229
№ 4(141)/2022
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University.
P
edagogy.
P
sychology.
S
ociology
S
eries
лайша, Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны
интернет пайдаланушысы, ал әрбір жетінші
адам интернетті күнделікті пайдаланады.
Қазіргі адам өміріне ақпараттық технология-
ларды кеңінен енгізудің оң және теріс салда-
рын тигізуде. Ақпараттық технологияларды
ұзақ уақыт пайдаланудың жағымсыз салдары
қызығушылық шеңберінің тарылуы, шын-
дықтан виртуалды әлемге ауысуы және тәу-
елділіктің дамуы. Өсіп келе жатқан жеткін-
шектердің интернетті қолдану патологиялық
мәселесін өзекті етеді. Интернетке тәуелділік
құбылыстарын психологиялық тұрғыдан зерт-
теген - зерттеушілер клиникалық психолог К.
Янг және психиатр И. Голдберг.
Интернетке
тәуелділік терминін алғаш рет 1996 жылы И.
Голдберг ұсынды. Ол интернет желісін шама-
дан тыс қолдану нәтижесінде мінез-құлықтың
бұзылуы, тұрмыстық, оқуда, әлеуметтік ор-
тада, қызметте, отбасында, қаржылық неме-
се психологиялық тұлға іс-әрекетіне зиянды
әсер ететінін анықтады [1].
Қазіргі уақытта
интернет-тәуелділік деп
желіден тыс кезде интернет желісіне қосылуға
және желіде болған кезде интернет желісі-
нен шыға алмауға деген мәжбүрлі ұмтылы-
сты білдіреді. Қазіргі әдебиеттерде «Интер-
нет-тәуелділік» ұғымның негізгі синонимдері
«Интернет-аддикция», «Нетолизм», «Интер-
нетке мінез-құлық тәуелділігі», «Интернетті
патологиялық пайдалану» жиі кездеседі.
Шет елдерде интернет- тәуелділік мәселе-
сі өткен ғасырдың 80-жылдары басталды. Ал
Қазақстанда соңғы он жылда ғана зерттеліп
келеді. Бүгінгі таңда А.Ю. Егоровтың тұжы-
рымдамасы бойынша интернет-тәуелділік хи-
миялық емес тәуелділіктің бір түрі «техноло-
гиялық тәуелділік» болып табылады [2].
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша
(Менделевич, 2007; Егоров, 2007; Больбот және
Юрьева, 2006)
интернетке тәуелділік бұрын-
нан белгілі тәуелділіктердің сипаттамалары-
на ұқсайды, мысалы: тәуелділік мінез-құлқы-
ның салдарынан өмірдегі маңызды нәрселерге
немқұрайлы қарау; жақын адамдармен қа-
рым-қатынасының бұзылуы; аддикт үшін
адамдарға тітіркенуі немесе көңілін қалдыру;
өте тұйық немесе ашуланшақтық болып ке-
леді. Алайда, интернет-тәуелділіктің басқа
тәуелділік түрлерімен ұқсастығы болғаныме-
нен, оларға жылдар қажет болса, интер-
нет-тәуелділік үшін бұл кезең өте қысқа. К.Янг
жүргізген сауалнамалары
барысында интер-
нет-тәуелділердің 25%-ы интернетте жұмыс
істей бастағаннан кейін алты ай ішінде, 58%-
ы екінші жартыжылдықта, 17% - бір жылдан
кейін тәуелді болған.
К.Янгтың пікірінше, интернет-тәуелділік
— бұл көп өлшемді құбылыс, оның ішінде -
өзін-өзі төмен бағалауы, мазасыз, депрессияға
бейім, өздерін қорғаныссыз сезінетін, жалғыз
немесе жақын адамдары оларды түсінбейтін,
жұмысында, оқуда немесе әлеуметтік орта-
да
қиыншылықтары бар, жаңалықты қалай-
тын, үнемі ынталандыру сезімдеріне деген
ұмтылыс; эмоционалды сүйіспеншілік-сөз
бөлісу, екі жақты эмпатияның болуы, нақты
өмірдегі қиындықтардың өткір тәжірибесінен
арылу, қолдау мен мақұлдауды қалау мүмкін-
дігі сияқты сезімдерді желі барысында, әртүр-
лі сайттар, бағдарламалар арқылы жүзеге
асырады. Интернет-тәуелділіктің пайда бо-
луының негізгі алғышарттары мыналар: элек-
тронды поштаны үнемі тексеріп тұруға де-
ген ұмтылыс; өткізілетін уақыттың шектеусіз
болуы; тым көп уақыт өткізетін адам туралы
басқалардың
шағымдары; қосымша қаражат
табу көздерінің көп болуы, интернетті қолда-
ну жылдамдығының артуы және құнының қол
жетімділігі. 2000 жылы К.Янг Интернет-тәу-
елділікті түсіндіру үшін үш деңгейлі модель
әзірлеп, «Онлайн тәуелділік орталығын»
құрды. Бұл модельге сәйкес интернет- тәуел-
ділікке тиісті әрекеттер: өз әрекеттеріне және
қабылданған шешімдердің салдарын бақылай
алуы; өз әрекеттерінің нәтижелерінен эмоци-
оналды көре алатынына байланысты туын-
дайды [3].
Н.А.Носовтың пікірінше, интернет-тәуел-
ділігі дамытуының
негізгі механизмі вирту-
алды жағдайда жаңа тұлғаны құру арқылы
адамның шынайы өмірде жетіспейтін негізгі
қажеттіліктерін иллюзиялық қанағаттандыру
арқылы толтыру мақсатында қолданылады.
Адамның шынайы өмірін виртуалды өмір-
мен алмастыру мақсаты интернет желісінде
Достарыңызбен бөлісу: