Ілияс есенберлин


көпір, бір шалдың жылауы жайында емес. Ұлы іс, жеке адамдарға тән



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

көпір, бір шалдың жылауы жайында емес. Ұлы іс, жеке адамдарға тән, 
тіпті де кейде ана сүтімен қанына сіңген түсінікті де бұзумен келеді. 
Әрбір жаңа дүние ескі өмірді құртудан басталады...» (сызған Біз – А.Қ.)
[22, 12-13 бб.]. 
Міне,  жаңа  өмір  құру  үшін  адамның  рухани  сезімі
түгіл, жанын аямай кіріскен партия үшін тарихтың, қазақ үшін оның өшпес
беттері болып саналатын көне қорғандар, бабалар зираттары томпайып жер
бетінде тұрған қарапайым топырақ пен тастардың үйінділері ғана болған
сияқты.
Есенберлинге  келсек,  ол  партия  мен  кеңес  үкіметінің  «ұр  да  жық
саясатының» соңында нендей мақсат тұрғанын байқап, тың жерлерді игеру
атты «Ұлы эпопеяның» елді, ұлттық мемлекеттің негізгі құрастырушылары
болып  отырған  көне  халықтың  түп-тамырына  ғаламат  зиян  келтіріп
жатқанын жанталаса ескертуде...

195
Жоғарыда,  Губанов  қызғыштай  қорғап  отырған,  «қаржы  мәселесіне»
келетін  болсақ,  деректерге  сәйкес  КСРО-ның  тыңға  жұмсаған  қаржысы
44  млрд.  702  миллион  рубльге  тең  екен.  Сонымен  қатар  үкімет  ауыл-
шаруашылық техникасын совхоздар мен колхоздарға төмен бағамен сатып
отырған,  ал  бидайдың  бағасы  үнемі  жоғарылап  тұрған.  Олай  болатыны
бұл жерде пайдадан гөрі, шығын көп болған. Оның үстіне 27 миллионнан
асатын егіндік мал шаруашылығының дамуына да зиянын тигізіп жатқан.
Ал  енді  бір  деректерге  назар  аударсақ,  1963  жылдан  бастап  КСРО  таза
алтынға шетелдерден бидай сатып алып отырған.
Бірақ  бұдан  қорытынды  шығарған  билік  жоқ.  Керісінше,  1960-
шы  жылдардың  басында  Хрущевтің  солақай  саясатына  байланысты
Қазақстанда жылқы малын жаппай қыру басталған. «Тың игерудің алғашқы
жылдарында Ол (Н. Хрущев – А.Қ) жылқы басын азайтуды талап еткен. «Біз
атом дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Астық таситын, мінетін де көлігіміз
машина. Жүрісі де өнімді, ұстауы да жеңіл. Бағуына көп жайылым керек
ететін жылқы санын құрту керек... Азғантай тобын алып қалып, өзгесін ет
комбинатына өткізу дұрыс. Оның шұжығы жақсы «ас болады деседі». Бірақ
жылқы  орнына  қазақ  жерінде  шошқа  өсірудің,  қорада  тұрып  семіретін
малдың түрін көбейтуді талап еткен» . [23, 235 Б.]
Халық болса бұған өзінше қарсылық көрсетіп жатты. Соның ішінде, біз
«Оразақ» колхозының бұрынғы басқармасы, сол кездегі зейнеткер Әкімжан
Назаров Целиноград ауданының 300 жылқысын қырғыннан алып қалу үшін
жасырын  айдап  әкетіп,  Теңіз  көлінің  ортасындағы  аралға  апарып  тығып
тастағаны  туралы  деректі  кездестірдік.  Қорғалжын  көлдерінің  арасында
он жылға жуық жасырынып мал ұстаған азамат Н.Хрущев билік басынан
кетіп, заман ағымы тағы да бір бағытта өзгере бастаған кезде он жылдың
ішінде саны 3 мыңнан асқан жылқы малын аралдан алып шығып, ауданға
тапсырған [24].
Әрине, тың игерудің болсын, Қазақстан жеріне Кеңес үкіметі жүргізген
басқа  да  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  салалардағы  бастамалар
өздерінше бір керемет, әсіресе, экономикалық жағынан тиімді нәтижелер
әкеліп  жатқанымен,  қазақтардың  ғасырлар  бойы  ұлттық  тірегі  ретінде
қарастырылып  келген,  шын  мәнісінде  әлемдік  теңдесі  жоқ  рухани
байлықтарының  түп-тамырына  балта  шаба  бастаған.  Олар,  мысалы,  І.
Есенберлин  шығармаларында  ұлттың  «Алмас  қылыштағы»  -  ел  бірлігі,
«Қаһарға»  айналған  қазақ  батырлары,  елдің  тірегіне  айналып  келген
алқалы кеңес – билер билігі, ұлттың бойындағы тәуелсіздік пен егемендікке
ұмтылыстар.
Бауыржан  Момышұлы  айтқандай:  «...Өмірде  жалтақ  болмаңдар,

196
біреудің аузына қарап, соның айтқанына көніп, айдауда жүруді ізеттілік осы
екен деп жаңсақ түсінбеңдер. Үлкеннің айтқанын екі етпеу, сөзге тоқтау –
сыйластықтың, әдептіліктің әліппесі екені рас. Бірақ соныменен шектеліп
қалушылық ...адамға пайда бермейді. Оған қосымша өзіңнің кісілігің, жол
білер  азаматтылығың  болуы  керек.  Әйтпесе  біреудің,  айтқанына  көніп,
айдалуымен  жүру  немесе  «барып  кел,  шауып  келдің»  адамы  ретіндегі
қолбала болу жасқаншақтыққа, кіріптарлыққа ұшыратады [25].
Бүгінгі күндері екі мемлекеттің арасында үлкен даулы мәселеге айналған
Қырым түбегін кезінде пайдасы жоқ деп Украина мемлекетінің құрамына
ойланбастан бере салған, тың өлкесі типті федерацияның жаңа субъектісін
құру, тез арада Порт-Артурды Қытайға қайтару идеяларын волюнтаристік
тұрғыда іске асыруға қатты әрекет жасаған Никита Хрушевтің іс-әрекеттері
қатаң сынға алынуда.
Керек десеңіз КОКП-ның Бірінші хатшысы Н. Хрущев Қазақстанның
бір бөлігі Маңғыстау түбегін сол кездегі Түрікменстанның құрамына беріп
жіберуді аңсаған. Сондағы ойы: Маңғыстау байлығы мұнай. Ол одаққа өтуі
керек.  Ендеше  оны  игеру  құмды  жерлерде  мұнай  өндіру  тәжірибесі  мол
түрікмендердің ғана қолынан келеді – мыс! Енді белгілі болып отырғандай,
мұндай есерсоқ ұсыныстың іске аспай қалуы кезіндегі Қазақ елі басшысы
Д.А. Қонаев, КСРО геология министрі А.В.Сидоренконың дәлелді де, қарсы
пікірлерінің арқасы болса керек [26].
Бұл жолы Хрущевтің волюнтаристік ойы іске аспай қалды, әрине. Бірақ,
дегенінен  қайтпауға  әбден  дағдыланған  Хрущев  секілділер  қазақ  жерін
талан-таражға  салудан  ешқашан  бас  тартпаған.  1970-1972  жылдары  біз
Пермь қаласының маңындағы Бершет деген жерде әскери борышымызды
өтеген едік. Сол уақытта жетісайлық Владимир Филиоглов деген жігітпен
жақсы жолдас болып кеттік. Ол әскер қатарына бізден жарты жыл бұрын
шақырылған.  1971-ші  жылдың  күзі  болуы  керек.  Таңертеңгі  уақыт.  Ол
кезекшілікте  жүрген  мені  тауып  алды.  Түрі  өте  қуанышты  болатын.
Сондағы  маған  айтқаны:  «біз  өзімізге  қайта  оралдық,  енді  біз  қайтадан
«қазақстандықтармыз» деген сөз болды.
Шынымды айтсам мен ол уақытта Өзбекстанның құрамына өтіп кеткен
(Хрущевтің шешімімен) сол кездегі Жетісай, Киров, Мақтаарал, Бостандық
аудандары  туралы  көп  білмейді  екенмін.  Володя  жолдасыма  қосылып
қуанған болдым.
Тарих беттерін зерделей отырып, зерттеушілер, саясаткерлер қандай да
болсын елдің даму кезеңдерін салыстырады. Сөйтіп, отырып мемлекеттің,
ұлттың  болашағына  лайықты  әрекеттерді  болжауға  шақырады.  Кеңес
үкіметінің  іс-әрекеттері  де  осы  бір  көзге  көргісіз  тарихи  заңдылықтан

197
аспаған. Олай дейтініміз билік басына Ресейдегі қос революциядан кейін
келген  топтың  да  көзқарастары,  елдің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан өзгерістерге ұшырауында осындай қағиданы ескерген.
Әрине,  кешегі  патшалық  заманмен  салыстырғанда  кеңестік  дәуірдегі
Қазақстанда байқалған түбегейлі оң өзгерістер аз емес. Кешегі күні жері
мен мемлекеттігінен айрылған қазақ қауымы революциядан кейін тарихи,
қазақ  атауына  қайтадан  ие  болды.  Алдымен  Ресей  Федерациясының
құрамында Қазақ Автаномиясын құрып, 1936 ж. толыққанды одақтас, 15
республиканың біріне айналды. Индустриалды тұрғыдан өзгерістерге қол
жеткізді. Рухани тұрғыдан басталған өзгерістер, елдің тумасында болмаған
мүмкіндіктерге  жол  ашты:  жаппай  білім  беру,  жоғары  оқу  орындарының
ашылуы, ұлттық мамандарды дайындау т.б.
Бәрі  орынды  сияқты.  Бірақ,  әңгіменің  түп-тамырына  зерделеп  қарай
бастаған  сайын,  оның  мазмұнының  мүлде  басқа  екендігі  кейін  байқала
бастаған.
Ілияс Есенберлиннің «қайығының» ең ауыр болатыны да, міне, осында.
Тың игеру барысында ерекше, «тыңдық мінез» көрсеткендер және оларға
мүлдем қарама қайшы - «барып кел, шауып келдердің» қатар келуі табиғи
жайттай болды.
Осылайша, бір ғана қысқаша келген сөйлем арқылы жазушы оқиғаның
бүкіл оңы мен солын ашып беріп отыр. Қаншама рет «бос жатқан сор дала»
дегенді қолданғанымен, жазушы өте үлкен концептуалды ойдың үстінде:
Ол патшалық заманда болсын, кеңестік заманда болсын қазақ еліне, қазақ
жеріне  байланысты  немқұрайлылық,  менсінбеушілік.  Бүгінгі  күннің  бір
авторсымағы:  «...  Обыкновенный  коммунизм  считал,  что  у  богатого  на
природные ресурсы Казахстана есть только один существенный недостаток
– казахи!...» - дей келе былай деп отыр: «оставалось только замаскировать
тотальные  уничтожение  кочевников  под  некое  бедствие,  носящий
природный характер, типа джута. Именно для этого и проводилось политика
«малого  октября»,  включавшая  в  себе  «оседание»,  «коллективизацию»,
«обобществления скота», «изъятие излишков продоволствия», «ликвидацию
байско-кулацкого элемента и многое другое» дейді [27].
Олай болатын болса, Ілияс Есенберлин көтеріп отырған тың мәселесінің
соңында,  жазушының,  басқа  да  шығармаларына  түрткі  болған  -  ЕЛ
ТАҒДЫРЫ, ЖЕР ТАҒДЫРЫ, ҰЛТ ТАҒДЫРЫ тұр.
«Жарайды, арғы бабаларымыз сақ, үйсін, қыпшақтар делік. Көшіп келді
қазақ, тікті киіз үйін. Көшіп кетті қазақ – жықты киіз үйін! Бар болғаны
осы!... Жақсы солай делік. Бірақ осы көне жерді зерттей бастасақ – тіпті
сонау Чудь заманында да бұл арадан күміс, алтын, қорғасын, мыс қазған

198
орындарды  кездестіресің.  Кім  бұны  қазған?  Қандай  ел,  қай  заманда?
Белгісіз. Тек әлде табылған көне заманның асыл заттары ғана бір кездері
бұл  жерлерде  үлкен  мәдениетті  елдердің  тұрғанына  аздап  сәуле  түсіреді.
Мысалы... Қарғалы диадемасын - әйелдердің маңдайына жабатын әшекейін
алайық. Сом алтынға зергер жүгіріп бара жатқан малдардың, ұшып бара
жатқан  құстың,  ұрланып  келе  жатқан,  Жетісудың  жолбарысы  түстес,
аждаһаның суреттерін түсірген. Бәрі осы қазақ даласының, тау бөктерінің
аң-құсы.  Ал  биыл  Талғардың  аржағындағы  қорғаннан  алтын  киімді  жас
жігіттің  сүйегі  табылды.  Осының  бәрі  қайдан  келді?  Кім  бұның  бәрін
істеген?  Және  қайда  істеген?  Қайсы  елдің  бұл  алтын  зергерлері,  қайсы
елдің бұл күміс балқытқан ұсталары? Осының бәрі ашық аспан астында, не
болмаса көшпелі елдің түндікті киіз үйінің ішінде істелді ме? Жоқ, жоқ, бұл
арада бұрын дәл қазіргі қазақ жұртыныкі болғанымен, оның арғы бабалары
салған ғажайып қалалар тұрған. Тек оларды Дарий, Атилла, Шыңғысхан,
Ақсақ Темірлер әскерлері бұзған, қиратқан. Қалғанын құм мен жел, күйі
кеткен күйзелген кезеңдер құртқан [28, 195Б.].
Есенберлин  бұл  мысалдарды  тек  қазақ  ұлтының  кереметтігін,  не
болмаса  далада  табылған  археологиялық  кереметтер  негізінде  сенсация
туғызайын  деп,  одан  қалды  осы  мысалдар  арқылы  өзінің  шығармасына
деген қызығушылықты тудыру үшін емес, халқының тарихының тереңдігін,
тамырының тым әріге кеткендігін көрсету үшін айтып отыр.
Жазушы Есенберлиннің негізгі мақсаты - ой тудыру, ұлтының кешегісіне
қарап отырып, бүгінгісін ойлау, ертеңіне көз салу.
Тыңға, тың идеясына түсінушілікпен қараған, істеп жүрген жұмысына
асқан  жауапкершілікпен  қарайтын  эстон  жігіті  Юхань  қазақ  даласына
тура солай ой сала қарайды. Жерді жаңа тәсілмен жыртуға көнбей жүрген
тракторшы Қарабай да ойдан мақұрым емес. Мәселеге қаншама жерден таза
партиялық тұрғыдан қарап жүрсе де «...Ұлы Россия тұрған сонау Днепрдің
тарауы Русь өзеніне біздің келуімізден де бұрын бұлар (жергілікті қазақтар
–  А.Қ.)  осы  даланы  жайлап  кетті.  Және  осы  атамекен  жерін  қорғап  бұл
қазақ  елі  қандай  жаулармен  шайқаспаған!  Қанша  қанын  төккен!  Өйткені
бұл оның жері. Ата – бабасының!» - деп отырған бригадир Губанов та қазақ
тарихына таңырқай қарайды. [29, 13 Б.].
Түсініп отырған сияқты. Бірақ сол түсініктің барлығысына, ойда жоқта
Кеңестік заман күшпен әкеліп орнатпақ болған «ең бақытты заман» деген
идея асып түсіп жатыр.
Жеңіске жету бар, оған жетудің талай жолдары бар. Кеңес Одағының
адамдарын  «бақытты  етуді»  мақсат  еткендердің    бақытты  заманды
орнату жолында «адамның қанын суға айналдыруы» - ешкімнің санасына

199
сыймайтын, түсіне алмайтын көрініске айналып бара жатты...
Дүниеден өтіп мәңгі аштық, жоқтық
Жер шарын билеп ләззат, шаттық, тоқтық,
Қонысы Жерұйық боп арман еткен
Ешбір жан аштық көріп, шекпес опық...
Бұл,  әрине,  Жерұйықты  көкейтесті  тілек  еткен  аңыз.  Большевиктер
өзгерткен алтын дәнді дала, аңыз емес – шындық. Бірақ, шын мәнісінде,
олар ойлағандай аңыз ақиқатқа айналып жатса, одан жердің бағы неге ұшып
отыр?  Есенберлиннің:  «...  тың  игерудің  алғашқы  төрт-бес  жылдарынан
кейін, оның құнарын құртып алмауға шара қолданбай, қалай болса - солай
жыртып,  әйтеуір  астық  берсе  болды  деген  тұстарда,  жер  жылдан-жылға,
жоқ, күннен күнге істен шыға бастады» [30, 147 б.].
Кеңестік тарихнамада бұл проблема көтерілген емес десек – қателескен
болар едік. Бірақ коммунистік партияның қатты ықпалында жүрген олардың
басым көпшілігі, жетекші саяси партияның «көрегендік саясатынан» асып
кете  алмай  жатты.  Соның  ішінде,  мысалы,  бір  авторлар  «коммунистік
партия тың игерудің қандай да болсын зардаптарына, соның ішінде жердің
эрозияға  ұшырауына  да  дайын  болатын,  сондықтан  алғашқы  күндерден
бастап  жердің  құнарлығын  сақтап  қалуға  мүмкіндік  беретін  шараларды
қолданып жатты» - дегенді айтумен жүрсе де, «арба тұрған жерінде, тұра
берді» емес пе?
Волюнтаристік  тұрғыдан  келіп  шешілген  «нан  мәселесінде»  партия
ешкімнің  ақылын  сұрап  та  жатпағанын,  керек  болатын  болса,  тіпті  сол
кездегі  көптеген  басшылар,  оның  ішінде  жергілікті  басшылар  да  жоқ
емес, партияның бұл бастамасын өзіне «абырой, даңқ беретін мәселе» деп
қабылдағанын Есенберлин жасырып отырған жоқ.
«Мұхиттан өткен қайықта» осы бір шолақ белсенділерге І.Есенберлин
түрлі-түрлі  мінездеме  беріп,  турасын  бетке  айтып  отыр.  Солардың  бірі  –
басшылық қызметтерге кадрлар тағайындау мәселесі. Басқа республикалар
сияқты Қазақстан үшін де бір кездері Сталиннің «барлығын кадрлар шешеді»
деген «қанатты» сөздеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыстарын да жүргізіп
жатқан. Бірақ осыған байланысты ойын ашық айтқан адам Есенберлиндей-
ақ болсын!
Бір басшыға байланысты, одан жұрт қатты қорқатын, оның атын атағанда
қай қазақ болмасын басына қасірет болып келген жылмен байланыстыратын
(Бұл әрине Голощекин.-Қ.А). «Адам қарағысызға айналдырды ғой ол елді,
әбден  қалшылдатты.  Ақыры  өзі  де  құрыды.  Екіншісі  Кавказдан  келген

200
болатын. Ол туралы еш жаман ой келмейтін ешкімге. Ештеңені қиратқан
да жоқ, талқандаған да жоқ. Бар мәселені төңірегіндегілермен ақылдасып
отырып шешетін сияқты еді. Бір ғана кемшілігі болды: алыстан келгендігі,
өзімен  бірге  көптеген  жаңа  адамдарды  да  ала  келді.  Тіпті  Сталиннің  өзі
оны «артелімен қоса келген» деп отыратын. (Бұл – Мирзоян. Қ.А.) Мүмкін
олар  тіптен  де    жаман  қызметкерлер  болмаған  шығар»  деп  ойлайды
Есенберлиннің  кейіпкері,  бірақ  олар  республиканың  іс-шаруасы  туралы
ештеңеден хабарсыз болып шықты. «Ал, олар осы жерде туып, осы жерде
есейген адамға қандай ақыл айта алар еді. Кейін ол да жоғалып кетті», дей
келіп  кейіпкер,  «оның  орнына  Москвадан  жаңа  адам  келді.  Іскер.  Қатал.
Елдің  индустриалды  дамуына  көп  үлес  қосты.  Біраз  уақыттан  соң  ол  да
ауысты» деп еске алады.
Тыңның  осы  екінші  сатысы  басталған  кезде  Ақылбек  «Ақтоғай»
совхозына  келген.  Онда  совхоздың  директоры  бұрын  соғыста  болған,
тәжірибелі,  еңбегі  сіңген,  Тыңның  алғашқы  игерушілерінің  бірі  еді.  Осы
поселкенің  тұрған  жеріне  алғашқы  қазықты  өзі  қаққан.  Мынау  игерілген
алып даланың алғашқы соқасын өзі жүргізген. Ол бір қажуды білмейтін,
ешбір бөгетке өте алмаймын деп тоқтамайтын, қандай қиындықты болса да
жеңе алатын, тәулік бойы ұйқы көрмей жұмыс істей беретін жігерлі, табанды
кісі еді. Рас, ол қандай бекініс болса да, қауырт аттаныспен, тікелей белдесе
кетіп алатын, әй-шәйді білмейтін, оның жұмыстағы принципі «БЕР! БЕР!
ІСТЕ! ІСТЕ!» болатын. Мысалы, сен өлгелі жатсаң, алдыменен жоспарыңды
орындап,  сосын  барып  өлуге  тиістісің...  Қысқасы,  бұл  «өндірістің  нағыз
командирі» еді. Бейбітшілік кезде де, соғыс кезіндегідей қандай қамалды
болса  да  ол  тікелей  атакамен,  күрт  аттаныспен  ғана  алуды  білетін»  [31,
150  б.].  Міне,  бұл  да  сол  кездегі  типтік  бейне.  Енді,  міне,  осы  басшыға
Ахметжановтың көңілі толмай тұр. Жаңаша жұмыс істей алмайсың деген
себеппен,  оның  орнына  Пашков  деген  жігітті  қойып  кетті.  Жас  агроном.
Тимирязев  ауыл  шаруашылық  академиясын  бітірген.  Пашков,  кезеңінде
совхоз  басшылығына  сәйкес  болып  көрінген  де  шығар.  Өкінішке  орай,
КСРО  ыдырап,  тыңды  игеру  кезіндегі  шаруашылықтар  қатты  күйзеліске
ұшырап,  дағдарысқа  душар  болып  жатқан  90-шы  жылдары  Қазақстанды
тастап, қалтасын ақшаға қампитып, Ресейден барып сая тапқандардың бірі
– осы Пашков сияқтылар.
Мүмкін, Есенберлин мінездеме беріп отырған басшылардың бірі оған
ұқсас болған шығыр, кім біледі. «Сырт қараған адамға Нұржан Қаужановтан
асқан жұмысына берілген адам болмаса керек-ті. Өзінде де маза жоқ, жұртқа
да маза бермейді. Қарамағындағы жұртты кезек-кезек шақыртып ап, жұмыс
орындалмай жатса, бұлқан-талқан болып ашуланады, екі аяғын бір етікке
тығып  жерлейді.  Күніне  қырық  істі  бастап,  әттең,  біреуін  де  бітірмейді.
Сөйтіп ол өзінен жоғары тұрған адамдарға жігерлі, үкімет ісін жан-тәнімен
аянбай жұмыс істейтін қызметкер болып көрінеді. Ал шынына келсе, бұл

201
құр байбаламшыл тек өз басының қамын ойлайтын ғана кісі еді. Жоғарғы
жаққа тегеурінді, ұқыпты адам көріну үшін, бағынышты қызметкерлерінің
қаққанда  қанын,  соққанда  сөлін  алады.  Ал  сөйлей  кетсе  бұдан  асқан
марксшіл,  лениншіл  адам  тағы  жоқ.  Оның  тағы  бір  қасиеті:  жұрттың
бәрі  кеңес  үкіметінің  шаруасын  бүлдіргісі  келіп  жүргендей.  «Адамның
бақытты болуы әрқилы – деп санайды Есенберлиннің тағы бір кейіпкері,
- міне біз қала тұрғындары, өмірді үлкен категориямен шеңберлеп өлшеуге
дағдыланғанбыз. Мұз жаратын кеме ойлап шығарсақ, жаратылыстың дүлей
күшін ауыздасақ, не болмаса атом күшін дұрыс пайдаланар жолын тапсақ,
өзімізді зор бақытты санаймыз [32, 127 б.].
Көзсіз жүргізілген әрекеттердің барысында жер көлеңкесінен айрылды.
Ал, тың және тыңайған жерлерді игеру жалпы Кеңес Одағы үшін негізгі
«нан проблемасын» шешу үшін тиімді болғанымен, жергілікті тұрғындар
үшін «көлеңке» бола алмады.
Осылайша, үстіне өте ауыр жүк артылған Ілияс Есенберлиннің «қайығы
мұхиттың үстіне шығып отыр...». Иә, оның жүгінің салмағы сол уақыт үшін
де, қазіргі заман мөлшерімен алып қарағанда өте ауыр, өте салмақты болып
шықты.  Ол  жүктің  аты  –  ЕЛІМ,  ЖЕРІМ,  ХАЛҚЫМ.  Шақырайған  күн
астында қалған осы бір қасиетті де құдіретті күштерге көлеңке беретіндерді
жанталаса  іздеген  жазушы,  ендігі  жерде  бар  амалды  бір  ғана  адаммен
байланыстырып жатты...
Өткен,  кеңестік  заман  туралы  қаншама  пікір  айтқанымызбен,  оның
салыстырмалы жақтары да жоқ емес. Олай болатын себебі, кешегі қоғамда
өмір  сүріп,  оған  қолынан  келгенше  еңбегімді  сіңірдім,  ал  бүгінгі  күнім
неге бұлай болды, кеше ғана қаймақтай ұйып отырған ауылда тұрып, еңбек
етіп,  бала  өсіріп  жатқан  едім,  енді,  міне,  бүгін  келіп  қалада,  кірер  есігім
мен төрім қабаттасып жатқан алақандай үйде тұрып жатырмын – деген ой
үстінде жүргендер үшін олардың кешегі көрген күндері ертегі бір замандай
болып көрінетіндігі де жоқ емес...
Мәңгі  елде  мұндай  сұрақтар  болмауға  тиіс.  Солай  деп  ойлағандар
ішінде жеке дара тұрған – кеңестік жазушы Ілияс Есенберлин.
Ілияс  Есенберлиннің  шығармасында  мынадай  бір  аңыз  айтылады:
сұлу қызға қатты ғашық болған жас жігіт арудың не айтқанына да дайын,
тіпті  өзінің  ғашықтық  сезімін  дәлелдеу  үшін  анасын  өлтіріп  қызға  оның
жүрегін әкеліп беруге де дайын. Айтылды, істелді. Енді келісім бойынша
күн шыққанға дейін жүректі қызға жеткізу керек. Жанталаса жүгіріп келе
жатқан  жігіт,  шалынып  жығылғанда  қолындағы  анасының  жүрегі  анадай
жерге  ұшып  түскен.  Сонда,  құлап  жатқан  баласын  көрген  ана  жүрегі
«Қарағым-ай, бір жерің ауырып қалған жоқ па?» - деген екен...
Жер-Ана адамзат үшін бойындағы бар қуатын беруге дайын. Ал кейбір
адамдар болса бір күндік бақыт үшін Жер-Ананы сатып кетуге бейіл...

202
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Джузеппе Боффа. История Советского Союза. Т.2. От Отечественной
войны до положения второй мировой державы. Сталин и Хрущев. Пер. С
итал. – М.1990. – 623 с.
2. Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. – М.: 2003
3. Маркс К., Энгельс Ф. ИП.Т. 25. ч. II
4. Баишев С. Целинная эпопея Казахстана. Алма – Ата, 1979
5. Казахстанская правда - 1986.7 февраля.
6.  Қараң.:  А.  Кашкимбаев.  Деятельность  Компартии  Казахстана  по
осуществлении  аграрной  политики  КПСС.  (1976-1985  гг.)  –  автореф.  –
Ленинград. 1987
7. Есенберлин І.Көлеңкеңмен қорғай жүр. Көрсет. әд.
8. Бұл да сонда
9. Есенберлин. Мұхиттан өткен қайық. Көрсет. әд.
10.  Қараң.:  Кашкимбаев  А.  Деятельность  Компартии  Казахстана.
Автореф. дисс. на соиск. ст. к.и.н. – Ленинград, - 1987
11. Есенберлин І Мұхиттан өткен қайық. Көрсет. әд.
12. Есенберлин І .Көлеңкеңмен қорғай жүр. Көрсет. әд.
13. Есенберлин І Мұхиттан өткен қайық. Көрсет. әд
14. Есенберлин І. Көлеңкеңмен қорғай жүр.Көрсет. әд.
15. Есенберлин Р. Письмо Главному редактору журнала «Новый мир»
С.П. Залыгину (Атбасар. Лит. музей им. И. Есенберлина)
16. Есенберлин І Мұхиттан өткен қайық. Көрсет. әд
17. Бұл да сонда
18. Аупбаев Ж.. Намысұлы // Егемен Қазақстан – 2 сәуір. 2011.
19. Бұл да сонда
20. Қазақ әдебиеті тарихы. 9 т. Кеңес дәуірі. Алматы. 2005
21. Есенберлин І .Көлеңкеңмен қорғай жүр.Көрсет. әд.
22. Бұл да сонда
23. Бұл да сонда
24.  Орманбаев.  Жұмабай  «Сарыарқа  төскейі  жылқыға  толсын»  //
Социалистік Қазақстан. № 9.
25. Егемен Қазақстан – 2 сәуір. – 2014. – 5 Б.
26. Экспресс – Қазақстан. 21 қаңтар 2011.
27. Данияр Қасымов. Реплика. // Mangilikel. – международный научно –
популярный журнал. – Астана. 1(3).2014
28. Есенберлин І. Көлеңкеңмен қорғай жүр. Көрсет. әд.
29. Бұл да сонда
30. Есенберлин І. Мұхиттан өткен қайық. Көрсет. әд.
31. Есенберлин І. Көлеңкеңмен қорғай жүр. Көрсет. әд.
32. Бұл да сонда

V ТАРАУ
ІЗ ҚАЛҒАН ӨШПЕС СОҢЫНДА
Өмірге сен жолаушы, алдың жорық
Жыл санап тұрар сені ажал торып.
Ойлай бер борышымды атқардым деп, 
Өте алсаң сол жорықтан Адам болып
І. Есенберлин «Көңіл дастанынан»

204

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет