«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы



бет45/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1. Аудандық және оған теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарған қаулыларына;
3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi сатыда қарау кезiнде шығарған, заңды күшіне енген үкiмдерi мен қаулыларына;
4. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқаларының қаулыларына;
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық тәртiппен шығарған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша iстердi қарайды.
2. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы:
1. Сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2. Оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3. Бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4. Процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5. Қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
6. Басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7. Заң оның iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешiмдi;
8. Басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтi;
9. Сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
10. Запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс.
Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
3. Бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне шағымдар, наразылықтар апелляциялық тәртiпте үкiм жарияланған күннен бастап он тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзiне үкiм көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап нақ сондай мерзiмде бере алады.
Шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiм дәлелдi себептермен өтiп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар үкiмдi қабылдаған сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасай алады. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi iстi сот талқылауы кезiнде төрағалық етушi судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжiлiсiнде қарайды, ол өтiнiштi қозғаған адамды түсiнiк беру үшiн шақыртуға құқылы.
Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет