230
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
өмірдің кез-келген көрінісін жасыру мүмкін-
дігінің арқасында жүзеге асырады, бұл жыны-
сты ауыстыру, шын есімін жасыру, шынайы
тәжірибесін, эмоцияларын жасыру және
болмаған тәжірибені жасап көру, виртуалды
тұлғаның роліне еніп, жаңа мүмкіндіктерге
қол жеткізу [4].
Интернет-тәуелділіктің негізгі нысаны:
желідегі саяхат,
мәліметтер базасында, жүй-
елерінде ақпаратты іздеу, онлайн ойындар,
виртуалды танысу чаттары, киберсекс және
онлайн биржа саудасы кіреді. Осы негізгі
нысананы ескере отырып В.Д. Менделевич
интернетке тәуелді адамдардың келесі түр-
лерін анықтады. Олар: 1. Интернет-құмар
ойыншылар - әртүрлі интернет ойындарын,
лотереяларды, аукциондарды пайдаланатын
адамдар. 2. Интернет-жұмысшылар өздерінің
воркольизмін интернет арқылы жүзеге асыра-
ды (интернетті іздеу ресурстарын пайдалану,
бағдарламалау). 3.
Интернеттегі жыныстық
тәуелділер әртүрлі порно сайттарға кіреді,
виртуалды жыныстық қатынастармен ай-
налысады. 4. Ғаламтор эрохоликтері – желі
арқылы танысып, махаббат романдарын
құратын тәуелділер. 5. Интернет арқылы са-
тып алушылар - шексіз онлайн сатып алулар
арқылы ақша жұмсауға тәуелділікті жүзеге
асырады. 6. Қарым-қатынас тәуелділер - қа-
рым-қатынас чаттарында сағаттап сөйлесіп,
электрондық поштаны шексіз тексереді және
т.б., яғни шынайы қарым-қатынасты виртуал-
ды қарым-қанысқа ауыстырған адамдар [5].
Қазіргі уақытқа дейін интернетке тәуел-
діліктің дамуының бірыңғай критерийлері
жоқ. Ғылыми әдебиеттерді талдау жасау
арқылы И.Гольдберг, К.Янг, А.В. Войскун-
ский, Н.Котляров, және т.б. зерттеушілердің
интернетке тәуелділіктің
негізгі критерий-
лерін анықтауға тырыстық. Осы уақытқа дей-
ін бұл ерекшеліктердің 20-ға жуық белгілері
анықталды. М. Орзак дәрігер зерттелген
сипаттамаларды жүйелеп, оларды интерне-
тке тәуелділік белгілері ретінде «психоло-
гиялық және физиологиялық» деп екі түрге
бөлген. М. Орзактың айтуынша, интернетке
тәуелділіктің психологиялық белгілері желі-
де өзін жақсы сезіну немесе эйфория жата-
ды. Интернетте жұмыс істеуге көбірек уақыт
жұмсауға ұмтылу және белгілі бір жұмыстың
аяқталу уақытын жоспарлау мүмкін еместігі;
үй шаруасын, оқуды немесе қызметтік мін-
деттерін, маңызды
жеке және іскерлік кезде-
сулерді ұмыту қабілеті мен бейімділігі, ин-
тернетті шарлау кезінде сабақтарды немесе
мансапты елемеу; интернеттен алшақтатуға
қабілетсіздік және қаламау; мәжбүрлі алаңда-
ушылықтан туындайтын тітіркену, сондай-ақ
жинақталған ақшаны басқа мақсаттарға жұм-
саудан немесе қарызға батудан тартынбай,
интернетте көбірек ақша жұмсауға ұмтылу;
жақын адамдардан немесе басшылардан
жасаған іс-әрекеті үшін сынды қабылдамау;
интернетті пайдалану ұзақтығы мен жиілігі
барысында достары мен отбасына өтірік ай-
тудан тайынбау.
Физиологиялық белгілеріне
- қолдың сырқырауы, көздің құрғауы, бастың,
арқаның ауруы, дұрыс тамақтанбау, тамақта-
ну уақытын өткізіп алу, жеке бастың гигиена-
сын елемеу, ұйқының бұзылуы жатады [6,7].
Р.Дэвис интернет-тәуелділігіне байланы-
сты зерттеулердің нәтижелерін қорытынды-
лай келе, интернетті патологиялық пайда-
ланудың когнитивтік-мінез-құлық моделін
ұсынды. Ол интернет-аддикцияның екі түрін
анықтады, ол интернетті нақты патологи-
ялық пайдалану және жалпы патологиялық
интернетті пайдалану деп белгіледі. Бірінші
түрі - интернеттің белгілі бір
функциясына
тәуелділік (онлайн секс қызметтері,
онлайн
аукциондар, акцияларды онлайн сату, құмар
ойындар). Бұл түрі желіде отырмаса да ад-
дикция тәуелділігі сақталады. Екінші түрі ин-
тернетті арнайы емес, көп мақсатты шамадан
тыс пайдалану болып табылады және нақты
мақсатсыз желіде көп уақыт өткізуді қамтиды
(чат, электрондық поштаға тәуелділік), яғни,
ғаламтор көбінесе әлеуметтік аспектілермен
байланысты [8].
Жоғарыда қарастырылған зерттеушілердің
нәтижелерін қорытындылай келе интерне-
тке тәуелді тұлғаның келесі ерекшеліктерін
ажыратуға болады: шизоид, қозба мінезді,
тұрақсыз немесе эпилептикалық түрінің ак-
центуациясы; өзінің физиологиялық «Мен»
(өз денесін) жағдайын қиын қабылдау; жиі
Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері
231
№ 4(141)/2022
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University.
P
edagogy.
P
sychology.
S
ociology
S
eries
Л. Навий, Ж.Т. Шурманова, Г.М. Ракишева
қарым-қатынасты
қалайтын және оны ті-
келей жүзеге асырудағы туғызатын қиын-
шылықтар; өзара түсіністіктің болмау сезімі;
эмоционалды шиеленіс; теріс бейімділік;
фрустриациялық қажеттіліктердің болуы;
еркіндіктің ерекше құндылығы; сараланбау,
идеалды «Мен» туралы бағалау; жауапкер-
шіліктен қашу.
Интернетке тәуелді адамдар
интернетті пайдалану «тек жұмыстың бір
бөлігі ғана», «бұл жай ғана табыс» және «оны
барлығы пайдаланады» деп, өздерінің тәуел-
ділігін жоққа шығаруға тырысады. Осы топ-
тағы интернетті пайдаланушылар мерзімді
немесе әрқашан туындайтын физиологи-
ялық, әлеуметтік, кәсіби немесе психологи-
ялық проблемаларға қарамастан интернетті
қолдануды жалғастырады [9].
Студенттер интернетті қолданушылар-
дың ішінде белсенді
топқа жататын өскелең
кезеңнің өкілдері болып табылады. Осылай-
ша, шетелдік авторлардың еңбектерін талдай
отырып, қазіргі ғылымдағы студенттер ара-
сында интернет-тәуелділікті зерттеудің негізгі
бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
интернет-тәуелділіктің диагностикалық кри-
терийлерін әзірлеу; интернет пайдаланушы
тұлғасына виртуалды қарым-қатынастардың
ықпалын зерттеу; интернет пайдаланушылар-
дың жеке басын және олардың желіде өзін-өзі
ұстау процестерін зерттеу; интернет арқылы
жүзеге асырылатын коммуникативті проце-
стердің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: