«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет11/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Мысалдар:
Хуанхэ өзенінде (Қытай) 1887 жылы қазанда су тасығанда 78 мың км 2 жер су астында қалып, 900мың адам қаза болған. Әлемдегі ең ұзын өзендердің үшіншісі саналатын Янцзы (Қытай) 1931 жылғы апатты тасқындар арнасынан шығып, 300 мың км2 аумақты басып қалған. Оның 5 млн гектардан (5мың км2) астамы ауылшаруашылық жері. Апатта 140 мың адам апат болған. Ал,1954 жылы Янцзы тасу салдарынан 33 мыңнан аса адам қаза болған.
Ресейде 1998 жылы көктем мен жазда Краснодар, Ставрополь өлкелерінің, Ростов, Саратов, Вологда, Магадан, Ленинград облыстары мен өлкелерінің елді мекендері мен ауылшаруашылық жерлері су астында қалған. Осыдан кейін су тасулар Лена, Амур өзендерінің алабы мен басқа аудандарға үлкен зиян келтірген. Якутияның көптеген өзендері (Лена, Алдан, Вилюй, Амга және басқалар) тасып су деңгейі ғасыр ішіндегі сындарлық белгіден асып кеткен. Мамыр айында Ленск қаласынан бір км жерде мұз кептеліп қалуынан, Лена өзенінде су деңгейі 17 метрге көтерілген. Ленск қаласында 900 тұрғын үй, балалар бақшасы, мұнай базасы, мекемелер, дүкендер, қоймалар және т.б. су астында қалған. Саха (Якутия) республикасында су тасқынынан 50-ге жуық елді мекен зиян шеккен. Республиканың астанасы-200 мыңдай тұрғыны бар Якутск қаласына қатер төнген. Магадан облысының Сусуман ауданындағы алтын шашылымдарына бай Берелех өзені қатты жаңбырдан кейін тасып кетіп, бөгетті қиратқан. Су мен қалың ұйық астында полигондар, құралдар мен алтын өндіретін техника қалып қойған.
Көп жағдайда су тасу жерсілкінумен қатар келіп, шығын көлемін арттырады.
Мысал:
Осындай қосарланған апат 1989 жылы наурызда Малавиде (Оңтүстік Африка) болған. Магнитудасы 4.5 жерсілкінумен бір мезгілде қуатты нөсер болып, 30 жыл ішінде бірнеше рет адамдарды мерт еткен және көптеген үйлерді қиратқан. Су тасқыны тұтастай ауылдарды шайып кетіп, егінді жойған, айтарлықтай материалдық зиян келтіріп, 100 мыңдай адам баспанасыз қалған.
Мұздықтар. Планетаның су айналымы мен климатына жер бетінің 12.0 %-тей аумағын алып жатқан мұздықтар үлкен ықпал жасайды. Өткен кейбір геологиялық замандарда, мұздықтар планетаның үлкен аумақтарын жапқан кездері болған. Мұздықтардың әрекеттілігі үлкен қирату жұмысына ұласады. Өздерінің салмақ күші ықпалымен мұздықтар тау аңғарлары бойымен жылына жүздеген метрдей жылдамдықпен жылжиды. Аңғардың төменгі жағына жеткен мұздық еріп кетіп, өзімен бірге әкелген тасдөңбектерді (аяққы морена) қалдырады. Соңғы мұз басу қалдырған аяққы морена осыдан 12-20 мың жыл бұрын түзілген. Мұзбасу кезеңдерінен кейінгі жылынулар салдарынан мұздық жабындары еріген кезде мұхиттар деңгейі көтеріліп, планетаның көптеген аудандарында топан су жүрген. Мәселен, голоценнің алдындағы мұздықтар еруі мұхит деңгейін 100 метрдей көтерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет