Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды кластер әдісі бойынша толтырыңыз.
2
|
Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастырылуын сипаттаңыз:
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум (ПМПк) барлық мектептерде, балабақшаларда мектеп директорының бұйрығымен құрылады.
1-ші сыныптың оқушысы 1-ші тоқсанда әріптерді, сандарды үйренген жоқ, оқу үлгерімі өте нашар, ол балаға 2 деген баға қойып мұғалімі қажетті құжаттарды жинақтап ПМП консилиумге ұсынады. ПМП консилиум баланың құқығын қорғау мақсатында тексеру жүргізеді. Oблыстық ПМПК-ға тексеріске жіберу керектігі жөнінде шешім шығарады.
Сабақ үлгерімі өте нашар балаларды 1 сыныптан, әрі кетті 2-3-4 сыныптарда анықтап алғандары, мүмкіндіктеріне қарай оқытқандары дұрыс, егер 5 сыныптан кейін облыстық ПМПК тексеріске жіберген болса, мектепте ПМП консилиум құрылмаған деген мағынаны береді.
Қортындыдағы ұсыныста көрсетілген көмекші бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 сыныпты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 сыныпты бітіргесін арнайы Куәлік беріледі. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 сыныпты бітірді деген Анықтама беріледі. Көмекші бағдарламамен оқыған шаруаға икемі бар балаларды және арнайы бағдарламамен оқығандарды 9 сыныптан кейін арнайы кәсіптік білімді игеруге жібереді.
ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды, ұсыныстар бойынша жұмыс жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта тексерістен өтеді.
Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:
- сенсорлы-перцептивті жағдай;
- зейіні;
- есте сақтауы;
- ойлауы;
- сөйлеу ерекшеліктері;
- өзін- өзі бағалауы;
- ерік- жігері;
- психомоторлық жағдай;
- әлеуметтік- тұрмыстық жағдай;
- оқу біліктілігі;
- еңбек біліктілігі;
- коммуникативтілігі [35].
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістерімен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық- педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.
Диагностика қорытындысы мектепішілік консилиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады.
Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете- дамыту бағдарламасын құрады.
|
3
|
Кестені толтырыңыз
|
- Бастапқы айларда түзету жұмыстарын жүргізу(бұл кезеңде баланың жалпы оқуларда оқуына мүмкіндік беріп, принципті дамуына үлес қосу);
- Кемшіліктерді алдын-ала анықтау;
- Бастапқы айларда түзету жұмыстарын жүргізу(бұл кезеңде баланың жалпы оқуларда оқуына мүмкіндік беріп, принципті дамуына үлес қосу);
- Интеграциялық оқуға психологиялық дайындық;
1.
Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды
- Ата-аналардың өз баласын, сау баламен оқуына ниеті және өз баласына көмектесудің шынайы дайындығы мен талпынысы; - Инклюзивті білім алуға білікті түрде тиімді көмектесу;
- Барлық балалар үшін жайлы және қолайлы кеңістік құру;
Инклюзивті білім беру жағдайлары.
|
Интеграциялық оқыту жағдайлары.
|
Барлық бала оқи алады
Әр түрлі ынта, этникалық топтар, әр түрлі деңгей, жас ерекшеліктер, шығу тектері мен жыныстар бар
Бейімделу жүйесі баланың талабына қарай
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
|
- Баланың қалыптасуы
- Жүйе жүйе талаптарына өзгеріссіз енеді
- Квадраттыққа айналу
- Бала бұл жүйеге бейімделеді немесе одан сырттап қалады
1. Жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;
2. Балалардың отбасындағы жағдайы;
3. Оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының қатысуы;
4. Мұғалімдердің әртүрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;
5. Жалпы білім беру мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу;
6. Нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетеді;
7. Демократиялық қоғамға енгізу және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға кепілдік беру;
8. Ерекше балаларды тиімді білім түрлерімен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына байланыстыра отыра деңгейіне қарай дамыту;
|
5 Инклюзивті білім беру
№
|
Сұрақтар/тапсырма
|
|
1
|
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу қалай жүзеге асатынын сипаттаңыз.
Есту бұзылыстары бар балалар, Көру бұзылыстары бар балаларды жалпыға білім беру мектепте оқыту шарттары.
Еліміздің ірі қалаларында арнайы мектептер кеңінен ұйымдастырыла түсті Қазіргі кезде де ақаулығы бар балаларға арнайы көмек беру, олардың түзелуіне жағдай жасаумен қамтамасыз ету қоғам және мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асырылуда. Әрбір арнайы мектептер жұмысы арнайы бағдарламалар бойынша, әдістемелік бағытта, оқу және көрнекі құралдар арқылы іске асырылды. Көмекші және арнайы мектептер Ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жүргізіліп дами түсуде.Балалардың ақаулықтарын дер кезінде анықтау, ерте медициналық зерттеу, психологиялық- педагогикалық диагностика жұмысын жүргізу, олардың ақаулықтарын дұрыс және нақты анықтай отырып медициналық- педагогикалық-психологиялық көмек беру істері де қарастылуда.
|
3
|
1.Мүмкіндігі шектеулі балалардың қайда білім алуын анықтайтын –ПМПК 2.Инклюзивті білім беруді Қазақстанда алғаш зерттеген ғалым. Р.А.Сулейменова
3. Инклюзивті білім беру мақсаты . Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру .
|
6
Пәні: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Исабаева З.М.
№
|
Сұрақтар/тапсырма
|
|
1
|
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу әдістерін талдаңыз.
Зияты бұзылған балаларды зерттеуде үлкен үлес қосқан Л.С.Выготский болды,ол аномальды балалар психикасының даму заңдылықтарын көрсететін тұжырымдар жасады.
Олар:
Ақыл – ой кемістігі жағдайында баланың аффект және зият қатынасындағы өзгерістерді тұжырымдау
Аномальді балалардың дамуындағы бірінші және екінші кемістікті көрсету және сәйкесінші әрбір баламен жүргізілетін кооррекциялық оқу тәрбие жұмысының бағытын анықтау
Адам психикасының құрылуының жүйелігін тұжырымдау,мұнда бір бөліктің зақымдануы,бүкіл дүние жұмысын өзгертеді
Зияты зақымдалған балалардың ерекшеліктері:
-Жоғары психикалық функциялардың бұзылуы
-Эмоцияның бұзылуымен түсіндірілетін қиындықтар
-физикалық дамудағы кемшіліктер
«Ақыл-ой дамуындағы кемшілік» түсінігі психологиялық-педагогикалық тұрғыда бұзылу симптомдары арқылы олигофрения мен деменцияға бөлінеді.
Әдістері:
Ақыл – ойының орташа кемістігі бар балаларға олар бірінші жартысында арнайы педагогпен жұмыс істеп, екінші жартысында қосымша білім беру түрлеріне,тәрбиелік шараларға өзінің құрдастарымен бірге қатысулары үшін жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашқан жөн.
Арнайы сынып ашудағы қиындықтар болса, бала саны жетпесе немесе ата-анасының тілегімен ақыл-ой дамуында жеңіл бұзылуы бар 1-2 баланы жалпы білім беретін мектептің жай сыныбының құрамына қосуға болады.Бұл балаларға мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумының мамандарымен түзетуді қолдау қамтамасыз етілу қажет.
Ақыл –ойының орташа кемістігі бар балалардың жалпы білім беретін мектепте оқыту ақыл-ойының бұзылуы бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектепте оқу жоспары,бағдарламасы,оқулық бойынша жүргізіледі
|
2
|
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
1.Мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқықтарын білім жүйесінде іске асырудың инициаторы қай ұйым болып табылады?
2.Қандай құжаттар мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын негіздейді?
3. 1959 жылдың 20 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Генералды Ассамблеясының резолюциясында қарастырылған негізін қалаушы принциптердің арасында қандай принциптер көрсетілген?
4. Қай жылы ЮНЕСКО өзінің білім саласындағы дискриминацияға қарсы күрес туралы Конвенциясын қабылдады?
5. Мүмкіндігі шектеулі балалар құқығын қалай қорғауға болады?
6. Мүмкіндігі шектеулі балалар дискриминация,шектеулерден қалай қорғауға болады?
7. Жалпыға бірдей декларация әр адамның міндетті және тегін бастауыш білім алуға құқығын қорғайтын құжат не деп аталады?
8. Бала құқықтары туралы Конвенция нешінші жылы қабылданды?
9. Мүгедектігі бар балалар, жастар және үлкендердің бастауыш, орта және жоғары білім беру аймақтарында тең мүмкіндіктерін анықтауда маңызды роль атқарған қай құжат юолып табылады?
10. Педагогикаға «инклюзивті білім беру» термині енгізіліп, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері қашан анықталды?
https://melimde.com/derister-kesheni-deris--deris-tairibi-inklyuzivti-bilim-beru-m.html?page=15
|
3
|
Инклюзивті білім берудегі проблемаларды Генератор-критик әдісі арқылы талдаңыз
|
2. Инклюзивті білім берудегі проблемаларды Генератор-критик әдісі арқылы талдаңыз
Проблема түрі №1
|
Арнайы даярлықтан өткен ұстаздардың жоқтығынан кемтар балаларды оқыту қиындық туғызуда. Проблема: Арнайы даярлықтан өткен ұстаздар жоқ.
|
Генератор
|
Критик
|
Елімізде 145 мыңдай адам ерекше білім беруді қажет етеді. Оның 96 мыңы - мектеп жасындағы балалар.Ұстаздарды арнайы курстардан өткізіп, балаларды біріктіріп оқыту мен қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру керек.Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімді даярлау ерекшелігі білім беру үрдісінің нәтижесі білім мен дағдылар жүйесі емес, басты құзыреттер жиынтығы болатын құзыреттілік ыңғай жасауға бағытталуы керек.Негізгілері ретінде академиялық құзыреттер (жаңа білімдерді алуға қабілетін анықтайтын); әлеуметтік-тұлғалық құзыреттер (мемлекет пен қоғамның идеологиялық, адамгершілік идеалдарын сақтау қабілеті); кәсіби құзыреттер (проблеманы, міндеттерді қою, оны шешу жолдарын анықтау, жопарларды жасау және оларды педагогикалық әрекеттің әр түрлі салаларында орындау) бөлуге болады.
|
Қазіргі инклюзивті білім беруді тәжірибеде жүзеге асыратын мұғалімдер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын және оқу пәндері бойынша бағдарлама мазмұнын бейімдеуде қиналатыны, олардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін түсінбеуі, жекеленген оқытудың белгілі бір әдістемелерін қолдана алмауы, ерекше қажеттіліктері бар балалар менқалыпты балалар арасында тұлға аралық қарым-қатынасты орната алмауы, білмеуі және т.б. баршамызға мәлім.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарды даярлау көбінесе оқушыға қажетті кәсіби құзыреттілігінің барлық жүйесін қалыптастырмай, инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа дайындықтың жеке элементтерінің дамуы негізінде жасалады
|
Проблема түрі №2
|
Мектептер тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген әрі оқу құралдары жоқ.
|
Генератор
|
Критик
|
Инклюзивті білім берудің тиімсіз басқарылуы және кадрлық әлеуеттің болмауы байқалады. Осындай басты проблемаларды шешу үшін өңірлерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Мониторинг бойынша 8 өңірде үйлестіру кеңестері құрылған. Сондай-ақ, 9 өңірде инклюзивті білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленіп, жүргізіліп жатыр. Барлық өңірде осындай жұмыс жүргізілсе, инклюзивті білім беру сапасының көрсеткіші жақсарады.
Сонымен қатар, БҒМ министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтің отырысында елімізде 46 ПМПК және 25 түзету кабинетін құру қажеттігін айтты. Бұл ерекше балалар үшін ауадай қажет шара. Бүгінгі таңда ПМПК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында бар.
|
БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова соңғы 5 жылда 15-тен астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілгенін айтты.
Ол инклюзивті білім беретін оқушыларға мектепте қолайлы жағдай жасау үшін.
Оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жеке оқыту нормалары ескерілді. Арнайы мектептер мен колледждерге оқу бағдарламалары әзірленді. Критериалды бағалау жүйесі бейімделді. Оның ішінде балаларға уақытты созу, тапсырмаларды жеңілдету қарастырылды. Сонымен қатар жан басына шаққандағы қаржыландыруда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру процесі шығысының нормасы екі еселенді, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға БТ сериясы бар «Білім туралы аттестат» беріледі. Емтихан кездерінде жеке аудитория мен көмекші берілетін болады. Сонымен қатар аралық және қорытынды аттестаттау нысандары жеңілдетілді.
|
7
Пәні: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Исабаева З.М.
№
|
Сұрақтар/тапсырма
|
1
|
«Инклюзивті білім беру» мен «интеграциялық оқыту» түсініктерін салыстырыңыз.
Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді.
- Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады.
- Қалыпты деңгейдегі балалар (тіпті дарынды, қабілеттері жоғары балалар) білім берудегі инклюзивті бағытта бірқатар жаңаша қарастырылған жұмыс түрлеріне қатысады: жақсартылған білім беру сапасы мен педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдердің пайдалануы.
Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.
Интеграциялық білім беру:
Баланың қалыптасуы
Жүйе жүйе талаптарына өзгеріссіз енеді
Квадраттыққа айналу
Бала бұл жүйеге бейімделеді немесе одан сырттап қалады
Инклюзивтік білім беру:
Барлық бала оқи алады
әр түрлі ынта, этникалық топтар, әр түрлі деңгей, жас ерекшеліктер, шығу тектері мен жыныстар бар
бейімделу жүйесі баланың талабына қарай
|
2
|
Инклюзивті сыныпта оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау мәселесіне қатысты стандарттарға болжау жазыңыз.
Инклюзивті сыныпта оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау мәселесіне қатысты, Стандартта қолданылатын анықтамалар:
Жұмыс оқу жоспары – оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, типтік оқу жоспарының негізінде жалпыға білім беру мекемесі құрастыратын құжат.
Міндетті оқу бағдарламасы – типтік оқу инварианттық компонентіне кіретін, әрбір оқу пәні бойынша білімдер, іскерліктер және дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Вариативтік оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарының вариативтік компонентіне кіретін, оқу курсы бойынша білімдер, іскерліктер, дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
|
3
|
Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жүргізілетін жұмысты фишбоун әдісі арқылы талдаңыз
Проблема (тақырып):
Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жүргізілетін жұмыс
Себебтері:
1. Ата ана баласын түсінуге және қолдауға үйренуі тиіс
2. Балаға оқу процесінде көмектесе білуі
3. Балаға қандай да болсын әлеуметтік ортада ұжымда өзін еркін ұстауға көмегін тигізу
Дәлелі:
Біріншіден, жаңа әлеуметтік ортаға ену, бала қорқыныш сезімін, ыңғайсыздықты сезінуі мүмкін және бұл жағдайда, әрине, жақын адамының, ата-анасының қолдауы қажет.
Екіншіден: ата-ана балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу үшін оқу процесінде оқушыларға қойылатын талаптар мен бағдарламамен таныс болуы керек.
Үшіншіден, балаға жаңа байланыстар орнатуға, жаңа достар табуға, өзара әрекетті ұйымдастыруға көмектесу маңызды, дені сау балалардың дамуында ауытқуы бар баланың ерекшеліктеріне қатынасымен байланысты кедергіні жеңу қажет.
Қортынды:
Әр инклюзивті балаға арнайы көніл бөлінуі тиіс. Бұл жағдайда баланы өсіріп тәрбиелейтін ата ананың орны ерекше, бірақта кобінесе ата аналар инклюзивті балаларымен қалай жұмыс істеу керегін білмейді. Сол себепті әр ерекше баланың ата анасы инклюзивті білім алуы керек.
|
Пәні: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Исабаева З.М.
№
|
Сұрақтар/тапсырма
|
1
|
Кестені толтырыңыз
|
2
|
Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың стратегиялары сипаттаңыз.
|
3
|
1.Бала құқықтары туралы Конвенция нешінші жылы қабылданды .
А. 1989
2. Елімізде инклюзивті білім беру жүйесі дами бастады
А. 2002
3. Инклюзивті оқытудың неше принциптері
бар ?
А. 8
|
1.«Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі қызметтер
№
|
Атауы
|
Анықтамасы
|
1
|
Түзету-дамыту
|
«Ерекше» баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселесі ата-ана үшін өте ауыр болып, олар күрделі психологиялық жағдайға тап болады. Мұнда отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек қажет. Даму бұзылыстары бар балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін, отбасылық тәрбиелеу стильдері мен типтеріне, сонымен қатар мүгедек-балалардың отбасыларын да, замануи ой-пікірлерді қарастыру керек. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың индивидуалды білім алу «жолын» құруда ата-ана белсенділік таныту керек. әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері жайлы мәліметтерді алуы керек.
|
2
|
Орын толтыру
|
мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік статусын қайта құру, балаға материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы маңызды.
|
3
|
Реабилитациялау
|
Қазіргі таңда отбасына, әлеуметтік институт ретінде, үлкен назар аударылады. Көптеген мамандар отбасын үлкен реабилитациялық мүмкіндіктері бар құрылым ретінде қарастырады. Ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет. Мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |