Жартылай өткізгішті лазерді қосыңыздар. Винттерді бұрай отырып лазердің сәулесін саңылау арқылы экранға бағыттаңыздар.
Микрообъективті орналастырып, оны интерференциялық объектінің толық жарықталынуы пайда болғанша көлденең бағытта бұрыңыздар.
Винттерді азғана бұра отырып, объектідегі шыны пластинкалардың арасындағы ауа қалыңдығын өзгертіңіздер.
Интерференциялық суретті үстел шамынан шағылатын (~45~600 бұрышпен) немесе өтетін жарықтан көрінетіндей етіп бақылауға болады (5,а-сурет). 5,б және 5,в-суреттерде көрсетілгендей түзу сызықтарды келтіруге болады. Ол үшін объектіні оптикалық ось бойымен айналдырыңыздар.
Интерференциялық жолақтың максимум координаттарын көрші үш жолақ үшін өлшеңіздер. Координаттарды ±1 мм дәлдікпен өлшеу қажет. Алынған мәндерді 1-кестеге жазыңыздар.
Жолақтың әрбір жұбы үшін жолақ периодын есептеңіздер және орташа мәнін табыңыздар. Алынған орташа мәнді (5) және (6) формулалардан анықталатын ауа сынасының бұрышын есептеуде қолданыңыздар.