1-тапсырма сұрағы: Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосуда мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі мақсат-міндеттері талдаңыз.
1-тапсырманың жауабы: Арнайы жалпыға білім беру мектептері оқушыларына Стандарт талаптарына сай білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгерту мақсатымен типтік оқу жоспарларында білім беру мерзімі ұзартылған, ал нәтижелі өмірлік бағытталу, әлеуметтенулері үшін еңбектенуге даярлау сағаттары көбейтілген («Технология»). Осыған байланысты мектеп пен педагогтардың негізгі міндеттері болып, балаларды түрлі деңгейлерде оқыту міндеттерін шешу үшін білім беру бағдарламаларын бейімдеу және оларды іске асыру үшін жағдай жасау болып табылады. Типтік оқу жоспарын бейімдеу үшін мұғалім дайындық жұмысын жүргізу керек. Мақсатқа жету үшін инклюзивті мектептің мұғалімі келесі міндеттерді шешуі керек: 1. Инклюзивтің сыныптың барлық оқушылары білім беру бағдарламасын меңгеруі үшін жағдайлар жасау; - білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай замануи технологияларды, әдістерді, тәсілдерді, оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін қолдану; - мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті оқу материалын бейімдеу; - түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті оқу және дидактикалық материалдарды бейімдеу немесе құрастыру. 2. Мектеп қоғамына, құрдастары тобында мүмкіндігі шектеулі баланың бейімделуіне жағдай жасау: - интерактивті тәсілдер көмегімен сабақтар, сыныптан тыс сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастыру; - әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі таныту қажеттілігін іске асыруға, мектептің, сыныптың өміріне қатыстыруға бағытталған жұмыс жүргізу;