Инклюзивті білім беру негіздері


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет2/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.

Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісінің - инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті дамыту, инклюзивті практиканы жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.



1.1-сурет. Инклюзияның үш аспектісі


Инклюзивті саясатты әзірлеу:

Инклюзивті саясатты дамыту барлық оқушыларды қамтуға тырысатын және барлық оқушыларға арналған тиімді инклюзивті бағдарламасы бар мектепті құруға әкеледі. Мектеп ғимаратты барлық балалардың қажеттіліктеріне бейімдейді. Мектепте енгізілген бағалау жүйесі барлық оқушылардың нәтижелерін адекватты бағалайды. Педагог кадрларды үздіксіз оқыту оқушылар арасындағы айырмашылық негізінде жүргізіледі. Мектептің ресурстары біркелкі бөлінеді және мектептің өзіндік стратегиясы арқылы ата-аналар балалардың білім беру процесінің серіктесі болып табылады. Мектеп деңгейіндегі қосымша қызметтер (психологтың, логопедтің, көмекші педагогтің және т.б. болуы) барлық оқушылардың қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мектепті басқаруға барлық педагогикалық кадрларды тарту көзделеді.


Инклюзивті мәдениетті дамыту:

Мектепте инклюзивті мәдениетті құру ынтымақтастық идеяларын бөлісетін, өзінің барлық қатысушыларының дамуын ынталандыратын қауіпсіз, төзімділік танытатын (толерантты), әр адамның құндылығы барлығына қатысты жетістікке негізделген қоғамдастық құруға ықпал етеді. Мұндай мектеп мәдениеті барлық жаңа қызметкерлер, оқушылар, мектеп әкімдігі және ата-аналар қабылдайтын жалпы инклюзивті құндылықтарды қалыптастырады. Инклюзивті мәдениетте бұл принциптер мен құндылықтар бүкіл мектеп саясатына қатысты шешімдерге де, әр сыныптағы оқу тәжірибесіне да әсер етеді. Мектептің дамуы тұрақты және үздіксіз процеске айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет