Дәлелдемелерді бағалау Әрбiр дәлелдеме қатыстылығы, жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс. Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайды. Егер ол iс үшiн маңызы бар мән-жайдың бар екендiгi туралы қорытындыны растайтын, жоққа шығаратын немесе күмәндандыратын iс жүзiндегi деректердi бiлдiретiн болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады. Дәлелдеме, егер тексерудiң нәтижесiнде оның шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, дұрыс деп танылады.
Бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны.
2. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу. Дәлелдеу ұғымы.
3. Дәлелдеуге жататын мән – жайлар. Дәлелдемелерді бағалау. Дәлелдемелерді зерттеу.
Глоссарий: 1. «Қадағалау өндірісі»- сот қадағалау тәртібімен шешімдерді қайта қарау азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде заңды күшіне енген шешімдерде анықталған қателерді жояды, сондай-ақ заңдылық талаптарына дәлме-дәл келетін сот тәжірибесінің біртұтастығын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қояды. Қадағалау тәртібімен наразылық, шағым келтіруге құқылы тұлғалар азаматтық іс жүргізу заңымен реттелген.
Наразылық келтіруге құқылы тұлғалар: ҚР Бас прокуроры, ҚР Бас пркурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, ҚР Жоғарғы Соты алқасының судьялары тиісті сот сатысына шағым жасалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгізеді.
2. «Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны»- қадағалау сатысындағы соттың қаулысы Қазақстан Республикасының ҚІЖК сәйкес аппеляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
3. «Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау»- қадағалау шағымдарын облыстық және оларға теңестірілген соттарда алдын ала қарайды, 15 тәуліктің ішінде осы сот төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы жеке дара жүзеге асырады. Бұл жағдайда қадағалау шағымын бір ай ішінде алдын ала қарау мерзімі сұратылған істің қадағалау сатысына түскен күнінен бастап есептеледі.
4. «Қаулы»- заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу туралы әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде шығарады.
5. Қамау- сотталған адамға тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
6. «Арнаулы бiлiм»- адам кәсiби оқудың не белгiлi бiр мамандық бойынша жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;
7. «Баспана» - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта; көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;
8. «Түнгi уақыт»- жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт