Жеке бағдарламаны әзірлемей тұрып, ең алдымен күтілетін нәтижені нақты анықтау қажет. Балалардың білім алу қажеттіліктерін түсіне отырып, пән бойынша оқу процесінің нәтижесін (күтілетін нәтижені) анықтау үшін қандай дағдылар маңызды екені анықталады. Күтілетін нәтижені әрбір білім алушының білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне байланысты бірнеше дағдылар тобына бөлуге болады. Оқу бағдарламасының мазмұнына сүйене отырып, мұғалім оқушылардың бойында осы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін дағдыларды дамытуға ықпал ететін стратегияларды қолдануы керек.
Дағдыларға қол жеткізу деңгейлерін диагностикалау үшін «Дағдыларға қол жеткізу деңгейін диагностикалау» кестесін пайдалануға болады.
Мұғалім кесте мазмұнын балалардың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес дамыту қажет дағдыларды ескере отырып өзгерте алады.
Белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін немесе оқу тоқсанының соңында әр пән бойынша оқу дағдылары туралы ақпарат ЕҚБ бар балалардың жеке бағдарламасына түзетулер енгізуге көмектеседі.
Кестенің сол жақ бөлігінде жалпы оқу дағдылары, кестенің ортасында дағдыларды бағалау критерийлері, оң жақта білім алушыларды диагностикалауға немесе бағалауға болатын АБВГ қол жеткізу деңгейлері ұсынылған.
1.6-кесте. Дағдыларға қол жеткізу деңгейін диагностикалау.