Ылмыстар институты


Қорғаушының шағымында көрсетілген жағдайлар негізді ме?



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
treatise9312

 Қорғаушының шағымында көрсетілген жағдайлар негізді ме? 
Егер негізді болса онда оны дәйекті түрде теріске шығарыңыз. 
18 тапсырма 


78 
Құрылысжөндеутрестінің жабдықтау бөлімінің бастығы болып жұмыс 
істеп жүрген кезде П. құрылыс материалдарының аса қат жағдайын 
пайдаланып, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп отырғаны үшін 
құрылысжөндеу бөлімшесінің бастығы Б-дан жүйелі түрде пара алған деп 
айыпталды. Барлығы П. Б-дан мемлекеттік қаржы есебінен 150 000тг. 
көлемінде қаражат алған. 
Бұл әрекетті сот ҚК. 311б. сәйкес саралады? 
 
19 тапсырма 
С. мен К. әрі қарай ұрлау мақсатымен ОТК заводынан 50 подшипникті 
өзінің жұмыс істейтін цехына әкеліп тығып қойған. Оның әрекеттері 
байқалып қалып подшипниктер алынып қойылады.
Олардың әрекеттері қай сатыда үзіліп қалды? 
20 тапсырма 
Камалов түнде қолындағы қысқа мылтықпен ( қысқа мылтық 
оқталмаған) көпір астынан атып шығып Барнаковты өлтіретін деп қорқытып, 
одан былғары күртешесін шешіп алды, күртенің қалтасында 30 000 теңге 
айлығы бар болған еді Ұрлаған заттарын көпір астына тығып, тағы екі 
азаматты тонамақшы болғанда, олар қарсылық көрсетіп ұстап алып
полицияға жеткізді. 
Камаловтың жасаған қылмысында қылмыстың бірнеше мәрте 
жасалуының белгілері бар ма? Қарақшылықтың аяқталу кезеңін 
анықтаңдар. 
21 тапсырма 
Жасөспірімдер Зверков (13 жас) Климов (16 жас) кәмелеттік жасқа толған 
Кувыкин (19 жас) мерекеге жарататын ақша табу үшін адамдарды тонауға 
келіседі. Олардың жоспары бойынша Климов кетіп бара жатқан азаматты 
шылым тұтатуға тоқтатады, осы кезде Кувыкин мен Зверков аяғынан теуіп
тонайды. Осы түнде олар осындай әдіспен төрт азаматты тонайды. 
 Кінәлілердің әрекетінде қылмыстың қандай құрамы орын алған? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет