Информатика


§1. Ақпарат және ақпараттық үрдістер



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
§1. Ақпарат және ақпараттық үрдістер 
Жоспар 
1.1. Ақпарат ұғымы.  
1.2. Ақпарат және физикалық әлемі 
1.3. Ақпараттың сапалық қасиеттері. 
1.4. Ақпараттық үрдістер.  
1.5. Ақпараттың үздіксіз және дискретті ұсынымы. 
1.6. Ақпарат және тіл. 
1.7. Ақпаратты кодтау.  
1.1. Ақпарат ұғымы 
«Ақпарат»  ұғымы  қазіргі  жалпы  ғылымда  іргелі,  ал, 
информатика  үшін  негізгі  болып  табылады.  Ақпарат  немесе 
«информация» термині латынның "informatio" – мәлімет, түсіндіру, 
баяндау сөзінен шыққан. 
Қоршаған ортаның біртұтас құрамдастары зат және энергиямен 
қатар,  ақпарат  сол  ортаның  негізгі  сарқылмас  таным  көзі  болып 
табылады.  Алайда,  ақпарат  ұғымының  формалданған  анықтамасын 
келтіру қиындық туғызатыны сөзсіз. 

 
күнделікте ақпарат деп қызығушылық туғызатын кез-келген 
хабар  немесе  мәліметті  атайды.  Мысалы,  қайсыбір  оқиғалар, 
құбылыстар  туралы  және  т.с.с.  мәліметтер.  Бұл  орайда  «ақпарат 
жеткізу»  деген  сөз  «бұрын-соңды  белгісіз  болған  нәрсені  жеткізу» 
деген мағынаны білдіреді.  

 
кибернетикада  жүйені  дамыту,  кемелдендіру,  сақтау 
мақсатында,  яғни  басқару,  белсенді  әрекет  жасау,  бағыттау  үшін 
пайдаланатын білім бөлігін ақпарат дейді. (Н. Винер
1
). 
Кибернетикалық  тұрғыдан,  ақпарат  –  бізді  қоршаған 
дүниедегі  объектілерді  (заттарды),  жағдайларды,  үрдістерді  немесе 
құбылыстарды таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.  
Ақпаратты жіберу, қабылдау сақтау және түрлендіру үрдістерін 
зерттейтін  ғылым  –  ақпарат  теориясының  негіздерін  қалаған  Клод 
Шеннон
2
  – ақпаратты  біздің білімнен бірдеме  туралы  белгісіздіктің 
(анықталмағандықтың) алынуы деп қарастырады.  
Ақпарат  жөніндегі  заманауи  ғылыми  көзқарасты  дәлме-дәл 
тұжырымдаған  кибернетика  «атасы»  Норберт  Винер  болды.  Оның 
пікірінше: 
                                                 
1
 Норберт Винер (1894 —1964) — американдық ғалым, көрнекті математик және философ, кибернетиканың 
және жасанды интелект теориясының негізін қалаушы. 
2
  Клод  Элвуд  Шеннон  (1916  –  2001)  –  американдық  математик  және  инженер.  Ол  ақпарат  теориясының 
негін  қалаушы.  Шеннон  схемалардың  ықтималдық  теориясына,  автоматтар  теориясына  және  кибернетика 
ұғымына кіретін ғылымдар аймағы – басқару жүйелер теориясына келелі үлес енгізді. 

 
17 
Ақпарат — біздің және сезіміміздің сыртқы ортаға бейімделу 
үрдісінде одан қабылданған мағынаны белгілеу. 
Сонымен,  ақпарат  теориясында  –  ақпарат  ол,  белгісіздікті 
толық  айқындайтын  немесе  алдындағы  белгісіздіктің  мөлшерін 
азайтатын мәліметтер. 
Ақпаратпен  қоса  «деректер»  ұғымы  жиі  қолданылады. 
Зерттелетін  нысан  үшін,  ол  —  қазіргі  уақытта  қайсыбір  себептермен 
қолданыста болмай, тек сақталып келген эксперименттік бақылаудың 
нәтижелері немесе оның сипаттамалық белгілері болуы мүмкін. 
Егер  осы  мәліметтерді  нысан  жөніндегі  білімді  азайту  және 
нақтылау үшін қолдану қажеттілігі туындаса, онда олар жүйелі өңдеу 
арқылы  талдау  нәтижесінде  ізделіп  отырған  білім,  алынатын 
ақпаратқа айналады, одан талдау арқылы ізделген білім шығарылады. 
Сонымен,  осы  тұжырымдарды  ескере  отырып,  ақпараттың 
анықтамасын былай дәлірек пайымдауға болады: 
Ақпарат  —қоршаған  ортаның  құбылыстары  мен  нысандары, 
олардың  шамалары,  қасиеттері  мен  жай-күйі  жөніндегі  білімнің 
белгісіздік, толықсыздық дәрежесін кемітетін мәліметтер.  
Ақпарат  ұғымынан,  ақпараттың  материалдық  тасығышы
ақпарат  көзі  мен  қабылдағышы  арасындағы  байланыс  арнасы  бар 
екенін пайымдай аламыз.  
1.2. Ақпарат және физикалық әлем 
Ақпаратты  ресурстың  айырықша  түрі  деп  есептеген  жөн; 
мұнда «ресурс» материалдық заттардың немесе заттың энергетикалық, 
құрылымдық  немесе  басқа  да  сипаттамаларының  білім  қоры  деп 
түсіндіріледі.  Материалды  заттармен  байланысты  ресурстардан 
айырмашылығы    ақпараттық  ресурстар  сарқылмайды  және  де 
материалды ресурстардан гөрі өзге де жаңару және қайта жаңғырту 
әдістеріне  ие  болып  табылады.  Ақпараттың  іргелі  қасиеттерінің 
кейбір жиынтығын қарастырайық: 

 
есте сақтаулығы; 

 
жеткізулігі; 

 
түрлендірулігі; 

 
қайта жаңғыруы; 

 
өшіргіштігі; 
Есте  сақтаулық  қасиеті    жадыда  сақтау  мүмкіншілігі, 
ақпараттың  ең  маңызды  қасиеті.  Есте  сақталатын  ақпаратты 
макроскопиялық  деп  атаймыз  (есте  сақтау  ұяшықтың  кеңістіктік 
масштабы мен уақытын ескере отырып). Күнделікті тәжірибемізде біз 
макроскопиялық ақпаратпен іс жүргіземіз.  

 
18 
Жеткізілу/жіберу  қасиеті  –  ақпаратты  байланыс  арналары 
арқылы  жеткізу  (кедергілермен  қоса)  К.Шеннонның  ақпарат 
теориясы  аясында  жете  зерттелген.  Бұл  жағдайда  өзгеше  аспект   
ақпаратты  көшіріп  алу  қасиеті  көзделіп  отыр,  яғни  ол  өзге 
макроскопиялық жүйелердің «есінде сақталуы» мүмкін және де өзіне-
өзі барабар болып қала береді. Әрине, ақпараттың көлемі көшірмелеу 
барысында артпауы тиіс. 
Түрлендірулік қасиеті – ақпараттың іргелі қасиеті Ол – ақпарат 
өзінің  тәсіл-түрлерін  өзгерте  алатындығын  көрсетеді.  Көшіруге 
қабілеттілігі  –  ол  ақпаратты  түрлендірудің  бір  түрі;  мұнда 
ақпараттың  көлемі  өзгермейді.  Жалпы  алғанда,  түрлендіру 
үрдістерінде ақпараттың көлемі өзгереді, бірақ артуы мүмкін емес. 
Қайта  жаңғыру  қасиеті  –  ақпаратты  қайта  жаңғырту  оның 
жеткізулігімен  тығыз  байланысты  және  оның  тәуелсіз  базалық 
қасиеті  болып  есептелмейді.  Егер  жеткізулік  ақпаратты  жеткізуші 
жүйенің бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды аса маңызды 
деп  таппаса,  қайта  жаңғырту  ақпараттың  сарқылмайтындығын
яғни  көшірмелеу  кезінде  ақпарат  өзіне-өзі  барабар  болып  қала 
беретіндігін сипаттайды.  
Өшіргіштік  қасиеті  –  ақпараттың  өшіргіштік  қасиеті  де 
тәуелсіз 
болып 
табылмайды.  Ол 
ақпаратты 
түрлендірудің 
тасымалдану  қасиетімен  тығыз  байланыста,  себебі  ақпаратты  беру 
кезінде оның көлемі азайып нөльге теңеледі. 
Ақпараттың  бұл  қасиеттері  оның  шамасын  қалыптастыруға 
жеткіліксіз,  себебі олар  ақпараттық үрдістердің  физикалық  деңгейіне 
жатпайды. 
Білімнің  түрлі  саласының  ғалымдары  тарапынан  ақпарат  және 
ақпараттық  үрдістер  ұғымдарын  жүйелейтін,  табиғаты  әртүрлі 
үрдістердегі ақпараттың өзгеруін сипаттайтын бірыңғай теорияны 
құру әрекеттері қолға алынып жатыр (бірақ аяқталмаған). 
Ақпарат  қозғалысы  –  ол  басқару  үрдістерінің  ішкі  мәні. 
Кибернетиканың  ашылған  кезінен  бастап  басқару  тек  жоғары 
(биологиялық  және  әлеуметтік)  ғана  емес,  материя  қозғалысының 
барлық  түрлеріне  қатысты  қарастырылады.  Қозғалыстың  тірі  емес  – 
жасанды  (техникалық)  және  табиғи  жүйелердегі  көптеген  қырлары, 
олардың  химия,  физика,  механикада  ақпараттық  жүйеде  емес, 
энергетикалық  жүйеде  зерттелуіне  қарамастан,  ортақ  басқару 
белгілерімен сипатталады. 
Осындай жүйелердегі ақпараттық көзқарастар жаңа пәнаралық 
ғылым – синергетика пәнін құрайды. 

 
19 
Синергетика – ғылыми зерттеулердің пәнаралық бағыты. Оның 
мақсаты  –  жүйелердің  (жүйеастынан  құралатын)  өзіндік  ұйымдасу 
принциптері  негізінде  табиғи  құбылыстар  мен  үрдістерді  зерттеу 
болып  табылады.  «...табиғаты  әрқилы  құрылымдардың  өзіндік 
ұйымдасу,  шығу,  қолдау,  тұрақтану  мен  ыдырау  үрдістерін 
зерттеумен айналысатын ғылым».
1
 
Әлеуметтік жүйелердегі
2
 басқаруда айшықталатын ақпараттың 
жоғарғы формасы – білім болып табылады. Педагогика мен жасанды 
интеллект  зерттеулерінде  кең  қолданылатын  бұл  пәнүстілік  ұғым  да 
маңызды философиялық категориядан үміткер. 
Философиялық  тұрғыдан  танымды  басқарудың  функционалды 
аспектілерінің  бірі  деп  қарастырған  абзал.  Мұндай  көзқарас  таным 
үрдістері  генезисін,  оның  негіздері  мен  болашағын  жүйелі  түрде 
түсінуге жол ашады. 
1.3. Ақпараттың сапалық қасиеттері 
Объективтік.  Ақпарат  біреудің  пікіріне  немесе  тұжырымына, 
алу әдістеріне тәуелсіздігімен сипатталады. Неғұрлым ақпаратты алу 
және  өңдеу  әдістеріне  субъективті  элементтер  аз  болса,  соғұрлым 
ақпарат объективті болады. 
Деректілік.  Егерде  ақпаратта  істің  шынайы  нақты  жағдайы 
көрсетілсе,  онда  ол  ақпарат  деректі.  Деректі  емес  ақпарат 
түсініспеушілікке немесе теріс шешім қабылдануына апарады.  
Уақыт  өте  келе  деректі  ақпарат  ескіру  қасиетіне  байланысты, 
дерексіз  ақпаратқа  айналуы  мүмкін,  яғни  істің  нақты  жағдайы 
көрсетілмей қалады. 
Толықтылық.  Егер  белгілі  бір  шешім  қабылдауға  немесе 
түсінуге ақпарат жеткілікті болса, онда ол толық. Толық емес ақпарат 
болсын, артығымен берілген ақпарат болсын дұрыс шешім қабыдауға 
кедергі келтіреді немесе қателікке апарады.  
Дәлдік.  Ақпараттың  дәлдігі  объектінің,  үрдістің,  құбылыстың 
және с.с. нақты жағдайына жақындау дәрежесімен анықталады. 
Құндылық. Ақпараттың құндылығы оның мәселені шешу үшін 
қаншалықты  маңыздылығына,  жәнеде  адамның  қандайда  бір  іс-
әректтерінде қаншалықты қолданыс табатындығына тәуелді. 
Көкейтесті.  Ақпараттың  көкейтестілігі  –  ол  уақыттың 
ағымды сәтіне ақпараттың сәйкестік дәрежесі. 
Дер  кезілік.  Тек  қана  дер  кезінде  алынған  ақпарат  күтілген 
пайда  әкелуі  мүмкін.  Күнбұрын  берілген  ақпарат  болсын  (онда  ол 
                                                 
1
 Аршинов В. И. Синергетика как феномен постнеклассической науки. — М., 1999.  
2
Әлеуметтік жүйе – ол біртұтас құрылым; оның негізгі элементі – адамдар, олардың өзара әрекеттесуі, қарым-
қатынастары мен байланыстары.  

 
20 
меңгерілмеуі  мүмкін),  кешеулете  берілген  ақпарат  болсын  бірдей 
қажетсіз болады. 
Егер құнды және дер кезінде берілген ақпарат түсініксіз мәнерде 
берілсе, ол пайдасыз болып қалуы мүмкін. 
Түсініліктілік. Ақпарат түсінікті бола бастайды, егер ол кімге 
арналғандығына байланысты соның тілімен берілсе. 
Мүмкіндік. Ана немесе мына ақпаратты алу мүмкіндік өлшемі. 
Немесе  ақпарат  жетімді  түрде  (қабылдау  деңгейінде)  жеткізілуі 
қажет.  Сондықтан  мысалы,  бір  ұғым  мектеп  оқулықтарында  және 
ғылыми басылымдарда әртүрлі баяндалады.  
Ықшамдық.  Ақпаратты  ықшамды  (қысып,  ежелеусіз)  немесе 
кең  (толық,  сөзуарлы)  баяндауға  болады.  Ақпараттың ықшамдылығы 
анықтамаларда,  энциклопедияларда,  оқулықтарда,  алуан  түрлі 
нұсқамаларда қажет. 
Ұсынылу  формасына  байланысты  ақпарат:  мәтіндік,  сандық
графикалықәуендікаралас деп бөлінеді. 
Қоғамдық  мәніне  қарай  ақпарат:  күнделікті,  саяси-қоғамдық
эстетикалық,  ғылыми,  техникалық,  өндірістік,  басқарушылық,  т.б. 
деп бөле беруге болады.  
1.4. Ақпараттық үрдістер  
"Ақпарат" және "деректер" деген ұғымдарды бөліп айту қажет. 
Деректерді  тасымалдауыштарға  бекітілген,  жазылған  ақпаратты 
көрсетуге  арналған  құрал  деуге  болады.  Деректер  ақпаратты  алу 
үрдісінде алғашқы «шикізат» ретінде қызмет етеді.  
Осы айтылғаннан мынадай маңызды тұжырым шығады: бір ғана 
деректерден, 
әртүрлі 
пайдаланушы, 
әртүрлі 
ақпаратты 
туындатады.  
1.1-сурет. Ақпараттың қозғалу үрдісінің схемасы 
Ақпараттық 
үрдіс 
– 
уақыт 
ағымына 
байланысты, 
ақпараттың  мазмұнының  немесе  оны  көрсететін  мәліметтердің 
өзгеруі.  
Объект 
Білім 
Деректер 
Ақпарат 
Бақылаулар 
Тәжрибелер 
Өңдеу 
Жүйелеу 
Сұраптау 

 
21 
Зерттелетін объект туралы білімнің кемістігін азайтуда, ақпарат 
алудың циклдық үрдісі 1.1-суретте, схемалық түрде бейнеленген. 
Ақпарат үрдістердің түрлері: 

 
жаңа ақпараттың туындауы (құрылуы); 

 
ақпараттың  өңделуі  (яғни,  бар  ақпараттың  өңделуінің 
нәтижесінде жаңа ақпараттың туындауы); 

 
ақпаратты жойылуы; 

 
ақпаратты жіберілуі (кеңістікте таратылуы). 
Ақпаратты  жіберуге  байланысты,  ақпараттың  көзі  және 
қабылдаушысы деген қос ұғымдар туындайды.  
Ақпарат  көзі  –  ақпаратты  туындатып  және  оны  мәліметтер 
түрінде көрсететіп беретін субъект немесе объект
Ақпаратты  қабылдаушы  –  мәліметті  қабылдап  және  оны 
дұрыс  пайымдау  (интерпретациялау)  мүмкіндігі  бар  субъект  немесе 
объект.  
Ақпаратты  тасушы  –  мәліметтерді  ақпарат  көзінен 
қабылдаушыға жіберуге бір арнайы заттандырылған (материалданған) 
субстанция.  Мәліметтер,  тасушының  көмегімен  сигнал  арқылы 
беріледі.  
Сигнал  –  хабарды  беруді  қамтамасыз  ететін  қандай  да  бір 
физикалық шаманың уақыт барысында өзгеруі
1.5. Ақпараттың үздіксіз және дискретті ұсынылуы 
Уақыт 
ағымында 
сигналдың 
параметрінің 
өзгеру 
ерекшеліктеріне  байланысты,  сигнал  екі  түрге:  үздіксіз  және 
дискретті деп ажыратылады.  
Сигнал,  егер  оның  параметрі  біраз  уақыт  аралығында  кез 
келген  мәндерді  қабылдай  алса,  үздіксіз  (немесе  аналогты)  деп 
аталады.  
а) үздіксіз сигналдар   
б) дискретті сигналдар 
1.2-сурет. Сигналдардың графикалық бейнесі 
Егер сигналдың параметрінің мәнін  Z - пен, ал уақытты  t –мен 
белгілесек, онда Z(t) тәуелділігі үздіксіз функция болады (1.2а-сурет).  





 
22 
Үздіксіз  сигналдың  мысалдары  ретінде  сөзді  және  музыканы, 
бейнелеуді, термометрдің көрсеткішін, жүректің кардиограммасын, т. 
б. келтіруге болады. 
Сигнал,  егер  оның  параметрі  біраз  уақыт  аралығында 
шектелген мәндерді қабылдай алса, дискретті деп аталады.. 
Дискретті  сигналдардың  мысалы  1.2б-суретінде  көрсетілген. 
Дискретті  сигналдар  параметрлерінің  дискретті  және  шектелген 
мәндері {Z} жиынымен сипатталады. Дискретті сигналды қолданатын 
құрылғыларға  сағат,  цифрлық  дәл  өлшеу  аспаптары,  кітаптар
ақпараттық тақта және басқалар жатады. 
Үздіксіз  және  дискретті  сигналдарының  ең  маңызды  және 
негізгі  айырмашылығы  ол,  дискретті  сигналдарды  белгілеуге 
болатындығы.  Яғни,  тап  осы  сигналды  басқасынан  ажырату  үшін, 
сигналдың  саны  шектелген  мүмкін  мәндерінің  ішінен  әр  қайсысына 
белгі беру.  
Дискреттеу  –  ол  үздіксіз  аналогтық  сигналды  дискреттік 
немесе дискретті-үздіксізге аудару үрдісі
Сигналдың  параметрінің  мәндерінің  шектелген  жиынының 
ішінен, олардың мөлшерлі саны таңдалады.  
Ол үшін функцияның анықталу аймағы x
1
x
2
,... х
n
 нүктелерімен 
ұзындығы тең кесінділерге бөлінеді, әр кесіндідегі функцияның мәні, 
мысалы, осы кесіндідегі орта мәніне, тұрақты және тең.. Осы кезеңде 
шыққан функция математикада сатылы деп аталады. 
1.3-сурет. Үздіксіз хабарды дискіреттілеу процедурасы 
Келесі қадам – функция мәндерін «сатылар» осіне (ордината осі) 
кескіндейміз.  Осылай  алынған  у
1
,  у
2
,  ...  у
n
.функциясының  мәндер 
тізбегі үздіксіз функцияның дискретті ұсынылуы болады. Аргументтің 
мәндерінің  анықталу  аймағындағы  кескінділердің  ұзындықтарын 
кішірейту  жолымен  бұл  функцияның  дәлдігін  шексіз  жақсартуға 
болады. Нәтижесінде шектелген сандар жиынын аламыз (1.3-сурет). 
Үздіксіз  сигналды  кез  келген  дәлдікпен  (дәлдікті  өсіру  үшін 
қадамды азайтса жеткілікті) дискреттеу мүмкіндігі информатикада өте 

 
23 
маңызды. 
Компьютер  —  ол,  цифрлық  машина,  яғни  ондағы  ақпараттың 
ішкі  ұсынымы  дискретті.  Енгізілетін  ақпаратты  дискреттеу  (егер  ол 
үздіксіз болса) оны компьютермен өңдеуге жарамды етеді. 
Басқа  да  есептеуіш  машиналарда  бар  –  олар  аналогты  ЭЕМ. 
Олар  әдетте  арнайы  есептерді  шығаруға  қолданылады  да  көпшілікке 
көбінесе  белгісіз.  Бұл  ЭЕМ-ға  енгізілетін  ақпаратты  дискреттеудің 
қажеті  жоқ,  себебі  мұндай  есептеуіш  машиналарда  ішкі  ұсынылу 
ұздіксіз.  Керісінше  бұл  жағдайда  –  егер  сыртқы  ақпарат  дискретті 
болса, онда оны қолдану алдында үздіксізге айналдыру қажет.  
1.6. Ақпарат және тіл 
Ақпарат  символдық  белгілеу  пішінінде  сақталады,  беріледі, 
өңделеді.  Әртүрлі  белгілеу  жүйесінің  көмегімен,  бір  ақпаратты 
әртүрлі қалыпта, пішінде ұсынуға болады.  
Белгі  –  ол  бірінен  бірінің  айырмашылығы  бар,  қандайда  бір 
шектелген
1
 жиынның элементі
Белгінің  табиғаты  кез  келген  –  ым,  сурет,  әріп,  светофор 
сигналы  т.б.  болуы  мүмкін.  Демек,  белгінің  табиғаты,  мәліметті 
тасушының  және  мәліметтегі  ақпараттың  ұсыным  пішінімен 
анықталады.  
Тіл  деп  –  ақпаратты  символдық  жүйеде  ұсынуды  айтады.  Кез 
келген  тілдің  өзінің  символдық  жүйесі,  алфавиті  болады.  Ақпарат 
әртүрлі тілдердің көмегімен таратылады. 
Алфавит 
– 
тәртібі 
анықталған 
цифрлардың 
немесе 
символдардың шектелген жиыны. 
Мысалы  0,1…9  араб  цифрларының  көмегімен  екілік  жүйеден 
ондық жүйеге дейін кез келген бүтін санды жазуға болады. Егер осы 
алфавитке  «+»,  «»  және  «.»  немесе  «,»  белгілерін  қоссақ,  онда  кез 
келген оң және теріс нақ сандарды жаза аламыз. 
Тілдер  табиғи  және  формалды  деп  бөлінеді  (1.4-сурет). 
Формалды  тілдің  мысалдары:  музыка  тілі  (ноталық  сауат), 
математика тілі (цифрлар және математикалық белгілер) ж. б.  
Мәліметті  берген  кезде  сигналдың  параметрі  өзгереді. 
Сигналдың  параметрінің  әртүрлі  мәндерінің  минималды  саны  екіге 
тең  болатыны  айқын.  Сигналдың  әр  мәніне  екі  түрлі  белгі  берсек, 
онда оны екілік алфавиті дейді. 
                                                 
1
  Теориялық  тұрғыдан  шектелген  деген  талапты  қоймаса  болады,  алайда  оның  еш  қандай  тәжрибелік  мәні 
жоқ, себебі бәрібір шектелген уақытта тек қана саны шектелген белгілерден құрылған мәліметтерді жіберуге 
болады. 

 
24 
1.4-сурет. Тілдерді жіктеу схемасы 
1.7. Ақпаратты кодтау  
Ақпаратты кодтау теориясы, информатиканың өте бір маңызды 
бөлімі болып табылады. Кодтау теориясы, қазіргі заманның ағымдық 
даму  үрдісінде,  келесі  мәселелерді  қарастырып,  математикалық 
құралмен шешілуде: 
1)
 
ақпаратты  кодтаудың  ең  қолайлы  үнемділік  принціпін 
жетілдіру; 
2)
 
жіберілетін ақпараттың параметрлерін байланыс желілерінің 
ерекшеліктерімен қиыстыру; 
3)
 
байланыс  желілерімен  ақпаратты  сенімді,  бұрмалаусыз, 
жоғалтпай берудің тәсілдерін жетілдіру. 
Ақпараттың  компьютердегі  ұсынымы,  кодтау  теориясының 
дербес  шешімі  болып  табылады.  Бастапқы  деректер  қарастырылып, 
дискретті  ақпаратты  бейнелеуге,  көрсетілуіне  кейбір  алфавит 
қолданылады.  
Бір  ақпараттың,  әртүрлі  алфавит  арқылы  ұсынылу  мүмкіндігі 
бар.  Ақпараттың  түрленер  алдындағы  алфавитін  -  бірінші
түрленгеннен кейінгі алфавитін - екінші деуге болады. 
Ақпаратты  кодтау  –  ақпараттың  нақтылы  ұсынымын 
қалыптастыру үрдісі. 
Код – (1) бір алфавитің белгілерін немесе олардың тіркестерін 
басқа алфавитің белгілеріне немесе оладың тіркестеріне сәйкестіруді 
сипаттайтын ережелер.  
(2)  бірінші  алфавиттің  белгілерін  немесе  оладың  тіркестерін 
ұсыну үшін қолданылатын екінші алфавиттің белгілері.  
Кодтау  –  алғашқы  алфавит  арқылы  ұсынылған  ақпаратты 
кодттар тізбегіне ауыстыру үрдісі
Кодпен  ашу  (кері  кодтау  –  декодирование)  –  кодтауға  кері 
амал, яғни алынған кодтар тізбегі бойынша ақпаратты бірінші алфавит 
түрінде қалпына келтіру. 
Тілдер 
қазақ, орыс,  
ағылшын, қытай т.б. 
Формалды тілдер 
Табиғи тілдер 
Информатика тілі 
Басқа тілдер 
 
екілік кодтау тілі; 
программалау тілі; 
ОЖ-ң 
командалық 
тілі, т.б. 
математика тілі;  
әуез тілі; 
жол белгілер тілі; 
химия тілі, т.б. 
 

 
25 
Мәтінді кодтаудың негізгі үш тәсілі бар: 
1)
 
графикалық  –  арнайы  суреттердің  немесе  белгілердің 
көмегімен; 
2)
 
сандық – сандардың көмегімен; 
3)
 
символдық – берілген мәтіндегі символдар көмегімен. 
Мәтінді  кодтауға  арналған  символдардың  толық  жиыны 
алфавит немесе әліппе деп аталады. 
Егер,  кодтау  және  кодпен  ашу  амалдарын  тізбекті  қолдану 
нәтижесінде 
бастапқы 
ақпараттың 
бұрмаланбай 
шығынсыз 
қайтарылуы  қамтамасыз  етілсе,  онда  олар  қайтымды  (орысша 
обратимый) кодттар деп аталады.  
Символдарды  кодтау  (ағылш.  encoding)  —  белгілердің 
шектелген  жиынын  нақтылы  кодтау  кестесі.  Мұндай  кестеде  әр 
символды,  ұзындығы  бір  немесе  бірнеше  байттар  тізбегімен 
салыстырады. 
Қазіргі  кезде  негізінен  үш  типті  кодтау  қолданылады:  ASCII
1
 
кодымен  үйлесімді,  EBCDIC  кодымен  үйлесімді  және  16-биттік 
Юникодқа негізделген кодтаулар. 
EBCDIC  (Extended  Binary  Coded  Decimal  Interchange  Code  )  — 
кеңейтілген екілік-ондық ақпарат алмасу коды, айтылуы «эб-си-дик». 
IBM корпорациясы құрастырған стандарты сегізбиттік EBCDIC 
коды  латын  алфавитінің  әріптерін,  араб  цифрларын,  кейбір  тыныс 
белгілерін және басқару символдардын кодтайды.  
Кириллица кодтауы қосылған Ресейлік ДКОИ-8 коды EBCDIC-
ке ұқсасты болып келеді. 
Юникод немесе Уникод (англ. Unicode) — шын мәнінде барлық 
жазба  тілдердің  белгілерін  ұсынуға  мүмкіндік  беретін,  символдарды 
кодтау стандарты.  
Бұл  стандартты  1991  жылы  коммерциялық  емес  «Юникод 
консорциумы» (Unicode Consortium, Unicode Inc.) ұжымы ұсынған.  
Юникодта 1 114 112 (=2
20
+2
16
) сиволдар позицияларының қоры 
бар, оның ішінде 100 000 астамы қазіргі қолданыста. 
Бұл  стандарттың  қолданылуы  әртүрлі  жазбалардан  өте  көп 
символдар  санын  кодтауға  мүмкіндік  береді.  Unicod  құжаттарында 
қытай  иероглифтеры,  математикалық  символдар,  грек  алфавитінің 
әріптері, латын және кириллица көршілес болуы мүмкін. 
 
                                                 
1
 1-тарау. §5. 5.4-бөлімі. және 3-қосымшаны қараңыз.  

 
26 
Тест сұрақтары 
1 нұсқа 
1.
 
Ақпарат теориясында, ақпарат деген – ол: 
a.
 
біліміміздің  біртұтас  құрылымын  жасауда  біздің  миымызға 
әртүрлі ақпарат көздерінен және әртүрлі формада түсетін мәліметтер; 
b.
 
анықталмағандықты  толық  айқындайтын  немесе  алдындағы 
анықталмағандықтың мөлшерін азайтатын мәліметтер;  
c.
 
материяның бітұтас атрибуты; 
d.
 
қоршаған ортамыздың бейнесі; 
e.
 
жаңалық болған мәліметтер.  
2.
 
Біреудің  пікіріне  немесе  тұжырымына  тәуелді  емес 
ақпаратты былай дейді: 
a.
 
ақиқатты; 
b.
 
өзекті; 
c.
 
объективті; 
d.
 
қажетті; 
e.
 
түсінікті. 
3.
 
Мына әрекеттерді ақпараттық үрдістер дейді:  
a.
 
глобольды ақпараттық жүйелерді құруды; 
b.
 
жалпы ақпарат құралдарының жұмысын басқаруды; 
c.
 
ақпаратты  алуды  (іздеуді),  сақтауды,  тасымалдауды  және 
өңдеуді; 
d.
 
дүниежұзілік компьютерлік торды ұйымдастыруды; 
e.
 
жаңа дербес компьютерлерді құрастыруды; 
4.
 
Ақпаратты тасуда міндетті тұрде қажетті нәрселер: 
a.
 
екі адам; 
b.
 
жіберілетін ақпараттың мазмүндылығы; 
c.
 
ақпарат  көзі,  қабылдауыш  және  олардың  арасындағы 
байланыс арнасы; 
d.
 
жіберілетін ақпараттың өте толықтылығы; 
e.
 
байланыс арнасының дуплекстілігі. 
5.
 
Келесі сигналдардың қайсысы аналогты болады; 
a.
 
маяк сигналы; 
b.
 
SOS сигналы; 
c.
 
кардиограмма; 
d.
 
жол бегісі; 
e.
 
светофор сигналы. 
6.
 
Ақпараттың компьютердегі ішкі ұсынымы: 
a.
 
үздіксіз; 
b.
 
дискретті; 
c.
 
бөлшекті дискретті, бөлшекті үздіксіз; 

 
27 
d.
 
«үздіксіз»,  «дискретті»  терминдерін  пайдаланып  сипаттауға 
келмейді; 
e.
 
дискреттіде және үздіксізде қарарынан. 
7.
 
Мәтінді ағалшын тілінен орыс тіліне аудару үрдісін; 
a.
 
ақпаратты сақтау; 
b.
 
ақпаратты тасу; 
c.
 
ақпаратты іздеу; 
d.
 
ақпаратты өңдеу; 
e.
 
жоғарыда аталған үрдістердің біреуіде емес. 
8.
 
Есептеу  үрдістерін  программалау  арқылы  басқару  идеясын 
ең алғаш айтқан; 
a.
 
Н. Винер; 
b.
 
Дж. Маучли; 
c.
 
А. Лавлейс; 
d.
 
Ч. Бэббидж; 
e.
 
Дж. фон Нейман. 
9.  Алфавит деп: 
a.
 
бас  және  кіші  әріптерді,  кемтікті  (бос  орын),  тыныс 
белгілерін айтады; 
b.
 
аралас реттелген белгілердің жиынын айтады; 
c.
 
барлық мүмкін болатын белгілердің жиынын айтады; 
d.
 
әр сөздің тек бір ғана мәні болғанды
e.
 
тәртібі анықталған белгілердің жиынын айтады. 
10.
 
Код деп: 
a.
 
ұзындығы белгіленген екілік сөзді айтады; 
b.
 
он  алтылық  жүйеде  жазылған  символдар  тізбегін 
сипаттайтын ережелерді айтады; 
c.
 
екілік  белгілерден  құралған  сөздердің  тізбегін  сипаттайтын 
ережелерді айтады; 
d.
 
әртүрлі белгілер тізбектерін сипаттайтын ережелерді айтады; 
e.
 
бір  алфавитің  белгілерін  басқа  алфавитің  белгілеріне 
сәйкестіруді сипаттайтын ережелерді айтады. 
11.
 
Ақпарат  теориясында  хабардағы  ақпараттың  мөлшері 
былай анықталады: 
a.
 
хабардағы әртүрлі символдардың мөлшері; 
b.
 
хабардың  алынуына  байланысты,  анықталмағандықтың 
мөлшерінің азайыу өлшемі; 
c.
 
хабарды сақтауға қажетті, компьютердегі жадының көлемі; 
d.
 
кодталатын  символдың  көбейтіндісінің  қосындысын  оның 
алфавиттен таңдалуының орташа ықтималдығына бөлу; 

 
28 
e.
 
ақпарат 
тасымалдаушының-сигналдың 
физикалық 
қуаттылығы. 
12.
 
Ақиқаттық жағдайды анық бейнелейтін ақпаратты... дейді: 
a.
 
керек; 
b.
 
толық; 
c.
 
объективті; 
d.
 
анық; 
e.
 
түсінікті. 
13.
 
Математика оқулығында ақпараттың мынадай түрлері бар: 
a.
 
графикалық, дыбыстық және сандық; 
b.
 
графикалық, мәтіндік және дыбыстық 
c.
 
графикалық, мәтіндік және сандық; 
d.
 
тек қана мәтіндік ақпарат; 
e.
 
тек қана сандық ақпарат. 
14.
 
Студеннтік мейрамды бейне таспаға түсіру не үшін керек?:  
a.
 
ақпаратты өңдеу; 
b.
 
ақпаратты сақтау; 
c.
 
ақпаратты беру; 
d.
 
ақпаратты іздеу; 
e.
 
ақпаратты кодпен ашу. 
15.
 
Ақпаратты өңдеу үрдісі - ол: 
a.
 
формалды ережелерге сәйкес, бір түрден басқа түрге өзгерту; 
b.
 
қабылдау кезінде ұғыну (интерпретациялау); 
c.
 
беру кезінде ыңғайлы түрге өзгерту; 
d.
 
қасақана бұрмалану, басқа түрге өзгерту; 
e.
 
іздеу, өзгерту. 
16.
 
Дискретизациялау ол: 
a.
 
уақытта өзгеретін физикалық үрдіс; 
b.
 
сигналдың қасиеті; 
c.
 
үздіксіз сигналды дискеттіге өзгерту үрдісі; 
d.
 
дискретті сигналды үздіксізге айналдыру үрдісі; 
e.
 
сигналдың физикалық табиғатын өзгерту үрдісі. 
17.
 
Сигналдың үздіксіз болу жағдайы: 
a.
 
егер сигналдың параметрі кезегімен, уақытта өзгеретін, саны 
шектеулі мәндерді қабылдаса;  
b.
 
егер бір көзден барлығы бір бит/с жіберілсе; 
c.
 
егер  сигналдың  параметрі  белгілі  бір  аралықта  кез  келген 
мәнді қабылдаса; 
d.
 
егер толқынның көмегімен берілсе; 
e.
 
егер электромагниттік импульс берілсе. 

 
29 
18.
 
Есептеу  машиналарында  екілік  есептеу  жұйесін  қолдану 
идеясын айтқан: 
a.
 
Ч. Бэббидж; 
b.
 
Б. Паскаль; 
c.
 
Г. Лейбниц; 
d.
 
Дж. Буль; 
e.
 
Дж. фон Нейман. 
19.
 
Алфавит деген: 
a.
 
символдардың кез келген шекті тізбектері; 
b.
 
сызықтықтық ретті, белгілердің шекті жиынтығы
c.
 
фонемдердің жиынтығы; 
d.
 
графемдердің кездейсоқ жиынтығы; 
e.
 
қытайлық идеограммалардың кездейсоқ іріктеуі. 
20.
 
Тіл формалды деп аталады, егер онда: 
a.
 
әрбір сөз тек қана бір мағналы боса; 
b.
 
әрбір сөздің мәні екіден аспаса; 
c.
 
сөздерді құру ережелері өте қатаң тапсырылса;  
d.
 
әрбір  сөз  тек  қана  бір  мағналы  және  тілдің  алфавитінен 
сөздердің құру ережелері бір мәнді болса;  
e.
 
әрбір  сөздегі  әріптердің  саны  белгілі  тұрақталған  натурал 
саннан аспаса. 
21.
 
Теориялық информатиканың сүйенетін ілімдері: 
a.
 
электр және механика заңдылықтары; 
b.
 
тәбиғат заңдылықтары;  
c.
 
математикалық  логика,  алгоритмдер  теориясы,  кодтау  тео-
риясы, жүйелік анализ; 
d.
 
математиканың  бөлімдері:  сандық  анализ,  математикалық 
анализ, дифференциалды теңдеулер; 
e.
 
математикалық анализ, кодтау теориясы, сандық анализ. 
2 нұсқа 
1.
 
Басқару теориясында ақпарат дегеніміз ол: 
a.
 
сигналдардың  немесе  белгілердің  формалары  туралы 
хабарлар; 
b.
 
қоршаған ортадағы және ондағы өтіп жатқан үрдістер туралы 
бағыттау мәліметтері; 
c.
 
бағыттау,  белсенді  әрекеттер  жасау,  басқару  үшін,  яғни 
басқару жүйесін сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын 
білім бөлігі; 
d.
 
құжаттар тұрінде жазылып алынатындар; 
e.
 
анықталмағандықты  толық  айқындайтын  немесе  алдындағы 
анықталмағандықтың мөлшерін азайтатын мәліметтер. 

 
30 
2.
 
Ұсынылу  пішініне  байланысты  ақпарат  мына  түрлерге 
бөлінеді: 
a.
 
қарапайым, эстетикалық, саяси-қоғамдық
b.
 
әлеуметтік, техникалық, биологиялық, генитикалық; 
c.
 
визуалдық, аудиальдық, ырғақтық, иіс сезгіштік, дәмділік; 
d.
 
ғылымдық, өндірістік, техникалық, басқармалық; 
e.
 
мәтіндік, сандық, графикалық, әуендік, аралас; 
3.
 
Ақпаратты іздеу – ол: 
a.
 
реферат жазу; 
b.
 
уақыт бойы трансляциялау;  
c.
 
кодпен ашу; 
d.
 
байқау үрдісі; 
e.
 
сақталған ақпаратты шығару. 
4.
 
Хабардың кодталуы мына кезде болады: 
a.
 
хабардың байланыс жүйесінсінен өткен мезетте;  
b.
 
алушының хабарды қабылдау мезетінде; 
c.
 
хабардың қөзінен байланыс жүйесіне түскен мезетте; 
d.
 
арнайы программамен, хабардың шифрын ашу үрдісінде;  
e.
 
оны дискреттеу кезінде. 
5.
 
Сигнал дискретті деп аталады, егер де ол: 
a.
 
ақпаратты беру үрдісінде кодталмаса және кодпен ашылмаса; 
b.
 
уақыт және амплитуда бойы үздіксіз өзгерсе; 
c.
 
электрлік формада берілсе; 
d.
 
саны  шектеулі  уақыт  мезеттері  кезінде,  тек  қана  саны 
шектеулі мәндерді қабылдай алса; 
e.
 
ақпаратты беру үрдісінде кодталса. 
6.
 
Байланыс арнасы– ол: 
a.
 
беру  кезінде  ақпаратты  қабылдауды  қамтамасыз  ететін 
құрылғылар жиыны
b.
 
ақпараттың көзінен шыққан бастапқы хабарды, берілу түріне 
келтіріп түрлендіретін құрылғылар жиыны; 
c.
 
хабарды  беру  кезінде  кодтайтын  және  кодпен  ашатын 
құрылғысы; 
d.
 
ақпаратты тасымалдаушы; 
e.
 
сигналды  ақпараттың  көзінен  беруді  және  қабылдаушыға 
жеткізуді қамтамасыздандыратын техникалық құрылғылар жиыны; 
7.
 
Логиканы алгебраландыру бағытында шешуші үлес қосқан: 
a.
 
А. Тьюринг; 
b.
 
Г. Лейбниц; 
c.
 
Дж. Буль; 
d.
 
Н. Винер; 

 
31 
e.
 
Ч. Бэббидж. 
8.
 
Берілген  тілдің  алфавитінен  сөздерді  құрастыруға  арналған 
ережелер жиынын былай атайды: 
a.
 
жазба; 
b.
 
синтаксис; 
c.
 
семантика; 
d.
 
грамматика; 
e.
 
прагматика. 
9.
 
Ұзындығы айнымалы кодына жатады: 
a.
 
ондық сандарға арналған 4-биттік Грэй коды; 
b.
 
циклдік Грэй коды; 
c.
 
4 позициялық шынжырлы код; 
d.
 
Морзе коды; 
e.
 
Бодо коды. 
10.
 
Қоғамдық мәніне қарай ақпарат былай бөлінеді: 
a.
 
мәтіндік, сандық, графикалық, әуендік, аралас; 
b.
 
визуалдық,  дыбыстық,  дене  арқылы  сезіну,  иіс  сезгіштік, 
дәмділік,  
c.
 
әлеуметтік, техникалық, биологиялық, генетикалық; 
d.
 
күнделікті, 
саяси-қоғамдық, 
эстетикалық, 
ғылыми, 
техникалық, өндірістік, басқарушылық; 
e.
 
ғылыми, өндірістік, техникалық, басқарушылық; 
11.
 
Осы  сәтте  маңызды  және  мағналы  ақпаратты  былай  деп 
атайды: 
a.
 
анық; 
b.
 
актуальды; 
c.
 
толық; 
d.
 
пайдалы; 
e.
 
түсінікті. 
12.
 
«Телевизиялық  мұнара  -  телевизор»  жүйесінде  ақпаратты 
тасымалдаушы: 
a.
 
гравитациялық өріс; 
b.
 
дыбыс толқыны; 
c.
 
электромагниттік толқын; 
d.
 
вакуум; 
e.
 
ауадағы азот молекулаларының концентрациясы 
13.
 
Ақпаратты беру үрдісінің мысалын нұсқаңыз:  
a.
 
телеграмма жіберу; 
b.
 
диктантты тексеру; 
c.
 
сөздіктен керек сөзді іздеу; 
d.
 
деректер қорынан сұраныс жасау; 

 
32 
e.
 
марка коллекциясын жинау. 
14.
 
Сигнал деп аталады: 
a.
 
кез келген материалдық зат
b.
 
хабарды  беруді  қамтамасыз  ететін  қандай  да  бір  физикалық 
шаманың уақыт бойынша өзгеруі; 
c.
 
радиотолқын; 
d.
 
әртүрлі күйдегі зат; 
e.
 
физикалық үрдістің уақыт бойынша өзгеруі; 
15.
 
Аналогтық сигнал – ол: 
a.
 
уақыт  мезеттерінің  саны  шектеулі  кезінде,  тек  қана  саны 
шектеулі мәндерді қабылдай алады; 
b.
 
амплитудасы  және  уақыты  бойынша  үздіксіз  өзгеретін 
сигнал; 
c.
 
мәтіндік ақпаратты таситын сигнал; 
d.
 
ақпаратты таситын кез келген үрдіс; 
e.
 
сандық сигнал. 
16.
 
Автоматты 
есептеуіш 
машинаның 
функционалдық 
құралдарының құрамы мен тағайындалуын алғаш рет анықтаған: 
a.
 
Джон фон Нейман; 
b.
 
Чарльз Бэббидж; 
c.
 
Ада Лавлейс;  
d.
 
Алан Тьюринг;  
e.
 
Клод Шеннон. 
17.
 
Тілдің  сөйлемдерінің  мағынасын  ашатын  ережелер  былай 
аталады: 
a.
 
жазбаша; 
b.
 
синтаксис; 
c.
 
грамматика; 
d.
 
прагматика; 
e.
 
семантика. 
18.
 
Формалды тілдердің қатарына жататын: 
a.
 
табиғи тілдер; 
b.
 
арго тілі; 
c.
 
Морзе әліппесі; 
d.
 
сленг; 
e.
 
программалау тілдері. 
19.
 
Кодтың ұзындығы деп: 
a.
 
бастапқы алфавиттегі символдар санын айтады; 
b.
 
кодталған 
ақпаратты 
жазуға 
арналған, 
алфавиттің 
қуаттылығын айтады; 

 
33 
c.
 
кодталатын  ақпаратты,  кодтау  алфавитінде  көрсету  үшін, 
сөзде қолданылатын белгілердің санын айтады; 
d.
 
кодталатын  ақпаратты,  бастапқы  алфавитте  көрсету  үшін, 
қолданылатын белгілердің санын айтады; 
e.
 
кодтау  және  бастапқы  алфавиттерінде  қолданылатын 
қосынды символдар санын айтады. 
20.
 
Хабардағы  ақпарат  саны,  қабылдаушыға  келген  хабардың 
жаңалық болғанына тәуелді деп, ақпаратты өлшеуге болама? 
a.
 
иә, әлбетте; 
b.
 
болмайды; 
c.
 
иә болатын шығар; 
d.
 
иә дейік, әй жоқ болмайды; 
e.
 
бүгінгі  таңда  бұл  сұраққа  үзілді-кесілді  жауап  беру  мүмкін 
емес. 
21.
 
Құжаттануда ақпарат – ол:  
a.
 
жаңалығы бар мәліметтер; 
b.
 
сыртқы 
дүниеден 
алынған 
мазмұндарды, 
біздің 
сезімдеріміздің оған ыңғайлану үрдісінде белгілеу;  
c.
 
техникалық жүйелердегі сигналдар, импулсьтар; 
d.
 
қалай  да  болсын,  барлығы,  таңбалар  формасында,  құжаттар 
түрінде жазылып алынуы;  
e.
 
материяның ажырағысыз қасиеті. 
 
 

 
34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет