Сезікті - тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады.
Сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы. Қылмыстық iзге түсу органы ұсталған адамды - жетпiс екi сағаттан артық ұстауға болмайды. Жолын кесу шарасы қолданылған адамды - сезiктiге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәулiктен артық сезiктi адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ. Заңмен белгiленген мерзiмдер аяқталған сәтте қылмыстық iзге түсу органы сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға не оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығаруға мiндеттi. Күдік жеткiлiктi негiзделмеген деп тапқан қылмыстық iзге түсу органы белгiленген мерзiмдер аяқталғанға дейiн сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға мiндеттi. Сезiктi өзiне не үшiн күдiк келтiрiлгенiн бiлуге және өзiне қарсы қылмыстық iс қозғалғандығы туралы қаулының көшiрмесiн не ұстау хаттамасының немесе бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшiрмесiн алуға; өзiне қарсы күдiкке байланысты
түсiнiктеме мен жауап беруге, түсiндiрме мен жауап беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтiнiш пен қарсылық мәлiмдеуге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ пен түсiнiктеме беруге; аудармашының ақысыз көмегiн пайдалануға; өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен оның өтiнiшi немесе қорғаушының не заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiне қатысуға; соттың, прокурордың, тергеушiнiң және анықтаушының iс-әрекетi мен шешiмiне шағым беруге құқылы.