Информатика



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
§2. Дербес компьютер 
Жоспар 
2.1. Компьютердің құрамы. 
2.2. Процесссордың негізгі сипаттамалары.  
2.3. Негізгі ішкі жады. 
2.4. Сыртқы жады.  
2.1. Компьютердің құрамы  
Компьютерлік  ресурс    деп,  процесссорлық  уақытты, 
жадының 
барлық 
түрлерін, 
енгізу/шығару 
құрылғыларын, 
программаларды және деректерді айтады. 
Дербес  компьютердің  барлық  құрылғыларының  жиыны 
аппаратты жасақтама (hardware) деп аталады, олар: 

 
жүйелік  блок  –  ішінде:  аналық  тақша  процесссор,  жедел 
жады  (RAM),  бейнетақша,  дыбыстық  тақша  (Sound  bluster)  және 
сыртқы жады құрылғылары орналасады; 

 
сыртқы  жады  құрылғылары  –  қатты  магниттік  диск 
(HDD),  лазерлік  оқу  (CD–ROM)  және  оқу/жазу  (CDRW)  компакт-
дискілері және олардың дискқозғағыштары; 

 
енгізу-шығару  құрылғылары  –  монитор,  принтер,  тінтуір 
(Mouse), модем және көптеген басқа сыртқы құрылғылар.  
Аналық  тақша  (ағылш.  motherboard,  MB)  –  бұл  күрделі  көп 
қабатты  (орысша  многослойная)  баспа  (орысша  печатная)  тақшасы. 
Оның  үстінде  дербес  компьютердің  негізгі  құрамдастары:  орталық 
процесссор,  жедел  жады  (RAM)  және  оның  контроллері,  жүктеуші 
тұрақты жады (ROM), КЭШ жады, бейнекарта, дыбыстық карта, 
енгізу-шығару интерфейс контроллерлері орналастырылады. 
2.5-сурет.  ATX  стандартты  аналық  тақша  (MSI  K7T266  Pro2 
моделі) 
Сонымен  қатар,  аналық  тақшада  қосымша  контроллерлерді 
қосуға арналған қосқыштар (слоттар) орналасады, оларды қосу үшін, 
әдетте, USB, PCI и PCI-Express шиналары қолданылады. 
Аналық тақшаның негізгі құрамдастары: 

 
орталық процесссор; 

 
172 

 
түрақты (ROM) және жедел (RAM) жады, кэш-жады; 

 
шиналардың интерфейстік схемалары; 

 
кеңейту ұяшықтары (орысша гнезда); 

 
міндетті жүйелік енгіз-шығару құралдары және басқа. 
2.2. Процессордың негізгі сипаттамалары 
Процессор  (CPU  –  cenral  processung  unit)  –  арифметикалық 
және 
логикалық 
амалдарды 
орындайтын, 
сонымен 
қатар, 
компьютердің  барлық  құрылғыларына  басқарушы  сигналдарын 
қалыптастыратын, ең негізгі құрылғы.  
Демек,  ол  программалардың  командаларын  орындайтын  және 
компьютердің  кұрылғыларының  жұмысын  үйлестіретін,  басқаратын 
компьютердің ең басты мүшесі болып табылады. 
Микропроцесссордың  кәдімгі  түрі  интегралдық  (біріктірілген) 
схема  –  тік  бұрышты,  ауданы  бар-жоғы  бірнеше  шаршы  миллиметр, 
жұқа кристалдық кремний пластинкасы, оның үстінде процесссордың 
барлық қызметін іске асыратын схемалар орналасқан. 
Кристалдық  пластинка  әдетте  жалпақ  пластмасса  немесе 
керамика  қорапқа  салынады  және  оның  арнайы  алтын  сымшалары
жүйелік  блокпен  қосуға  арналған,  темір  үшкірлермен  (орысша 
штырьки) жалғанады. 
2.6-сурет.  Intel  Celeron  1100  Socket  370,  FC-PGA2  корпусында, 
астыңғы жағынан. 
Ырғақ (такт) жиілігі – бір секундта схеманың кірісіне түсетін, 
синхронды  электронды  схеманың  импульстердің  үйлестіруші 
(орысша  синхронизирующий)  жиілігі,  әғни  үйлестіруші  такт 
сандары
Процесссор келесі екі негізгі параметрлермен сипатталады: 
1)  Процесссордың  ырғақ  жиілігі  –  процесссордың  әрекет 
жылдамдығын  көрсететін  шама,  яғни  оның  бір  секунд  аралығында 
орындайтын 
элементарлық 
амалдар 
саны. 
Бұл 
көрсеткіш 
процесссордың  ең  маңызды  қасиеті  болып  табылады.  Ырғақтық 

 
173 
жиілік  Мегагерцпен  (Мгц),  Гигагерпен  (Ггц)  өлшенеді.  Дербес 
компьютердің  жылдамдығының  өлшем  бірлігі  1  Мгц  =  1  млн.  герц/ 
сек.).  (100Мгц  –ол  1  секундта  орындалатын  амалдар  саны,  яғни  100 
миллион элементарлық амалдар).  
Мысалы,  Pentium  4  2,8  ГГц  таңбалауы  (орысша  маркировка
Intel  фирмасы  жасағанын,  Pentium  төртінші  буын  қатарына 
жататындығын  және  такт  генераторынан  2,8  ГГц  жиілігімен  жұмыс 
істейтінін білдіреді. 
Бірақ Intel компаниясы өзінің процессорлары үшін 2004 жылдың 
19 науырзынан жаңа таңбалауды енгізді. Жаңа таңбалауда фирманың 
атауы (Intel), процесссорлар қатарының атауы (Pentium 4, Celeron D, 
Pentium  Extreme  Edition  немесе  Pentium  D),  сонымен  қатар,  ескі 
таңбалауда  қолданған  жиілікті,  жаңа  таңбалауға  ауыстыратын 
үштаңбалы  сан  –  Processor  Number  қолданылатын  болды.  Мысалы: 
Intel Celeron 1100 Socket 370.  
2)  Процесссордың  разрядтылығы  –  бұл,  процессордың  бір 
ырғақта  тұтастай  өңдейтін  немесе  жіберетін  екілік  кодтардың 
максималды ұзындығы.  
Мысалы:  32–разрядтты  (бір  машиналық  сөз)  немесе  64- 
разрядты  (екі  машиналық  сөз)  процессор  бір  ырғақта  тұтастай, 
(машиналық сөздерге сәйкес) 4 немесе 8 байт ақпарат өңдейді.  
Бірақ  та  процесссорлардың  өнімділігі  өскен  сайын,  кэш-
жадының көлемішинаның жиілігі, тағы басқа параметрлер алдыңғы 
қатарға шығуда. 
Микропроцессорлардың жаңа буындарында ырғақ жиілігі өзінің 
шектік  мәніне  жақындай  бастады,  сол  себепті,  микропроцессордың 
ішіндегі  транзисторлар  ауыстырып-қосып  үлгермейді.  Бұл  жағдайда 
олардың жұмысының бір бөлігін кэш-жады өзіне алады
1

2.3. Негізгі ішкі жады 
Жады  (memory)  –  деректерді  және  программаларды  өңдеуге, 
сақтауға  арналған  ЭЕМ  –  ның  негізгі  функционалдық  бөлігі.  Жады: 
негізгі ішкі және сыртқы деп бөлінеді.  
Негізгі ішкі жадыға екі типті электронды құрылғылар жатады: 

 
тұрақты сақтаушы құрылғы (ROM – Read Only Memory);  

 
жедел  жады  (RAM  –  Random  Access  Memory)  және  КЭШ 
жады (cache memory). Олардың нағыз түрлері – микросхемалар
Тұрақты  сақтау  құрылғысы  (ТСҚ)  –  (ROM  –  Read  Only 
Memory).  Зауытта  жасалу  кезінде  ТСҚ-ның  ішіне  жүктеуші  BIOS 
                                                 
1
 Кэш жадының сипаттамасы әрі 2.3-пунктте. 

 
174 
(Basic  Input  Output  System),  CMOS  Setup  программалары  және 
өзгертуге болмайтын әртүрлі тұрақтылар «тігіледі».  
BIOS  (аудармасы  –  негіздік  енгізу-шығары  жүйесі)  –  онда 
операциялық  жүйені,  жадыны  және  ЭЕМ  сыртқы  құрылғыларды 
тестілеуді жіберуші өзгертілмейтін программалар жазылады. 
2.7-сурет.  EPROM  Intel  1702  ультра-күлгінмен  өшірілетін 
микросхема 
Сонымен,  ТСҚ-дағы  ақпарат  мазмұны  тұрақты,  электр 
энергиясынан тәуелсіз, тек оқылуы мүмкін, ал жазу тек қана арнайы 
жағдайда жасалады. 
Жедел  сақтау  құрылғысы  (ЖСҚ)  –  (RAM  –  Random  Access 
Memory)  –  бұл,  пайдаланушыға  дәл  осы  кездегі  уақытта  қажет 
деректерді  және  программаларды  сақтауға  арналған  электрондық 
жедел жады (құрылғы).  
2.8-сурет.  Аналық  тақшаға  қойылған  DRAM  жедел  жады 
модулі 
Компьютерде орындалып жатқан программалар мен командалар 
жедел  жады  арқылы  алмасады.  ЖСҚ  –  бұл  программамен 
адрестелінетін жады және оның жылдамдығы процессордың жұмыс 
жылдамдығына  жақын.  Жедел  жадының  әр  ұяшығының  өзінің  жеке 
адресі бар. 
Жедел  жадының  кемшілігі,  электр  энергиясына  тәуелділігі
яғни,  компьютер  электр  желісінен  ажыратылған  жағдайда,  ондағы 
ақпарат сақталмайды.  
КЭШ  жады  (Cache  memory)  –  процессор  мен  жедел  жады 
арасында  ақпаратты  тез  алмастыру  үшін  дәнекер  (буфер)  өте  тез 
электрондық жедел жады (құрылғы).  
Бұл  жедел  жадыға  қарағанда  өте  тез,  ауқымы  шағын, 
компьютердің өнімділігін анағұрлым арттырады. 

 
175 
2.4. Сыртқы жады  
Сыртқы  жады  (ССҚ)  –  электр  энергиясынан  тәуелсіз  көлемі 
үлкен,  ақпаратты  ұзақ  мерзім  сақтауға  арналған  алмалы-салмалы 
магниттік тасымалдаушы құрылғылар.  
Сыртқы сақтау құрылғыларына мыналар жатады: 
Қатты  магнитті  дискідегі  жинақтауыш  (HDD  –  Hard  Disk 
Drive)  немесе  винчестер  –  жүйелік  блокта  кірістірілген,  жұмыс 
жасауға  барлық  қажет  ақпаратты,  атап  айтқанда:  операциялық 
жүйелерді,  программалар  дестесін,  сандық  деректерді,  мәтіндерді, 
ойындарды және т.б. сақтау үшін арналған. 
2.9-сурет.  Бөлшектенген  қатты  диск  Samsung  HD753LJ  (750 
ГБ, 2008 ж. жасалған) 
Тарихтан: ең алғашында, магниттік жинақтауыш құрылғысы
әр  қайсысы  30  Мбайттық  екі  дискіден  тұратын  біртұтас  блок 
түрінде  жасалатын.  Ондай  жинақтауыштың  жалпы  көлемі  30/30 
цифрлар  түрінде  белгіленіп  жүрді.  Ондай  белгі,  көне  аңшылық 
«Винчестер»  атты  мылтығының  калибріне  ұқсас  болғандықтан, 
ондай қатты жинақтауыш дискісі винчестер аталып кетті.  
Қатты 
диск 
сыйымдылығы 
– 
HDD 
(capacity
– 
жинақтауышта  сақтауға  болатын  деректер  саны.  Қазіргі 
құрылғылардың  сыйымдылығы  4096  Гб  (4  Тб)  дейін  жетеді. 
Информатикадағы  дәстүрлі  1024  еселі  жүйесінен  басқаша,  қатты 
дискілердің  сыйымдылығын  белгілегенде  өндірушілер,  1000  еселі 
шамаларды  қолданады.  Айталық,  «200  ГБ»  деп  таңбаланған,  қатты 
диск сыйымдылығы 186,2 ГБ құрайды. 
Винчестердің  құрылымы:  герметикалық  корпустың  ішінде,  бір 
осьте  қабатпен  орналасқан  бірнеше  қатты  магниттік  дискілердің 
дестесінен  тұрады  (2.10-сурет).  Олар  өте  үлкен  жылдамдықпен 
айналады.  Ақпарат  дискінің  екі  бетіне  де  (орысша  поверхность
жазылады. 
Дискінің  әр  беті  (магнитті  беттер)  концентрлі  жолдарға
оның  әр  қайсысы  секторларға,  ал  секторлар  –  «торшаларға» 
байттарға бөлінеді. 

 
176 
Бір дискідегі барлық секторлардың көлемі бекітілген болады. Әр 
дискіге  жақындатылған  магнитті  бас  тиектер  көмегімен  ақпаратты 
оқу/жазу  үрдісі,  бір  уақытта,  дестенің  барлық  дискілерінен  қатар 
орындалады.  Деректерді  дискіден  оқу  және  жазу  жұмыстарының 
барлығы толық секторлармен орындалады. 
2.10-сурет.  Қатты  магнитті  дискілер  жинақтауышының 
құрылыс схемасы 
Винчестерге  дәстүрлі  C:  атауы  беріледі.  Әдетте  жұмысқа 
ыңғайлы және сенімділік үшін, оны бірнеше логикалық дискілерге: C: 
D: E: – атауларымен бөледі. 
Оптикалы  диск  (optical  disc)  –  ақпаратты  оқуды  оптикалық 
сәуле  шығару  көмегімен  жүргізетін,  диск  түріндегі  ақпаратты 
тасымалдауыштардың  жалпы  аталымы.  Диск  әдетте  жалпақ,  оның 
негізі поликарбонаттан жасалады, үстіне ақпаратты сақтауға арнайы 
қабат жағылады. 
Ақпаратты  оқу  үшін  әдетте  лазер  сәулесі  қолданылады,  ол 
арнайы  қабатқа  бағытталады  және  одан  қайтарылады  (орысша 
отражение).  
Қайтарылған  кезде  арнайы  қабатта  сәуле  өте  ұсақ  қуыстарға 
(орысша 
выемка)  (питтерге  ағылш.  pitкішкене  шұңқыр, 
шұңқырлау)  үлгіленеді,  оны,  оқу  құрылғысының  кері  кодтауының 
(орысша  декодирование)  негізінде дискіде  жазылған ақпарат  қалпына 
келтіріледі. 
CD–ROM  –  ауысымды  лазер  компакт-дискілерінен  ақпаратты 
тек оқуға арналған құрылғы.  
Лазер  магнитті  компакт-дискілері  CD–ROM  (Compact  Disk 
Read  Only  Memory)  –  жазылған  ақпаратты  тек  оқуға  ғана  және  ұзақ 
мерзімге сақтауға арналған. 
CD–RW  –  ауысымды  лазер  компакт-дискілерінен  ақпаратты 
оқып/жазуға арналған құрылғы. 
Лазер  магнитті  компакт-дискілері  CDRW  (Compact  Disk  Read 
Write) – жазылған ақпаратты оқып/жазуға арналған. 

 
177 
CD жылдамдығы. Алғашқы стандарт бойынша CD–ROM-ң оқу 
жылдамдығы  150  Кбайт/сек.  қолданылды.  Бұл  –  бірлік  (одинарная
жылдамдық  деп  аталады.  Бүгінгі  күнде  2-лік,  4-тік,  ...,  50,  52  және 
одан жоғары жылдамдықты CD бар. 
DVD  (digital  versatile  disk)  –  қарапайым  дискілерге  қарағанда, 
лазер  толқынының  ұзындығын  азайтып  қолданғандықтан,  көлемі 
үлкен ақпаратты сақтау мүмкіндігі бар, көп мақсатты цифрлы диск. 
DVD-жетек  —  осындай  тасымалдауыштардан  оқуға  (немесе 
жазуға) арналған құрылғы. 
DVD  оқу  және  жазу  үшін  толқын  ұзындығы  650  нанометр 
қызыл лазер қолданылады. 
Деректер құрылымы бойынша DVD төрт түрі (типі) болады: 

 
DVD-бейне —фильмдерден тұрады (бейне және дыбыс); 

 
DVD-Audio  —  жоғарғы  сапалы  аудио  деректерден  тұрады 
(аудио-компакт-дискілеріне қарағанда анағұрлым жоғары) 

 
DVD-Data — кез келген деректерден тұрады

 
аралас мағналы. 
Компакт-дискілерде  жазылған  аудиодискісінің  қүрылымы, 
деректер  дискісінің  құрылымынан  күрделі  айырмашылығы  бар.  Ал, 
оған  қарағанда,  DVD  әрдайым  UDF
1
  файылдық  жүйесі  қолданылады 
(деректер үшін ISO 9660 қолданылуы мүмкін). 
Blu-ray  Disc,  BD  (blue  ray  —  көк  сәуле  және  disc  —  диск;  blue 
орнына  blu  –  әдейі  жазылған)  –  оптикалы  тасымалдауыштың  пішімі, 
цифрлық  деректерді  жазу  және  сақтау  үшін  қолданылады,  соның 
ішінде, тығыздығы көтеріңкі айқындылығы жоғары бейне. 
Қазіргі кезде BD-R (бір ретті жазу) және BD-RE (көп ретті жазу) 
қолданысқа кіруде, BD-ROM пішімі жасалуда. 
Flash  –  память  (Flash-Memory)  –  кішкентай  көлемді  сыртқы 
жады,  компьютерге  USB  –  порты  арқылы  қосылады.  Сыйымдылығы 
қазіргі кезде 64 Гб – қа жетіп қалды. 
 
                                                 
1
 
UDF  (Universal  Disk  Format,  әмбебап  дискілік  форматы)  –  қайта  жазылатын  компакт-дискілерде 
қолданылатын файлдық жүйе. 

 
178 
Тест сұрақтары 
1.
 
Дербес компьютердің негізгі аппараттық құрамы: 
a.
 
қоректендіру  блогы,  жады,  сканер,  шлюздар,  адаптерлер, 
коннекторлар, желілік тақша; 
b.
 
қатты  диск,  принтер,  модем,  бейнетақша,  слоттар,  монитор; 
иілгіш (FDD), винчестер (HDD), лазер (CD) дискілері; 
c.
 
жүйелік  блок  (аналық  тақша,  процессор  (CPU),  RAM-жедел 
жады, бейнетақша, дыбыстық тақша, желілік тақша); винчестер 
(HDD), иілгіш (FDD), лазер (CD) дискілері; монитор, “тінтуір”, 
модем, принтер; 
d.
 
процессор, 
жады 
микросхемалары, 
енгізу-шығару 
құрылғылары. 
e.
 
коннекторлар,  бейнетақша,  лазер  (CD)  дискілері;  монитор, 
“тінтуір”, модем, принтер. 
2.
 
Процессордың (CPU) атқаратын функционалды қызметі 
a.
 
арифметикалық  және  логикалық  амалдарды  орындайды, 
компьютердің барлық құрылғыларына басқарушы сигналдарын 
қалыптастырады; 
b.
 
деректерді дискіге жазады, сақтайды, оқиды; 
c.
 
ақпараттың 
барлық 
түрлерін 
компьютерге 
енгізуді 
ұйымдастыратын,  принтерге  шығаруға  команда  беретін 
компьютердің миы; 
d.
 
тек қана пайдаланышыны мен компьютер арасынағы диалогты 
басқарады; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
3.
 
Процессордың негізгі сипаттамалары: 
a.
 
регистрлер саны, типі; 
b.
 
разрядтылығы, ырғақ жиілігі; 
c.
 
көлемі, жылдамдығы; 
d.
 
жоғарыдағы айтылғанның бәрі; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
4.
 
Жедел жадының (RAM) функционалды қызметі: 
a.
 
электрондық  жылдам  жады,  ағымдық  ақпаратмен  жұмыс  істеу 
үшін қолданылады; 
b.
 
мәтіндік ақпаратты қабылдауға арналған; 
c.
 
ағымды  деректерді  магистраль  арқылы  дискізе  жіберуге 
арналған; 
d.
 
барлық типті деректерді ұзақ мерзімге сақтауға арналған
e.
 
жоғарыдағы айтылғанның бәрі. 
5.
 
Сыртқы жадының құрылғыларына: 
a.
 
FDD, HDD; 

 
179 
b.
 
CD-ROM, CDRW магниттіоптикалық диск;  
c.
 
Flash жады, стриммер, т.б.; 
d.
 
жоғарыдағы айтылғанның бәрі; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
6.
 
Жүйелік шинаның функционалды қызметі 
a.
 
дербес  компъютердің  барлық  құрылғыларынаң  арасында 
ақпарат алмасу арнасы; 
b.
 
компьютерлер арасында байланысты басқаратын арна; 
c.
 
командалық опрерациялардың орындалуын басқарады; 
d.
 
жоғарыдағы айтылғанның бәрі; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
7.
 
Операциялық  жүйелік  программаның  жасайтын  функционалды 
қызметі: 
a.
 
компьютердің 
ресурстарын 
басқарады, 
қолданбалы 
программаларды қосады; 
b.
 
қолданбалы 
программалардың 
жұмысын, 
сыртқы 
құрылғылармен және басқа программалармен үйлестіреді; 
c.
 
пайдаланушы 
мен 
компьютер 
арасындағы 
диалогты 
қамтамасыз етеді; 
d.
 
жоғарыдағы 
айтылған 
әрекеттердің 
бәрін 
үйлестіріп 
орындайды; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ.  
8.
 
Компьютердің жұмыс жылдамдығы тәуелді: 
a.
 
процессордың ақпаратты өңдеу ырғақтық жиілігіне
b.
 
қосылған принтердің болуына ия жоқтығына; 
c.
 
операциялық жүйенің интерфейсінің ұйымдастырылуына; 
d.
 
сыртқы сақтау құрылғының көлеміне; 
e.
 
өңделетін ақпараттың көлеміне; 
9.
 
Процессордың ырғақтық жиілігі деген - ол: 
a.
 
уақыт  бірлігінде  процессордың  іске  асырытын  екілік 
амалдардың саны; 
b.
 
компьютердің 
логикалық 
түйіндерінің 
жүмысын 
синхрондайтын, бір секундта өнділетін импульстар саны; 
c.
 
уақыт  бірлігінде  процессордың  жедел  жадыға  қатынау 
мүмкіндіктерінің саны; 
d.
 
процессормен  енгізу/шығару  құрылғыларының  арасындағы 
ақпарат алмасу жылдамдығы; 
e.
 
процессормен  тұрақты  жадының  арасындағы  ақпарат  алмасу 
жылдамдығы. 
10.
 
Процессордың құрамына кіретін құрылғыларды нұсқаңыз: 
a.
 
кэш-жады, бейне жады; 

 
180 
b.
 
жедел сақтау құрылғысы, принтер; 
c.
 
арифметикалы-логикалық құрылғысы, басқару құрылғысы; 
d.
 
сканер, тұрақты жады; 
e.
 
дисплейлік процессор, бейнеадаптер. 
11.
 
Тұрақты сақтау құрылғысының қызметі: 
a.
 
компьютерге бастапқы жүктеу программасын сақтау және оның 
түйіндерін тестілеу үшін; 
b.
 
пайдаланушының жұмысы кезінде программасын сақтау үшін;  
c.
 
ерекше құнды программаларды жазу; 
d.
 
жиі қолданылатын программаларды сақтау; 
e.
 
ерекше құнды құжаттарды тұрақты сақтау. 
12.
 
Орындалу барысында қолданбалы программа сақталады: 
a.
 
бейнежадыда; 
b.
 
процессорда; 
c.
 
жедел жадыда; 
d.
 
қатты дискіде; 
e.
 
тұрақты сақтау жадысында (ПЗУ). 
13.
 
Дербес  компьютер  жұмыс  жасамайды,  егер  қай  құрылғыны 
ажыратса: 
a.
 
дискжетекшіні; 
b.
 
жедел жадыны 
c.
 
тінтуірді; 
d.
 
принтерді; 
e.
 
сканерді. 
14.
 
Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау қызметін атқарушы:  
a.
 
жедел жады; 
b.
 
процессор; 
c.
 
сыртқы тасымалдаушы; 
d.
 
дискжетекші; 
e.
 
қоректендіру блогы. 
15.
 
Ақпаратты  сыртқы  тасымалдауыштарда  сақталу  үрдісі  жедел 
жадыда сақталу үрдісінен принципті айырмашылығы: 
a.
 
компьютерді 
қоректендіруден 
ажыратқаннан 
кейінде 
ақпараттың сыртқы тасымалдауыштарда сақтала беретіндігінде; 
b.
 
сақталған ақпараттың көлемімен; 
c.
 
сақталған ақпаратқа қатынасудың әртүрлі жылдамдығымен; 
d.
 
ақпаратты қорғау мүмкіндігімен; 
e.
 
сақталған ақпаратқа қатынасудың әдістерімен.  
16.
 
Компьютерді өшіргенде ақпарат: 
a.
 
жедел жадыдан жойылады; 
b.
 
тұрақты сақтау құрылғысынан жойылады; 

 
181 
c.
 
қатты дискіден өшіріледі
d.
 
магниттік дискіден өшіріледі; 
e.
 
компакт-дискіден өшіріледі. 
17.
 
Дискжетекші құрылғысы — ол: 
a.
 
орындалушы программаның командаларын өңдеу үшін; 
b.
 
деректерді сыртқы тасымалдауыштан оқу/жазу үшін; 
c.
 
орындалушы программаның командаларын сақтау үшін;  
d.
 
ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін; 
e.
 
ақпаратты қағазға шығару үшін. 
18.
 
Сыртқы жадының негізгі қасиеттері: 
a.
 
көлемі  шексіз,  компьютерді  өшіргенде  тазармайды,  ақпарат 
ұзақ  сақталады;  бұған  иілгіш  (FDD),  винчестер  (HDD),  лазер 
(CD) дискілері жатады; 
b.
 
дискжетекті басқарады; 
c.
 
компютердің  жұмысын  басқарады,  өшіргенде 
ақпарат 
сақталмайды 
d.
 
компьютердің жұмысы барысында мазмұны өзгермейтін жады. 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
19.
 
Оперативті жедел жадының негізгі физикалық қасиеттері: 
a.
 
компьютерді  өшіру  жағдайында  ақпарат  сақталады,  көлемі 
үлкен; 
b.
 
жадының операциялық жүйе орналасқан бөлігі, физикалық түрі 
- электронды микросхемалар; 
c.
 
өзгертілгеннен кейін файлдар сақтау қызметін атқарады. 
d.
 
ақпарат  алмасуы  өте  жылдам,  көлемі  шектеулі,  компьютерді 
өшіру  жағдайында  тазарады,  нағыз  түрі  -  электронды 
микросхемалар; 
e.
 
жоғарыдағы айтылғандардың барлығы дұрыс. 
20.
 
Ашық архитектура принципі - ол: 
a.
 
компьютердің барлық компоненттерінің көзге көрінуі; 
b.
 
құрығыларды  қосу  немесе  компьютердің  конфигурациясын 
өзгерту мүмкіндігі; 
c.
 
компьютердің барлық компоненттерінің тұтастығы
d.
 
компьютерге сыртқы құрылғыларды қосудың мүмкінсіздігі; 
e.
 
жоғарыда көрсетілгендер ешнәрсені білдірмейді. 
 

 
182 
3-тарау. Программалық жасақтама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет