6-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес 6-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 596 Заңымен ( 08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз) 6-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен ( 09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) 6-бап өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 31-V Заңымен ( 13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) 6-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 124-V Заңымен (02.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды 6-бап өзгертілді ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау; көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу; республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның ішінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектер үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану; жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына үйрету, оның ішінде ымдау тіліне үйрету; көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау; мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу; Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады. 7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау