Инклюзивті білім беру негіздері



бет20/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Галина Булат, Светлана Курилов, Николае Букун. ; коорд.: Домника Гыну. Инклюзивное образование: Методическое пособие для непрерывного обучения дидактических кадров, работающих в области инклюзивного образования детей (Инклюзивті білім беру: балаларға инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін дидактикалық кадрларды үздіксіз оқытуға арналған әдістемелік құрал). Проект «Интеграция детей с ограниченными возможностями в общеобразовательные школы»– Кишинев : Б. и., 2016 (Tipogr. “Bons Offices”)

  2. Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 96 б.

  3. Инклюзия жағдайында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 321 б.

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005191_

  5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026618

  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026513


1.4. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыға арналған қысқартылған және жеке оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсынымдар.

Ерекеш білім беру қажеттіліктерін бағалау нәтижесінде оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫ жасалады, оның ішінде анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында: ҚЫСҚАРТЫЛҒАН немесе ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, оқытудың арнайы әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы мұғаліммен жеке дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға ұсыныстар әзірленеді (И. Г. Елисеева, А. К. Ерсарина «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық, А қосымшасы, 5-формасын және 1-қосымшаны қараңыз).





Оқу жылына арналған оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының құрылымы:


1.Оқушы туралы жалпы мағлұмат
2. Оқушының жиынтық сипаттамасы
3. Оқушының ерекше білім беру қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру үшін арнайы жағдайлар жасау
4. Мұғалімге ұсыныстар
5. Ата-аналарға ұсыныстар
6. Оқушының жеке оқу жоспары
7. Оқушыға арналған пәндер бойынша қысқартылған / жеке бағдарламалар
8. Психологтың жеке және кіші топтық сабақтарының бағдарламасы
9. Логопед-мұғалімнің жеке және топтық сабақтар бағдарламасы
10. Арнайы педагогтің жеке және топтық сабақтар бағдарламасы



ЕБҚ бар білім алушылардың өз оқуына деген дербес көзқарасы белгілі бір талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ өз білімі үшін жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін. Инклюзивті мәдениеттің баланың денсаулығындаңы бұзылыстарға емес, оның қажеттіліктеріне назар аударудан басталатынын есте ұстаған жөн.


ЖОБ жоспарлау кезінде білім беру парадигмасын түсіну қажет, мұнда білім көлемі емес, оқу дағдылары маңызды болып саналады. Оқу мақсаттары оқу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Дағдыларды дамыту ЕБҚ бар балаларға арналған жеке оқу бағдарламасының негізі болып табылады. Бұл дағыдылар ЕБҚ бар балаларға өзіне деген сенімділікті, тәуелсіздікті, танымдық белсенділікті алуға және ең бастысы қоғамға бейімделуге мүмкіндік беретін оқу жетістігінің деңгейлерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет