§7. Модельдеудің негізгі ұғымдары
Жоспар
7.1. Модель және модельдеу ұғымдары.
7.2. Модель және модельдеу түрлері.
7.3. Модельдеу процесі.
7.4. Модельді көрсету әдістері.
7.1. Модель және модельдеу ұғымдары
Модельдерді құру және қолдану жанды және жансыз
табиғаттанудың барлық ғылымдарында, қоғамтануда танымның
қуатты құралы болып табылады.
"Модель" термині латынның "modelium" – шара, кейіп, сипат,
әдіс, т.с.с сөзінен шыққан. Оның алғашқы мәні құрылыс өнерімен
байланысты болды, ол еуропа тілдерінің баршасында дерлік кейіпті,
образды немесе елесті, немесе басқа зат іспеттес затты белгілеу үшін
қолданылды.
Модель және модельдеу – бұл бесаспап ұғымдар, кез келген
кәсіби аймақта, объектіні
1
, үрдісті құбылыстарды танудың ең бір
қуатты әдістерінің анықтауышы (атрибуты).
Модель – нақты объектіні зерттеу үшін, натуралды
экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауыпті
болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі.
Ғылыми
танымда
модель
жүйелі
және
мазмұнды
құрастырушылық ролін атқарады. Модельдеу арқылы заттардың
белгісіз қасиеттері зерттеледі. Модель құбылыстардың құрылымын,
оның басты аспектілерін неғұрлым ашық көрсетуге ұмтылады.
Модель заттың мәнінің және үрдістердің негізгі қасиеттерінің
айқындалуының шоғарланған түрі болып табылады.
Модельдер, өзінің жоғары деңгейлі көрнекілік қасиеттеріне
байланысты, оқыту және таным үрдістерінде белсенді қолданылады.
Модель – құбылыстардың және үрдістердің немесе
зерттелетін объектінің мәнді жақтарын бейнелейтін (қайтаратын)
объектілер және қатынастар жиынтығы.
Модель (ғылымда) — негізгі нұсқаны (объектіні, үрдісті немесе
құбылысты), оның қасиеттерін зерттеу мақсатында құрастырылған,
қандай да бір пішімделген (формалданған) тілде сипатталуы. Мұндай
сипаттау, объектіні зерттеуде кедергі көп болғанда, мүлде мүмкіндік
болмаған жағдайда пайдалы.
1
Объект (лат. objectum— зат)— неменеге бағытталған анау немесе мынау қарекет (немесе, осы қарекетпен
жаралған бір нәрсе); кең мәнінде – жалпы кез келген зат.
140
Көбінесе зерттеу үрдісінде объект – түпнұсқаны ауыстыратын
модель ретінде басқа материалдық немесе ойша елестетілетін
объект ұсынылады.
Модель қасиеттерінің бастапқы негізгі түпнұсқаға сәйкестігі
адекваттылығы (барабарлығы) деп сипатталады.
Білім
–
адамның
миында
немесе
техникалық
тасымалдауыштарда сақталған, жазылған қоршаған ортаның моделі.
Модельдеу үрдісі ол - нақтылы объектіні (үрдісті, құбылысты)
кең мағналы тіл құралдарымен жасалған, оның бейнесімен ауыстыру
үрдісі.
Модельдеуде өте әртүрлі, екі елеулі жол бар. Модель, басқа
материалдан жасалған, басқа масштабта орындалған, біраз
бөлшектерінсіз, бірақ объектіге ұқсас көшірмесі болуы мүмкін.
Мысалы, ойыншық кеме, ұшақ, текшенің көмегімен құрылған
үй және басқа өз түріндегі модельдер жиыны.
Бірақ модель, сыртқы дүниенің шындығын – еркін формадағы
сөздік сипатталуымен, формалданған қандайда бір ережелермен,
математикалық қатынастармен т.б. абстрактілі кейіптей алады.
7.2. Модель және модельдеу түрлері
Адамзаттың қолданбалы іс-әрекеттік аймағында модельдердің
келесі абстактілі түрлері қолданылады:
1.
Вербальды (мәтіндік) модельдер – объектілердің немесе
қатынастардың шындығын сипаттау үшін, формалданған табиғи
тілдердің диалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады. ( мұндай
модельдер мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция
хаттамысын айтуға болады).
2.
Математикатикалық модельдер – объектінің немесе
үрдістің мәнді жақтарын, теңдеулермен немесе математикалық басқа
құралдарының тілімен бейнелейтін (қайтаратын) модельдер. Олар
теориялық физика, механика, химия, биология және басқалар,
сонымен қатар әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін
дәстүрлі.
3.
Ақпараттық
модельдер
–
ақпараттық
үрдістерді
(ақпараттың пайда болуын, жіберуін, түрлендіруін және пайдалануын)
табиғаты әртүрлі жүйелерде сипаттайтын, таңбалы модельдер
топтары.
Модельдеу түрлері. «Модель» ұғымының көпмәндігіне орай
ғылымда және техникада модельдеу түрлерін бірыңғай жіктелуі жоқ.
Жіктеуді
модельдердің
сипатталуы,
объектілердің
қасиеттік
ерекшелері, модельдеуді қолдану аймағы (техникада, физикалық
ғылымдарда, кибернетикада, т.с.с.) бойынша жүргізуге болады.
141
Мысалы, модельдеудің келесі түрлерін ерекшелеуге болады:
Ақпараттық модельдеу
Компьютерлік модельдеу
Математикалық модельдеу
Математика-картографиялық модельдеу
Молекулярлық модельдеу
Цифрлық модельдеу
Логикалық модельдеу
Педагогикалық модельдеу
Психологиялық модельдеу
Статистикалық модельдеу
Құрылымдық модельдеу
Физикалық модельдеу
Экономика-математикалық модельдеу
Имитациялық модельдеу
Эволюциялық модельдеу
және т.б.
7.2.1 Құрылымды ақпараттық модельдеу мысалы
Адам білімінің бір аймағы тектану (генеалогия), яғни ата текті
зерттейтін ғылым үшін, құрылымы дәстүрлі ағаш.
1
түріндегі
схемалаға түбегейлі ұқсамайтын ақпараттық модель құруға болады.
«Бура шежіресі»
2
кітабынан келтірілген үзінді бойынша (1.15-
сурет) шежірені құрудың, құрылымданған және ақпараттық мүлдем
жаңаша түрімен танысуға болады.
Ерекше айта кету керек, бұл құрылымды ақпараттық модель
Microsft Excel қолданбалы программа ортасында құрылған, оның өзі
ата-тек тармақтарын құру және жазу үшін технолгиялық жаңалық
деуге болады.
Бірінші жолда, C, D, E,. …W бағандарында 1-ден бастап 21-ге
дейін ұрпақтардың рет нөмірі берілген, яғни бұл шежіреде жиырма
бір ұрпақ жазылған.
Мысалы, K бағанындағы 9 цифры 1650-ші жылдары өмір сүрген
тоғызыншы ұрпақты көрсетеді, атап айтқанда үш ағайынды кісілер:
Елшібек, Байқошқар және Елшім. Мұнда айта кететін жай, Бура
атасынан бастап Елшібекке дейінгі, бірінші 8 ұрпақтың тізбесі 3-ші
жолда жазылған.
Екінші жолда – әр бағана 30 жылдық аралықты қамтитын 1470-
ші жылдан бастап 2010 жылға дейін жазылған, яғни әр баған
1
1-тарау. § 8. 8.3-бөлімі.
2
Сыдықов М.Қ. Тоғыз таңбалы Найман «Бура шежіресі», 1-том. Павлодар 2007 ж. 584 бет.
142
ұрпақтың рет нөміріне сәйкес. Бір әкенің барлық балалары осы 30
жыл аралығында туған деп есептеледі.
1.15-сурет. «Бура шежіресі» кітабынан кесінді
Мысалы, 1650-ші жылдары өмір сүрген Елшібек Бура атасының
9-шы ұрпағы болса, ал, оның ұлы Есеналі 1680-ші жылдары өмір
сүрген, бұл атаны 10-шы ұрпағы болады.
Егер бағанда бірнеше кісілердің аты жазылса, яғни ағайынды
кісілер, онда алдымен ең үлкенінен бастап, қою қара әріппен теріліп,
келесі бағанаға осы атаның балалары жазылады. Тағы-тағыдай барлық
ұрпағы жазылып болған соң, келесі бала сол бағанаға қайтадан қою
қара әріппен теріліп, келесі бағанаға оның балалары жазылады.
Егер ұрпақ жалғыз болса, қою қара әріппен ерекшелемесе де
болады.
Сонымен, мынадай тарату шығады: Елшибек – Есеналы – Кон-
дыбай –Калыбай –Нурлыбай. Мұнда соңғы екі ұрпақ жалғыз
болғандықтан қою қарамен ерекшеленбеген.
Байқошқар Елшібектің інісі және бір буын болғандықтан, ол 9-
шы бағанға қайтадан жазылып, әрі қарай енді оның ұрпақтары
таратылады.
Сонда былай болады: Байқошқар – Жанығұл – Қазыбай –
Бекайдар – Мырзабай – Саңқай – Жақып – Ақанбай – Молдабай.
143
Ақпарат көзі, яғни шежірені жинаған кісілердің цифрлық
белгілеуі Е бағанында квадрат жақшаның ішінде жазылған.
Шежіренің бос орындарына фото суреттер, тарихи түсініктемелер
және деректер кіріктіріліп қойылғанын айта кету керек.
7.3. Модельдеу үрдісі
Модельдеу үрдісі үш кезеңнен тұрады:
формализациялау (нақтылы объектіден модельге ауысу);
модельдеу (модельді зерттеу және өзгерту, түрлендіру);
интерпетациялау (модельдеу нәтижесін нақтылық аймағына
аудару).
1.16-сурет. Модельдеу процесінің схемасы
Нақтылы объектілер және үрдістер өте көпқырлы және күрделі
болғандықтан, оларды зерттеу үшін, қандай да болса бір қырын
көрсететін моделін құру ыңғайлы. Ғылымның көп ғасырлық даму
жолы, осыны дәлелдеді.
Модельдің адекваттығы. Құрылған модель модельденген
объектіге абсолютті ұқсас болуы мүмкін емес. Себебі, нақтылы
объектіні шексіз танымдауға болады.
Сипаттау адекваттығын 100%-ке талпындырсақ – шығын өседі,
дәлдік өседі, бірақ адекватты емес модельді қолдану залалы азаяды.
Сипаттау адекваттығын 0% -ке талпындырсақ – шығын азаяды,
дәлдік азаяды, бірақ адекватты емес модельді қолдану залалы
көбейеді.
1.17-сурет. Модельдің адекваттық схемасы
Модельдің нақтылы объектіге адекваттығы дәрежесінің азайуы
дәлдікті жоғалтады, бірақ модельді жасау шығыны азаяды.
Объект
Модель
Интерпетациялау
Формальдау
Модельдеу
Тәжрибе
Синтездеу
Талдау
Модельді
зерттеу
Адекватность
Предполагаемый
оптимум
Затраты
Ущерб
0%
100%
залалы
шығындар
адекваттық
жорамалдану
оптимумы
144
Әдетте адекваттық қажет дәрежесін анықтау үшін модельдер
қатары құрылады. Бірінші қадамдар қандай да бір әмбебап бар
моделдеуіш дестеге жасалады. Модель қолдау тапқан соң, ғана
шыққан модельге ыңғайланған арнайы десте жазылады.
Яғни, екі десте болады:
-
модельдеу үрдүсінде қолданатын;
-
модель құрылған соң жазылған.
Жобалау – объктінің моделін жасау үрдісі.
Модельдеу – жобалау нәтижесінің бағасы.
Модельдеу пәні – өзінің әмбебап әдістері, сонымен қатар
онымен шектес ғылымдардың (математиканың, зерттеу амалдарының,
программалаудың) ерекше әдістері арқылы модельді құру мақсатын
қоятын пән.
7.4. Модельді сипаттау әдістері
Модельді көрсету әдісі сипаталатын есептің күрделілігіне де
байланысты болады.
Есепті талдайық. Мысалы екі объект, жаяу адам және
велосипедші біріне бірі қарама қарсы қозғалып келе жатсын дейік:
V
ж
– жаяудың жылдамдығы
V
в
– велосипедшінің жылдамдығы
Сұрақ: қашан және қай жерде объектілер кезігеді?
Аналитикалық әдіс:
а) айқын
в
ж
в
V
V
D
T
:
; X
В
:= V
В
* T
В
; {дәріптеулік реті өте жоғары}
Бұл әдіс айқын, өте үлкен ретпен дәріптелген, себебі жол теп
тегіс, объектілердің жылдамдылықтары тұрақты, күштері шексіз
шаршамайды, модель D, Vп, Vв шамаларына байланысты емес.
Нақтылы жағдайда есептің мұндай қойылымымен еш сәйкес
келмейді.
Жоғары дәріптелуіне
байланысты, жалпы
түрде
(аналитикалық) математикалық әдіспен шешілетін қарапайым модель
болды.
Сондықтан бұл модель зерттеуге келмейді, себебі бұдан тек қана
T-ы және X-ті табуға болады.
D
B
A
V
ж
V
в
145
б) айқын емес
T
в
*(V
ж
+ V
в
) = D
X
в
= V
в
* T
в
T
в
- ?
Біраз қолайлы модель болды. Дәріптелуі әлі де жоғары, бірақ
жазылудың айқын емес формасы қолдануына байланысты есепті
өзгерту мүмкіндігі пайда болды.
Имитациялық модельдеу – бұл математикалық модельдеудің
дербес жағдайы. Имитациялық модельдеу – объектіні логикалы
математикалық құралдармен сипаттау, ол объектінің жұмыс жасауын
жобалау, сараптау және бағалау мақсатында компьютерде тәжрибелеу
үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда, міндетті түрде, үрдісті
қадаммен модельдеуді ұйымдастыратын кандайда бір санағыш
болады:
а) V - айнымалы:
Циклда қадаммен есептеуді қайталай отырып, алгоритмнің әр
кезеңінде үрдістің имитациясын аламыз.
б) формальды-математикалық схема:
t:=t+h*f
S
ж
:= S
ж
+V
ж
*h*f
S
в
:= S
в
+V
в
*h*f
f:=not (ed(D - ( S
ж
+ S
в
)))
stop(f) Мұнда f – ағымды t кезеңде, бүкіл жолдың өтілгенін
немесе өтілмегенін көрсететін жалауша (белгі).
с) геометриялық әдіс:
T:=T+H
S
ж
:= S
ж
+V
ж
*H
S
в
:= S
в
+V
в
*H
S
ж
+ S
в
≥D
+
-
S
Ж
:= V
Ж
* t
S
В
:=D - V
В
* t
t
t
t
t
t
y
y
S
Ж
S
В
осциллограф
осциллограф
S
t
Болжам
бойынша
кездесу
нүктесі
Екі осциллографпен жасалған сурет
146
д) есептің статистикалық қойылымы:
Моделі:
мұндағы: {**} – шарттары, шлагбаум жабық тұрғанда, жаяу
адамның одан 5 метрден кем емес алшақтықта тұратынын бақылайды.
e) критериалды әдіс:
Мысал: Шолу мұнарасы болмаса жылжыған объект тығырыққа
тіреліп қалуы немесе жолдың нұсқаларын шексіз теруі мүмкін ғой.
Ал шолу мұнарасынан қарағаннан кейін ол, алдымен жүретін
жолын есептейді, содан кейін барып қозғалады. Қозғалыс бағытын
таңдау келешегін бағалау үшін критерий енгізіледі деген сөз.
t:=t+h*f
S
Ж
:= (S
Ж
+V
Ж
*h*r)*f
b
Ж
:=ed(a-S
Ж
)*ed(S
Ж
-(a-5)) {**}
S
В
:= (S
В
+V
В
*h*r)*f
b
В
:=ed(a-S
В
)*ed(S
В
-(a-5))
{**}
f:=not (ed(D - S
ж
+ S
в
))
Кездейсоқ
сандардың
көрсеткіші
r
Орт.уақыт = k/n
Орт.жол = L/n
n:=n+not(f)
k:=k+t*not(f)
L:=L+S
Ж
L – кездесу нүктесі
n – тәжрибе (эксперимент) саны
k – кездесу уақыты
Жинау блогы
A
B
r - флаг (открыт или нет
шлагбаум)
r
r – жалау (шлагбаум ашық немесе жабық)
кафе
A
B
Обзорная
башня
озеро
Шолу
мұнарасы
көл
147
Тест сұрақтары
1.
Модель – ол:
a.
нақты шындығының фантастикалық бейнесі;
b.
объектінің уақытты-кеңістілік сипаттамасын қайтаратын
алмастырушысы;
c.
құбылыстардың және үрдістердің немесе зерттелетін объектінің
мәнді жақтарын бейнелейтін (қайтаратын) объектілер және
қатынастар жиынтығы;
d.
зертелетін объектіні, үрдісті, құбылысты көркем сурет
өнерінінің құралдарымен белгіленген деңгейде сипаттау;
e.
объектінің жоқ қасиеттері туралы ақпарат.
2.
Объектінің, құбылыстың, үрдістің моделінің вербальды ұсынымы:
a.
объектілердің немесе қатынастардың шындығы сипатталған,
формалданған диалектілі табиғи тілмен құрылған сөйлемдер
тізбегі;
b.
математикалық формулалар тізбегін табиғи тілмен сипаттау;
c.
«элемент-қасиет-қатынас» терминдерінің аясында зерттелетін
объектінің құрылымын сипаттау;
d.
объект, құбылыс, үрдіс туралы мәтіндік ақпараттан тұратын,
деректер базаларының жиынтығы.
e.
электр сигналдардың көмегімен білдіретін, идеалды модельдің
бір түрі.
3.
Суреттер, карталар, сызбалар, диаграммалар, схемалар, графиктер-
олар:
a.
кестелік ақпараттық модельдер;
b.
математикалық модельдер;
c.
натуралды (жаратылысты) модельдер;
d.
графикалық ақпараттық модельдер;
e.
иерархиялық ақпараттық модельдер.
4.
Поездардың жүру кестесін ненің мысалы ретінде қарастыруға
болады:
a.
иерархиялық модель;
b.
кестелік модель;
c.
графикалық модель;
d.
вербальды модель;
e.
желілік модель.
5.
Модельдеу үрдісі – ол:
a.
сән салонында киім моделдерін (үлгілерін) көрсету;
b.
нақтылы есептің формальданбаған қойылымы;
148
c.
нақтылы объектіні (үрдісті, құбылысты), кең мағналы тіл
құралдарымен нақты есепті шешу үшін жасалған, оның
бейнесімен ауыстыру үрдісі;
d.
нақтылы объектіні (үрдісті, құбылысты), берілген объектінің
барлық белгілерін қайтаратын, басқа материалдық немесе
идеалды объектімен ауыстыру үрдісі;
e.
қарастырылатын объектінің маңызды белгілерін ашу.
6.
Биологияда жануарлар әлемінің өкілдерінің жіктелу… ұсынымы
болып табылады:
a.
математикалық модель;
b.
кестелік модель;
c.
графикалық модель;
d.
иерархиялық модель;
e.
желілік модель.
7.
Кестелік ақпараттық модельдің ұсынымы ол:
a.
графиктердің,
суреттердің,
сызбалардың,
схемалардың,
диаграммалардың кестедегі жинағы;
b.
үлгісі жасалатын (модельденетін) объектінің иерархиялық
құрылымының сипаттамасы;
c.
объектілердің сипаттамалары (немесе олардың қасиеттері)
мәндер жиыны түрінде кестеде орналастырылуы;
d.
математикалық формулалар жүйесі;
e.
табиғи тілдегі сөйлемдер тізбегінінің кестедегі жинағы.
8.
Мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыруды сипаттайтын ақпараттық
модельге жатқызуға болады:
a.
сынып жорналын;
b.
сабақтардың кестесін;
c.
мектептегі оқушылар тізімін;
d.
оқулықтар тізбесін;
e.
көрнекі оқу құралдардың тізімін.
9.
Объектінің, құбылыстың, үрдістің математикалық моделі – ол:
a.
объктінің сипаттамасы мазмұндалған, формалданған диалектілі
табиғи тілмен құрылған сөйлемдер тізбегі;
b.
«элемент-қасиет-қатынас» терминдерінің аясында зерттелетін
объектінің құрылымын сипаттау;
c.
объектінің, құбылыстың, үрдістің сандық сипаттамаларынан
тұратын, деректердің және базаларының жиыны;
d.
формалды тілдің шектелген алфавитімен, белгілердің,
сөздердің, сөйлемдердің, математикалық әдістеріне сәйкес
құрылған тізбек;
e.
электр сигналдардың көмегімен ұсынылатын, модельдің бір
149
түрі.
10.
Компьютердің көмегімен шығарылатын есептің шешімі, әдетте
қандай тізбекпен іске асырылады:
a.
алгоритмді және программаны құру, нәтижелерді сұраптау
және интерпретациялау, программаны жөндеу және орындау;
b.
есептің қойылымын талдау, моделін құру, алгоритмді және
программаны құру, программаны жөндеу және орындау,
нәтижелерді сұраптау және интерпретациялау;
c.
моделін құру, программаны жөндеу және орындау, нәтижелерді
сұраптау және интерпретациялау;
d.
есептің қойылымын талдау, алгоритмді және программаны
құру, нәтижелерді сұраптау және интерпретациялау;
e.
алгоритмді және программаны құру, программаны жөндеу және
орындау, сұраптау және интерпретациялау;
11.
Ғаламдық компьютерлік Интернет желісінің сипаттамасын, яғни
оның тораптар жүйелерін және оларды байланыстырушы
жолдардын ненің мысалы ретінде қарастыруға болады:
a.
вербальды модель;
b.
кестелік модель;
c.
графикалық модель;
d.
иерархиялық модель;
e.
желілік модель.
12.
Компьютерлік эксперимент — ол:
a.
есептеу техника құралдарының қолдануымен іске асырылатын,
кез келген эксперимент;
b.
компьютерлік программаның жұмысының барысында алынған,
нәтижелерді интерпретациялау;
c.
зерттелетін объектінің, құбылыстың, үрдістің компьютерлік
моделін зерттеу;
d.
программаны тестілеу және жөндеу үрдісі;
e.
қойылған есепті формализациялау үрдісі.
13.
Модельді құру үрдісі, әдетте мынаны жорамалдайды:
a.
зерттелетін объектінің барлық қасиеттерінің сипатталауын;
b.
шығарылатын есептің көзқарасынан, объектінің қасиеттерінің
ең маңыздысын бөлу;
c.
шығарылатын есептің мақсатымен салыстырусыз, объектінің
қасиеттерін бөлу;
d.
зерттелетін
объектінің
кеңістілік-уақыттық
қасиеттерін
анықтау;
e.
зерттелетін объектінің энергетикалық қасиеттерін анықтау.
14.
Компьютерлік модель — ол:
150
a.
алғашқы деректердің және нәтижелердің арасындағы байланыс;
b.
компьютерде ұқсастырылып (имитацияланып), орындаушының
мүмкіндігіне қарап құрылған, есептің моделі;
c.
ақпараттық модель;
d.
табиғи тілдің құралдарымен объектіні сипаттау;
e.
шығарылып жатқан есептің программасының спецификациясы.
15.
Дербес компьютердің файлдық жүйесінің ең барабар сипатталуы
мына түрде болуы мүмкін:
a.
кестелік модель түрінде;
b.
графикалық модель түрінде;
c.
иерархиялық модель түрінде;
d.
натуралды (жаратылысты) модель түрінде;
e.
математикалық модель түрінде.
16.
«Компьютерлік эксперименттің нәтижесі» дегенге, мына тізімнен
не келмейді:
a.
ауа райын болжау;
b.
сайлаудың
салыстырма
мүмкіндік
нәтижелерінің
социологиялық болжауы;
c.
ғарыштық кеменің қозғалу моделі;
d.
«ядролық қыстың» моделі;
e.
күн тәртібі.
17.
Графтың берілімі:
a.
координаталарымен нүктелердің жиыны;
b.
қос жиындармен: төбелер жиыны және қырлар жиыны;
c.
дара төбелер жиынымен;
d.
дара қырлар жиынымен
e.
доғалар жиынымен.
18.
Егер графтың қырлары реттелген қос төбелермен анықталса, онда
оның атауы:
a.
семантикалық;
b.
күрделі;
c.
қарапайым;
d.
бағытталған;
e.
циклданған.
19.
Ағаш — ол:
a.
бағытталмаған байланысқан граф;
b.
бағытталған байланыспаған граф;
c.
сыбайласқан төбелілі граф;
d.
бағытталған байланысқан граф;
e.
параллель доғалы граф.
20.
Графтың қырлары параллель болады, егер:
151
a.
қырлардың басы және соңы сәйкес келсе;
b.
осы қырлармен тізбе тұйықталған;
c.
олардың төбелері екі немесе одан көп қырлармен қосылса;
d.
олар соңғылар;
e.
дүрыс жауап жоқ.
21.
«Жүргізуші – автомобиль» жүйесінде басқару ықпалын жіберуді
қамтамасыз ететін:
a.
спидометрі;
b.
двигателі;
c.
рулі;
d.
багажнигі;
e.
артқы көріністі шолу айнасы.
22.
Жол қозғалысын реттеу жүйесінде, тек қана светофорларды және
жол белгілерін ғана қолдануды не ретінде қарастыруға болады:
a.
шындап айтқанда, басқару жүйесі ретінде қарастырыла
алмайды;
b.
тұйықталған басқару жүйесінің мысалы бола алады;
c.
тұйықталғанмаған (ажыратылған) басқару жүйесінің мысалы
бола алады
d.
өзіне бірнеше кері байланыс арналары кіреді;
e.
жол қозғалысы туралы ақпаратты түрлендіру және быр
мақсатты бағытта өңдеу негізінде жұмыс жасайды.
23.
Тұйықталған басқару жүйесінің тұйықталғанмағаннан айырмасы:
a.
онда басқару объектісінің болуымен:
b.
өзара байланыстырылған элементтердің санымен:
c.
бір немесе бірнеше кері байланыс арналарының болуымен;
d.
басқаруға ықпал, әсер етудің жоқтығымен;
e.
басқару құралдарының болуымен.
152
Достарыңызбен бөлісу: |