Информатика


§1. Программалық жасақтаманың сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
§1. Программалық жасақтаманың сипаттамасы 
Жоспар 
1.1. Программалық жасақтаманың жіктеуі. 
1.2. Операциялық жүйелер.  
1.3. Қолданбалы программалар.  
1.4. Программалау жүйелері.  
1.1. Программалық жасақтаманың жіктеуі 
Электронды  есептеуіш  машинада,  әртүрлі  саладағы  есептерді 
шығаруға  арналған  программалар  жиыны  –  программалық 
жасақтама (software) деп аталады.  
Программа  (program)  –  өңдеуге  тиісті  реттелген  командалар 
тізбегі;  адамның  командасы  бойынша  компьютер  жадына  жүктеліп 
процессормен орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. 
Программалық  жасақтама  жиынын,  арналуына  байланысты  үш 
күрделі топқа: жүйелікқолданбалық және аспаптық деп бөлінеді.  
3.1-сурет. Программалық жасақтаманың жіктеу схемасы 
Жүйелік 
программалық 
жасақтама 
– 
компьютердің 
қүрылғыларының  (процессор,  жедел жады,  енгізу-шығару  арналары, 
желілік  жабдықтар)  арасын  әрекеттестіретін  және  тиімді 
басқаратын,  пайдаланушы  мен  қолданбалы  программалардың 
жұмысын үлестіретін программалық жиын. 
Жүйелік программалар 
Қолданбалы программалар 
Программалық жасақтама  
Аспапты 
программалар 
Операциялық 
жүйелер  
Сервистік 
программалар.
 
 
Утилиттер 
Мәтіндік 
редакторлар 
Графикалық 
редакторлар 
Электрондық 
кестелер 
Pascal; 
Turbo Pascal; 
Delphi; 
QBasic; 
Visual Basic; 
Cи ++; 
Borland C++; 
және басқа. 
 
Математикалық  
Инжнерлік; 
Бухгалтерлік; 
Қаржылық; 
Банктік; 
Құқықтық; 
Анықтамалық; 
және 
т.б. 
көптеген 
программалар. 
ОЖ жүктеуші 
Операциялық 
қабықшалар
 
Техникалық 
қызмет ету 
программалары
 
Деректер 
қорын басқару 
жүйелері 
(ДҚБЖ) 
Әмбебап 
программалар  
Арнайы 
бағытталған 
программалар  

 
183 
Қолданбалы  программалық  жасақтама  –  ақпараттың  белгілі 
бір түрлерінің өңделу үрдісін түгел қамтитын әмбебап программалар 
тобы. Бұл программалар пайдаланушымен тікелей әрекеттеседі.  
Аспапты  программалық  жасақтама  –ол  программаларды 
жобалау,  жасау  үшін  және  оларды  сүйемелдеуге  арналған 
программалар тобы.  
Әр  программалық  жасақтамалар  құрамын  3.1-суреттегі  жіктелу 
схемасынан айқын көруге болады.  
1.2 Операциялық жүйелер 
Жүйелік  программалар  қамсыздандырудың  ең  маңызды  және 
басты бөлігін– операциялық жүйе құрайды. 
Операциялық  жүйе  (ОЖ)  –  компьютердің  ресурстарын 
басқаруды  жүзеге  асыратын,  қолданбалы  программаларды  қосып, 
олардың  жұмысын  сыртқы  құрылғылармен,  басқа  программалармен 
үйлестіретін, 
деректерді 
қорғайтын, 
пайдаланушы 
және 
программаның 
сұранысы 
бойынша 
сервистік 
қызметтерді 
орындайтын программалар жиыны. 
Операциялық жүйе компьютердің программалық жасақтаманың 
қажетті  құрамасы  болып  табылады.  Ол  компьютердің  барша 
аппараттық  құрамдас  бөліктерінің  жұмысын  басқаруды  қамтамасыз 
етеді.  Сонымен,  тұжырымдай  келе  ОЖ  компьютердің  барлық 
аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын 
қамтамасыз 
етеді 
және 
пайдаланушыға 
оның 
аппараттық 
ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.  
ОЖ қызметтері 
Басты қызметтері (қарапайым ОЖ): 

 
жедел жадыға қосымшаларды жүктеу және оларды орындау; 

 
сыртқы 
құрылғыларға 
(енгізу-шығару 
құрылғылары) 
стандартты кіру; 

 
жедел  жадыны  басқару  (үрдістер  арасын  бөлу,  виртуалды 
жады); 

 
электр  энергиясынан  тәуелсіз  тасымалдауыштардағы  (қатты 
диск, компакт-диск, т.с.с) файлдық жүйеде ұйымдастылған деректерге 
кіруді басқару; 

 
пайдаланушылық интерфейсі; 

 
желілік амалдар, протоколдар стектерін қолдау. 
Қосымша қызметтері: 

 
есептерді паралельді немесе жалған паралельді орындау (көп 
есептілік); 

 
үрдістер  арасындағы  әрекеттесу:  деректермен  алмасу,  өзара 
үйлестіру; 

 
184 

 
пайдаланушының  әрекеттерінен  (білмегендіктен  немесе 
арамдықтан)  немесе  қосымшалардан,  жүйенің  өзін,  сонымен  қатар 
пайдаланушылық деректерін және программаларды қорғау; 

 
кіру құқығын шектеу және көп пайдалынатын жұмыс режімі 
(аутентификациялау, авторландыру). 
ОЖ төрт бөлікке бөлуге болатын пограммалардан тұрады: 
1)
 
файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль; 
2)
 
командалық процессор; 
3)
 
сыртқы құрығылардың драйверлері;  
4)
 
графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.  
Компьютердің  жұмыс  үрдісі,  оның  құрылғыларының  арасында 
файлдарды  алмастыруға  түйінделеді,  яғни  файлдық  жүйені  басқару 
болып табылады. 
Файлдармен  жұмысты  –  негіздік  модуль  арнайы  программасы 
қолдайды. 
Әр  құрылғыға  өзінің  драйвері  сәйкес  келеді.  Пайдаланушы 
компьютермен  пернетақта  және  тінтуірдің  көмегімен  тілдеседі.  Әр 
перненің  немесе  тінтуірдің  батырмасының  басылуы,  процессорға 
қайсыбір команда болып ұсынылады. Команда енгізілген соң, арнайы 
программа  –  командалық  процессор  оны  шифрын  ашады  және 
орындайды. 
Сыртқы  құрылғылар  компьютердің  жүйелік  блогына  арнайы 
келістіруші  тақшалар  (контроллер)  арқылы  қосылады.  Әр  құрылғы 
ерекше  программа  бойынша  жұмыс  істейді  және  ақпаратты  әртүрлі 
жылдамдықта  өңдейді,  сондықтан  олардың  жұмысын  процессордың 
жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына 
ОЖ  құрамына  кіретін  арнайы  программалар  –  құрығылардың 
драйверлері жауап береді. 
Пайдаланушыға  компьютермен  тілдесу  үрдісі  ыңғайлы  болуы 
қажет.  Қазіргі  ОЖ  құрамына  міндетті  түрде,  графикалық 
интерфейсті жасайтын модульдер кіреді. 
ОЖ жүктеу үрдісі 
ОЖ файлдары әдетте қатты дискіде тұрады. Жедел жадыға әуелі 
ОЖ  орындалатын  программасы  жүктеледі.  ОЖ  барлық  файлдары 
қатарынан  жедел  жадыда  түруы  мүмкін  емес,  себебі  олар  ондаған 
мегабайт орын алады. 
Компьютер  жұмыс  жасау  үшін,  жедел  жадыда  міндетті  түрде 
негіздік  модуль,  командалық  процессор,  қосылған  құрылғылардың 
драйверлері тұруы қажет. 

 
185 
Графикалық 
интерфейстің 
модульдері 
пайдаланушының 
ықтиярымен  жүктелуі  мүмкін.  Windows  жүйесінің  жүктелу 
нұсқалары, мәзір түрінде таңдалады.  
Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, 
яғни  жүктеуші  программа  (загрузчик)  орындалады.  Жүктелу 
кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші 
кезеңдегі  жүктеуші  және  компьютерді  тестілеу  программалары, 
компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды. 
Бұл  үрдістің  барысы  туралы  ақпарат  экранда  шығып  отырады. 
Процессор  жүктеуші  дискінің  басынан  кішкентай  жүктеуші 
программаны  іздейді  де,  ол  программаны  жедел  жадыға  көшіріп 
жазып, басқаруды соған береді. 
Одан  әрі,  дискіден  ОЖ  негіздік  модулін  іздейді  және  жедел 
жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.  
Негіздік  модульдің  құрамына  кіретін  басты  жүктеуші,  ОЖ 
басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді. 
Бұл  процедура,  әрдайым  компьютердің  қоректену  блогын 
қосқан сайын орындалады (орысша “холодный" старт).  
Көбінесе  қайтадан  жүктелу  процедурасы  (Reset  пернесі 
басылғанда)  жиі  қолданылады,  бірақ  бұл  жағдайда  компьютердің 
құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша горячий” старт).  
ОЖ  жүктелуі  аяқталған  соң,  басқару  командалық  процессорға 
беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады. 
1.2.1 MS-DOS операциялық жүйесі  
MS-DOS  (Microsoft  System  Disk  Operation  System)  ОЖ 
командаларды  диалогты  енгізу  принципінде  құрылған.  Егерде  DOS 
диалогка  дайын  болса,  онда  дисплей  экранына  мына  шақыру 
шығарылады: 
C:\>  
Команданың  құрамы  атауынан  және  бос  орынмен  бөлінген, 
параметрлерінен  (егер  болса)  тұрады.  Команданы  енгізу  ENTER 
пернесін басумен аяқталады. 
MS-DOS ерекше мүмкіндіктері 

 
16-разрядтты процессормен тиімді жұмысы; 

 
бір есептілілігі, яғни нақты уақыт сәтінде, бір программаның 
орындалуы; 

 
жұмысы мәтіндік режімде; 

 
ДК  қосымша  және  кеңейтілген  жадының  жұмысы  бойынша 
шек қою. 
MS-DOS құрамы: 

 
негіздік  енгізу-шығары  жүйесі  (BIOS)  модулі  тұрақты  сақтау 

 
186 
құрылғысында  тұрады  –  ДК  қосқанда  процессорды,  жадыны  және 
құрылғылардың  жұмыс  жасауын  тексереді,  ОЖ  жүктеушісін  шақыру 
программасы тұрады;  

 
ОЖ  жүктеушісі  –  атауы  жоқ,  дискінің  басында,  бірінші 
сектордың,  нөлінші  жолында  жазылған,  ОЖ  басқа  модульдерін 
жүктейді; 

 
негіздік  енгізу-шығары  жүйесін  кеңейту  модулі  стандартты 
емес құрылғыларға қызмет етеді (Io.sys файлы); 

 
үзілістердіі  өңдейтін  модуль  –  басты  модуль,  жүйелік 
ресурсқа, оның ішінде файлдық жүйеге программалық сұраныстарды 
қолдайды,  ДК  құрылғыларын  және  программалық  жасақтаманы 
әрекеттестіреді; 

 
командалық  процессор  –  пайдаланушының  командаларын 
өңдейді (command.com файлы)

 
MS-DOS  сыртқы  командалары  –  арнайы  қызмет  жасайды 
(әдетте қатты дискіде DOS каталогында сақталады); 

 
енгізу-шығару  құрылғыларының  драйверлері  –  сыртқы 
құрылғылардың жұмысына қызмет жасайтын жүйелік программалар; 
MS-DOS  файлдық  жүйесі—  ұзақ  мерзімді  жадының  логикалық 
элементтерін  ұйымдастыру  тәсілі  (файлдар,  каталогтар  және 
логикалық дискілер).  
MS-DOS  жүйесінде  файлдың  атауы  –екі  бөліктен  құралады: 
аты  8  таңбадан  аспайтын  латын  алфавитінің  символдары,  әрі  қарай 
нүктеден  кейін,  3  таңбалық  кеңейтімі.  Мысалы:  sys.com,  io.sys
norton.exe
MS-DOS командалары ішкі және сыртқы деп бөлінеді 
MS-DOS  сыртқы  командалары  дискіде  орындаушы  файл 
есебінде, жеке файлдарда сақталып, қажеттілігіне қарай шақырылады. 
Ішкі  командалар  командалық  процессормен  (command.com) 
орындалады,  сондықтан  бұл  командалардың  өңделуі  тездеу 
орындалады (сыртқыға командаларға қарағанда)  
MS-DOS командалары  
MS-DOS 
командалары  атқаратын  нышандары  (орысша 
признаки) бойынша мына топтарға бөлінеді: 

 
ақпаратты- бекітілген командалар; 

 
логикалық дискілермен жұмыс жасау командалары;; 

 
каталогтармен жұмыс жасау командалары; 

 
файлдармен жұмыс жасау командалары. 
Ақпаратты- бекітілген командалар: 
VER  —  MS-DOS  жүйесінің  нұсқасын  экранға  шығару 
командасы (ішкі) 

 
187 
DATE — экранға ағымдық датаны шығару командасы (ішкі); 
TIME — экранға ағымдық уақытты шығару командасы (ішкі); 
CLS — экран тазалау командасы (сыртқы). 
Логикалық дискілермен жұмыс жасау командалары: 
Екпінді дискіні ауыстыру командасы (ішкі); 
Ауыстыру тәртібі: 
1)  C:\>  жүйелік  шақыру  жолында  диск  енгізгіштің  атын 
білдіретін әріпті қос нүктемен теру; 
2) ENTER пернесін басу. Мысалы: C:\>A:  
FORMAT — дискілерді форматтау командасы (сыртқы); 
DISKCOPY — дискетті көшіру командасы (сыртқы). 
Каталогтармен жұмыс жасау командалары (ішкі): 
DIR  [диск:]  [жол\]  [файл  аты]    белсенді  каталогтан 
файлдардың тізбесін қарау командасы (ішкі);  
Мысалы:   DIR  D:  student\*.txt  –  экранға  мәтіндік  файлдардың 
аттарының тізімін шығарады; 
DIR/W – ақпаратты қысқа түрде бағаналап шығарады; 
DIR/O – экранға ақпаратты реттеп шығарады; 
MD  [диск:]  [жол\]  [каталог  аты]  –  айтылмыш  атпен  каталог 
құру командасы (ішкі);  
Мысалы:  C:\>MD  D:  GRUPPA\    D  дискіде  GRUPPA  деген 
каталог құрылды; 
CD  [диск:]  [жол\]  [каталог  аты]    басқа  каталогқа  көшу 
командасы; 
Мысалы: C:\> CD D: GRUPPA\  
C:\ GRUPPA> - түбір C диск каталогынан GRUPPA каталогына 
көштік. 
RD  каталог  аты  –  каталогты  өшіру  командасы;  (Ескерту:  MS-
DOS – та тек бос каталогты өшіруге болады). 
Файлдармен жұмыс жасау командалары (ішкі); 
COPY  [диск:]  [жол\]  көшірілетін  файл  аты  [диск:]  [жол\] 
көшірме файл аты — мәтіндік файлды көшіру командасы;  
TYPE  [диск:]  [жол\]  [файл  аты]    экранға  файл  мазмұнын 
шығару командасы; 
REN [диск:] [жол\] 1-аты 2-аты  файлдың 1-ші атын 2-ші атқа 
өзгерту командасы; 
DEL файл аты  файлдарды өшіру командасы. 
 
 
1.2.2 Қабықша программалар. Norton Commander (NC) 

 
188 
Жүйелік  программалар  жиынына  қабықша  программалар 
жатады.  MS-DOS  операциалық  жүйесі  үшін  ең  белгілі  қабықша 
программалар Norton Commander, XTree Pro Gold және т.б. 
Norton  Commander  (авторы  Питер  Нортон
1
)  –  қолданушының 
операциялық  жүйемен  жұмысын  жеңілдетуге  арналған  операциялық 
қабықша программасы.  
Қазіргі  кезде  Norton  жүйесі  екінші  қатарға  «шегерілгенімен», 
әлі де болса белгілі, ескірген аз қуатты компьтерлерде қолданыста.  
Windows  операциялық  жүйесі  үшін  Нортон–жүйесінің  өз 
нұсқасы
2
 жасалды. 
Norton  Commander  –  орындалушы  NC.EXE  файлымен  іске 
қосылады. Экранда екі оң және сол тақталары пайда болады. 
Тақталар  тақырыбында  ағымды  каталог  пен  диск  аты 
көрсетіледі.  Тақталардың  төменгі  жағында  командалық  жолда  MS-
DOS  шақыру  белгісі  (курсор-меңзер)  бар,  онда  командалар  енгізуге 
болады.  Төменгі  жолда  функционалдық  пернелердің  қызметі 
көрсетілген. 
Тақтаның  (толық  пішімі)  4  бөлікке  бөлінген:  Имя,  Размер
ДатаВремя 
«Имя»  бағанында  терезеде  тұрған  каталогтардың  және 
файлдардың аттары көрінеді.  
 «Размер»  бағанында  директорияның  (қапшықтың)  қарсысында 
«КАТАЛОГ»,  ал  файлдың  атының  қарсысында  –  оның  байттық 
өлшемі көрінеді.  
«Дата» бағанында сәйкес каталогтың құрылған мерзімі (күн-ай-
жыл)  түрінде,  ал  «Время»  –  бағанында  құрылған  уақыты  (сағат: 
минуты). 
Нортон-жүйесінің мәзірі 
Экранның 
төменгі 
жағында 
F1-F10 
функционалдық 
пернелердің қызметтік мәзірі мына түрде шығады: 
1Помощь  2 Вызов 
3Чтение   4Правка   5Копия 
бИмя  
7Новый   8Удал-е 
9Мәзір 
10Выход 
Егер ондай тақта жоқ болса, онда — CTRL+B  
F1 — Помошь - экранға NC анықтамасын шығарады. 
F2  Вызов  –  экранға  қолданушының  жиі  шақыратын 
командалар мәзірін шығарады. 
F3  —  Чтение  –  экранға  файл  мазмұнын  шығарады,  бірақ  бұл 
                                                 
1
  Программаны  шығарған  Peter  Norton  Computing  компаниясы  (басшысы  —  Питер  Нортон  (1943)  – 
американдык кәсіпкер, программист)  
2
  FAR  Manager—  Microsoft  Windows  операциялық  жүйелері  үшін  жасалған  файлдық  менеджер.  FAR 
Manager программасы Norton Commander қабықща программасының екі терезелі идиологиясын, стандартты 
түсін және командалар жүйесін мұраланған. 

 
189 
режімде түзетуге мүмкіндік жоқ. 
F4  —  Правка  —  экранға  файлды  NC  редакторында  мазмұнын 
түзетуге шығарады. Толығырақ төменде тоқталамыз. 
F5 — Копия — файл немесе каталогты көшіреді.  
Көшірме жасау тәртібі: 
1)
 
тақтаның 
біреуінде, 
қажет 
файлдың 
көшірмесін 
орналастыратын каталогқа өтіңіз;  
2)
 
қарсы  тақтада  көшірмесін  алатын  файлдың  атының  үстіне 
NC-ң меңзерін қойыңыз; 
3)
 
F5 функционалды клавишаны басыңыз; 
4)
 
шыққан  диалогты  «Копирование»  терезеден  қандай  файл 
қайда көшіріледі, хабарламасын мұқият оқыңыз; 
5)
 
егер  бәрі  дұрыс  болса  Enter  клавишасын,  әйтпесе  Esc-ді 
басыңыз.  
F6 — Имя —aт өзгерту - файл және каталогтың атын өзгертеді 
немесе баска жерге орнын ауыстырады
Файлдың (каталогтың) атын өзгерту тәртібі: 
1)
 
NC-ң  меңзерін  атын  өзгертетін  файлдың  (каталогтың) 
атының үстіне қойыңыз; 
2)
 
F6 функционалды клавишаны басыңыз; 
3)
 
шыққан  “Rename”  диалогты  терезедегі  хабарламаны 
өшіріңіз; 
4)
 
файлдың  жаңа  атын  теріп  Enter  клавишасын  басыңыз. 
Нәтижесін байқаңыз. 
Файлдың орнын ауыстыру тәртібі: 
1)
 
тақтаның  біреуінде  орнын  ауыстыратын  файлдың  үстіне 
меңзерді қойыңыз; 
2)
 
қарсы тақтада файл орналасытын каталогты ашыңыз; 
3)
 
F6 функционалды клавишаны басыңыз; 
4)
 
диалогты  терезе  “Rename”  шықан  соң  Enter  клавишасын 
басыңыз; 
5)
 
нәтижесін байқаңыз. 
F7 — Новый — - жаңа каталог кұру.  
Каталогка кіру — оның атының үстіне меңзер рамкасын қойып 
Enter басу. 
Ағымды  деп  -  қазір  жұмыс  істеп  жатқан  каталог  немесе  диск 
аталады. 
Жоғарғы  деңгейдегі  негізгі  каталогқа  өту  үшін  –меңзер 
рамкасын  тақталардың  жоғарғы  жағындағы  екі  нүктеге  “..”  қойып 
ENTER басылады. 

 
190 
F8  —  Удаление  –  өшіру  –  файл  немесе  каталогты  дискіден 
өшіреді.  
F9 -Мәзір — мәзір шығару – NC бес бөліктен тұратын бас мәзір 
жолы  шығады:  Left  (сол  жақ),  Files  (файлдар),  Commands 
(командалар) Options (опциялар), Right (оң жақ).  
F10 — Выход —шығу - NC жұмысын аяқтайды. 
SHIFT+F4 — жаңа файл құру 
Мәтіндік файл құру тәртібі: 
1)
 
өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз; 
2)
 
Shift  +F4  -  пернелерін  қатар  бассаңыз  «Редактор»  (“Edit”) 
деген диалогтық терезе пайда болады; 
3)
 
диалогтық  терезеде,  құрылатын  файлдың  атын  мысалы: 
Adres.txt 
деп  теріп  Enter-ді  басыңыз.  NC  программасының 
редакторының терезесі ашылады. Терезенің тақырыбында құрылатын 
файлдың  атын  және  директориясын  көресіз:  A:\CLASS\Adres.txt. 
Редактор  терезесінің  төменгі  жағында  фунционалдық  пернелер 
қызметтері көрсетілген; 
4)
 
орыс  әрпіне  ауысып,  өзіңіздің  тұрған  мекен  жайыңыздың 
адресін теріңіз; 
5)
 
F2–функционалды 
пернесін  басып  жазылған  мәтінді 
сақтаңыз; 
6)
 
Esc  -  пернесін  басып  NC  программасының  редакторынан, 
тақтаге шығасыз; 
7)
 
құрылған Adres.txt файлының мазмұнын көру үшін, меңзерді 
файл  атына  қойып  F3  пернесін  басыңыз.  Тақтаға  Esc  –  пернесімен 
шығасыз;  
8)
 
құрылған  Adres.txt  файлының  мазмұнын  түзету  үшін
меңзерді  файл  атына  қойып  F4  пернесін  басыңыз.  Тақтаға  Esc  – 
пернесімен шығасыз;  
9)
 
Adres.txt файлының мазмұнын толықтырып қайта сақтаңыз.  
Тақталарды басқару  
TAB –меңзерді оң немесе сол тақтаға ауыстыру; 
Ctri+O – екі тақтаны қатар экраннан жою; 
Ctri+F1 – сол жақ тақтаны экраннан жою; 
Ctri+F2 – оң жақ тақтаны экраннан жою; 
Ctri+Q  –  ағымды  (меңзер  тұрған)  каталогтың  мазмұнын, 
көлемін көрші тақтада көрсетеді; 
Ctri+L  –  C  дискісіндегі,  жедел  жадыдағы  ақпараттың,  қалған 
бос орынның көлемін көрші тақтада көрсетеді; 
Home  –  меңзерді  тақтаның  ең  бірінші  жолына  жедел 
ауыстырады; 

 
191 
End - меңзерді тақтаның ең соңғы жолына жедел ауыстырады; 
Басқа дискіге көшу: Керек дискі мазмұнын кез - келген тақтадан 
көруге болады: 
Alt+ F1 - сол жақ тақтада диск атауларының тізімін шығарады; 
Alt + F2 - оң жақ тақтада диск атауларының тізімін шығарады. 
Файлдарды іріктеу:  
Ctrl + F3 – Файлдарды аты бойынша іріктеу; 
Ctrl + F4 - Файлдарды кеңейтімі бойынша іріктеу; 
Ctrl  +  F5  –  Файлдардың  құрылған  датасы  және  уақыты 
бойынша іріктеу; 
Ctrl + F6 - Файлдарды көлемі бойынша іріктеу; 
Ctrl  +  F7  –  Файлдарды  іріктемеу  (дискіге  жазылған  тәртібімен 
шығару).  
MS DOS және Norton жүйелері бойынша анықтама 
Суық жүктелу — ДК пернелерін басу 
RESET немесе ВКЛ 
Қайта жүктеу, пернелерді бір мезгілде қатар басу  Ctrl+Alt+Del  
Жүйе жүктелу кезінде SETUP кіру үшін 
DEL немесе F1 
Нортон-жүенің басқа тақтасына ауысу 
TAB 
ЖОҒАРҒЫ РЕГИСТРГЕ көшу 
SHIFT 
Белгілеу, регистрді белгілеуден қайтару 
CAPS LOCK 
Қайтару 
ESC 
Беттерді (экранды) аяғына қарай аудару 
PAGE Down 
Беттерді (экранды) басына қарай аудару 
PAGE UP 
Файлды қарау 
F3 
Файлды қарау және түзету 
F4 
Жаңа файл құру 
Shift+F4 
Файлдың (каталогтың) көшірмесін алу 
F5  немесе  COPY  аты1 
аты2 
Файлдың (каталогтың) атауын өзгерту 
F6 немесе REN аты1 аты2 
Жаңа директория құру 
F7 немесе MD аты 
Файлды жою 
(каталог) 
F8 немесе DEL файл аты 
RD каталог аты 
Файлды  баспаға  шығару-  меңзерді  файлға  апару, 
F5 басу және PRN теру 
F5+PRN 
немесе 
теру 
PRINT аты 
Программаны  орындау  –  меңзерді  атына  апару 
және 
Enter 
немесе 
командалық 
жолда 
программаның 
атауы 
(егер 
қажет 
болса 
параметрлерін) және Enter 
Enter 
Диск көлемін қарау —керек дискіні тауып теру 
Ctrl+L 
Алғашқы жағдайына қайтару _ қайталау 
Ctrl+L 

 
192 
Директория көлемін көру (одан шығу) 
Ctrl+Q 
Алғашқы жағдайына қайтару _ қайталау 
Ctrl+Q 
NORTON  тақталарын  алып  тастау.  Алғашқы 
жағдайына қайтару _ қайталау 
Ctrl+O, барлығын 
Ctrl+Fl, сол жақ терезе  
Ctrl+F2 оң жақ терезе. 
Файлды  тез  табу  –  Alt+F7  және  толық  атауын 
теру немесе файл меңзер тұрған дискіде атауның 
басын теру  
Alt+F7 
Директориядағы керек файлға тез бару 
ALT-  басып  файл  атауының 
бірінші 
символдарын 
тізбектеп теру 
Алдыңғы команданы шақыру 
Ctrl+E немесе ALT+F8 
Программаны  алу  (орысша  снять)  үзу  (орысша 
прервать)  
Ctrl+Break  кейде  Ctrl+C, 
Ctrl+Q, ALT+X 
Орыс (латын) шрифтіне өту  
оң  Shift,  кейде  сол  CTRL
екі Shift қатар, Shift + ALT 
Файл  атауын  командндалық  жолға  енгізу- 
меңзерді керек атауға апару жене басу 
CTRL+ENTER 
Дискетаны форматтау (пішімдеу) 
format a : / c  
Жүйелік дискетаны форматтау (пішімдеу) 
format a: /s/c 
Архиватор бойынша анықтамалар 
arj, ice, pkunzip 
Директорияда бәрін қаттау (орысша запокавать)  arc архиваты
1
  
Директорияда қаттауды ашу (распаковать
pkxarc архиваты 
Директорияның ішінде қаттау 
pkzip архиваты 
Директорияда  ішкі  директориялармен  қаттауды 
ашу 
pkunzip –d архиваты 
Директорияның ішінде барлық файлдарды қаттау  arj а архиваты 
Директорияның 
ішінен 
барлық 
файлдарды 
қаттауды ашу 
arj x архиваты 
Бір файлға қаттау 
arj а архиваты  
Өлшемі 1.2 Мб қаттау 
arj a –vl200 архиваты  
Өлшемі 1.44 Мб қаттау 
arj a -vl440 архиваты 
D: дискісіне қаттауды ашу 
arj х архиваты. arj D : \  
Директорияларға өлшеммен қаттауды ашу 
arj x –v –у архиваты 
Архивтен бір файлды шығару  
ar] х архиваты. arj файлы 
Директорияда ішкі директориялармен қаттау 
Arj 
а 
–г 
архиваты 
имядиректории 
С: дискісін вирусқа тексеру 
aidstest с: /f /g 
NORTON редакторына кіру 
nе аты 
Бәрін өрекшелеу, цифрлық пернетақтада  
 * 
Директориядағы файлдар тобын ерешелеу в  

Enter, 
"+" 
цифрлық 
пернетақтада 
                                                 
1
 MS DOS жүесінде параметр тұтас бос орынсіз жазылады. 

 
193 
Директориядағы  файлдар  тобының  белгенуін 
қайтару 

Enter, 
"-" 
цифрлық 
пернетақтада 
Өзінің ххх - кеңейтімімен атқаршуы файл жасау үшін – Norton 
NC.EXT-де  ххх:  ууу  !.!  жолын  қыстыру  керек,  мұнда  ууу  –  атқарушы 
ЕХЕ немесе ВАТ файлының атауы. 
Осындай  кеңейтімімен  файлдың  атауының  үстінен  Enter-ді 
басып, yyy.bat немесе ууу.ехе программасын орындаймыз. 
Мысалы,  директориядағы  1st  кеңейтімімен  барлық  файлдарды 
жою үшін lst:del*.lst жолын қыстырамыз. 
Оқуға  ғана  рұқсат  етілген  файлды  жасау  үшін  –  оны  Insert 
пернесімен  ерекшелеп,  F9  +  ФАЙЛ 

  Установка  атрибутов  және 
керек  нұсқауды  бос  орынмен  басу  (Установить 

  Только  чтение). 
Файлдар  тобы  үшін  дәл  солай  жасалады,  егер  олар  Insert  пернесімен 
ерекшеленген болса. 
Кейбір  файлдарды  экранда  көрсетпеу  керек  болса  – 
оларды алдымен ерекшелеу

  F9  +  Наcmpouкu + Настройки және 
керек  анықтауыштарын  (орысша  атрибуты)  бос  орынмен  басу 

 
Показывать скрытые файлы,  белгісін алып тастау керек.  
Директорияда  байқаусызда  жойылған  файлдарды  қайта 
қалпына  келтіру  үшін  –  сол  директорияға  кіріп  UNDELETE 
немесе  UNERASE  теру  керек  (жойылған  файлдарда  ?  орнына 
олардың бірінші әрпін қалпына келтіру керек). Жойылған файлдарды 
қалпына келтіру өте қиын, сәті түссе ғана. 
AUTOEXEC.BAT  –  жүйе  жүктелген  кезде  жіберілетін 
командалық файл. Онда файлдарды іздеу тізбегі  (PATH), резиденттік 
программалардың  қайсысын  жіберуді  (экранның,  пернетақтаның 
орысша  драйверлері),  Нортон  қабықшасының,  Windows  жүйесінің 
жіберілуі беріледі. 
CONFIG.SYS  —  DOS,  Windows  9x  және  OS/2  тектес 
операциялық  жүйелердің  конфигурациясын  анықтайтын  файл.  Ол 
жүйені  баптайтын  нұсқаулардан  және  драйверлерді  жүктейтін 
командалардан  тұратын  мәтіндік  файл,  жүктеуші  құрылғының  (Boot 
disk) түбірлі каталогында орналасуы қажет. 
Мысал AUTOEXEC.BAT 
rem Бұл мысал  
@ECHO OFF 
SET BLASTER=A220 17 Dl Tl 
PROMPT $P$G 
LH /L: 1,12512 C:\SYS\UNISCR 
LH /L: 1,4128 C:\I\SYSMY\UNIKBD /IS /IBM /R /K:54 

 
194 
LH  C:\WIN95\COMMAND\MSCDEX.EXE  /S  /D:MTMIDE01 
/M.10 
SET 
PATH=C:\WIN95;C:\WIN95\COMMAND;C:\;C:\DOS\;C:\NC; 
SET TEMP=C:\WIN95\TEMP 
LH NC 
MODE CON CODEPAGE PREPARE=((866) 
C:\WIN95\COMMAND\EGA3.CPI) 
MODE CON CODEPAGE SELECT=866 
LH KEYB RU,,C:\WIN95\COMMAND\KEYBRD3.SYS 
@ECHO OFF 
Мысал CONFIG.SYS 
DEVICE =C:\WIN95\HIMEM.SYS 
REM  DEVICE=C:\WIN95\EMM386.EXE  ON  RAM  HIGHSCAN 
NOEMS  
DEVICE=C-\WIN95\EMM386.EXE RAM 1024 FRAME=D000 
DOS=HIGH,UMB 
FILES=80 
LASTDRIVE=Z 
BREAK=ON 
SHELL=C:\COMMAND.COM C:\ /P /E:1024 
DEVICEHIGH /L:2,12048 =C:\WIN95\SETVER.EXE 
REM-----------MTM ATAPI CD-ROM----------- 
DEVICEH1GH=C:\MTM\MTMCDAI.SYS/D:MTMIDEO1 
REM-----------MTM ATAPI CD-ROM----------- 
LASTDRIVE=M 
DEVICEHIGH=C:\WIN95\COMMAND\D1SPLAY.SYS 
CON=(EGA,,1) 
COUNTRY=007,866,C:\WIN95\COMMAND\COUNTRY.SYS 
Көмекші программалар (утилиттер) 
Утилит  (utility  немесе  tool)  –  арнайы,  өзіндік  қызметті 
орындайтын, аппараттық жабдықтаманың және операциялық жүйенің 
стандартты мүмкіндіктерін кеңейтетін компьютерлік программа.  
Утилиттер 
көптеген 
мүмкіндіктерге 
(параметрлерге
баптауларғақоюға) жол ашады, немесе кейбір параметрлерді өзгерту 
үрдісін автоматтандырады. 
Утилиттер  көбінесе  операциялық  жүйелердің  құрамына  кіреді 
немесе  мамандандырылған  аппаратты  жасақтама  топтамасымен 
келеді.  

 
195 
-
 
рeзepвтеу программалары – компьютердің қатты дискісінде 
тұрған  керек  ақпаратты,  дискеталарға,  алмалы-салмалы  дискілерге, 
стример кассетасына тез көшірмелеуге мүмкіндік береді; 
-
 
aнтивиpycтық  пpoгpaммалар  —  компьютерлік  вирусты 
жұқтырудан сақтап қалу үшін және оның зардабын жоюға арналған; 
-
 
қаттау  программалары  (упаковщики)  –  (apxивaтopлар)  –
ақпаратты  «қаттаудың»  арнайы  әдістерін  қолдану  арқылы,  дискіде 
ақпаратты  қысуға,  яғни  файл  көшірмелерінің  кішкентай  көлемін 
жасау, сонымен қатар бірнеше файлдардың көшірмелерін бір архивтік 
файлға біріктіруге мүмкіндік береді; 
-
 
рyсcификaтop  npoгpaммалары 
–  орыс  әріптерімен 
(мәтіндермен,  пайдаланушылармен  және  т.б.)  жұмыс  жасау  үшін 
басқа программаларды (әдетте ОЖ) икемдейді; 
-
 
кoмnьютepге  дuaгнocmuка  жасайтын  npoгpaммалар  – 
компьютердің  конфигурациясын  және  оның  құрылғыларының 
жұмысқа дайындығын тексеруге мүмкіндік береді; 
-
 
кэштеу 
программалары– 
дискіде 
көбінесе 
жиі 
қолданылатын  учәскесінен  тұратын,  жедел  жадыда  кэш-буферін 
ұйымдастыру  арқылы,  дискідегі  ақпараттарға  кіруді  (қатынасуды) 
жылдамдатады; 
-
 
тиімдестіру  (оптимизациялау)  программалары–  дискіде 
деректердің 
орналастыруын 
тиімдестіру 
арқылы, 
дискідегі 
ақпараттарға жылдамдау кіруді (қатынасуды) қамтамасыз етеді; 
-
 
дискілерді  динамикалық  сығу  программалары  –  файлдар 
түрінде  компьютердің  дағдылы  (кәдуескі)  дискілеріне,  ақпарат 
сығылған  түрінде  сақталып,  жалған  (орысша  псевдодиски)  дискілер 
құрылады,  бұл  дискілерде  көбірек  деректерді  сақтауға  мүмкіндік
 
береді. 
-
 
кіруді 
(қатынасуды) 
шектеу 
программалары 
– 
компьютерде  сақталған  деректерді,  біліксіз  немесе  керексіз 
пайдаланушылардан қорғау мүмкіндігін жасайды. 
1.3 Қолданбалы пpoгpaммалар 
1.3.1 Мәтіндік редакторлар 
Мәтіндік  редактор–  мәтіндік  файлдарды  құру  және  өзгерту 
үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің 
кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік программа.  
Мәтіндік  файлдар  үшін  MS-DOS  және  Microsoft  Windows 
жүйелерінде «.txt» кеңейтімі қолданылады. 
Бірақ  та,  кез  келген  басқаша  кеңейтімімен  мәтіндік  файлдар 
болуы мүмкін. Мысалы, қандайда бір программалау тілінде жазылған 

 
196 
программалардың  бастапқы  кодтары,  кеңейтімі  сол  тілге  сәйкес 
файлдарда сақталады.  
Мәтіндік  файл  –  әдетте  жолдар  түрінде  үйымдастырылған, 
мәтіндік деректерден түратын, файлдың бір түрі.  
Мәтіндік  процессорлар  –  бұл,  оған  графиктерді  және 
формулаларды,  кестелерді  және  объектілерді  енгізу  мүмкіндігі  бар, 
мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.  
Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды, 
олар,  жеке  хаттардан  бастап  ресми  қағаздарға  дейін,  неше  түрлі 
құжаттарды құру, жасау үшін арналған. 
Классикалық мысал — ол, Microsoft Word. 
Белгілі мәтіндік процессорлар: 

 
AbiWord 

 
Lotus WordPro 

 
Microsoft Word 

 
Microsoft Works 

 
WordPad — MS Windows-ң дистрибутивіне кіреді  

 
OpenOffice.org Writer 

 
PolyEdit 

 
WordPerfect 
1.3.2 Электрондық кестелер 
Электрондық кестелер (немесе кестелік процессорлар) – бұл 
кестелік есептеулерді жүргізуге арналған қолданбалы программалар.  
Электрондық  кестелердің  (ЭК)  есептеу  саймандары,  күрделі 
статистикалық,  қаржылық  және  басқа  есептеулерді  жүргізуге 
болатын, қуатты математикалық функциялардан тұрады. 
ЭК  негізгі  қасиеті  —  формулаға  кіретін  операндтардың 
мәндері өзгерген кезде, формулалардың лезде қайта есептелуі. 
Осы  қасиетінің  арқасында,  кесте  сандық  тәжрибені 
(экспериментті) ұйымдастырудың ыңғайлы сайманы болып табылады, 
олар:  
-
 
параметрлерді іріктеп алу;  
-
 
модельдену жүйесінің жүру болжамы; 
-
 
тәуелділіктерді сараптау; 
-
 
жоспарлау. 
Microsoft  Excel  (Windows  үшін),  Lotus  1-2-3  және  Quattro  Pro 
(DOS және Windows үшін) ең белгілі кестелік процессорлар. 
1.3.3 Графикалық редакторлар 
Графикалық редактор – компьютердің көмегімен екі өлшемді 
бейнелерді  жасауға  және  түзетуге  мүмкіндік  беретін  программа 
(немесе программалар дестесі). 

 
197 
Графикалық  редакторлардың  түрлері:  векторлық,  растрлық 
және гибридтік
1.  Векторлық  графикалық  редакторлары  пайдаланушыға 
тікелей  компьютер  экранында  векторлық  бейнелерді  жасауға  және 
түзетуге, сонымен қатар, оларды әртүрлі векторлық форматта сақтауға 
мүмкіндік береді, мысалы: CDR, AI, EPS, WMF немесе SVG. 
Ең  белгілі  графикалық  редакторлар:  Corel  Draw,  Adobe 
Illustrator, Macromedia Free Hand  Microsoft Windows және Mac OS X 
операциялық жүйелері үшін, ал еркін таратылатын Inkscape редакторы 
– барлық ОЖ үшін. 
Векторлық  редакторлар  беттерге  белгі  қоюды  жасауға, 
типографиялық  бейнелерді,  логотиптерді,  sharp-edged  artistic 
иллюстацияларын  (мысалы,  мультипликация,  clip  art,  күрделі 
геометриялық 
шаблондар), 
техникалық 
иллюстациялар, 
диаграммаларды жасауға және блок-схемаларды құруға жақсы. 
Векторлық  графика  —  бұл  геометриялық  қарапайымдарды 
қолдану: 

 
Сызықтар және сынық сызық. 

 
Көпбұрыштар. 

 
Шеңберлер және эллипстер. 

 
Безье қисықтары. 
Векторлық редакторладың негізгі құралдары: 

 
Безье  қисықтары—  түйінді  нүктелер  арқылы  белгілі 
жанамалармен  өтетін  түзу,  қисық  және  тақыр  (орысша  гладкие) 
қисықтарды жасауға мүмкіндік береді; 

 
Құю  —  шектелген  аймақты  белгілі  түспен  немесе 
градтентпен бояуға мүмкіндік береді;  

 
Мәтін  сәйкес  құралмен  жасалады  да,  содан  кейін  бейнені 
қарауға 
қолданылатын 
компьютерде 
тұрған 
шрифттерден 
тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, қисыққа айналдырылады. 

 
Геометриялық қарапайымдардың терімі; 

 
Қарындаш  —  сызықтарды  «қолмен»  жасауға  мүмкіндік 
береді. Мұндай сызықтарды жасау кезінде, көптеген түйінді нүктелер 
пайда  болады,  олардан  «қисықты  жайдақтау»  көмегімен  құтылуға 
болады. 
2.  Растрлық  графикалық  редакторлар  көбіне  фотосуреттерді 
өңдеу,  ретушь  жасау  үшін,  фотосуреттерге  ұқсас  иллюстрацияларды 
және  графикалық  планшеттің  көмегімен  қолмен  сурет  жасауға 
ыңғайлы.  

 
198 
Ең  кең  тараған:  Microsoft  Windows  үшін  –  Adobe  Photoshop, 
және  GNU/Linux  және  басқа  POSIX-сәйкестер  үшін  –  Mac  OS  X
GIMP растрлық редакторлары.  
Растрлық  графика,  бейнені  пиксельдердің  (нүктелердің) 
матрицасы түрінде ұсынады. 
Растрлық  бейне  —  бұл  компьютер  мониторына,  қағазға  және 
т.б.  бейнелентін,  түсті  нүктелерден  (әдетте  тіктөртбұрыш)  немесе 
пиксельдер торынан түратын деректер файлы немесе құрылым. 
Бейнелердің маңызды қасиеттері: 

 
пиксельдер  саны  –  көлденеңі  және  биіктігі  бойынша 
пиксельдер саны жеке көрсетілуі мүмкін (1024*768, 640*480,...); 

 
қолданылатын түстер саны немесе түстер тереңдігі (бұл 
мінеземелер,  мына:  N=2
I
  функциялық  тәуелділікпен  сипатталады, 
мұндағы N – түстердің саны, I – түстің тереңдігі.
1
)); 

 
түстік  аймақ  (түстік  моделі)  RGB,  CMYK,  XYZ,  YCbCr 
және басқа. 
3.2-сурет. Растрлық графиканың сақталу схемасы 
Растрлық  графика  фотоаппатармен,  сканерлермен,  тікелей 
растрлық 
редакторлармен, 
сонымен 
қатар 
векторлық 
редакторларынан  экспорттау  арқылы  немесе  скриншоттар  түрінде 
жасалады.  
Экранның суреті (скриншотscreenshot) —монитор экранынан 
немесе  басқа  шығару  құрылғысынан  пайдаланушының  не  көргенін 
дәл көрсететін, компьютермен алынған бейне. 
3.  Гибридтік  графикалық  редакторлар.  Көбіне  белгілі: 
AutoCAD үшін – RasterDesk, Microsoft Windows ОЖ үшін – Spotlight.  
RasterDesk  –  AutoCAD  LT  және  AutoCAD-та  сканерленген, 
құжаттармен  жұмыс  жасауға  арналған  кәсіби  растрлық  редактор 
және векторизатор
 
                                                 
1
 §5. 5.6- пункті «Графикалық ақпараттың ұсынылуы» 

 
199 
1.3.4 Деректер қорын басқару жүйесі 
Деректер  қорын  басқару  жүйесі  (ДҚБЖ)  –  деректер  қорын 
енгізуге 
және 
ұйымдастыруға 
арналған 
мамандандырылған 
(специализированная) программасы. 
Әдетте қазіргі ДҚБЖ келесі компоненттерден тұрады: 

 
ядросы,  ол  сыртқы  және  ішкі жадыдағы  деректерді басқару 
және жорналдау жұмыстарына жауап береді; 

 
деректер  қоры  тілдерінің  процессоры,  деректерді  шығару 
және 
өзгерту 
сұраныстарын 
(запросы). 
оңтайландыруды 
(оптимизациялау)  және  машинаға  тәуелсіз  ішкі  орындаушы  кодын 
жасауды қамтамасыз етеді. 

 
орындалу  уақытын  қолдайтын  ішкі  жүйесі,  ДҚБЖ-мен 
пайдаланушы  интерфейсін  жасайтын,  деректермен  манипуляция 
жасау программаларын түсіндіріп береді (интерпретирует); 

 
және  де,  ақпараттық  жүйеге  қызмет  етудің  қосымша 
мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін сервистік программалар.  
Өзгерістерді жорналдау – логикалық қателік немесе физикалық 
бұзылу әсерінен, қабылдану болмай қалған жағдайда, деректер қорын 
алдыңғы қалпына қайта келтіруге қажет ақпаратты сақтайтын, ДҚБЖ-
ң қызметі.  
Кішірек  ақпараттық  жүйелерді  жасау  қажеттілігі  туындаған 
жағдайда,  Microsoft  Access,  FoxPгo,  Clarion  және  т.б.  жиі 
қолданылады. 
Үлкен көп пайдалаланушыларға арналған ақпараттық жүйелерді 
жасауға клиeнт-cepвep типті ДҚБЖ қолданған ыңғайлы. Ондай үлкен 
ақпараттық  жүйелерді  жасау  үшін,  Oracle,  Microsoft  SQL  Serveг
Sybase SQL Serveг, Informix және т.б. кеңінен қолданылады. 
1.4 Пpoгpaммалау жүйелері 
Пpoгpaммалау  жүйелері  –  бұл,  программалау  тілдерінің 
біреуінде  жазылған  программалармен  жұмыс  жасауға  арналған, 
аспаптық программалық құралдар кешені
Программалау 
жүйелері 
программалаушыға 
өзінің 
компьютерлік  программаларын  құруға,  жасауға  қызметшілік 
мүмкіндіктерін ұсынатын программалар. 
Қазіргі  кезде,  кез  келген  жүйелік  және  қолданбалы 
программалық  камтамасыз  ету  программалары,  программалау 
жүйелерінің көмегімен іске асырылыды, олардың құрамына мыналар 
кіреді: 

 
жоғарғы деңгейдегі тілдердің трансляторлары

 
программаларды  редакциялау,  құрастыру  және  жүктеу 
құралдары; 

 
200 

 
макроассемблерлік (машиналы-бағытталған) тілдер; 

 
машиналық программаларды жөндеушілері (отладчики).  
Әдетте, программалау жүйелерінің ішіне қоса кіретіні мыналар:  

 
программаның  бастапқы  мәтінін  жазу  және  редакциялау 
қызметтерін жүзеге асыратын, мәтіндік редакторы (Edit); 

 
директориядан  қажет  программаның  мәтіндік  файлын 
таңдауға мүмкіндік беретін, программалар жүктеушісі (Load); 

 
программалардың  орындалу  үрдісін  жүзеге  асыратын, 
программаларды жіберуші (Run); 

 
синтаксистік  және  семантикалық  (мағыналық,  логикалық) 
қателерді  диагностикалауымен  қатар,  программаның  бастапқы 
мәтінінің  машиналық  кодын  түсінуге  (интерпретациялауға)  және 
түрлендіруге (компиляциялауға) арналған, компилятор (Compile)

 
программаның  тестіленуі  және  жөнделуі  бойынша  сервистік 
қызметтерін атқаратын, жөндеуші (Debug)

 
файлдармен:  сақтау,  іздеу,  жою  және  т.б.  амалдардын 
орындауға мүмкіндік беретін, файлдар диспетчері (File).  
Программалау жүйелерінің ядросын тіл құрайды. 
Программалау  тілі  –  компьютерлік  программаны  жазуға 
арналған 
формальді 
таңбалық 
жүйе
Программалау 
тілі, 
программаның  сыртқы  түріне  және  оның  басқаруымен  орындаушы 
(компьютер)  орындайтын  әрекеттерге  тапсырыс  беретін,  лексикалық
синтаксистік  және  семантикалық  ережелердің  жиынтығын 
анықтайды. 
Процедуралық  программалау  тілі  программалаушыға  есепті 
шығару үрдісінде әр қадамды анықтауға мүмкіндік береді. 
Мұндай  программалау  тілдерінің  ерекшеліктері,  есептерді 
бөлшектерге бөлу және әр бөлім бірінен кейін бірі қадаммен шығару 
болып табылады.  
Процедуралық  тілді  қолданып,  программалаушы  алгоритмдік 
қадамдар тізбегін орындау үшін, тілдік конструкцияларды анықтайды. 
Ең белгілі программалау жүйелерін атап өтейік: 
Бейсик  (BASIC  –  Beginner’s  All-purpose  Symbolic  Instruction 
Code – тұңғыш үйренушілер үшін, символдық нұсқаулардың әмбебап 
коды;  basic  –  басты,  негіздік)  –  жоғарғы  деңгейлі  программалау 
тілдері тектес. 
Тіл  программалауды  оқытуға  арналған  және  әртүрлі 
диалектілер түрінде кең таралған. 

 
201 
Паскаль (Pascal – ғалым Блез Паскальдің
1
) құрметіне аталған – 
жалпыға  арналған  жоғарғы  деңгейлі  программалау  тілі.  Мамандар 
арасында 
және 
программалауды 
оқып 
үйренуде 
өзінің 
қарапайымдылығымен дүние жүзінде кеңінен орын алды. 
Turbo  Pascal  («турбо  паскаль»  деп  айтылады)  –  Borland 
фирмасы  шығарған  Паскаль  тілінің  диалектісі,  Windows  үшін 
программалық  қамтамасыз  етудің  интеграцияланған  (біріктірілген
ықпалданған) ортасы және осы ортаның программалау тілі. 
Object  Pascal  –  1986  жылы  Apple  Computer  фирмасы 
құрастырған  программалау  тілі.  Паскальдің  ертеректе  болған 
объектілі-бағытталған нұсқаларынан шыққан. 
Дельфи  (Delphi)  –  қазіргі  кезде  ең  белгілі  және  кең  тараған, 
объектілі-бағытталған программалау тілі. 
Си  (C)  –  1970  жылдардың  басында  ойлап  табылып  дүниеге 
келген,  стандартталған  процедуралық  программалау  тілі.  Жүйелік 
жасақтама программалары жасалғанда кеңінен қолданылады. 
Джава  (Java)  –  интерактивті  веб-беттерін  жасау  үшін  өте 
тиімді, 
программалаудың 
объектілі-бағытталған 
тұғырнамалы-
тәуелсіз тілі. 
Тест сұрақтары 
1.
 
Операциялық жүйе — ол: 
a
 
компьютердің негізгі құрылғыларының жиынтығы; 
b
 
төменгі деңгейдегі тілде программалау жүйесі; 
c
 
компьютердің  барлық  аппараттық  құрылғыларының  жұмысын 
басқаратын  және  оны  пайдаланушынының  әрекеттерімен 
үйлестіретін программалар жиынтығы; 
d
 
құжаттармен амалдар  жасау  үшін  пайдаланатын программалар 
жиынтығы; 
e
 
компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа. 
2.
 
Операциялық жүйе мына топқа кіреді: 
a
 
қолданбалы программалық жасақтамаға; 
b
 
жүйелік программалық жасақтамаға; 
c
 
деректер қорын басқару жүйесіне; 
d
 
программалау жүйесіне; 
e
 
бірегей программалық жасақтамаға. 
3.
 
Norton Commander —ол: 
a
 
операциялық жүйе; 
b
 
 MS-DOS программалық қабықшасы; 
                                                 
1
  Блез  Паскаль  (1623  —1662)—  француз  математигі,  физигі,  әдебиетшісі  және  философы.  Француз 
әдебиетінің  классигі,  математикалық  талдау,  ықтималдық  теориясы  және  жобалау  геометриясының  негізін 
қалаушылардың бірі, есептеу техниканың бірінші үлгілерін жасаушы, негізгі гидростатика заңының авторы. 

 
202 
c
 
Windows программалық қабықшасы; 
d
 
спрайттар редакторы; 
e
 
программалау тілінің интерпретаторы. 
4.
 
MS-DOS жүктелгенде файлдардың қайсысы ертерек жүктеледы: 
a
 
CONFIG.SYS; 
b
 
AUTOEXEC.BAT; 
c
 
COMMAND.COM; 
d
 
MSDOS.SYS; 
e
 
IO.SYS. 
5.
 
“Артық” программаны атаңыз: 
a
 
Turbo-Pascal; 
b
 
Excel; 
c
 
Word; 
d
 
Access; 
e
 
Internet Explorer. 
6.
 
Тұрақты жадыға «тігілген» программалар ненің құрамына кіреді: 
a
 
ОЖ жүктеуішінің; 
b
 
IO.SYS файлының;  
c
 
BIOS-тың; 
d
 
MSDOS.SYS файлының;  
e
 
COMMAND.COM файлының. 
7.
 
Архиватор деп аталатын: 
a
 
ақпараттық көлемді азайту программасы (файлдарды қысу); 
b
 
файлдардың  көлемін  азайтып,  резервті  көшірмесін  жасау 
программасы; 
c
 
интерпретатор; 
d
 
транслятор; 
e
 
деректер қорын басқару жүйесі. 
8.
 
Ақпаратты  жоғалтпай  бейнелерді  архивтеу  әдістерінің  негізінде 
мына есептеу идеясы жатыр: 
a
 
суретті  кодтайтын,  әртүрлі  байттардың  шығу  жиілігі  әртүрлі 
екені; 
b
 
кодталатын суреттің артықтылығы; 
c
 
бейнелерді адамның қабылдау ерекшеліктері; 
d
 
кодталатын суреттің ақпараттық артығының аздаулығы; 
e
 
суретті кодтайтын, бірдей байттардың қайталану саны. 
9.
 
Arj архиваторын қолданғанда бәрінен де жақсы қысылатын: 
a
 
мәтіндер; 
b
 
суреттер; 
c
 
фотосуреттер; 
d
 
бейнефильмдер; 

 
203 
e
 
ойын программалары. 
10.
 
Архивтелген  файлмен  аталған  әрекеттердің  қайсысын  орындауға 
болады: 
a
 
қайта форматтау; 
b
 
қаттаманы шешу;  
c
 
көру; 
d
 
орындалуға жіберу; 
e
 
редакциялау. 
11.
 
Компьютерлік вирусты жасау ... болып табылады: 
a
 
операциялық жүйенің бұзылу салдары; 
b
 
программалаушылардың ермектері; 
c
 
программалық  қамтамасыз  етуді  жасау  барысындағы  қосалқы 
әсері; 
d
 
қылмыс; 
e
 
программалаушыларды дайындаудың қажетті компоненті. 
12.
 
Компьютерлік вирустар: 
a
 
компьютердің 
аппараттық 
құралдарының 
жұмысының 
жаңылуына байланысты пайда болады; 
b
 
дербес  компьютердің  пайдаланушыларына  зиян  келтіру  үшін 
адамдар әдейі жазады; 
c
 
дұрыс  жазылмаған  программалық  құралдардың  жұмысының 
барысында пайда болады; 
d
 
операциялық жүйенің қателерінің салдарынан болады; 
e
 
түп тегі биологиялық болады. 
13.
 
Файлдық вирус: 
a
 
дискінің жүктеуіш секторларын ақаулайды; 
b
 
ұдайы жұққан файлдың кодын өзгертеді; 
c
 
ұдайы файлдың ұзындығын өзгертеды; 
d
 
ұдайы файлдың басын өзгертеді; 
e
 
ұдайы файлдың басын және ұзындығын өзгертеді. 
14.
 
ЭЕМ құрылғыларына қызмет ету программалары ... деп аталады: 
a
 
жүктеуші; 
b
 
драйверлер; 
c
 
трансляторлар; 
d
 
компиляторлар; 
e
 
интерпретаторлар. 
15.
 
Command.com файлында ... болады: 
a
 
DOS-тың ішкі командалары; 
b
 
DOS-тың жүктеуші файлдарын жадыға оқу командалары; 
c
 
DOS-тың сыртқы командалары; 
d
 
драйверлері; 

 
204 
e
 
трансляторлары.  
16.
 
MS-DOS-та DIR командасы бойынша .... атаулары шығады: 
a
 
дискідегі барлық каталогтардың; 
b
 
ағымды каталогтың файлдарының және ішкі каталогтарының; 
c
 
түбірлі каталогтан барлық файлдардың; 
d
 
түбірлі каталогтан барлық ішкі каталогтардың; 
e
 
ағымды каталогтан барлық ішкі каталогтардың. 
17.
 
MS-DOS-та COPY командасы .... көшіру үшін арналған: 
a
 
файлдарды және каталогтарды; 
b
 
тек қана мәтіндік файлдарды; 
c
 
тек қана каталогтарды; 
d
 
тек қана командалық файлдарды; 
e
 
MS-DOS утилиттерін. 
18.
 
МS DOS-та C:\DOC\SYS командасы .... жол көрсетеді: 
a
 
түбірлі каталогтың SYS ішкі каталогына; 
b
 
DOC каталогының *.SYS файлдарына; 
c
 
DOC каталогының SYS ішкі каталогына; 
d
 
түбірлі каталогтың DOC ішкі каталогына; 
e
 
түбірлі каталогтың DOC ішкі каталогындағы SYS файлына. 
19.
 
MS DOS-та MD командасын қолданғанда ... жасалады: 
a
 
мәтіндік файл; 
b
 
IO.SYS файлы; 
c
 
каталогтар жийынтығы; 
d
 
командалық файл; 
e
 
бос каталог. 
20.
 
Файлды қысу дәрежесі .... байланысты: 
a
 
тек қана файлдың типіне;  
b
 
файлдың типіне және архивтеуші программаға; 
c
 
тек қана архивтеуші программаға; 
d
 
компьютердің өнімділігіне; 
e
 
архивтелетін  файл  тұрған  дербес  компьютердің  жедел 
жадысының көлеміне. 
 

 
205 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет