Инклюзивті білім беру негіздері


Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі



бет15/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі.
Қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының командасы (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог) жүзеге асырады. Оқушының мамандардың көмегіне қажеттілігін бағалауды жүргізу үшін оқушының ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет. (И. Г. Елисеева, А. К. Ерсарина «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық, А қосымшасы, 6-формасын қараңыз). Зерделеу нәтижелері бойынша мамандар:
- оқушы үшін оқу бағдарламасын қысқарту қажеттілігін;
- оқушыға оқу қиындықтарын жеңуге жәрдемдесетін мамандар (психолог, логопед, арнайы педагог) көмегінің қажеттілігін;
- оқытудың неғұрлым тиімді әдістері мен тәсілдерін;
- оқу орнын оқушыға қалай бейімдеуді анықтайды.
Психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқу қиындықтарының себептері негізінде мамандар мен мұғалімдер командасы оқушыға арналған психологиялық- педагогикалық қолдаудың жеке оқу бағдарламасының мазмұнын белгілейді.
Мұғалім мен мамандардың көмегі оқушының қысқартылған оқу бағдарламасын (1-3 тоқсан бойы) табысты меңгеруіне әкелмеген жағдайда, қолдау қызметі (ППҚҚ) ұсынымдар алу үшін (ата-аналардың келісімімен) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (ПМПК) жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.


Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың үшінші деңгейі.
Оқушының қажеттілігін бағалау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) мамандарымен анықталады. ПМПК-ның шешімі негізінде, оқушының қажеттілігін бағалау нәтижелері бойынша дефектолог мұғалімнің, педагог- ассистенттің көмегі, келесідей білім алу нұсқалары ұсынылуы мүмкін: тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте.

Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қағидалары» №6 бұйрығына сәйкес іске асырылады.


Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету:
1) тәрбиеленушінің/білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және бағалауды;
2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар педагогтер мен тәрбиеленушінің/білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуді;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасауды қамтиды.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету адамдардың (балалардың) білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады (1.5-кесте).

1.5-кесте. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет