Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет61/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Байланысты:
оптика УМКД -1

Теориялық бөлімі
Ауа саңылауындағы интерференция. Бірдей қалыңдықты жолақтар.
Екі жазық параллель пластинканың (1-сурет) арасындағы жұқа ауа саңылауы арқылы өтетін толқын ұзындығы λ монохромат жарықтың интерференциясын бақылаған кезде интерференцияланатын О және О′ сәулелердің оптикалық жол айырымы былай жазылады:
(1)
мұндағы d - саңылау қалыңдығы, n - пластинаның сыну көрсеткіші, φ - шыныдан ауаға өткен сәуленің түсу бұрышы, φ1 – сыну бұрышы.

Қосымша λ жол айрымы С және D нүктелерінде оптикалық тығыз ортадан шағылу нәтижесінде болады (Брюстер бұрышынан кем болғанда, шағылған толқындардың фаза айырымы π-ге өзгереді). Суреттен мынадай қатынастарды алуға болады:
(2)
(3)
(2) және (3) теңдеулерді (1) формулаға қойып және Снеллиус заңын ескере отырып, оптикалық жол айырымының формуласын мына түрде жазуға болады:
1-сурет.
(4)
Саңылауда екі беттен де шағылатын когеренттік толқындарда пайда болатын интерференциялық суреттер үшін максимум және минимум шарты төмендегідей болады:
(5)
Мұнда минимум шарты үшін k=2m, ал максимум шарты үшін k=2m+1 болады. m – бүтін сан.
Монохроматты жарық шоғының ені бойынша саңылау қалыңдығы әр жерде әртүрлі болса, онда пластинкалардың бетінен өткен жарықтың қараңғы және жарық интерференциялық жолақтары байқалады. Бұл жолақтарды бірдей қалыңдықты жолақтар деп атайды.
Интерференция кезінде мөлдір сынада бірдей қалыңдықты жолақтар сына қырына параллель болады. Интерференциялық жолақтың В ені (екі көрші минимумдар немесе максимумдар арасындағы қашықтық) түсу бұрышының нөлге жуық кезінде (φ=0) мына түрде жазылады:
(6)
мұндағы α – сына төбесіндегі бұрыш (α<<1 рад).
Интерференциялық объектінің құрылғысы 2-суретте көрсетілген. Объект екі шыны пластинкадан (1 және 2) тұрады. Олар бір-біріне қысылып бекітілген (3 және 4). Пластиналардың беттесетін беттері шағылатын ала мөлдір бетпен жабылған. Ол бақыланатын интерференциялық суреттің анықтылығын арттырады. Пластиналар үш винт (6) арқылы бекітіледі. Шыны бекіткіштердің бір-біріне жанасуы бірқалыпты болмағанда ауа сынасы пайда болады (2 винт босатылуы тиіс).

Жартылай өткізгішті лазерден (1) шығарылатын сәулелер шоғы саңылауы бар экраннан (3) микрообъектив (2) арқылы таралып, интерференциялық объектіні (4) жарықтандырады. Интерференция суреті объектіден 500 мм қашықтықта орналасқан экранда (5) бақыланады. Бұл кезде өлшемі 20-30 мм экранның центрлік аймағына қарай таралған жолақ үшін интерференцияланатын сәулелердің бұрыштық таралулары ~3~40 бұрышты құрайды, сондықтан оны ескермей, жоғарыда келтірілген формуланы қолдануға болады. Интерференциялық жолақтың В ені экрандағы масштабтық тордың көмегімен мм-мен өлшенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет