Информационное письмо



бет27/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Бекіту сұрақтары:

  1. ТМД аймағы қашан қалыптасты?

  2. ТМД аймағына қай елдер жатады?

  3. ТМД аймағындағы елдер қандай интеграциялық бірлестіктерге топтасады?

  4. ТМД ЕО үлгісі бойынша дами ала ма?

  5. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің аймақтық ынтымақтастығына ғаламдық факторлардың ықпалы қандай?

29 дәріс тақырыбы: Ресейлік аймақтану


Дәріс мақсаты: Ресей Федерациясындағы федерализация және аймақтық үрдістерге талдау жасау.
Дәрістің топтама-тәсімі. Ресейлік көпөлшемді кеңістік ерекшеліктері. Аймақтық үрдістер және федерализация динамикасы. Федералдық округтер. Федералдық аймақтық саясат.
Ресей территориясы 17 млн шаршы метрді алып жатыр. 16 мемлекетпен шектелетін ел. Қалыптасу тарихы бірнеше ғасырлар созылған басып алушылық саясатымен тығыз байланысты. В.О.Ключевский: «Ресей тарихы – отарланушы елдер тарихы» деп көрсеткен. Ресейдің экономикалық-территориялық құрылымы шаруашылық базалардың тізбегінен құралған. Ол аудандардан, орталықтан тұрады. Ресейдің әкімшілік-территориялық бөлінісі: губерния-өлке-округ-болып бөлінеді. Ресей федерациясы 7 округтен тұрады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста – Украинамен, батыста – Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі. Ресейдің ауа-райы оның үлкен аумағына байланысты әртүрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
• Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
• Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
• Қиыр Шығыс Ресейі.
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды
Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды. Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық- географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүниежүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер:
• 21 республика
• 9 өлке
• 46 облыс
• 2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург)
• 1 дербес облыс
• 4 дербес округ.
Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.
Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді.
Әлемдік қатынастардағы орны мыналармен анықталады:
1-ден, территориясы, халық саны, табиғи ресурстары жағынан европалық мемлекеттерді басып озады. Сондықтан оның басты проблемасы осы орасан зор қорды тиімді пайдалану;
2-ден, Өзінің бүкіл тарихында Ресей нақты анықталған шекараға ие болған жоқ. Шекаралық экспансия Ресей шекарасыны шешепейді, керісінше жаңа перифериялардың пайда болуына алып келеді;
3-ден, Геосаяси және мәдени жағынан Европа мен Азия арасында орналасқан, сондықтан да евразиялық идеясы туындап отыр.
1.Балтиялық саясаттың негізгі мақсаты:
-осы аймақта геосаяси тұрақтылықты сақтау,
-Балтық теңізіне шығуды қамтамасыз ету,
- Ресей эксклавы Калининград облысымен жан-жақты байланысты қамтамасыз ету.
-Прибалтикадағы орыс және орыс тілді халықтардың азаматтық құқтарын қамтамасыз ету.
2. «славяндық үштік» саясатының негізгі мақсаты Ресей мен Украина және Белоруссия арасында жан-жақты қарым-қатынасты орнату. Мұнда Украина мен Ресей экономикасындағы қажеттіліктер мен ұйымдастырудағы ұқсастықтар оларды жақындатқанмен, Белорруссия мен Ресей арасындағы алшақтық пен өзгешелік бұл одақты құрудағы басты кедергі болып отыр.
3. Закавказье аймағындағы саясаты Каспий саясатымен және Ресейдің федеративтік құрылымын сақтаумен тығыз байланысты. Ал Орталық Азия елдері үшін табиғи ресурсы мол Ресей өмір сүру көзі болса, демографиялық жағдайы шиеленістегі Ресей үшін ол аймақ арзан жұмыс күші. Қазақстан қазіргі халықаралық деңгейдегі ірі аймақтың бірі болғандықтан әрі пост кеңестік кезден қалыптасқан дәстүрлі байланысты сақтау қажеттігі және де Каспий аймағын игеруге қатысу мақсатына орай Ресей үшін маңызды аймақ болып отыр.
Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24%-дан 60%-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі - туризм болып табылады.
Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50-100 мың адам), ірі (100-500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет