«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет25/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Дәлелдемелерді бекіту
Iс жүзiндегi деректер олар iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады.
Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.
Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.
Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiмдер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады.
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысым хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады.
Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады.
Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.
Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.
Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.
Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс- әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет