Зертханалық жұмыс №9: Рефрактометрдің көмегімен қант ерітінділерінің сыну көрсеткішін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Аббе рефрактометрінің құрылысы мен жұмыс істеу принципін оқып үйрену. Дисперсия коэффицентінің кант ерітіндісінің концентрациясына тәуелділігін зерттеу.
Теориялық бөлімі Техникалық Аббе рефрактометрі сұйықтар мен қатты денелердің сыну көрсеткіштерін тез өлшеуге қолданылады. Аббе рефрактометрінің құрлысы толық ішкі шағылу құбылысына негізделген. Мейлі, жарық сәулесі екі ортаның шекарасына оптикалық тығыз орта жағынан түссін /n=n2/. Шекті βш бұрыштан кіші β түсү бұрыштары үшін, сәуле оптикалық тығыздығы аз ортаға біркелкі өтеді /n=n1/ және бір келкі шағылысады. Мына шарт орындалғанда; сәуле сынбайды да, толық ішкі шағылу құбылысы жүзеге асады (1, а-сурет).
Соның нәтижесінде шағылңан сіулелерде 1 жарық аймағымен (толық ішкі шағылу) және 2 жартылай көлеңке арасындағы шекара пайда болады
(жартылай шағылу). Шекті бұрыш βш , сыну бұрышына сәйкес келеді, олай болса; (1).
Бір ортаның сыну көрсеткішін біле түрып, тәжрибеден шекті бұрышы аңықтай отырып, (1) формула бойынша екінші ортаның сыну көрсеткіші анықталады.
Егер сәуле орталардың шекарасына оптикалық тығыздығы аз орта жағынан түскенде (1, б-сурет), екінші ортада сіуле нормалмен нөлден βш -дейінгі аралықта орналасқан бұрыштар түзеуі мүмкін (сырғанаған сәуле). Соның нәтижесінде сынған сәулелерде 1 жарық және 2 күңгірт аймақтардың айқын шекарасы пайда болады. Сыну бұрышының шамасы (1) формула көмегімен анақталатынын оңай көруге болады.
Аббе рефрактометрінің көмегімен сыну көрсеткіштерін өлшегенде толық шағылысу жүйесін де, сырғанау сәулесі әдісін де пайдалануға болады. Аббе рефрактометрінің оптикалық желісі және сырғанау сәуле әдісімен сұйықтың сыну
к өрсеткішін өлшегендегі сәулелердің жолдары 2-суретте көрсетілген.
S – жарық көзі
Р2 және Р1 - өлшеуіш және жарық түсіруші призмалар
П1 және П2 - Амичидің дисперсиялық призмалары
Л1 және Л2 –көру трубасының объектив мен окуляры
F – шкаласы бар фокус жазықтығы
аb – жарық түсіруші призманың күңгірт беті
cd – ортаның бөліну шекарасы
зерттелетін сұйық –
Рефрактометрдің негізгі бөлігі, сыну көрсеткіші үлкен шыныдан жасалған екі тік бірышты призма / Р1, және Р2/.
Призмалар аралығының ені 0,1 мм шамасында және ол зерттелетін сұйықты құюға арналғаң. Жарық көзінен сәуле сұйыққа оны шашырататын күңгірт бет аb арқылы түседі. Шашыраған сәуле кезкелген бұрыштар жасап сұйықпен cd өлшеуіш призманың бөліну шекарасына түседі.
Сұйықтағы сырғанайтын сәулеге / / шекті сыну бұрышы / βш / сәйкес келеді. Шекті бұрыштан / βш / үлкен сынған сәулелер болмайды.
Егер өлшеуіш призмадан / Р2 / шыққан жарықты Л1 линзасы арқылы өткізсек оның фокустық жазықтығында F жарық пен көлеңке аймақтарының айқын шекарасы байқалады. Бұл шекараны Л2 линзасының көмегімен көруге болады. Л1 және Л2 линзалары шексіздікке қөйылған көру дүрбісін түзеді.
Олардың отрақ фокус жазықтығы F – те сыну көрсеткіші мен ертінділер концентрациясының шамасын анықтайтын шкаланың кескіні және де көрсеткіштер салынған. Бақылау дүрбісін қозғау арқылы жарық – көлеңке шекарасын шкаладағы қиылысу нүктесіне келтіреміз де сыну көрсеткішін анықтаймыз.
Егер S жарық көзі монохроматты болмаса, жарық – көлеңке шекарасы бұрлыңғыр көрінеді және де зерттелетін заттың сыну көрсеткішінің дисперсиясының призмалары пайдаланылады. Олардың әр қайсысы сыну көрсеткіштері мен дисперсиялары әр түрлі үш призмадан желімденіп жасалған. Призмалар тлқын ұзындығы ,3 нм сәуле/сары натрий дуолеті үшін орташа шама ауытқымайтындай етіп есептелінген.
Амичи призмаларын біріне сәйкес екіншісін қозғау арқылы жарық пен көлеңкенің шекарасын барынша айқындайды. Дисперсия шамасы болып айырмасы арқылы анықталатын орташа дисперсия алынады. Бұндағы , ,1 нм жатса/сутегінің көк сызығы/ және , 656,3 рм/сутегінің қызыл сызығы/жатады.
Практикалық каталогтарда әдетте
шамасы кездеседі.
Бұл шама дисперсия коэффициенті немесе Аббе саны деп аталады. Мұндағы 589,3 нм үшін сыну коэффициенті.
Кіші дисперсиялары заттар әдетте - ның үлкен шамасымен сипатталады да, үлкен дисперсиялары заттар керісінше - ның кіші шамасымен сипатталады. Әдетте/бірақта әр уақытта емес/дисперсия сыну көрсеткішінің орташа шамасымен бірге өтеді.