3-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес
3-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 596 Заңымен (08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 168 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 340-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 01.03.2011 жылғы № 414-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
3-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылғандарды қоспағанда), кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі
Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен суларды беру тәртiбi
Республикадағы көлiк жерлерi болып:
- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;
- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.
Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер , су және көлiк заңдарымен реттеледi.
2-бөлік өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес
Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу
Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
1-бөлік өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен ( 07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қарауындағы теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады.
3-бөлікпен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 31-V Заңына сәйкес
6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару
Достарыңызбен бөлісу: |