Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата20.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#141842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Педагогика 4-2022-228-238 (1)

Зерттеу әдістері
Интернетке тәуелділікті анықтау үшін 
американдық психолог К.Янг әдістемесі бой-
ынша негізі – патологиялық құмар ойындар-
дың диагностикалық критерийлер принципі 
қолданылды. Бұл тест интернетке патологи-
ялық тәуелділікті өздігінен диагностикалау 
құралы болып табылады. Оның тұжырымда-
масы бойынша интернетке тәуелділік - бұл 
мінез-құлық пен ұмтылыстарды бақылау про-
блемаларының тұтас топтамасын білдіретін 
күрделі кешенді құбылыс. К.Янг өз зерттеу-
лерінде интернетке тәуелділіктің онға жуық 
белгілерін анықтады, соның ішінде желіде 
көп уақыт өткізу, шынайы әлемде алаңда-
ушылықтың жоғарылауы, интернет кеңістігін-
де өткізген уақыт мөлшерін жасыру немесе 
шынайы әлемде баяу жұмыс істеу және т.б. 
Бұл автор жүргізген зерттеулер виртуалды 
әлемде шамадан тыс болу әлеуметтік оқшау-
лануға, күйзелістің күшеюіне, отбасының ыды-
рауына, оқудағы сәтсіздіктерге, жұмысынан 
айырылуға және басқа да салдарға әкелетінін 
дәлелдеді. Жұмыстың бір бөлігі ретінде па-
тологиялық бейімділіктің өзін-өзі диагности-
калау құралы болып табылатын Кимберли 
Янгтың «Интернет тәуелділік сынағы» тест 
сауалнамы пайдаланылды. Бастапқыда тест 8 
сұрақтан тұрды, оған иә/жоқ жауап беру ке-
рек болатын. Бес және одан да көп оң жауап 
алған жағдайда респондент интернетке тәу-
елді болып саналатын. Қазіргі таңда сауална-
маның толық нұсқасы 40 тармақтан тұрады. 
Әрбір сұраққа зерттелуші 5 ұпайлық Лайкерт 
шкаласына сәйкес жауап беруі керек. Барлық 
сұрақтар бойынша ұпайлар қорытынды баға-
ны анықтай отырып, қорытындыланады. Бұл 
тест сарапшылық кеңеске мұқтаж адамдар-
дың интернетке тәуелділігін анықтау үшін 
скрининг құралы ретінде қызмет ете алады 
және тәуелділіктің алдын-алу, не тәуелділік-
тен арылту бағытында пайдалануға болады. 
С.Н. Ченнің «Интернетке тәуелділік шка-
ласы» бойынша диагностикалық критерий-
лерге сәйкес барлық тәуелділіктерге әмбебап 
келетін диагностикалық компонентке жақын 
алты шкаланы анықтайды. Сонымен қатар, 
бұл сауалнаманың артықшылығы оның құр-
лымында, өйткені жеке шкалалар арқылы 
және толық жиынтық жауап арқылы ин-
тернетке тәуелділіктің белгілерін анықтауға 
болады. Тест бір мезгілде тәуелділіктің ерек-
ше белгілерін өлшеуге мүмкіндік береді, со-
ның ішінде: төзімділік, болдырмау белгілері
мәжбүрлік және сонымен бірге психологи-
ялық аспектілер, мысалы: өз уақытын басқару 
қабілеті және жеке тұлғалық проблемалар-
дың болуын анықтайды.
Өлшемдердің жиынтығы интегративті 
көрсеткіштерді және жалпы жиынтық көрсет-
кіштер көрсетіледі.


232
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
Тест 5 бағалау шкаласын қамтиды:
1. Мәжбүрлік белгілер шкаласы.
2. Болдырмау белгілерінің шкаласы.
3. Толеранттылық шкаласы.
4. Тұлға ішілік проблемалар мен денсау-
лыққа байланысты проблемалардың шкала-
сы.
5. Уақытты басқару шкаласы.
Шкалалық бағалаудан басқа шкаладан 
жоғары критерийлердің 2 түрі бар:
Алғашқы 3 шкала интернетке тікелей тәу-
елділіктің интегралды (негізгі) белгілер мәні, 
соңғы 2 шкала интернетті пайдаланудың теріс 
салдар көрсеткіш критерийлері. 
Чен тестінің ерекше артықшылығы оның 
жан-жақтылығы, интернет ресурстарына бай-
ланысты мінез-құлықтың бір континиумын 
бірнеше түрден анықтауға мүмкіндік береді. 
Л.Н. Юрьева және Т.Ю. Больбот әдісі бой-
ынша компьютерлік (интернет) тәуелділік-
тің скринингтік диагностикасы аддиктивті 
мінез-құлық туралы жалпы идеяларды және 
кибер тәуелділіктің диагностикасын жасауға 
көмектеседі. Бұл әдісті қолдану компьютер-
лік (интернет) тәуелділіктің скринингтік ди-
агностикасын жүргізуге, сонымен қатар жеке 
тұлғаның эмоционалдық жағдайын, оның 
ерікті қасиеттерін, өзін-өзі ұстау қабілетін, фи-
зикалық және психологиялық жағдайын бір 
мезгілде бағалауға болады. Тест 11 сұрақтан 
тұрады. Ұсынылған әдістің айрықша белгілері 
қосымша бағалау критерийлері ретінде ара-
лық жауап нұсқалары, атап айтқанда «си-
рек» және «жиі» пайдалану болып табылады. 
Бұл күтілетін жауаптарды неғұрлым сенімді 
аймаққа әкеледі, жеке тұлғаның жағдайын 
икемді түсіндіруге ықпал етеді, сондықтан 
объективті түпкілікті нәтиже беруге мүмкін-
дік береді. 
Тест нәтижелері жанама түрде психикалық 
және мінез-құлық бұзылыстарының дамуын 
болдырмауға бағытталған алдын-алу бағдар-
ламаларды тиімді қолдану үшін интернет 
тәуелділік белгілері бар «қауып-қатер тобын» 
анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылыми әдебиеттердің теориялық негіз-
ден талдай отырып, студенттердің интернетке 
тәуелділігінің пайда болуының келесі негізгі 
себептерін бөліп көрсетуге болады:
1. Психологиялық ахуал- тәуелділік мі-
нез-құлқының салдарынан өмірдегі маңызды 
нәрселерге немқұрайлы қарау, нәтижесінде 
шынайы өмірді бағалауды тоқтатады және 
одан аулақ болуға ұмтылады.
2. Әлеуметтік 
бейімделу, 
жақын 
адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы, 
отбасындағы және құрдастар, достар арасын-
дағы қарым-қатынас проблемалары эмоци-
оналдық әл-ауқатына теріс әсер етеді, олар 
жалғыздық сезімін, назардың жетіспеушілігін, 
алаңдаушылықты сезіне бастайды, бұл олар-
дың өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімінің 
төмендеуі; маңызды қызығушылықтардың, 
әуесқойлықтардың, бос уақыттың көпті-
гімен және ересектер тарапынан бақылаудың 
жоқтығы негіз болады;
3. Басқа адамдармен тіл табыса алмау, 
сондай-ақ жеке ерекшеліктері мен мінез ерек-
шеліктері, мысалы, арамдық, ашкөздік, кек-
шілдік, реніш, т.б. - байланыс орнатуға кедер-
гі бола алатын барлық кедергілер. Виртуалды 
әлемде жаңа таныстар жасау әлдеқайда оңай. 
Виртуалды кеңістікте кез келген тақырыпты 
талқылауға, қызығушылық топтарына қо-
сылуға болады.
Интернет-тәуелділік сонымен қатар бірқа-
тар психологиялық мәселелердің қалыпта-
суына әкеліп соғады, бұл жастардың кезде-
сетін қиындықтарын одан сайын күшейтеді. 
Шынайы өмірден гөрі виртуалды кеңістікті 
таңдау, әлеуметтік бейімделу қиындықтарын, 
өзін-өзі бақылаудың төмендеуі, интернетті 
пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде ыңғай-
сыздық сезімінің пайда болуы жатады.
Студенттердің интернетке тәуелділіктің ал-
дын алудың маңызды шарттары коммуника-
тивті дағдыларды дамыту және студенттердің 
тұлғааралық өзара әрекеттесу мәселелерін 
жеңу, әлеуметтік желілер және тәуелді мі-
нез-құлық туралы идеяларды қалыптастыру. 
Осыған сәйкес студенттер арасында ин-
тернетке тәуелділіктің алдын алуға және қа-
лыптасқан интернет тәуелділіктен арылтуға 
бағытталған бағдарлама әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – студенттердің 
әлеуметтік және моральдық, психологиялық 
денсаулығына байланысты интернетке тәу-
елділіктен арылту, олардың салауатты өмір 
Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері


233
№ 4(141)/2022
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. 
P
edagogy. 
P
sychology. 
S
ociology 
S
eries
сүру салтын қалыптастыруға бағытталған 
көзқарасын, білімге құштар, жан-жақты да-
мыған саналы тұлғаны қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет