Мысалдар: Скандинавия тауларынан осыдан 12-20 мың жыл бұрын түскен мұздық жабыны Оңтүстікке қарай жылжып, Волгоград пен Киевке дейін келген. Бұл мұздықтың қалыңдығы 5км-ге дейін жеткен.
1820 жылы Монблан тауындағы Боссон мұздығының опырылып кетуі қайғылы жағдайға әкелген. Мұздықтың терең жарығына түсіп кетіп, көміліп қалған альпенистердің үш жол көрсетушісі қаза болған. Оларлың денесі мұздықтың соңғы жағынан 43 жылдан кейін табылған. Осы уақыт ішінде мұздық 3 км жол жүріп өткен.
Геология - минералогия ғылымының докторы В.П.Федорчук Есік көлінде болған апатты былай еске алады: «Тау үстінде орналасқан бұл бөгелген көл аңғарда, Талғар қаласына таяу жерде, ал Алматы қаласынан 60 км-дей жерде ерте кезде пайда болған. Көлдің ұзындығы 3 км, ені 1км, ал тереңдігі 100 м-дей. Бұл жер алматылықтардың сүйікті демалыс орны болған. Көлдің төңірегінде балалар демалатын лагерьлер орналасқан.1963 жылы шілденің қатты ысыған күндерінің бірінде, тау басындағы мұздықтар күрт еріп кетуінен толқын жүрді. Қар- мұз аралас тасқын жүрдек поезд жылдамдығымен келіп көлге құяды. Нәтижесінде Есік көлі лезде жоқ болды. Көлден ығыстырылып шыққан су жағалауды, бөгеттерді шайып кеткен. Жүздеген адамдар қаза тапқан.»
1973 жылы маусымда Памирдегі Аюлы мұздығы төмен сырғып барып, тау өзенінің аузын бөгеп тастайды. Аңғарда үлкен көл пайда болады.
15 млн км3 су массасы мұз бөгетті жұлып кетеді. Бақытына қарай Ванч өзенінің арнасынан биік жерде орналасқан геологтар айлағы мен метеорологтар тұрған Хрустальный тұрағы аман қалады.
«Ұлы мұз басу» заманында климаттың өзгеруі өсімдік пен жануарлар әлеміне апатты ықпал жасаған.
Мысалы: Мұздықтар Камчаткада мамонттардың көптеген популяциясының жойылып кетуіне себепші болған. Олардың үлкен қорымы шағын өзен аңғарындағы кішкентай жер бөлікшесінде табылған. Аңғарды барлық жағынан жанартаулар тізбегі мен таулы бұйраттар қоршаған. Тау аңғарларынан төмен қарай жылжи берген мұздықтар, мамонттарды барлық Камчатка аңғарынан алақандай жерге жиналуға мәжбүр етеді. Бұл жер мамонттарға жеткілікті жайылым бола алмағандықтан, олар қырыла бастайды. Күннің күрт салқындауы мен қорек ететін өсімдіктердің жойылуынан мамонттар құрып кетті.