Инклюзивті білім беру (билеттерге жауаптар)


ұары бар балаларға және көру бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайларын венн диаграммасына салып салыстырыңыз



бет5/29
Дата03.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
ұары бар балаларға және көру бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайларын венн диаграммасына салып салыстырыңыз.

2

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу әдістеріне аргуметтер келтіріңіз.
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балалар келесі категорияларға бөлінеді:
-церебральды сал ауры бар балалар (ДЦП);
-қалпына келуші немесе резидуальды сатыдағы мешел ауруының салдары;
-миопатия(myopathіa грек.мио және pathos бұл бұлшық ет ауруының бір түрі);
-туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл аппаратындағы жетіспеушіліктер мен кемістіктер.
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар оқушыларды оқыту, жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбы жағдайында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен үйлесіп, жалпы сыныпта немесе үйде жүзеге асырылады.
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептің арнайы бейімделген ғимараты (пандустың болуы, кең есік жақтауларының, мүгедектер арбасын көтергіштің, баспалдақтың жанындағы көтергіштің, есіктерді автоматты ашушылардың болуы) және арнайы жиһазы (бірадамдық парталар, тұрып жұмыс істеуге арналған конторкалар), ортопедиялық құралдары, оқытуға арналған арнайы приборлар болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай, сыныптардың толықтырылуы барынша аз болуы керек. Партаның жанында мүгедектер арбасын қою үшін қосымша кеңістіктің болуын қамтамасыз ету қажет (егер оқушы арбадан орындыққа отырса). Тақтаның жанындағы өтетін жолды бос қалдыру керек, оқушы арбада немесе балдақпен тақтаның алдына еркін бара алуы керек. Сынып тақтасының аса төмен орналасуы қажет.
Сыныптағы үстелдер мен орындықтардың биіктігіне назар аудару қажет, олар мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы болуы керек. Мысалы, партаның биіктігін көтеру баланың арбасын оның жанына қолайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Полкалар мен стеллаждар барлық балаларға жететіндей биіктікте орналасуы керек.

3

1. Инклюзивті білім беру балаларға қандай мүмкіндіктер береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет