«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Сезікті ретінде заңсыз ұстауға байланысты азаматқа келтірілген зиянкестіктің орны



бет33/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

5. Сезікті ретінде заңсыз ұстауға байланысты азаматқа келтірілген зиянкестіктің орны
қандай тәртіпте орны толтырылады
1)азаматтық процессуалды
2)қылмыстық процессуалды
3)бұл зиянкестіктің орны толтыруға жатпайды
4)тәртіп азаматпен реттеледі
5)тәртіп прокурормен реттеледі


Дәріс 9. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
Жоспар:
1. Қылмыстық іс қозғау
2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту
Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
1. азаматтардың арыздары;
2. кiнәсiн мойындап келу;
3. мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4. бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5. лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкiн.
Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс- әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Арыз берушiге әдейi жалған сөз жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi, бұл туралы хаттамада белгi қойылып, ол арыз берушiнiң қол қоюымен куәландырылады. "Домалақ арыздар" тек олар алдын-ала тексерiлгеннен кейiн ғана қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
Кiнәсiн мойындап келу - адамның оған қатысты әлi күмән келтiрiлмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзi жасаған қылмысы туралы ерiктi мәлiмдеуi.
Аталған мәлiмдеменi жазбаша да және ауызша да нысанда жасауға болады және оны мәлiмдеушi қылмыстық процестi жүргiзетiн органға беруге тиiс. Ауызша мәлiмдеме хаттамаға енгiзiледi, хаттамада жасалған мәлiмдеме егжей-тегжейлi жазылады. Хаттамаға кiнәсiн мойындап келген адам және мәлiмдеменi қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Кiнәсiн мойындап келген кездегi мәлiмдемеде қылмысқа бiрге қатысқан адамдар аталған жағдайда мәлiмдеушiге әдейi жалған хабар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Қажет болған жағдайда қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жердi қарау, сараптама жүргiзу үшiн бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы, тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - бiр айға дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға хабарлануға тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет