4) Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарындаярлау. Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін анықтауда командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары таңдап алынады.
Қысқартылған оқу бағдарламаларыбойыншақарапайымсыныптаоқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады.
Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылыстары бар балаларға қолдану қажет:
көру бұзылысы (ірілендірілген қаріпі бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, брайль қаріпімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);
тірек-қимыл аппараты бұзылысы (ірілендірілген қаріппен жазылған және т.б.);
есту бұзылысы (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);
зият бұзылысы (ОӘК-нің түпнұсқасы).
Арнайы сынып оқушылары тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) пайдалана отырып оқиды.
Қазақстан Республикасында шығарылған арнайы оқулықтар Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (АИБД ҰҒПО) сайтында ұсынылған http://www. special-edu.kz/.
Инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу- дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. Мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет. Мысалы: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.