Информатика


§3. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс технологиясы



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
§3. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс технологиясы 
Жоспар 
3.1. Мәтіндік ақпарат бірліктері. 
3.2. MS Word мәтіндік процессорының интерфейсі. 
3.3. «Вид» мәзірі және тақталарды көрсету режімдері. 
3.4. Құжаттармен жұмыс жасау. 
3.5. Мәтінмен жұмыс. 
3.6. Шрифтер. 
3.7. Беттер. Оның пішімдері.  
3.8. Жазу ереже қателерін тексеру. 
3.9. Иллюстрациялар. 
3.10. Формулалар. 
3.11. Кестелермен жұмыс. 
3.12. Құжаттарды қорғау. 
3.1. Мәтіндік ақпарат бірліктері 
Деректер  (мәтіндік  ақпарат  бірліктері)  –  символдар,  жолдар 
және абзацтар
Символ – символдық ақпараттың ең кіші бірлігі. 
Жол  –  нүктелер  арасындағы  символдық  ақпараттың  ерікті 
тізбегінің кесіндісі.  
Абзац  –  екі  жол  басының  (красная  строка)  арасындағы  баспа 
мәтінінің кесіндісі.  
Абзац әрқашанда жаңа жолдан басталады. Әр абзацқа сол және 
оң  жақ  шекаралары  және  бірінші  жолдың  ығысуы  қойылады.  Жаңа 
абзацқа өту үшін міндетті түрде <Enter> бастырмасын басу қажет. 
Оң  абзацты  шегініс  (отступ)  –  мәтіннің  бірінші  жолының  оң 
жаққа  жылжуы.  Ойы,  тақырыбы,  идеясы  және  сюжеті  бірлескен 
мәтінді логикалы бөліктерге бөлуге қолданылады. 
Абзацтық  шегініс,  шрифтің  өлшеміне  тәуелсіз  басылымның 
бүкіл  мәтіні  үшін  бірдей  болуы  керек.  Абзацтық  шегініс  XVI 
ғасырдағы көне парагафты белгілердің орнына келген.  
Шет ел басылымдарында абзацтық шегіністі жиі қолданбайды, 
есесіне  абзацтарды  бірінен-бірін  тік  аралығын  (интервалын)  үлкейту 
арқылы бөледі. 
Теріс абзацты  шегініс  (выступ) –  абзацтағы  барлық  жолдарға 
қарағанда  бірінші  жол  басының  сол  жаққа  шегінуі.  Сондықтан 
абзацтық кері шегініс деп те атауға да болады.  
Абзацтық  жылжытуды  жол  басымен  (орысша  красная  строка
жиі шатастырады.  
Қазіргі  мәтіндік  процессорларда,  әдетте  жаңа  абзац  қатаң 
қайтарыс (орысша жесткий возврат) арқылы жасалады.  

 
229 
Қатаң  қайтарыс  (аппараттық  қайтарыс)  –  ол  мәтіндік 
процессорда абзацтың соңы. Қатаң қайтарыс жаңа абзацты бастайды, 
бұл  оның  жұмсақ  қайтарыстан  айырмашылығы.  Құжаттың 
статистикасын өзгертуінен басқа, бұл мыналарды белгілейді:  

 
Абзац аралығында қосымша кеңдікті.  

 
Келесі абзацтың бірінші жолында абзацтық шегіністі. 
Егер  мәтіндік  процессорда  осы  жағдайлар  қадағаланса,  келесі 
жол,  төменгі  аспалы  (висячий),  ал  алдыңғы  –  жоғарғы  аспалы  жол 
болып кетпейді.  
Аспалы  жол  –  ол  өз  абзацынан  үзіліп,  алдыңғы  жолда  немесе 
келесі бетте жалғыз «асылып» тұрған жол. 
Мәтіндік  процессорлардың  көбінде,  сөздердің  тасымалы 
(орысша  переносы)  автоматты  түрде  жасалады.  Бұл  жұмсақ 
қайтарысты  қолдану  жағдайы  сирек  болатынын  айқындайды, 
сондықтан  Enter  пернесін  басу  –  қатаң  қайтарысты  және  жаңа 
абзацтың басталуын білдіреді  
3.2. MS Word мәтіндік процессорының интерфейсі 
Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, 
әртүрлі  мәтіндік  құжаттарды  теру,  түзету,  графикалық  объектілерді 
(суреттер,  графиктер,  формулалар,  т.б.)  қою,  жөндеу  мүмкіндігі  мол, 
графикалық-объектілі редакторлық процессор.  
Word  редакторының  өте  кең  баспагерлік,  типографиялық 
мүмкіндіктері 
пайдаланушының 
жұмысын 
мамандандыруға 
ынталандыруға тиіс.  
Word-қа  кіру  –  ПУСК 

  Все  программы 

  Microsoft  Word 
атауын шерту. 
Word-тан шығу – Файл 

 Выход. Немесе ALT + F4 
MS Word терезесінің кейбір стандартты құрамдастары: 
Тақырып жолы – оның стандартты  жүйелік және «Свернуть» 
(жинау),  «Развернуть»  (жазу),  «Закрыть»  (жабу)  батырмалары, 
ашылған құжаттық файлдың аты шығады.  
Мәзір  жолы–  Word  редакторымен  жұмысты  ұйымдастыратын, 
басқаратын  командалар  тізімінен  тұрады.  Оның  ішіне:  жұмыс 
тәртібін  өзгерту,  файлдық  амалдарды  жасау,  баспаға  шығару, 
мәтінді пішімдеу, анықтамалық сұраныс жасау, әр түлі объктілерді 
қою және т.б. командалары кіреді.  
Мәзір мәтіндік және пиктографиялық түрінде болуы мүмкін. 
Стандартты  саймандар  тақтасында  –  жиі  кезігетін 
амалдарды орындауға арналған батырмалар орналасқан. Батырманың 
кез  келгеніне  меңзер  жақындағанда,  оның  жасайтын  әрекеті  туралы 
мәлімет «қалқыған» пішінде қөрінеді. 

 
230 
Форматтау  (пішімдеу)  саймандар  тақтасында–  мәтін 
элементтерін  пішімдеуге  арналған  батырмалар,  шрифтерді,  оның 
өлшемін таңдайтын опциялар, т.б. орналасқан. 
Word  терезесінің  жұмыстық  аймағы  –  онда  бір  немесе 
бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы мүмкін. 
Жағдай  жолы  –  экранның  төменгі  жағында  орналасқан.  Онда 
ағымды бет, бөлім, жол нөмірі және жолдағы символ туралы ақпарат 
көрініп отырады. 
3.3 «Вид» мәзірі және тақталарды көрсету режімдері 
«Разметка  страницы»  режімі:  құжаттарды  терген  кезде 
пайдаланушыға тақталардың ең ыңғайлысы, себебі мәтіннің терезедегі 
түрі принтерге шығарылған түріне сәйкес келеді.  
Қою тәртібі: Вид 

 Разметка страницы. Бұл режімде құжаттың 
баспаға шығарылатын қажет түрін, құрылымын, т.б. бапталады.  
Тік  және  жатық  линейкаларды  қою  үшін:  Вид 

  Линейка. 
НемесеСервис 

 Параметры 

 Вид бетбелгісінде (на закладке) 

 
мына  опцияларда:  Строка  состояния,  Горизонтальная  строка 
прокрутки, Вертикальная линейка және т.б.  қанатша қою керек. 
«Веб  документ»  режімі:  –  құжаттардың  беттерінің  белгілеуін 
(разметка  страницы)  өзгертеді,  әріптері  үлкейеді,  мәтіннің  терезедегі 
түрі  принтерге  шығарылған  түріне  сәйкес  келмейді.  Бұл  режім 
интернет  құжаттарын  дайындауға  арналған.  Қою  тәртібі:  Вид 

  Веб 
документ.  
Керек тақтаны экранға қою – Вид 

 Панели инструментов 

 
шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы «Таблицы и границы» 
қасына  қанатша қойса болғаны. 
Керек  емес  тақтаны  экраннан  алып  тастау  –  сол  әрекеттер 
тәртібі қайталанады, бірақ қанатша белгілерін алып тастаса болғаны. 
Басқару тақтасына жаңа белгілерді кірістіру – (мысалы, Х
2

Х
2
  жоғарғы  және  төменгі  индекстердің  белгілерін)  –  Сервис 

 
Настройка 

  Команды,  Формат  категориясынан  керек  белгіні 
таңдағаннан  кейін,  оны  тінтуірмен  тақтаға  сүйреп  апару  керек,  бірақ 
осы  кезде  сілтемеде  “+”  пайда  болуын  қадағалау  қажет.  Бұл 
қойылатын белгінің тақтаға түсетінін көрсетеді. 
Тақтадан  керек  емес  белгілерді  алып  тастау  –  Сервис 

 
Настройка 

  Панели  инструментов,  енді  белгіні  іліп  алып, 
Настройка  терезесінің  кез  келген  бетбелгісіне  апарып  түсірсе 
болғаны. 
Немесе  керек  емес  белгіні  іліп  алып,  құжат  аймағының  кез 
келген  жеріне  апару  керек  те,  сол  жерде  оның  жүйелік  мәзір   

 
231 
батырмасын  шертіп  жапса  болғаны.  Белгі  саймандар  тақтасынан 
жоғалады. 
3.4. Құжатпен жұмыс жасау  
Жаңа  құжатты  жасау  (таза  беттерді  «алу»)  –  Файл 

 
Создать 

 Новый документ 

 ОК. Немесе саймандар тақтасындағы 
«Создать» батырмасын шерту. 
Жаңа құжатты дайын үлгі (шаблон) бойынша жасау – Файл 

  Создать 

  (На  моем  компьютере,  На  моих  Web-узлах,  Шаблоны 
Office  Online),  құжаттың  типін  таңдау  (Письма  и  факсы,  Записки, 
Другие  документы,  Web-страницы),  таңдалған  типтен  нақты 
құжаттың  атауын  шерту,  мысалы,  Изысканное  письмо  немесе 
Современное  резюме.  Мұндай  құжатта,  ұсынылған  қасиеттер 
бойынша деректерді енгізсе болғаны. 
Бар  құжатты  (файлды)  шақыру  (ашу)  –  Файл 

  Открыть, 
дискілерде,  қапшықтарда  тұрған  керек  файлды  тауып,  оның  атауын 
екі  рет  сырт  еткізу.  Немесе  тақтадағы  «Открыть»  батырмасын 
шертіп Открытие файла терезесінен 

 ... .керек қапшықтан файлды 
табу.  
WORD-та  жасалған  құжаттардың  (файлдардың)  типі  .DOC. 
Егерде  ашылып  жатқан  құжат  басқа  редакторда  жасалған  болса, 
мысалы  Word-Perfect-те,  онда  Тип  файла  опциясында  керек  типті 
таңдау керек. Барлық ашылған құжаттар Окно мәзіріне барып түседі. 
Жақында  жасалған  құжатты  ашу.  Ашылатын  құжатпен 
жақында жұмыс жасаған болсаңыз, оны қапшықтардан іздемес бұрын, 
тақтадағы Файл мәзірін шертіп, оның төменгі жақ бөлігіне қараңыз – 
ол  жерге  жақында  өңделген  құжаттарға  (файлдардарға)  баратын 
жолдар  енгізулі  тұрады  (ең  жоғарғысы  –  соңғы  құжат),  керегін 
шертесіз. 
Мұндай  файлдар  санын  тапсырып  қоюға  болады:  Сервис 

 
Параметры 

  Общие  бетбелгісінде 

  Помнить  список  из 
опциясында    қанатша  белгісі  және  Файл  мәзіріне  түсетін 
құжаттардың керек саны қойылады. 
Басқа ашық тұрған құжатқа ауысу. Окно мәзірін ашып, керек 
құжат  шертіледі.  Немесе  тура  ретпен  құжаттар  тізімін  қарау  үшін  –
Ctrl + F6, ал кері ретпен – Ctrl + Shift + F6
Құжатты жабу (одан шығу) – Файл 

 Закрыть 
Жасалған құжатты сақтау – Файл 

 Сохранить как, құжатты 
сақтайтын  қапшықты  (директорияны)  таңдау  және  Имя  файла 
жолында құжаттың атауын теріп «Сохранить» батырмасын басу.  

 
232 
Немесе бұрынғы қапшықта, сол ескі атауымен болса – Файл 

 
Сохранить, немесе тақтадағы «Сохранить» батырмасын баса салса да 
болады. Құжат .DOC кеңейтімімен сақталады. 
Файл  атауының  шекті  ұзындығы  256  символға  дейін.  Файлдар 
бұрынғы  DOS-та  қабылданған  “сегіз-нүкте-үш”  (атауы–сегіз, 
кеңейтімі–үш  символ)  принціпімен  аталудан  құтылған.  Алайда 
құжаттарға өте ұзын атауларды беру қошталмайды. 
Ашу  және  сақтау  үшін  ұсынылған  қапшықтың  атауын 
өзгерту. Әдетте файлды сақтаған кезде  «Мои документы» (Personal) 
қапшығы ұсынылады, бірақ Сіздің өз қапшығыңыз болса, ол көбінесе 
ыңғайсыз болуы мүмкін. 
Сақтау  үшін  ұсынылған  қапшықтың  адресін  ауыстыру: 
Сервис 

 Параметры 

 Расположение 

 Документы (екі рет сырт 
еткізіп  және  «үндемей»  сақталу  үшін,  жаңа  адресті  теріп 

  ОК 

 
Закрыть). 
Енді 
«Открыть» 
немесе 
«Сохранить 
как» 
командаларынан кейін, өз қапшығыңызға ұзақ жол жасамайсыз.  
Файлды басқа пішімде сақтау – Файл 

  Сохранить  как,  Тип 
файла  терезесін  сырт  еткізу,  сақталатын  файлдың  типін  сырт  еткізу, 
мысалы,  Текст  DOS  және  файлдың  атауын  теру 

  Сохранить.  Бұл 
Сіздің құжатыңыздың басқа қосымшалармен, мысалы, Word-ң ескілеу 
нұсқаларымен  немесе  DOS  редакторларымен  сәйкестігін  қамтамасыз 
ету үшін қажет болуы мүмкін.  
Өз  бетімен  сақтау  (Автосохранение).  Егер  теріліп  отырған 
мәтінді  әлсін-әлсін  сақтауға  мұршаңыз  келмесе,  онда  өз  бетімен 
сақтаудың  уақыт  аралығына  тапсырыс  беруге  болады,  ол  үшін:  – 
Сервис 

  Параметры 

  Сохранение 

  Автосохранение  каждые 
және опцияда минутпен уақытты беріп 

 ОК.  
Бұл,  егер  кенеттен  электр  энергиясы  өшкен  жағдайда,  Сіздің 
теріп отырған мәтініңіздің жоғалмауына кепілдік береді.  
Жылдам пернелер 
 
 
Ctrl + т (орысш) 
Жасау (Создать) 
Ctrl +щ 
Ашу (Открыть) 
Shift + F12. 
Тез сақтау (Сохранить быстро) 
Ctrl + F6 
Басқа ашық құжатқа, тура ретпен ауысу 
Ctrl + Shift + F6 
Басқа ашық құжатқа, тура кері ретпен ауысу 
Ctrl + Shift + F12 
Баспа режімі  

 
233 
3.5. Мәтінмен жұмыс жасау 
3.5.1. Мәтін бойы жылжу. Жылдам пернелер 
Мәтінді  енгізу,  жыпылықтаған  тік  сызық  –  маркер  тұрған 
жерден  басталады.  Жаңа  жолға  өту,  алдыңғы  жол  толған  кезде 
автоматты түрде жүреді.  
Енгізу  үшін,  керек  символға  тура  жету  үшін  –  оның  алдында 
тінтуірмен шерту керек. Немесе меңзерді жылжыту пернелерін   
  Page Up Page Down қолдану. 
Меңзерді құжаттың аймағында жылжыту үшін, келесі пернелер 
тіркесі қолданылады: 
Home 
ағымды жолдың басына 
End 
ағымды жолдың соңына 
Ctrl +  
бір абзац алға  
Ctrl +  
бір абзац артқа 
Ctrl +  
бір сөз алға 
Ctrl +  
бір сөз артқа 
Ctrl + Home 
құжаттың басына 
Ctrl + End 
құжаттың соңына 
Page Up 
экран бойы жоғары 
Page Down 
экран бойы төмен 
Тік айналдыру жолағын қолдану 

 
Құжатты  тез  айналдыру  үшін,  жылжытпаны  (ползунок) 
сүйреңіз. 

 
Құжатты  бір  жол  бойы  артқа/алға  айналдыру  үшін, 
жылжытпаның жоғарғы/төменгі тілін (стрелка) басыңыз. 
3.5.2. Мәтінді ерекшелеу. Жылдам пернелер 
Құжаттың  үзінділерін  ерекшелеу,  мәтіннің  басқа  аймағына 
тәуелсіз, тек қана соларды пішімдеуге қажет. 
Жаңадан  ерекшелеу  ескіні  алып  тастайды.  Мәтіннің  әртүрлі 
бөліктері бір мезгілде ерекшеленбейді. 
Мәтіннің  элементтерін  ерекшелеу  үшін,  Ctrl,  Shift,  End,  Home 
пернелерінің  тіркестерімен  қатар  тінтуірдің  шертуін  қолдануға 
болады. 
Сөзді ерекшелеу 
Сөзді екі рет шерту 
Абзацты ерекшелеу 
Абзацтың ішінде үш рет шерту  
Сөйлемді ерекшелеу 
Ctrl+сөйлемнің кез кеген сөзін шерту  
Жолды 
(жолдарды) 
ерекшелеу  
Shift + 

 /

 
Бұкіл құжатты ерекшелеу  
Ctrl + 5 немесе Ctrl + A (лат) 
Жолдың соңына дейін  
Shift + End 

 
234 
Жолдың басына дейін 
Shift + Home 
Құжаттың  соңына  дейін 
ерекшелеу  
Shift + Ctrl + End 
Құжаттың  басына  дейін 
ерекшелеу  
Shift + Ctrl + Home 
Барлық  ерекшеленуді  алып 
тастау  
Құжаттың  бос  жерін  (оң  жағында) 
шерту  
3.5.3. Мәтінді түзеу және туралау 
Сөзді (символды, мәтіннің үзіндісін) табу – Правка 

 Найти 

 ізделіп отырғанды теру 

 Найти далее
Сөзді  ауыстыру  –  Правка 

  Заменить 

  шыққан  диалогтық 
терезенің  «Найти»  жолында  ауыстырылатын,  «Заменить  на» 
жолында соны ауыстыратын сөздерді теріп, (мысалы руб сөзін тенге 
сөзіне) 

 Найти далее 

 Заменить батырмаларын басу. 
Ctrl + f немесе а (орысш) 
Табу (Найти) 
Ctrl + h или р (рус) 
Ауыстыру (Заменить) 
Shift + F7 
Синонимдер 
F7 
Жазу ережесі (Правописание) 
Мәтінді туралау 
Мәтінді беттің сол жақ шетіне қарай, ортаға келтіру
беттің оң жақ шетіне қарай туралау, ені мен бойын туралау 
әрекеттері  –  алдымен  мәтінді  ерекшелеп 

  Форматирование 
тақтасында орналасқан: «По левому краю», «По центру», «По правому 
краю»,  «По  ширине»  сәйкес  батырмалардың  біреуін  басумен 
орындалады.  
Барлық  әріптерді  ҮЛКЕН  жасау,  кішкентай  әріптерді 
ҮЛКЕНГЕ немесе кері ауыстыру және т.б. – Формат 

 Регистр 

... 
Дұрыс болмаған әрекеттерді кері қайтару 
Редакциялау  кезінде  бір  қадам  артқа  (алға)  қайту  – 
«Стандартная»  тақтасындағы  дөңгелек  тілді  «Отменить» 
батырмасын  шерту.  Бұл,  мысалы,  мәтінде  кездейсоқта  бір  нәрсені 
бүлдіріп  алсаңыз,  сол  әрекетті  кері  қайтаруға  пайдалы.  Бұл 
батырманы  біртіндеп  басу  арқылы,  артқа  қарай  көп  қадамды 
қайтаруға болады. 
Немесе  сол  батырманың  қасындағы:    тілді  басып,  шыққан 
тізімнен  қайтарылатын  қадамды  таңдау  керек.  Дәл  осылай,  бірақ 
дөңгелек тілді «Вернуть» батырмасымен алға қарай жүруге болады.  
Мәтінді қарау масштабы  
10%  -  200%  ...  –  экранда  мәтінді  қарау  масштабтары  – 
керегі  шертіледі.  Немесе  Вид 

  Масштаб

....  75%  ұсынылады  – 

 
235 
онда экрандағы мәтіннің масштабы, қағаздағыдай дерлік және баспаға 
шығарылатын  түрінде  көрінеді.  Қарау  масштабының  өзгеруін, 
мәтіннің өз көлемінің өзгеруімен шатастырмау керек. 
3.5.4. Құжаттың үзінділерін көшірмелеу, орнын ауыстыру  
Үзіндіні  мәтіннің  басқа  жеріне  апару  –  оны  ерекшелеп
«Вырезать»  (қиып  буферге  жіберетін)  батырмасын  шерту,  меңзерді 
керек  жерге  қойып,  «Вставить»  (буферден  қоятын)  батырмасын 
шерту, немесе Shift + Insert тіркесін басу. 
Немесе  ерекшеленген  мәтінді  тінтуірмен  іліп    алып  оны 
сүйретіп керек жерге апарып қою. 
Ерекшеленген  үзіндінінің  көшірмесін  алу  –  мәтінді 
ерекшелеп,  «Копировать»  батырмасымен  немесе  –  Ctrl+Insert 
тіркесімен  Алмасу  буферіне  оның  көшірмесін  жіберу,  онан  соң, 
меңзермен  көшірме  орынына  тұрып,  «Вставить»  батырмасын  басу 
немесе Ctrl + Insert тіркесін басу.  
Немесе  Ctrl  пернесін  басып  түрып,  ерекшеленген  мәтінді  кез 
келген  жерінен  тінтуірмен  іліп    алып  оны  сүйретіп  керек  жерге 
апарып қою.  
Бір құжаттың мәтін бөлігін басқа құжатқа апару (көшіру) – 
екі  құжатты  да  ашу  (Файл

Открыть

).  Бір  құжаттағы  керек 
үзіндіні  ерекшелеп,  Алмасу  буферіне  көшіру  («Вырезать»  немесе 
«Копировать  батырмалары).  Окно  мәзірі  арқылы  екінші  құжатқа 
кіріп,  меңзермен  мәтінді  кірістіретін  орынға  түрып,  «Вставить» 
батырмасын басу.  
Немесе  екі  құжатты  экранға  қатарынан  шығару–  Окно 

  Упо-
рядочить все. Бір құжаттағы керек үзіндіні ерекшелеп, оны іліп алып, 
екінші құжаттың кіріктіру орнына сүйреп апарып қою керек. 
Үзіндінің  пішімін  (форматын)  көшіру  –  мәтіннің  бір 
үзіндісіне  екіші  ұзідінің  қасиеттерін  (шрифттің  өлшемі,  түсі, 
жиектеудің  түсі,  құю  және  т.б.)  беру  тәртібі:  –  түпнұсқаны 
ерекшелеу 

«Копировать  формат»  батырмасын  шерту  (тінтуірдің 
сілтемесі  «сібірткі»  түріне  айналады),  сібірткімен  түпнұсқаның 
қасиетін қабылдайтын үзіндіні ерекшелеу.  
3.6. Шрифттер 
Шрифт  (немісше Schriftschreiben–жазу)  –  өлшемі  және  суреті 
белгілі 
символдар 
жиыны, 
біртұтас 
композициялық 
және 
стилистикалық жүйені құрайтын, белгілер және әріптер кескіндерінің 
графикалық суреті.  
Шрифттердің негізгі сипаттамалары: 

 
кескіні (начертание) тік, курсивті

 
236 

 
түс  қанықтығы:  ашық,  жартылай  қалың,  қалың  (шрифт 
қалыңдығы мен әріп аралық саңылаудың еніне қатынасы) 

 
ені:  қалыпты  (нормальный),  енсіз  (узкий),  енді  (широкий), 
ені белгіленген (фиксированное) шрифт
1
;  

 
өлшемі (кегль) пунктпен (1 пункт = 1/72 дюйм =0.3528 мм.); 

 
гарнитура  –  безендіруі  және  мәнері  тұтас,  бірдей  кескінді, 
кегльдері және түрлері әртүрлі шрифттер тобы.  
Гарнитураларды  екі  негізгі  категорияларға  бөлуге  болады: 
кертікті  (орысша  с  засечками)  және  кертіксіз  (орысша  без  засечек  –
гротеск
2
).  Кертіктер  ол,  әріптер  штрихтерінің  ұштарындағы 
кішкентай элементтері.  
Қазіргі  кезде  50000  -  нан  астам  шрифтер  бар  екені  белгілі. 
Шрифтер  жиынына  әріптер,  цифрлардан  басқа,  әртүрлі– 
жануарлардың  және  құстардың,  зодиак,  Windows  батырмаларының 
түрлері және көптеген т.б. белгілері жатады. 
Егер  құжат  мәтіні  түсініксіз  кодпен  ашылса,  онда  Сіздің 
компьютеріңізде сол құжатты терген шрифттердің қойылмағаны.  
Бұл шрифттерді қосып қоюға болады – ПУСК 

 Настройка 

 
Панель  управления 

  Шрифты 

  Файл 

  Установить  шрифт 
(«қайда»  қапшықты  таңдау  және  «қандай»  шрифттерді  алуды 
белгілеу).  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет