Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі1,22 Mb.
#18875
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 3 мин



Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу


Біріккен оқу ортасын құру

Бұл тараудағы негізгі ерекшеліктерге тоқталу.

НЗМ оқуға қабылдау конкурсының емтиханында осы бөлім бойынша тапсырмалар берілетінін еске салу.




Сабақтың ортасы

3 – 23 мин

23 – 35 мин

35 – 37 мин



Жаңа тақырып.

Біздің айналамыздағы объектілердің кеңістіктік нысаны бар, сондықтан геометрияда жазықтықтың және кеңістіктіктің фигуралары қарастырылады. Кеңістік фигуралар геометриялық денелер деп аталады.




Геометрия

Планиметрия Стереометрия


Геометрияда келесі кеңістіктік фигуралары зерттеледі:

1) тікбұрышты параллелепипед

2) текше

3) цилиндр

4) конус

5) шар


6) пирамида.

Тік бұрышты параллелепипед - барлық беті тіктөртбұрыш болып табылатын көпжақ.

Тік бұрышты параллелепипедте



8 төбесі, 6 жағы, 12 қыры бар.

Тік бұрышты параллелепипедте



үш өлшем - ұзындығы, ені мен биіктігі бар.


Текше тік бұрышты параллелепипед болып табылады, оның барлық беті квадрат. Жақ саны – 6, төбе саны 8, қырлар саны – 12. Текшенің ұзындығы, ені мен биіктігі үш өлшемі бар. Текшедегі барлық үш өлшемдер бірдей.





Пирамида - бұл көпжақ, табанында орналасқан көпбұрыш - пирамиданың негізі болып табылады, ал басқа бүйір беттері төбелері ортақ үшбұрыштар болады. Табанынан ерекшеленетін жақтары бүйір жақтары деп аталады.

Бүйір жақтарының ортақ төбесі пирамида төбесі деп аталады.



Пирамиданың төбесін табанымен байланыстыратын қабырғалар бүйір қабырғалар деп аталады.





Цилиндр - бұл тіктөртбұрыш бір қабырғасынан айналу арқылы пайда болған фигура.
Цилиндрдің үсті және асты цилиндр табандары деп аталатын шеңберлермен шектеледі.



Конус - бұл тікбұрышты үшбұрыштың қабырғасы арқылы айналудан шыққан фигура.

Конус табаны - бұл шеңбер.



Шар – бұл дөңгелектің диаметрі арқылы айналдырудан алынған фигура.

Шардың беті сфера деп аталады. Шар мен сфераның центрі, радиусы және диаметрі бар.





Есте сақта!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет