жеткен  социалистік  түбегейлі  өзгерістердің  зардабы  екенін  халық
түсінбей отырған жоқ.
Бұл ойын жазушы Есенберлин түрмеге түскен Бүркіт пен оны тергеуші
комиссар Гавриловтың арасында болған мына диалог арқылы ашады:
«–  Айта  бер,  айта  бер,  -  деді  ол  (Гаврилов  –  Қ.А.)  сәл  қарлыққандау
қоңыр  даусымен  осы  сәтте  тоқтап  қалған  Бүркітке.  –  Еш  қымсынбаңыз,
ойыңдағыңызды тегіс айтып шығыңыз.
Бүркіт  сүзетін  бұқадай,  басын  төмен  түсіріп  көз  астымен  комиссарға
ашулана қарады.
Менің  айтып  отырғаным  –  өз  басымның  наразылығы  емес,

жұртымның наразылығы! – деп Бүркіт қайта тына қалды.
Комиссар қайтадан орнына отырды.
Дегенмен, халық сіз айтқандай наразылықта емес... Сонда да біздің
-
саясатымызға қарсы шығасыз ба?
Ондай  бауырмалдық  болуы  мүмкін  емес.  Мұндай  көп  ұлтты
-
мемлекеттің ондай бауырмалдыққа жеткенін тарих білген емес.
Тарих  –  ол  өткен  кезеңнің  шежіресі,  ал  менің  айтып  отырғаным
-
бүгінгі күніміз, келешегіміз...
Бүгінгі күн де, келешек те түбі тарихқа айналмай ма? Ал тарих менің
-
айтқанымды расқа шығармауына қандай кепілдігіңіз бар?...

144
Гаврилов ойланып қалды.
«Бүркіт...ойға шомып кеткен екен. Басын көтеріп комиссарға жақтырмай
қарады.
- Менен не жауап күтіп едіңіз? – деді ол кекете. – Біз үшін өздеріңіз
сөйлеп үйренген жоқсыздар ма, жауабын өзіңіз-ақ айта беріңіз.
Бүркіттің  қиқар  сөздері  комиссардың  қытығына  әбден  тиген  тәрізді.
Ашу қысып тұрғаны сәл өзгере қалған жүзінен көрініп тұр.
-Мен  де  сонау  көгілдір  сулы  Көк  Есілдің  жағасында  туғам,  деді  ол
Бүркітке  жақындай  келіп.  –  Менің  бұл  жер  туралы  сенен  гөрі  көбірек 
сөйлеуге  хақым  бар  (?!)  және  қазіргі  қызмет  бабым  да  соны  тілейді 
(сызған, белгілерді қойған Біз – А.Қ).)Сондықтан саған айтарым: кімде-кім
Совет үкіметіне қарсы келсе, болаттай бекіп келе жатқан ұлт достығының
арасына іріткі салып бұзамын десе, ол – біздің тап жауымыз...Жаңа айттым
ғой,  ел-жұртын  қадірлейтін  адамдарды  өзіміздің  жолымызға  түсіру  бізге
өте қажет деп...
- Ал түспесе ше? (Бұл Бүркіт қойып отырған сұрақ – А.Қ.).
- Түспесе ме? Максим Горький айтқан жоқ па: «Егер жауың берілгісі
келмесе, оны құртар болар», - деп» [25, 82 Б.].
Ілияс  Есенберлинннің  шығармаларындағы  негізгі  доминант  –  халық
пен биліктің ара-қатынысы, міне осылайша, оп-оңай шешіліп отыр: қарсы
келгендердің бәрі жау. Ендеше оларды жою керек!
Большевиктер үшін қағидаға айналған көзқарасқа қарсы ой болу мүмкін
бе? Болса оны қайдан, қалай табуға болады. Жазушы Есенберлиннің Қазақ
даласын  тарихи  тұрғыдан  шолуы,  нәтижесінде  оның  тұрғындарының
«езілген  теріге»  айналуы  себептерін  кезіндегі  Қазақ  хандығы  мен  Ресей
империясының ара-қатынастарынан, одан әрі Кеңестік жүйенің кері кеткен
саясатынан қарастыруы да әбден орынды. Ғасырлар бойы Ұлы далаға ие
болуға  жанталасқан  сыртқы  жауларға  қарсы  тұрған  ауыр  сәттерде,  қазақ
халқы  билік  үшін  жанталасқан  топтардың  зұлымдықтарын  бір  сәтке
ұмытып, тайпалық-рулық таластарды кейінге шегіндіріп, тек ел мен жердің
аманшылығы үшін «бір жағадан мойын, бір жеңнен қол шығара білген».
Алайда,  импрам  саналы,  реттелген  әрекеттерге  өзінен-өзі  әрқашанда
бара бермейді. Халықтың бойындағы ең бір керемет қуатты күшті ұлттың
мүддесіне  лайықты  әрекеттерге  жетелейтін  түрлі-түрлі  жағдайлар  бар.
Оны жақсы түсінетін тұлғалар бар. Олар – бірде хан, бірде – сұлтан, бірде
– би, бірде – батыр. Осы жердегі бір көрініс - жалғыз ғана қазақ ұлтының
тарихына  қатысты  көрініс  емес.  Яғни,  тобыр  әрқашанда  біркелкі  емес.
Француз психологы Лебон айтқандай, тобырдың ішінде жеке индивидтердің
жағымды  жақтары  қалыптаса  алмайды,  керісінше,  олар  өзара  бірін-бірі

145
жойып жіберіп отырады. Міне, осыдан барып, тобыр жақсы әрекеттерден
гөрі  зұлымдыққа  жақын  болады.  Қалың  топтың  осы  бір  қасиетін  әбден
түсініп, оны таза өз пайдасына шешушілер тарихта аз болмаған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Джонатан Айткен. Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты
қадамы. – 2040. Қаз. 370 б.
2. Гюстав Лебон. Психология толп. Кн. 1. Психология народов.
3. См.: «Правда», 27 июня 1945 г.
4. Есенберлин І. Мұхиттан өткен қайық. Көрс. Әд.
5. Алпысбаев Қ. Iлияс Есеберлин Романындағы Алаш рухы. Kazembossy.
Buipost. Net/internal_kz. php.dest.
6. Есенберлин И. Лодка, переплывающая океан: Роман / Авторизованный
перевод с казахского Ю. Домбровского. – Алматы: ОФ «И. Есенберлин»,
2001. – 280 с.
7. ҚР ОММ. «Есенберлин қоры» Ф. 2144. Ж.. 1. . 158. л. 1.
8. Бұл да сонда
9. Есенберлин І. Көшпенділер: Тарихи трилогия /Алмас қылыш. Бірінші
кітап. – Алматы: «Көшпенділер баспасы», 2008. – 656 б.
10. ҚР ОММ. «Есенберлин қоры» Ф. 2144. Ж.. 1. . 158. л. 1
11.  Чулошников  А.П.  «Очерки  по  истории  Казак-Киргизского  народа
в  связи  с  общими  историческими  судьбами  других  тюркских  народов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет