Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
treatise9312

Бақылау сұрақтары: 
1. Иеленіп алу дегеніміз не? 
2. Ысырап ету дегеніміз не? 
3. Қызмет бабын пайдалану дегеніміз не? 
4. Иеленіп алу мен ысырап етудің ауырлататын мән-жайларын атаңыз? 
5. Саралаушы белгілерді атаңыз? 
Әдебиеттер 
 
1.Модельный уголовный кодекс для госдарств - участников СНГ // 
Правоведение, 1996, № 1, 150 с. 
2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж 
өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж. 560бет. 
3.Курс советского уголовного права. Особенная часть./Под ред. А.А. 
Пионтковского. М., 1959г. 810стр. 
4.А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы., 
2000ж. 520бет. 


27 
5.Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г. 
768стр. 
6.Научно – практический комментарий к Основам уголовного законодательства 
Союза ССР и союзных республик. М., 1961г. 200стр. 
2 СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ИЕЛЕНГЕНДІГІ
ЖӘНЕ ЫСЫРАП ЕТУ АРҚЫЛЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУ
ҚҰРАМЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ 
 
2.1 Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап 
етудің объектісі 
Объект қылмыс құрамының міндетті элементі болып табылатындықтан, 
объектісіз қылмыс болмайды деуге болады. Заңда қылмыс ретінде кез-келген 
қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол 
сұғушылықта нақ сол объектіге елеулі немесе айтарлықтай зиян келтіріледі 
немесе зиян келтіру мүмкіндігі туады. Сондықтан да қылмыстық қол 
сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық, практикалық 
маңызы ерекше. 
Объектіні нақты анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және 
құқықтық табиғатын білуге, жасаған қылмысы үшін жауаптылықтың
нысаны мен шегін білуге көмегін тигізеді. 
Қылмыс объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен 
ажыратуға, оны қылмысты емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. 
Өйткені қылмыстық – құқықтық қорғау объектісіне әрқашанда өзінің мәні 
мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. 
Объект маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып 


28 
саналады, соған орай оны қылмыстық – құқықтық қорғау да қатаң түрде 
жүзеге асырылады. 
Кез-келген әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі қандай обьектіге
елеулі мөлшерде қол сұғатынына байланысты болады, сондықтан 
қылмыстық заңда қарастырылған кейбір әрекеттерге ұқсас және сол 
әрекеттердің белгілері бар, бірақ аз маңыздылығына (малозначительность) 
байланысты қоғамға қауіптілік туғызбайтын, яғни жеке адамға, қоғамға және 
мемлекетке зиян тигізбейтін және зиян тигізу қаупін туғызбайтын әрекет 
немесе әрекетсіздік қылмыстық заңдылыққа сәйкес қылмыс болып 
табылмайды. Объектінің мәні мен мазмұны тек осы ғана емес. 
Қылмыс объектісінің мәселесі философиялық проблема болып табылады
Осыған орай біршама авторлар қылмыс объектісі болып тек қана қоғамдық 
қатынас емес сонымен қоса, құқық нормасын да тануды ұсынған. Профессор 
А.А.Исаев құқық нормасының мазмұны оған берген түсініктемесіне қарай 
өзгеріп отыратын, сондай-ақ барлық қоғамдық қатынастардың құқық арқылы 
реттелелмейтінін келтіре отырып, келіспейтіндігін ескертеді. 
Ал белгілі заңгер Е.І. Қайыржанов қылмыс объектісінің материалдық 
және формальдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын 
мүдде болса формальдық жағы ол мүддені жауып, бүркеп қорғап тұратын 
құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ, сондай-ақ 
олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар 
жоқ”,-дейді. Объектінің неғұрлым терең мазмұнды жағы, мәнісі немесе
қоғамдық құндылығы қоғам мен мемлекет атынан қорғалатын мүддеде, 
қоғамның материалдық не моральдық игіліктерінде жатыр. Қылмыс 
обьектілерінің белгісіне қарай, заң шығарушы, қылмыстық-құқықтық 
нормаларды жүйелеу және кодификациялау сияқты күрделі жұмысты 
орындайды.
Сонымен, қылмыстың обьектісіне не жатады? 
Қылмыстың объектісі – меншік, басқаша айтқанда, мүлікті иелену, 
пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастардың
жиынтығы. 
Қоғамдық қатынастар адамдардың арасындағы тәжірибелік, оның ішінде 
танымдық және рухани өмір сүру процессі кезінде пайда болатын қатынастар
ретінде сипатталады. Сондықтан қоғамдық қатынастар жүйесінде өзге
қоғамдық қатынастардың (саяси, құқықтық, діни және өзге де қатынастар) 
өндірістік қатынастар бірінші орында тұрады. Қоғамдық қатынастың өзі 
сипаты жағынан да, құрылымы жағынан да күрделі құбылысқа жатады. Бірақ 
қоғамдық қатынастардың негізгі элементтері: қоғам, мемлекет және оның 
ережелері, ұйымдар мен олардың өкілдері, әртүрлі бірлестіктер мен адамдар 
ұжымы, жеке адамдар, материалдық дүниенің заттары және әртүрлі, оның 
ішінде құқықтық нышанда көрінетін, қоғамдық қатынас мүшелерінің
арақатынасы болып табылады. 
Белгілі бір қылмысты жасай отырып, кез-келген адам қоғамдық 
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады, олардың арақатынасын 


29 
бұза отырып, қатынас мүшелерінің мүдделеріне тікелей немесе жанама 
елеулі зиян тигізеді деген Е.Ә. Оңғарбаев. 
Әрине, барлық қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғала 
бермейді, тек заң шығарушының пікірінше, неғұрлым құнды деп танылатын 
қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғалады және бұлардың шеңбері 
әрқашан өзгеріп отырады. Бұл шеңбер белгілі бір жағдайларға: ерекше 
тарихи жағдайларға, белгілі бір орта, уақыт, белгілі бір қоғамдық қауіпті 
әрекеттердің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) қауіптілігі мен деңгейіне 
байланысты өзгеріп тұрады. 
Қылмыстық заңда қол сұғушылықтан қорғалатын неғұрлым маңызды 
қоғамдық қатынастардың мазмұны толығымен қарастырылған. Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында: “Осы кодекстің міндеттері 
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, 
меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп 
пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының 
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен 
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан 
қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ
қылмыстардың алдын-алу болып табылады”- деп айтылған. 
Қылмыстық құқық теориясында, жалпыға мәлім болғандай, қылмыс
обьектісін жете білу үшін оның маңызын және атқаратын рөлін, қызметін 
түгел ашу мақсатымен қылмыстың объектілерін бөлу қалыптасқан. 
Қылмыстың жалпы объектісі барлық қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастардың жиынтығын құрайды. Қылмыстық заңда
көрсетілген қылмыстық іс- әрекеттің кез келгенінің барлық уақытта да 
қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық
қатынастардың барлық қылмыстардың жалпы объектісі екендігін көрсетеді. 
Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстық құқықтың әлеуметтік саяси 
мазмұнын, жалпы қылмыс қатарына жатқызылуының негізгі қағидасын, 
сонымен бірге қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратуға толық 
мүмкіндік береді. 
Бірақ жалпы объектінің түсінігі біртектес нақты іс- әрекеттердің 
ерекшелігін бейнелеуде жеткіліксіз болып табылады. Осыған байланысты 
қылмыстық ғылым теориясы қылмыстық қол сұғушылықтың тектік және 
тікелей объектілерін бөліп, қарастырған. 
Қылмыстың топтық (родовой) обьектісі белгілі бір қылмыстар қоғамдық 
қатынастардың арнайы түрлері немесе саласының қайсысына қарсы екенін 
(жеке адам мүдделеріне қарсылығын, меншікке қарсылығын, сот әділдігіне 
қарсылығын және т. б.) көрсетеді. Алайда обьектінің қоғамдық қатынас
ретіндегі ұғымын оның барлық түрлеріне тану түсініксіз болып шығады. 
Мәселе мынада, “қоғамдық қатынас ретіндегі жалпы категорияны 
“тікелей” обьектіге қолдану бірқатар түсініспеушіліктерді туғызады. Барлық 
оқулықтар мен қылмыстық құқық курстарында “тікелей” обьект ретінде 
“жеке әрбір қылмыс нақты бір қоғамдық қатынасқа” қарсы бағытталған деп 
тану қалыптасқан. “Тікелей” обьектінің өзге де ұғымы кездеседі: бұл – “бір 


30 
немесе бірнеше қылмыс төте немесе тікелей бағытталған заңмен қорғалатын 
нақты қоғамдық қатынастар”. Сонда, “тікелей” обьектіге нақты бір қоғамдық 
қатынас емес, қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып шығады. Бұл 
жерде еріксіз мынадай сауал туады: топтық (родовой) немесе арнайы 
обьектінің “тікелей” обьектіден айырмашылығы неде? 
“Тікелей” обьектінің мұндай түсіндірілуі әлі күнге дейін ғылыми және 
оқу әдебиеттерінің беттерінде көрініс тауып келе жатыр. Бұл философиялық 
қағиданың, атап айтқанда жалпы, ерекше, жеке (біртекті) санаттарын 
қолданудағы 
әдістемелік 
көзқарасты 
түсініп, 
оны 
дұрыс 
пайдаланбағандықтан. Ең басты қателік “тікелей” обьект ретінде көптеген 
авторлар жекені көргісі келеді, сол тұста өздері бөлек (отдельный) санатын 
қолданады. Дұрыс ұғынған адамға бөлек (отдельный), ол жеке (единичный)
емес. Соңғысы – жеке әрқашан нақты жағдайда анықталатын бөлектің
шынайы көрінуі, ол нақты жағдай бойынша анықталады. 
Бұл түсінбеушіліктер қылмыс объектілерін бөлу барысында қоғамдық 
қатынастардың нақты көріністерін – мүдде категориясын пайдаланғанда 
түсінікті болады. Мүдде де қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты және 
мазмұнды көрінуі. Мәселе мынада, мүдде мен мүдделердің арасындағы
қатынастарсыз ешқандай қоғамдық қатынас болуы мүмкін емес. Қоғамдық 
қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы әртүрлі байланыстардың 
жиынтығын көрсетеді. Бұл байланыстардың материалдық (өндірістік), 
жағымдық, эстетикалық, құқықтық және өзге де таптардың, әлеуметтік 
топтардың немесе белгілі бір адамдардың мүдделерін білдіретін
сипаттары болуы мүмкін. 
Мүдденің өз субьектісі ғана емес, субьектілерінің арасындағы 
байланыстарды туғызатын оның обьектісі де - әлеуметтік құндылықтар 
(материалдық немесе идеалдық) болады. Сондықтан, біздің ойымызша, 
“тікелей” обьект ең ерекше маңызды қай обьектіге нақты әрекеттер 
(әрекет немесе әрекетсіздік) залал келтіреді деген сауалмен анықталады. 
Мысалы, кісі өлтіруде мәселе жеке адамның жалпы өмірінде емес, оның 
өзге адамдардан ерекшеленетін қатаң түрдегі белгілі бір адам ретіндегі 
өмірінде. Ұрлықта жалпы жеке меншік емес, айталық белгілі бір түстегі 
және размердегі, белгілі бір субьектінің (мүдделінің) меншігіндегі пальто 
туралы сөз болады. 
Ал, мемлекеттік құпияны жария ету арқылы мемлекетке опасыздық 
жасау сол заводтың (фабриканың), әскери бөлімшенің, содан барып – 
мемлекеттің қорғану мүддесіне тікелей зиян келтіреді, бас бостандығынан 
айыру мекемесінен қашып шыққан адам ең алдымен сол қылмыстық 
атқару мекемесінің мүдделеріне, сол арқылы – мемлекеттің сот әділдігінің 
мүддесіне зиян келтіреді. 
Осылайша, әрбір жеке жағдайда алдын ала және сот тергеуі сол 
қылмыстың құрамын анықтау үшін тікелей объектіні анықтайды, ол 
қылмыстың жалпы обьектісін анықтау үшін анықталмайды. Басқа сөзбен 
айтқанда, “тікелей” обьект қылмыстық-құқылық нормада сипатталмаған 


31 
белгілі бір обьектінің жеке белгілері туралы сөз болғанда өзін-өзі жоққа 
шығарады. 
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап еткені 
үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексінің 176-бабында қарастырылған. 
Қылмыстық заң жүйесін талдай отырып, иеленіп алу мен ысырап етудің
топтық обьектісі дау туғызбайтын меншік қатынастары деп есептеуге 
болады. 
Тікелей объект туралы қылмыстық құқық теориясында пікірталастар да 
аз емес. Осыдан келіп иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан-таражға 
салудың тікелей обьектісі белгілі бір субьектінің, яғни, заңды немесе жеке
тұлғалардың материалдық (мүліктік) мүддесі болып табылады. 
Қосымша тікелей объект қылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі 
объектіге зиян келтірілгенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол-
жөнекей оған да қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен
байланысты объектіні айтамыз. 
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысы затының 
міндетті қасиетіне алдын-ала адамға сеніп тапсыру, ол адам қалыптасқан 
жағдайды пайдалана отырып, кейіннен, сол бөтен мүлікті талан-тараждайды. 
Мынадай көзқараспен келісу қажет, сеніп тапсырылған мүлік деп, өзге 
адамның заңды иеленуіне көшетін, сол мүлікке қатысты ол адамда белгілі бір 
заңды өкілеттіліктер пайда болатын мүлікті есептеу керек. 
Мүлікті сеніп тапсыру түсінігі тек қана теориялық еңбектерде ғана емес, 
бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Сот 
Пленумдарының 
талан-таражды 
саралау 
мәселелері 
жөніндегі 
түсініктемелерінде де анық түрде сипатталады. 
ССРО Жоғарғы Сотының 1972 жылғы 12 шілдедегі Пленумының 
“Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлау істері бойынша сот тәжірибесі 
туралы” қаулысында сеніп тапсырылған мемлекеттік немесе қоғамдық 
мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету кінәлінің заңды шегіндегі мүлікті 
ұрлауы деп топтастырылуы қажет, яғни, қызметтік міндеттеріне, келісімдік 
қатынастарға немесе мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың арнайы 
тапсыруына байланысты сол мүлікке қатысты басқару, пайдалану, 
тасымалдау немесе сақтау құқығын жүзеге асырып жүрген адамның сол 
мүлікті иеленіп алуы немесе ысырап етуі (қалаушы, экспедитор, 
қамсыздандыру агенті, сатушы, кассир және өзге де адамдар). 
Осындай ережені КСРО Жоғарғы Сотының 1985 жылғы 28-
маусымдағы Пленумының “Ұрлау туралы іс жөніндегі сот тәжірбиесі 
туралы” қаулысынан да көруге болады. 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 –жылғы 
25-шілдедегі “Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері
туралы ” қаулысында меншік иесінің мүлкін пайдақорлық мақсатпен заңсыз 
тегін алуды және өз пайдасына немесе басқаның пайдасына айналдыруды- 
бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсініктеме берген. Осылайша, сеніп 
тапсырылған бөтеннің мүлкінің талан-тараждалуының маңызды белгісі


32 
кінәлі де сеніп тапсырылған мүлікке басқару, пайдалану және иелену 
құқығының болуы. 
Иеленіп алу немесе ысырап етуде бөтеннің мүлкі (мемлекеттік, жеке 
меншіктегі) кінәліге сеніп тапсырылады, яғни, қызметтік міндеттеріне 
байланысты заңдық куәландырылған және заңға сәйкес бекітілген құжатқа 
(келісімге, еңбек келісіміне, қабылдау актісіне және т. б) байланысты 
келісімдік қатынастардың немесе арнайы тапсырудың негізінде оның 
заңды иелігіне (ұрлықтан, тонау немесе шабуыл жасап тонаудан 
айырмашылығы) көшеді. 
Қазақстан Республикасының сот тәжірибесін зерттеу нәтижесінен әртүрлі 
инстанциядағы соттар нақ осы көзқарасты ұстанатынын байқауға болады. 
Сот үкімімен бақылаушы-кассир Б. өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің 
мүлкін Халық банкісінің филиалынан ақша қаражатын талан-тараждауға 
негізді түрде кінәлі деп танылды және Қазақстан Республикасы қылмыстық 
кодексінің 176-бабына сәйкес, сотталды, өйткені талан-таражға түскен ақша 
қаражаты оның заңды иелігіне заңдық негізде тұрған, соның салдарын ол 
талан-таражға салуға пайдаланды. 
Сот тәжірибесінде кінәлі өзіне иелену, пайдалану немесе басқару 
өкілеттілігі берілмеген бөтеннің мүлкін талан- таражға салу да кездеседі. 
Мысалы, көлік құралдарының жүргізушілері бидай немесе өзге де
тасымалдайтын өнімді, ол жүргізушіде сол өнімге экспедиторлық және өзге 
де өкілеттілігі болмай тұрып талан-тараж етуі. 
Бөтеннің мүлкін талан- таражға салу жасырын немесе ашық болуына 
байланысты бұл әрекеттер ұрлық немесе тонау деп саралануы қажет. Алайда, 
аталған адамдар өнімді тасымалдан басқа сол өнімге экспедиторлық статусқа 
ие болса, яғни, осы өнімге қатысты белгілі бір құқықтарға ие болса, сәйкес 
тауарлық тасымалдау құжатын (накладная) немесе өнімнің аты, түрі, саны 
(салмағы) кейде өнімнің құны жазылған өзге де ресми құжаттарды алып сол 
өнімді талан-тараждаса, бұл талан-таражға салу сеніп тапсырылған бөтен 
мүлікті иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салғаны
ретінде саралануы қажет. 
Қылмыстық құқық теориясында, бөтеннің мүлкін иеленіп алуда меншік 
иесінің ешкімге берілмейтін екі құқығы бұзылады, пайдалану және басқару 
құқығы, ал иелену құқығы кінәліге беріліп, ол оны заңды негізде 
пайдаланады, өйткені сол мүлік кінәліге сеніп тапсырылған деген пікір 
қалыптасқан. 
Мүлік, бұл жерде, талан-тараж заты болып табылады. Жалпы талан-тараж 
затына тән белгілер бар мүліктер ғана иеленіп алудың немесе ысырап етудің 
заты бола алады және де ол мүліктің айыпты адамға сеніп тапсырылуы 
міндетті шарт. 
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы 
бойынша сараланатын иеленіп алудың немесе ысырап етудің затына мына 
белгілер тән: 

заттық; 

экономикалық; 


33 

заңдық; 

айыпты адамға мүліктің сеніп тапсырылуы. 
Заттың белгілері болып, иеленіп алу мен ысырап етудің заты әрқашанда 
материалдық нәрсе болып табылады. Сондықтан да мүліктік қылмыс ретінде, 
бұл іс- әрекеттің заты адамның идеясы, пікірі бола алмайды. 
Қол сұғушылықтың заты-бөтен біреудің иелігінде уақытша болатын 
заттар, ақшалар, облигациялар, лоторей билеттері, тұрмыстық тауарлар, 
сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе 
қозғалмайтын мүліктер жатады.Чектер, жинақтаушы кітапшалар және өзге 
де осы сияқты құжаттар аяқталған талан-таражға салудың заты бола 
алмайды, өйткені оларды алу ұйым қорынан немесе бөтеннің мүлкін
азайтумен байланысты емес. Тек егер қылмыскер сол құжаттар арқылы 
бөтен мүлікті иелене алса, ол талан-таражға салу болып табылады. Сол 
құжаттар арқылы иеленудің дайындық кезеңі болып табылады. Талан-тараж 
заты әрқашан ақшалай бағаланатын адам еңбегінің нәтижесі ( мысалы, 
жиналған өнім ). Бірақ осы аталған мүліктерді заңды иелену тергеу мен сотта 
әртүрлі дәрежеленеді. 
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-тараждың 
затына кінәлінің заңды иелігіндегі мүлік жатады. Кінәлі өзінің қызметтік 
міндеттеріне, келісімдік қатынастарына немесе қоғамдық ұйымдардың 
арнайы тапсыруына байланысты сол мүлікті басқаруға, жұмсауға, 
тасымалдауға немесе сақтауға қатысты белгілі бір өкілеттіктерді жүзеге 
асыра алады. Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті талан таражға салу, егер
қызметтік жағдайын асыра пайдалану жолымен жасалса онда қол сұғу заты 
кінәлінің иелігіндегі емес, оның қол астындағылардың мүлкі болып 
табылады. 
Материалдық жауапты немесе сенім артушы адамның қолына кездейсоқ 
түскен мүлік, мысалы, сол кезеңде кінәліде ақша қаражатын өз пайдасына 
жұмсау мақсаты болмағанымен (ол кейін пайда болады), кассадан алынып 
қойған ақша қарастырып отырған қылмыстың заты бола алмайды, өйткені 
мұндай жолмен түскен мүлікті оған ешкім шаруашылық- экономикалық 
міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет