Ақпарат материяның жалпы семантикалық қасиеті ретінде. Ақпарат символдық белгілеу пішінінде сақталады, беріледі, өңделеді. Әртүрлі белгілеу жүйесінің көмегімен, бір ақпаратты әртүрлі қалыпта, пішінде ұсынуға болады.Белгі – ол бірінен бірінің айырмашылығы бар, қандайда бір шектелген 1 жиынның элементі.Белгінің табиғаты кез келген – ым, сурет, әріп, светофорсигналы т.б. болуы мүмкін. Демек, белгінің табиғаты, мәліметті тасушының және мәліметтегі ақпараттың ұсыным пішінімен анықталады. Тіл деп – ақпаратты символдық жүйеде ұсынуды айтады. Кез келген тілдің өзінің символдық жүйесі, алфавиті болады. Ақпарат әртүрлі тілдердің көмегімен таратылады.Алфавит – тәртібі анықталған цифрлардың немесе символдардың шектелген жиыны.Мысалы 0,1…9 араб цифрларының көмегімен екілік жүйеден ондық жүйеге дейін кез келген бүтін санды жазуға болады. Егер осы алфавитке «+», «–» және «.» немесе «,» белгілерін қоссақ, онда кез келген оң және теріс нақ сандарды жаза аламыз.Тілдер табиғи және формалды деп бөлінеді.Формалды тілдің мысалдары: музыка тілі (ноталық сауат), математика тілі (цифрлар және математикалық белгілер) ж. б. Мәліметті берген кезде сигналдың параметрі өзгереді. Сигналдың параметрінің әртүрлі мәндерінің минималды саны екіге тең болатыны айқын. Сигналдың әр мәніне екі түрлі белгі берсек, онда оны екілік алфавиті дейді.
Табиғат пен қоғамның ақпараттық заңдарының бірлігі. Ақпаратты ресурстың айырықша түрі деп есептеген жөн; мұнда «ресурс» материалдық заттардың немесе заттың энергетикалық, құрылымдық немесе басқа да сипаттамаларының білім қоры деп түсіндіріледі. Материалды заттармен байланысты ресурстардан айырмашылығы – ақпараттық ресурстар сарқылмайды және де материалды ресурстардан гөрі өзге де жаңару және қайта жаңғыртуәдістеріне ие болып табылады. Ақпараттың іргелі қасиеттерінің кейбір жиынтығын қарастырайық:
есте сақтаулығы;
жеткізулігі;
түрлендірулігі;
қайта жаңғыруы;
өшіргіштігі;
Есте сақтаулық қасиеті – жадыда сақтау мүмкіншілігі, ақпараттың ең маңызды қасиеті. Есте сақталатын ақпаратты макроскопиялық деп атаймыз (есте сақтау ұяшықтың кеңістіктік масштабы мен уақытын ескере отырып). Күнделікті тәжірибемізде біз макроскопиялық ақпаратпен іс жүргіземіз. 18Жеткізілу/жіберу қасиеті – ақпаратты байланыс арналары арқылы жеткізу (кедергілермен қоса) К.Шеннонның ақпараттеориясы аясында жете зерттелген. Бұл жағдайда өзгеше аспект –ақпаратты көшіріп алу қасиеті көзделіп отыр, яғни ол өзге макроскопиялық жүйелердің «есінде сақталуы» мүмкін және де өзіне-өзі барабар болып қала береді. Әрине, ақпараттың көлемі көшірмелеу барысында артпауы тиіс.Түрлендірулік қасиеті – ақпараттың іргелі қасиеті Ол – ақпаратөзінің тәсіл-түрлерін өзгерте алатындығын көрсетеді. Көшіруге қабілеттілігі – ол ақпаратты түрлендірудің бір түрі; мұнда ақпараттың көлемі өзгермейді. Жалпы алғанда, түрлендіру үрдістерінде ақпараттың көлемі өзгереді, бірақ артуы мүмкін емес.Қайта жаңғыру қасиеті – ақпаратты қайта жаңғырту оның жеткізулігімен тығыз байланысты және оның тәуелсіз базалық қасиеті болып есептелмейді. Егер жеткізулік ақпаратты жеткізуші жүйенің бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды аса маңызды деп таппаса, қайта жаңғырту ақпараттың сарқылмайтындығын, яғни көшірмелеу кезінде ақпарат өзіне-өзі барабар болып қала беретіндігін сипаттайды.Өшіргіштік қасиеті – ақпараттың өшіргіштік қасиеті де тәуелсіз болып табылмайды. Ол ақпаратты түрлендірудің тасымалдану қасиетімен тығыз байланыста, себебі ақпаратты берукезінде оның көлемі азайып нөльге теңеледі.
Ақпараттың бұл қасиеттері оның шамасын қалыптастыруға жеткіліксіз, себебі олар ақпараттық үрдістердің физикалық деңгейіне жатпайды.Білімнің түрлі саласының ғалымдары тарапынан ақпарат және ақпараттық үрдістер ұғымдарын жүйелейтін, табиғаты әртүрлі үрдістердегі ақпараттың өзгеруін сипаттайтын бірыңғай теорияны құру әрекеттері қолға алынып жатыр (бірақ аяқталмаған).Ақпарат қозғалысы – ол басқару үрдістерінің ішкі мәні.Кибернетиканың ашылған кезінен бастап басқару тек жоғары (биологиялық және әлеуметтік) ғана емес, материя қозғалысының барлық түрлеріне қатысты қарастырылады. Қозғалыстың тірі емес –жасанды (техникалық) және табиғи жүйелердегі көптеген қырлары, олардың химия, физика, механикада ақпараттық жүйеде емес, энергетикалық жүйеде зерттелуіне қарамастан, ортақ басқару белгілерімен сипатталады.Осындай жүйелердегі ақпараттық көзқарастар жаңа пәнаралық ғылым – синергетика пәнін құрайды.Синергетика – ғылыми зерттеулердің пәнаралық бағыты. Оның мақсаты – жүйелердің (жүйеастынан құралатын) өзіндік ұйымдасу принциптері негізінде табиғи құбылыстар мен үрдістерді зерттеу болып табылады. «...табиғаты әрқилы құрылымдардың өзіндік ұйымдасу, шығу, қолдау, тұрақтану мен ыдырау үрдістерін зерттеумен айналысатын ғылым».
Әлеуметтік жүйелердегібасқаруда айшықталатын ақпараттың жоғарғы формасы – білім болып табылады. Педагогика мен жасанды интеллект зерттеулерінде кең қолданылатын бұл пәнүстілік ұғым да маңызды философиялық категориядан үміткер.Философиялық тұрғыдан танымды басқарудың функционалды аспектілерінің бірі деп қарастырған абзал. Мұндай көзқарас таным үрдістері генезисін, оның негіздері мен болашағын жүйелі түрде түсінуге жол ашады.