Практикалық бөлім 1.Столға таза ақ бет қағазды қойыңыз. Қағазға вертикаль сызық салу үшін тегіс жиекті және қарындашты пайдаланыңыз. Трапецияны қағазға сызық үстіне 2 суретте көрсетілгендей қойыңыз.
Сурет 2
2. Екі көзбен де трапецияның жоғарғы бөлігінентөмен қараңыз. Трапеция арқылы қаралған сызық жақынырақ болып көрінеді ме? Бір көзді жабыңыз немесе көздеріңізді жабып басыңызды бір жағына қарай бұрыңыз. Трапеция арқылы немесе тікелей қарастырылғанда сызықпен арадағы параллаксты көресізбе?
3. Осы кезде көрінетін сызықтың орнын анықтау үшін трапецияның жаңында қарындаш ұстайсыз. Қарындаш пен көзге көрінетін сызық көзінізден бірдей қашықтықта болған кезде, олардың арасындағы параллакс болмайды. Трапеция арқылы қарап отырып (бір көзбен 3 суретте көрсетілгендей өте өткір қарындашты ұстаңыз, трапеция ішіндегі сызыққа ұқсайды. Параллаксты тексеру үшін басыңызды солға және оңға жылжытыңыз. Қарындашты жоғары немесе төмен жылжытыңыз және қайтадан тексеріңіз. Параллакс болмаған кезде осы нүктені белгілеңіз (бос қолыңызбен трапецияны ұстаңыз, қарындаштың ұшымен трапецияның бір жағына басып жарық белгісін шығару үшін қарындашты айналдырыңыз. Осы экспериментті аяқтағаннан кейін қойған белгілерді өшіріңіз).
Сурет 3
Талдау Трапецияның жоғарғы жағынан қарындаш белгісіне дейінгі аралықты өлшеніз. 1 кестенің бірінші жолына бұл айқын тереңдікті, d, жазып алыңыз.
Трапецияның қалыңдығын, t, өлшеңіз және оны 1 кестеге жазыңыз.
1 теңдеуін сыну көрсеткішін есептеу үшін пайдаланыңыз және нәтижені 1 кестеге жазыңыз.